сезімдер сөйлесін💌
1.53K subscribers
1.13K photos
29 videos
83 files
81 links
менің әлемім✨
Download Telegram
Мына суреттерімді көріп қайтадан шашымды қиғым келіп кетті. Ойымнан айнытыңдаршы🥹
❤22😱4
Мне не хочется ее огорчать своими мыслями. Она слишком красива и чиста для моего мира.

✨Если бы ты знал…✨
🥰15❤8
Сафарли шығармашылығына ғашық болып жүрмін. Енді, біраз уақыт тек осы авторды оқимын-ау…

сезіп тұрмын✨
❤21
Үйден қолыма ілінген киімді киіп, ешқандай бояу жақпай, шашыма укладка да жасамай, әтірімді сеппей, әдеміленбей-ақ тамақтануға шығып өзімді бақытты, сұлу, сенімді сезіне аламын. Қолымда кітап, алдымда дәмді таңғы ас пен сүйікті латте - ванильді сироппен. Ауа-райы керемет: не суық емес, не ыстық емес.

Жай ғана кітаптың қызығына кіріп, қытырлаған нанның үстіне гуакомоле тұздығын жағып, семганың дәмділігінен рақат алып отырмын.
❤60
Көмектеріңіз керек.

Махаббат деген не? Осы сұраққа өз түсінігіңіз бойынша жауаптарыңызды жазыңыздаршы. Қазақша әріптермен, әзілсіз, ойланып, саналы түрде жазылған жауап болса күшті.

Бір туындыға керек еді🤍
❤19
сүйім✨
❤23👍1
🎞️Кеше “Фуриоса: Хроники Безумного Макса” фильміне бардым. 168 миллион долларға түсірген екен. Берер бағам: 10/10.

IMAX-пен көруге кеңес беремін. Мен сияқты боевик және фантастика жанрын ұнатсаңыз, барыңыз✨

#некөремдесең
❤13
Муиззамның жатысы жаман. Өзім сияқты созылып жатады. Жанымды мыжып кетпейін деп, бір бұрыштаа жатырмын енді. Балам болса қайда жатар екем?🤣
🤣25
Кез келген жерде өзімнің риза еместігімді айтуды үйреніп келе жатырмын. Бұрын барған жерімнің қызметі ұнамаса да, бәрі жақсы деп кете беретінмін. Қазір олар сұрамаса да, өзім айтатын болыппын.

Осы қарқыным ұнайды. Тек шектен тыс токсик болып кетпесем болды. Мысалы, бүгін укладка жасатуға бардым. Өзім үшін, көңіл-күй үшін. Мастер алды да соңында иісі өте жағымсыз май жағып берді шашыма. Жүрегімді айнытып, бүкіл көңілімді құртты сол иіс. Екінші дәл сол мастерге бармаймын енді.
❤31
Forwarded from men❤️‍🩹 (Aryn Qunanbai)
🚩ред флагтың көкесін айтайын, қыздар:
1. тиктоктағы стримде түр жасап, қатайып, ел алдында боқтасатындар балақайлар. әбу бандит деуші ме еді. бос мақтан, домбыт. жігіттің күшіне емес, бітірген ісіне қарау лазым. ортасына да деп қосушы едім. сайда саны, құмда ізі жоқ адамнан қашу керек. оны білу үшін немен шұғылданатына қарайсың. адамның қалай күлгеніне қарап оның әдебін, неге күлгеніне қарап оның ой өресін аңғарасың. тағы бірдеңе қосайын – ақшасын неге жұмсайды көбіне. ол да айна. адамды тануға болады.
2. алғашқы кездесулерде-ақ қыздың құлағына гүл өсіріп, болашақ туралы мөшек-мөшек әңгіме айтып, үйлену, отбасы болу туралы жылы-жылы сөйлеп, әй-шай жоқ жоспар құратын балақайлар. ойлану керек.
3. ауызашардан шығып түнімен көше қаңғырып, талтаңдап дала кезіп, тікелей эфирде сәресіне дейін ұйықтамай, таңға дейін бос әңгіме айтатын балақайлар. ифтарлатқан соң тиктокқа шығып “қыздар, адрес жазыңдар алып кетеміз, шай ішеміз” деп отыратын балақайлар бар екен. әкесінің мәшінесінен түспейтіндер бар ғой. өзің білесің. солар.
4. “жақсы ит өлгенін көрсетпейді” деуші ме еді. соған орай өтірік-шыны аралас бір мақал айтайын – “жақсы жігіт намаз оқып жатқанын көрсетпейді”. телефон тіреп қойып дұға ететіндер бар тағы. оның жайнамазы, неше түрлі “ситаталарды” бұрқырататыны, иектегі сақалы ешнәрсені білдірмейді.
ешкіде де бар сақал. жігіт сақалы салмақтылықты аңғартса керек. жалпы үндемейтін кісінің жанында даналық бар.
5. кітап оқымайтындар – қызыл жалауды қос қолдап тұрып сонадайдан желбіретіп тұр🏌️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤72👍7👏6🥰3❤‍🔥1
Бұйырса, 9-ы Балиге шығамыз. Осы жазда одан бөлек тағы 1 елге саяхат жасағым келіп тұр.

Ойымда Индия немесе Грузия. Қосылғысы келетіндер болса, мархаббат. Бірге саяхаттайық✈️
❤35👍1
Сосын, көбі саяхаттаған кезде ағылшын тілін қаншалықты білу жеткілікті деп сұрайды. Менің ағылшыным керемет емес. База болса жеткілікті. Әйтеуір, ымдап бір-біріңді түсініп аласыңдар. Сол үшін, ақша болса болды тіл де маңызды болмай қалады. Одан қалса, бізге жақын біраз елдерде орысша сөйлесең түсінеді.
❤38👍1
Табыт үні.

Meн сені сүйгем
Жаныммен сүйгем, Жарық Күн!
Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың.
Ақ сәулең сенің аймалап мені,
Жарық Күн,
Тұрған да болар үстінде мынау табыттың.

Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағың,
Сезгемін, білгем,
Мен үшін бір күн тынарын.
Тастама мені,
Тастама мені, Шырағым!
Шуағың түссін,
Шөп болып, мейлі, шығамын.

Қомағай көңіл құмартып өткен әр неге.
Тірлікте сонау түскемін талай әуреге.
Кешкен өмір де,
Көрген бақыт та, барлығы,
Жетпейді екен ғой,
Бір күндік сенің сәулеңе.

Бір күндік сәуле…
Бір күндік жарық мекенім!
Мәңгілік түнек — қапасқа қалай кетемін.
Келмейді-ау тілім…
Өлгеннен сұра дер едім,
Тірі жандарға,
Өмір дегеннің не екенін.

Өмір дегенге,
Тірлікте, сірә, жетер ме ой.
Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі — бөтен ғой,
Өмір дегенің — бір күндік Сәуле екен ғой!..

Тамшыдай ғана, нұрына міне, зарықтым.
Өмір осы екен, сырына міне, қанықтым.
Жаса сен Мәңгі!
Жаса сен Мәңгі!
Жарық Күн!

… Табытпын, табытпын, табытпын…

(с) Мұқағали Мақатаев.
❤18👏1
Сұрақ: Медресеге түскен дұрыс деп ойлайсызба? Әлде универге тапсырғанба?

Жауап: универге тапсырған дұрысырақ деп ойлаймын. Жоғары білім, диплом да жарайды.
❤5
Сұрақ: Магистратура оқу жоспарда бар ма? Жалпы мамандығыңыз қандай? Мамандық бойынша жұмыс жасайсыз ба?

Жауап: иә, жоспарда бар. Мамандығым өзіме ұнайды. Бұйырса, ары қарай оқып жұмыс жасаймын.
❤13👍1