📌 АРТ ТЕРАПИЯ
2.19K subscribers
3.51K photos
527 videos
74 files
83 links
Админ канала: Самал Талгатовна.
Тел: +7 747 891 4857
Download Telegram
📌 «Сәби кездегі бет әлпетім»
арт-техникасы.

➡️ Мақсаты:
Адамның балалық шақтағы ішкі сезімдерін тануға, эмоцияларын сыртқа шығаруға және өз-өзіне мейіріммен қарауына көмектесу.

➡️ Қажетті құралдар:
Арнайы шаблон парағы, түрлі-түсті қарындаштар.

✅ Нұсқау:
«Өзіңіздің сәби кезіңізді елестетіңіз. Сол кездегі бет әлпетіңіз қандай болды? Көзіңізде қандай сезім бар еді?..»
✅ Тапсырма:
Сәби кездегі бет әлпетіңізді салып, эмоцияны түстер мен мимика арқылы көрсетіңіз.
✅ Талқылау сұрақтары:
Бұл сәби не сезіп тұр?
Оған не жетіспеді?
Қазір сіз оған не айтар едіңіз?
✅ Аяқтау:
Суретке жылы сөз немесе жүрек белгісін салып, ішкі сәбиіңізге мейірім беріңіз.
#арттехника #арттерапия #қазақшаарттерапия #психологалматы
https://www.instagram.com/p/DY4hvCSCOqc/?igsh=MWxzZ3N1YTAzMzlkOA==