Глинадан балықтар, сіздер тұзды қамырдан тура осындай балықтар жасай аласыздар 😍
📌 Тұзды қамырдан мүсін жасау – балаларға да, ересектерге де арналған тамаша арт-терапиялық және шығармашылық жұмыс.
✅ Қамыр дайындау рецепті.
*Құрамы:*
1 стақан ұн
1 стақан ұсақ тұз
0,5 стақан жылы су
(қалау бойынша) 1 ас қасық өсімдік майы
✅ Дайындау жолы:
Ұн мен тұзды араластырыңыз.
Біртіндеп жылы су қосып, илей бастаңыз.
Қамыр жұмсақ, қолға жабыспайтын болуы керек.
Қамырды 10–15 минут жақсылап илеңіз.
Дайын қамырды 20 минут пакетке салып демалдырсаңыз жақсы нәтиже береді.

📌 Мүсін жасау кезеңдері.
1️⃣ Пішін жасау
Қолмен мүсіндеуге болады.
Печенье қалыптарын қолдануға болады.
Тақырыптар: гүл, жүрекше, жануарлар, ұлттық ою, алқа, магнит т.б.
2️⃣ Кептіру
Табиғи жолмен: 1–2 күн бөлме температурасында.
Пеште: 70–100°С-та 1–2 сағат баяу кептіру (есігін сәл ашық қалдыруға болады).
⚠️ Жоғары температурада күйіп кетпеуін қадағалау керек.
3️⃣ Бояу және әрлеу
Акрил немесе гуашь бояумен бояу.
Кепкен соң лак жағып, жылтыр беруге болады.