📌 АРТ ТЕРАПИЯ
2.2K subscribers
3.5K photos
527 videos
74 files
83 links
Админ канала: Самал Талгатовна.
Тел: +7 747 891 4857
Download Telegram
📌 *Арт-техника: «Жүрегімнің бояулары»*

(эмоцияларды тану, ішкі күйді шығару, жүрекпен байланыс орнату техникасы)

▶️ *Мақсаты:*
—Ішкі сезімдерді анықтау
—Жан дүниедегі ауырлықты шығару
—Өзін жақсырақ түсіну
—Жүрек кеңістігін ашу
—Ресурс пен тыныштық табу.

▶️ *Қажетті құралдар:*
—А4 қағазда адам жүрегінің дайын шаблоны.
—Гуашь, акварель немесе түрлі түсті қарындаштар.
—Қылқалам
—Су, майлық
—Жайлы музыка (қаласаңыз)

✅ *1. Кіріспе.*
(сенім атмосферасы)
*Психолог сөзі:*
Қазір біз ерекше арт-жаттығу жасаймыз. Оның аты – *«Жүрегімнің бояулары».*
Біздің жүрегіміз тек ағза емес. Ол – сезімдердің, естеліктердің, армандардың, реніштердің, махаббаттың мекені. Кейде жүректе қуаныш көп болады, кейде мұң жиналады, кейде үнсіз шаршау тұрады.
Бүгін біз жүрегімізді тыңдап, оны бояулар арқылы сөйлетеміз. Мұнда дұрыс не бұрыс сурет жоқ. Ең маңыздысы – шынайылық.
Терең дем алыңыз...
Жаймен дем шығарыңыз...
Өзіңізді қауіпсіз сезініңіз.

✅ *2. Денемен байланыс.*
Көзіңізді жұмсаңыз.
Қолыңызды жүрек тұсына қойыңыз.
*Өзіңізден сұраңыз:*
Қазір менің жүрегім не сезіп тұр?
Ол тыныш па, әлде шаршаған ба?
Онда қуаныш бар ма?
Реніш бар ма?
Ол не айтқысы келеді?
Бірнеше секунд үнсіз тыңдаңыз...

✅ *3.Сурет салу.* *Нұсқау:*
▶️ Дайын адам жүрегінің шаблонына жүрек бейнесінің ішіне сурет салыңыз.
▶️ Енді сол жүректің ішін түрлі түстермен толтырасыз.
Әр түс – сіздің сезіміңіз.
*Мысалы:*
*Қызыл* – махаббат, күш, ашу.
*Көк –* тыныштық, мұң.
*Сары* – қуаныш, үміт.
*Қара* – ауырлық, реніш.
*Жасыл –* сауығу, өсу.
*Қызғылт* – нәзіктік.
*Күлгін* – тереңдік, руханилық.
Бірақ сіз өз түстеріңізді өзіңіз таңдайсыз.
*Психолог сөзі:*
Ойланбай салыңыз. Қолыңыз жүрекпен жұмыс істесін. Қай жерге қандай түс барғысы келсе, солай жіберіңіз.
(10–15 минут уақыт)

✅ *4.Тереңдету.*
Енді суретке қараңыз.
Өзіңізден сұраңыз:
Қай түс ең көп?
Қай жер бос қалды?
Қай түс айқайлап тұр?
Қай түс үнсіз?
Қай жер емделуді сұрайды?
Егер жүрек сөйлесе, не айтар еді?

✅ *5. Жазбаша рефлексия.*
Қағаздың артына немесе бөлек параққа жазыңыз:
Менің жүрегім бүгін маған айтты…
Мен оған жауап беремін…
Бүгіннен бастап мен жүрегіме беремін…

✅ *6.Ресурстық толықтыру.*
Енді жүрегіңізге жетіспейтін түсті қосыңыз.
*Мысалы:*
Егер *тыныштық* жетіспесе – көк
*Махаббат* жетіспесе – қызғылт
*Сенім* жетіспесе – жасыл
*Қуаныш* жетіспесе – сары
Жүректі толықтырыңыз.

✅ *7. Қорытындылау.*
*Психолог сөзі:*
Бүгін сіз жүрегіңіздің үнін тыңдадыңыз.
Кейде сөзбен айта алмағанды бояу айтып береді.
Сіздің ішкі әлеміңіз өте терең және тірі.
Жүрек сөйлеген кезде – жан жеңілдейді.

▶️ *Қолыңызды жүрекке қойып айтыңыз:*
Мен сені естимін
Мен сені қабылдаймын
Мен саған қамқормын
Мен өзіммен біргемін
Терең дем алыңыз... шығарыңыз...

✅ *Интерпретация* (психологқа)
*Қара түс* көп болса – ішкі ауырлық, шаршау
*Қызыл көп* болса – энергия не басылған ашу
*Бос аймақтар* – эмоциялық тоқырау
*Аралас ашық түстер* – сауығу процесі
*Шеңберлі қозғалыстар* – жұмсақтық
*Өткір сызықтар –* ішкі кернеу

✅ *Топтық форматта сұрақтар:*
Қандай түс сізге күтпеген жерден келді?
Жүрегіңізге не жетіспейді?
Бүгін не түсіндіңіз?
Қандай сезіммен кетіп барасыз?
📌 *Арт-техника:* *«Қайшының жаңа күші»*

(дайын қайшы суретіне қосымша сурет салу әдісі)

▶️ *Мақсаты:*
—Ішкі кернеуді шығару, өмірдегі артық нәрселерден арылу, шешім қабылдау қабілетін күшейту, шығармашылық ойлауды дамыту.

▶️ *Қажетті құралдар:*
Дайын қайшының шаблон суреті
Түрлі түсті қарындаштар / маркерлер
Ақ қағаз.

✅ *1-кезең. Кіріспе.*
«Алдарыңыздағы қайшы – жай құрал емес. Бұл сіздің өміріңіздегі артық нәрсені кесіп тастайтын күштің символы. Кейде бізге қорқынышты, ренішті, күмәнді, ескі ойларды жіберу керек болады.»

✅ *2-кезең. Негізгі тапсырма.*
«Қайшының дайын суретіне қарап, оны өз қиялыңызбен толықтырыңыз. Қайшы нені кеседі? Оның айналасында не бар? Ол гүлдерді аша ма, шынжырды қия ма, қара бұлтты жоя ма, әлде қанатқа айнала ма? Сол бейнені салыңыз.»
(10–15 минут уақыт беріледі)

✅ *3-кезең. Тереңдету сұрақтары:*
Менің қайшым нені кесіп жатыр?
Өмірімде неден арылғым келеді?
Қайшым маған қандай күш береді?
Бұл суреттен кейін өзімді қалай сезіндім?

✅ *4-кезең. Талдау.*
«Қайшы өткір болса – шешім қабылдау күші жоғары. Егер гүлдер, жарық, қанаттар салынса – жаңару кезеңі. Егер шынжыр кесілсе – еркіндікке ұмтылыс.»

✅ *Қорытынды сөз:*
«Әр адамның ішінде өмірін өзгерте алатын ішкі қайшы бар. Бүгін сіз соны қағаз бетінде ояттыңыз.»

*Күшті эффект үшін қосымша нұсқа:*
*Қайшының екі жүзіне:*
1 жағына – «маған кедергі нәрсе»
2 жағына – «менің жаңа жолым»
📌 Жасөспірімдерге арналған арт-терапиялық техника.
«Менің стилім — Менің әлемім» футболка шаблоны.

«Кейде адам сөзбен емес, стилі арқылы өзін көрсетеді.
Бүгінгі футболка — сенің ішкі әлеміңнің айнасы.

✅ Арт-терапиялық тапсырма нұсқауы:
Осы футболка шаблонына өзіңіздің ішкі әлеміңіздің картасы ретінде безендіріңіз.
Әр бөлікке сезім, символ, түс немесе сөз, сурет салыңыз.

✅ Бөліктерге бөлуге болатын нұсқасы:

➡️ Жаға бөлігі — «Менің ойларым»

➡️ Кеуде тұсы — «Жүрегім не сезеді»

➡️ Оң жең — «Менің күшім»

➡️ Сол жең — «Мені қолдайтын адамдар»

➡️ Төменгі бөлік — «Армандарым»

➡️ Арқа жағы — «Ішкі әлемім»

➡️ Қалтасы (салынса) — «Құпия ресурсым»

#арттехника #қазақшаарттерапия
#қазақшапсихология #алматыпсихологы
https://www.instagram.com/p/DYt4VkFiIXl/?igsh=MWNiamNycTJyZjQ3dg==
📌 Арт-терапиялық техника:
🔷 «Көзілдірікпен мен не көремін?»

✅ Мақсаты:
—Адамның ішкі қабылдауын анықтау
—Өзін, адамдарды және өмірді қалай көретінін зерттеу
—Негативті фильтрлерді байқау
—Ресурс пен үмітті көруге үйрету
—Эмоцияларды шығармашылық арқылы шығару.

✅ Қажетті құралдар:
Ақ қағаз
Түрлі түсті қарындаштар/фломастер
Алдын ала дайындалған үлкен көзілдірік шаблоны
немесе қатысушылар өздері салады
Қайшы, желім
Музыка (жайлы, тыныш)

♦️ Психологтың кіріспе сөзі:
«Бүгін біз ерекше саяхат жасаймыз.
Кейде адам әлемді шынайы күйінде емес, өз қорқынышы, реніші, тәжірибесі арқылы көреді.
Бір адам әлемді қауіп деп көреді.
Біреу өзін әлсіз көреді.
Ал біреу өмірден тек қараңғылық байқайды.
Бірақ кейде мәселе әлемде емес…
Біздің “ішкі көзілдірігімізде”.
Бүгін біз:
қандай көзілдірікпен өмірге қарайтынымызды,
өзімізді қалай көретінімізді,
және қандай көзқарасты өзгерткіміз келетінін анықтаймыз.»

✅ 1-кезең — Релаксация.
Психолог сөзі:
«Көзіңізді жайлап жұмыңыз…
Терең тыныс алыңыз…
Елестетіңіз…
Сіздің алдыңызда көптеген көзілдіріктер тұр.
Бір көзілдірік — қорқыныштың.
Біреуі — реніштің.
Біреуі — сенімсіздіктің.
Ал тағы бірі — махаббаттың, үміттің, сенімнің көзілдірігі.
Сіз қазір қай көзілдірікті жиі тағасыз?
Сол сезімді ішіңізден байқап көріңіз…»
(1 минут үнсіздік)
✅ 2-кезең — Негізгі арт жұмыс.
Нұсқаулық:
Қатысушыларға көзілдірік шаблоны таратылады.
Психолог сөзі:
«Қазір осы көзілдіріктің ішіне сурет салыңыз.
Сіз әлемді қалай көресіз?
Көзілдіріктің бір жағына: — қазіргі өміріңізді қалай көретініңізді салыңыз.
Екінші жағына: — шын мәнінде қалай көргіңіз келетінін бейнелеңіз.
Сурет әдемі болуы міндетті емес.
Маңыздысы — шынайылық.»
Қатысушыға көмектесетін сұрақтар:
Мен адамдарды қалай қабылдаймын?
Мен өзімді қалай көремін?
Өмір мен үшін қандай түсте?
Ішімде қандай фильтр бар?
Мен неге көбірек назар аударамын?
Қандай көзқарастан шаршадым?
Қандай жаңа көзқарас қажет?
Тереңдетілген нұсқа (өте әсерлі)
*Психолог сөзі:*
«Енді көзілдіріктің сыртына жазыңыз: Сізге бұл көзілдірікті кім кигізді?
Мүмкін:
ата-ана,
қоғам,
өткен жарақат,
сын,
қорқыныш,
буллинг,
жалғыздық…
Ал енді ойланыңыз: Бұл көзілдірік әлі де сізге керек пе?»

Жалғасы коментарияда
#арттехника #арттерапи
https://www.instagram.com/p/DYgnM29iCXa/?igsh=ZzZiaDB1cGFhYzBk