Aqorda 🇰🇿
✔
83.8K subscribers
22.9K photos
3.8K videos
24.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Мергалиев Асламбек Амангельдинович назначен Председателем Верховного Суда Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Жайсанбаев Канатбек Бахытович назначен заместителем Председателя Қазақстан Халық Кеңесі – руководителем Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі, он освобожден от ранее занимаемой должности.


t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

🟦Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтады.

🟦Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалады. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың орнықты өсіміне назар аударылды.

🟦Президент былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

🟦Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапары аясында екіжақты ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айтты.

🟦Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлес қосқаны, сонымен бірге Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жөніндегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мәселелері бойынша елімізді ұдайы қолдап келе жатқаны үшін сенаторға ризашылығын білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Глава государства принял сенатора Конгресса США Стива Дэйнса
 
🟦В начале встречи Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил сенатора Стива Дэйнса с 250-летием независимости США.

🟦Глава государства высоко оценил динамику развития многопланового сотрудничества между Казахстаном и Соединенными Штатами. Был подчеркнут устойчивый рост торгово-экономического и инвестиционного взаимодействия.

🟦Президент отметил важность качественной реализации двусторонних соглашений, подписанных в ходе его визита в США в ноябре прошлого года.

🟦В данном контексте Касым-Жомарт Токаев выразил готовность к дальнейшему углублению двустороннего взаимодействия в ходе своего предстоящего визита в США для участия в саммите G20, который состоится в конце текущего года в Майами.

🟦Глава государства также поблагодарил сенатора за его личный вклад в укрепление расширенного стратегического партнерства между Казахстаном и Соединенными Штатами, а также за неизменную поддержку нашей страны в вопросе продвижения законодательной инициативы об отмене поправки Джексона-Вэника.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸Стив Дэйнс қазақ-америка қарым-қатынасын кеңейтуге бейілділігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Президенті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді

🟦Сенатор Қазақстанның жаңа Конституция қабылдағанына ерекше тоқталып, Президентті ауқымды саяси реформаларды табысты іске асыруымен құттықтады.

🟦Стив Дэйнс Негізгі заңға арқау болған қағидаттар мен құндылықтар Қазақстанды қуатты әрі озық мемлекет ретінде одан әрі жаңғыртуға берік негіз қалайтынына сенім білдірді.

🟦Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸Стив Дэйнс передал Касым-Жомарту Токаеву теплые приветствия и слова признательности от Президента США Дональда Трампа за твердую приверженность Главы нашего государства укреплению казахско-американских отношений

🟦Сенатор поздравил Президента с успешной реализацией масштабных политических реформ, особо отметив принятие новой Конституции.

🟦Стив Дэйнс выразил уверенность в том, что принципы и ценности, заложенные в Основном законе, станут прочным фундаментом для дальнейшей модернизации Казахстана как сильного и прогрессивного государства.

🟦Собеседники также обменялись мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнспен кездесу

📍Ақорда

****

🇰🇿🇺🇸Встреча с сенатором Конгресса США Стивом Дэйнсом

📍Акорда

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысы «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды

****

✍️ Главой государства подписан Указ «О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 26 сентября 2025 года № 1015 «О некоторых вопросах развития города Алатау»


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 
 ****
 
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «Об охране почв»
 
Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
 
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
 
 *****
 
✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам охраны почв, земельных отношений и агропромышленного комплекса»
 
Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Указами Главы государства:

Скаков Абылкаир Бактыбаевич назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Кыргызской Республике;

Батыршаев Бахыт Данабекович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Государстве Катар;

Бакытбеккызы Анель назначена Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Венгрии;

Иманбаев Болат Бариевич назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Сербия, он освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Армения;

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Республике Индия Ескараев Азамат Несипбаевич назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Народной Республике Бангладеш, в Королевстве Бутан, в Мальдивской Республике, в Непале по совместительству.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

t.me/aqorda_resmi
✍️ Указами Главы государства:

Жошыбаев Рапиль Сейтханович освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Кыргызской Республике;

Исагалиев Арман Кайратович
освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Государстве Катар;

Сапарбекулы Абзал освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Венгрии;

Атамкулов Мади Бакирович освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Сербия.

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады

Мемлекет басшысы биылғы бірінші жартыжылдықтағы агроөнеркәсіп кешенінің даму қорытындысы туралы есепті тыңдады.

🔹Президентке егістік алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға жеңілдетілген несие беру тетігін арттыру, ауылшаруашылық техникалары лизингін дамыту жұмыстары жайында мәлімет берілді.

Айдарбек Сапаров:

➤ агроөнеркәсіп кешеніндегі өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынғанын баяндады.

✔️2026 жылдың алты айында тағам өнімдерін өндіру 14,7 пайызға ұлғайды.

✔️Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 4,4 пайызға, соның ішінде егін – 7,7 пайызға, мал шаруашылығы 4,4 пайызға өсті.

➤ экспорт көлемі мен шетелге шығарылатын өнім түрлері де көбейіп келе жатқанын жеткізді.

✔️Биылғы қаңтар-сәуір айларында АӨК өнімдерінің экспорты 3 миллиард долларды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезең көрсеткішімен (2,2 миллиард доллар) салыстырғанда 36 пайызға артық.

✔️Жыл соңына қарай экспорт көлемін 7,2 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарланған.

➤ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қабылданған Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді.

✔️Барлық санаттағы шаруашылықтарды қамтитын жеңілдікпен қаржыландыру жүйесі қалыптасты. Қабылданған шаралар мал басын көбейтуді, саланың өнімділігін көтеруді және ет өнімдерінің экспортын арттыруды көздейді.

✔️Жайылымдық мал шаруашылығын ілгерілетуге ерекше назар аударылып отыр.

✔️Президент тапсырмасын орындау мақсатында 2030 жылға дейін ветеринарияны дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Оның аясында ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, саланы қосымша қаржыландыру және нормативтік-құқықтық базаны жаңарту қарастырылған.

✔️Агроөнеркәсіп кешенін цифрлық тұрғыдан трансформациялау жалғасуда. «Е-АӨК» бірыңғай цифрлық платформасы базасында мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен жаңа цифрлық сервистер біріктіріліп жатыр.

✔️Болжамға сәйкес, жыл соңына дейін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 5,9 пайызға артады. Тағам өнімдері өндірісін 9,5 пайызға, сусын өндірісін 10,5 пайызға ұлғайту көзделген. Саладағы негізгі капиталға 2,2 триллион теңге инвестиция салынбақ.

Президент:

📌ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, қосылған құны жоғары өндірісті жандандыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев принял министра сельского хозяйства Айдарбека Сапарова
 
Глава государства заслушал доклад об итогах развития агропромышленного комплекса за первое полугодие 2026 года.

🔹Президент был проинформирован о работе по диверсификации посевных площадей, расширению механизмов льготного кредитования аграриев и развитию лизинга сельскохозяйственной техники.

Айдарбек Сапаров:

➤ доложил о том, что продолжается реализация комплекса мер, направленных на увеличение доли переработанной продукции в АПК до 70%.

✔️За шесть месяцев 2026 года производство продуктов питания увеличилось на 14,7%.

✔️Рост индекса физического объема сельского хозяйства составил 4,4%, в том числе растениеводства – 7,7%, животноводства – 4,4%.

➤ сообщил, что одновременно растут объемы экспорта и расширяется номенклатура поставляемой за рубеж продукции.

✔️По итогам января – апреля 2026 года экспорт продукции АПК составил 3 млрд долларов, что на 36% превышает показатель аналогичного периода прошлого года (2,2 млрд долларов).

✔️По итогам года ожидается увеличение экспорта до 7,2 млрд долларов.

➤отчитался о ходе реализации Комплексного плана по развитию животноводства, принятого во исполнение поручения Главы государства.

✔️Сформирована система льготного финансирования, охватывающая хозяйства всех категорий. Принимаемые меры направлены на увеличение поголовья сельскохозяйственных животных, повышение продуктивности отрасли и наращивание экспорта мясной продукции.

✔️Особое внимание уделяется развитию отгонного животноводства.

✔️В целях исполнения поручения Президента утвержден Комплексный план по развитию ветеринарии до 2030 года, предусматривающий совершенствование системы ветеринарной безопасности, дополнительное финансирование отрасли и обновление нормативно-правовой базы.

✔️Продолжается цифровая трансформация агропромышленного комплекса. На базе единой цифровой платформы «Е-АПК» осуществляется интеграция государственных информационных систем и внедрение новых цифровых сервисов.

✔️До конца 2026 года прогнозируется рост валовой продукции сельского хозяйства на 5,9%. Производство продуктов питания планируется увеличить на 9,5%, напитков – на 10,5%. Инвестиции в основной капитал отрасли ожидаются на уровне 2,2 трлн тенге.
 
Президент:

📌 поставил ряд задач, направленных на повышение эффективности отрасли, увеличение производства продукции с высокой добавленной стоимостью, расширение экспортного потенциала и укрепление продовольственной безопасности страны.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📞 Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
 
🇰🇿🇺🇸Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Америка көшбасшысын АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтап, тарих үшін қас-қағым сәт саналатын үш ұрпақтың ғұмырына барабар кезеңде бұл елдің қуатты жаһандық державаға айналғанына назар аударды.

Президент АҚШ әкімшілігінің ақыл-парасатқа арқа сүйеген ішкі саяси бағдары елімізде іске асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті Қазақстан құру стратегиясымен үндесетінін, сондықтан Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатты қолдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық және саяси ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр қараша айында Вашингтонға жасаған сапары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қаруды және байытылған уранды таратпауға қатысты ұстанымынан айнымайтынын растады. Сондай-ақ халықаралық бақылау режимін нығайту мақсатында МАГАТЭ-мен арадағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Бұдан бөлек, жақында Ақордада сенатор Стив Дэйнспен, АҚШ Президентінің арнаулы өкілі Серджио Гормен және Ақ үйдің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен, америкалық іскерлік топ өкілдерімен болған кездесулер мен келіссөздерге оң баға берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📞 Глава государства провел телефонный разговор с Президентом США
 
🇰🇿🇺🇸Состоялся телефонный разговор Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева с Президентом Соединенных Штатов Америки Дональдом Трампом.

Глава нашего государства поздравил американского лидера с 250-летием независимости США, подчеркнув, что в течение сравнительно короткого исторического периода – трех поколений жизни людей – страна сумела стать могущественной глобальной державой.

Президент Казахстана отметил, что политика здравого смысла, лежащая в основе внутриполитического курса Администрации США, по своей сути созвучна реализуемой в нашей стране стратегии строительства Справедливого Казахстана на основе принципа «Закон и Порядок». Поэтому он поддерживает эту политику Дональда Трампа.

В ходе беседы состоялся обмен мнениями по вопросам двустороннего экономического сотрудничества и политического взаимодействия.

Касым-Жомарт Токаев отметил высокую динамику реализации важных соглашений, достигнутых в ходе его визита в Вашингтон в ноябре прошлого года.

Глава государства подтвердил неизменность позиции Казахстана относительно недопустимости распространения ядерного оружия и обогащенного урана, важности сотрудничества с МАГАТЭ в целях укрепления режима международного контроля.

Кроме того, была высказана положительная оценка недавних встреч и переговоров в Акорде с сенатором Стивом Дэйнсом, специальным посланником Президента США Серджио Гором и другими высокопоставленными представителями Белого дома и американских деловых кругов.

Касым-Жомарт Токаев пригласил Дональда Трампа посетить Казахстан с визитом в удобное для него время.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Монголии
 
🇰🇿🇲🇳Касым-Жомарт Токаев поздравил Ухнаагийна Хурэлсуха с национальным праздником Наадам.
 
В телеграмме Глава государства отметил динамичное развитие Монголии под руководством Президента Ухнаагийна Хурэлсуха, выразив уверенность в дальнейшем укреплении дружественных отношений и многопланового сотрудничества между двумя странами.
 
Президент Казахстана пожелал Ухнаагийну Хурэлсуху успехов в его ответственной государственной деятельности, а дружественному монгольскому народу – процветания и благополучия.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM