📌 АРТ ТЕРАПИЯ
2.19K subscribers
3.41K photos
527 videos
74 files
83 links
Админ канала: Самал Талгатовна.
Тел: +7 747 891 4857
Download Telegram
📌 Арт-терапия «Қазіргі көйлегім» техникасы.

Дайын алдымыздағы қағаздағы көйлекке әдемілеп суреттеп, бояймыз.
«Қазір сіз қағазға өзіңіздің қазіргі өмір көйлегіңізді саласыз.
Сурет әдемі болу міндет емес.
Маңыздысы – шынайылық.
Оған түс беріңіз.
Салмағын бейнелеңіз.
Ішіне сөздер жазыңыз.
Символдар салыңыз.»
(20 минут жұмыс)

🔵  Терең талдау (Психологтың жүргізуі)
«Қазір суретіңізге қарап отырып жауап беріңіз:
– Бұл көйлек кім үшін киілген?
– Ол сізге не береді?
– Ол сізден не алады?
– Бұл көйлегіңіз сізді қорғай ма, әлде тұншықтыра ма?
– Егер оны шешсеңіз, неден қорқасыз?»
(Қатысушылар бөліседі. Психолог жұмсақ бағыттайды.)

🔵 Дене арқылы сезіну
«Қазір көзіңізді жұмып, сол көйлекті тағы киіп тұрғаныңызды елестетіңіз.
Денеңізде қай жер ауыр?
Иық па?
Кеуде ме?
Бел ме?
Сол жерге қолыңызды қойыңыз.
Бұл ауырлық сізге не айтқысы келеді?..»
(Эмоция шығуы мүмкін – қабылдау керек.)

🔵  Символдық шешу
«Қазір орныңыздан тұрыңыз.
Сіз сол ауыр көйлегіңізді шешіп жатырсыз деп елестетіңіз.
Иығыңыздан түсіріңіз…
Қолыңыздан сырғытыңыз…
Кеудеңізді босатыңыз…
Оны жерге қойыңыз.
Денеңіз жеңілдеді ме?..
Тынысыңыз өзгерді ме?..»

🔵 «Менің шынайы көйлегім»

«Енді жаңа парақ алыңыз.
Егер сіз ешкімнен қорықпасаңыз…
Ешкім айыптамаса…
Ешкім күтпесе…
Сіз қандай әйел болар едіңіз?
Сол әйелдің көйлегін салыңыз.
Ол жеңіл ме?
Нәзік пе?
Еркін бе?
Түсі қандай?..»
(20 минут)

❓ Терең сұрақтар
– Бұл көйлегіңізді киюге сізге не кедергі?
– Қандай сенім сізді ұстап тұр?
– Кімнің даусы сізді тоқтатады?
– Өзіңізге қандай рұқсат беруіңіз керек?

🔵 Ритуал
(Ескі суретті бүктеу немесе жырту)

👩‍💼 Психолог:
«Мен өзіме шынайы болуға рұқсат беремін.
Мен міндет емес, махаббатпен өмір сүремін.
Мен өзімді таңдауға лайықпын.
Мен жеңілдікке лайықпын.»
Қатысушылар жаңа көйлегін кеудесіне ұстап тұрады.