📌 АРТ ТЕРАПИЯ
2.19K subscribers
3.48K photos
527 videos
74 files
83 links
Админ канала: Самал Талгатовна.
Тел: +7 747 891 4857
Download Telegram
📌 *Балалар тұзды техникамен сурет салады.*

Тұз және акварель бояуларымен сурет салудың классикалық тәсілі мынадай: 👇🏻

✅ Алдымен суреттің контурын ПВА желімімен сызу керек.

✅ Содан кейін суретті молынан тұзбен себеді.

✅ 5–7 минуттан соң жабыспай қалған артық тұзды сілкіп тастайды.

✅ Қылқаламмен немесе пипеткамен суға араластырылған акварель бояуын алады.

✅ Бояуды суретке жеңіл ғана тигізеді. Тұз аралас желім пигментті тез сіңіреді. Осылайша тұз бен ПВА желімінің қоспасы бойынша сурет салынады.

Әдемі, жарқын жұмыстар шығуы үшін әртүрлі түстерді пайдаланыңыз.

Суретті басқа техникаларда орындалған элементтермен толықтыруға болады.
Мысалы, көлемді әсер беру үшін аппликация қосуға болады.