📌 АРТ ТЕРАПИЯ
2.19K subscribers
3.48K photos
527 videos
74 files
83 links
Админ канала: Самал Талгатовна.
Тел: +7 747 891 4857
Download Telegram
🔵 Көптеген мандалаларды жинап, талдағаннан кейін Джоан Келлог барлық адамдар жасайтын мандалалардың 13 негізгі типке сәйкес келетінін анықтады. Оларды «Мандаланың Үлкен Шеңберінің архетиптік кезеңдері» деп атауға болады:
1. Босшылық
2. Бақыт, рахаттылық
3. Лабиринт (спираль)
4. Бастама, бастапқы кезең
5. Мақсат (нысана)
6. Айдаһармен шайқас
7. Шеңбер ішіндегі квадрат
8. Функцияланған эго
9. Кристалдану
10. Өлім қақпасы
11. Фрагментация, бөлшектену
12. Трансценденттік экстаз
Барлық осы 13 негізгі тип бірігіп Мандаланың Үлкен Шеңберін құрайды – бұл зодиак шеңберіне немесе адамдардың дамуының кеңінен танымал жүйесіне ұқсайды:
Әрқайсымыз дәл қазіргі сәтте – осы он үш күйдің бірінде боламыз, кейде бір күйде ұзақ қалып, ал кейде бірінен екіншісіне өтіп отырамыз. Осы әдіс арқылы сіз өзіңіздің қазіргі уақытта қай кезеңде екеніңізді анықтап, диагностика жүргізе аласыз. Сонымен қатар, бұл әдіс мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізді талдауға да қолайлы. Ол белгілі бір тапсырманы немесе мақсатты шешу барысында сіздің қай кезеңде тұрғаныңызды көрсетеді.
📌 Жұмыс істеу үшін сізге келесі материалдар қажет болады: 👇🏻

✅ Қағаз парағы;
✅Түсті қарындаштар,
✅ фломастерлер,
✅ қаламдар немесе бояулар;
✅ Пластикалық табақша (шеңбер сызу үшін).
Пластикалық табақшаны кез келген палитрадағы қарындашпен (қарапайым қарындаш та жарайды) айналдыра сызып шығыңыз. Содан кейін шеңбердің ішінде өз суретіңізде ортаны табыңыз. (Ол кез келген жерде болуы мүмкін, біз геометрияға тәуелді емеспіз). Мүмкін сіз суретті ортасынан бастамай, басқа жерден бастағыңыз келетін шығар.
Өз мандалаңызды кез келген түстерді пайдаланып сала бастаңыз.
Сыртқы шеңбердің шекарасы сіз үшін тосқауыл болмауы керек. Егер шекарадан шығқыңыз келсе, шығуға болады – бұл сіздің шеңберіңіз.
Сурет салуды аяқтағаннан кейін оны қолтаңбаңызбен белгілеңіз, күнін жазыңыз және суреттің жоғарғы жағы қайда екенін көрсетіңіз.
Танаджи Невоспетый ВОИН 2020 Индия биография военный исторический — Видео от КИНО ОКНО HD - смотреть онлайн в поиске Яндекса по Видео https://share.google/haPQAsi0nMNKLJyH2
Осы кинода жерге дәу мандала салып бояйды