Аят
“Міне, сол күні жер үстінде болып өткен барлық істердің хабарын түп-түгел ортаға салады”. (Зілзала сүресі, 4)
Хадис
“Кімде-кім сабыр етуге тырысып бақса, Алла тағала оған сабыр сыйлайды”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Хайюум (мәңгі тірі)! Сен жомарттық Иесісің. Уа, барша жаратылыстың мұқтажын қанағаттандырған Раббым! Мақтауға тек Өзің ғана лайықсың. Сенен басқа ешкім де бір нәрсе сұрауға лайық емес”.
Мақал
“Шыдамды еңбек, алғыр ой, Анық досың біліп қой”.

“Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы” (Нұр сүресі, 31-аят).
Хадис
“Ұят – әсемдік”. (Рамуз әл-Әхадис).
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған кәміл иман, шынайы сенім, мол несібе, үрейлі жүрек, Өзіңді үнемі еске алатын тіл, адал ризық және ұятты құлдарыңнан қыла гөр”.
Мақал
“Ұят бардың иманы бар”.

“Анығында, адам баласын Біз жараттық, міне, сондықтан, нәпсісінің оған үнемі не сыбырлап, көкейіне қандай ойлар салатынын жақсы білеміз. Өйткені, Біз оған өз күре тамырынан да жақынбыз”. ("Қаф" сүресі, 16)
Хадис
“Құран Кәрім сені жақтап куәлік береді немесе саған қарсы куәлік береді”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Раббым! Сен ғайыпты һәм жаратылысыңның хал-ахуалын өте жақсы білесің. Өмір сүру мен үшін қайырлы болатын уақытқа дейін маған өмір бер һәм өлім мен үшін қайырлы болатын уақытта менің жанымды ал”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Аққа Құдай жақ”.

“Күллі аспан әлемі мен жердің иелігі һәм шексіз билігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын жарылқап, кешіреді, қалағанын жазаға тартып, азаптайды. Алла – Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді)!” (Фәтх сүресі, 14)
Хадис
“Саған зұлымдық жасағанды кеш. Саған ренжігенге ренжімей, алдына бар әрі саған жамандық жасағанға жақсылық жаса. Және басыңа қиыншылық алып келетін болса да шындықты айт”. (Кутубу ситтә)
Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Расында Сен өте Керішімдісің, Жомартсың! Әрі кешіруді жақсы көресің, бізді кешіре гөр”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш”.

“Қолдарыңдағы дүние-мүліктен Алла жолында жұмсаңдар және (сараңдық қылып) өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер. Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз, Алла (әр ісі тиянақты, ізгілікке жаны құмар) игі жандарды жақсы көреді”. (Бақара сүресі, 195)
Хадис
“Нағыз жиһад (Алла жолындағы күрес) жасаушы кісі, өзінің нәпсісімен күрескен адам”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Мені Өз рақымыңа бөлей гөр. Әрі мендегі қиыншылықтарды жеңілдет”. (Зуннуни Мысри)
Мақал
“Нәпсінің тізгінін тартпасаң, Адамдық кетер, ар кетер. Өмірге өрнек салмасаң, Дүниеден қалдың құр бекер”.

“(Ол – адамзатқа) қаламмен жазуды үйретуші. Адамға бұрын мүлдем білмеген нәрселерін үйретуші”. ("Алақ" сүресі, 4-5)
Хадис
“Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп әрі оны басқаларға үйреткендерің”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге тақуалық нәсіп ете гөр әрі бар күш-қуатымызды Өзіңнің дініңнің жолында қолдануды нәсіп ете гөр. Қиямет күні өкінішке себеп болатын істерден бізді аулақ ет”. (Имам Ғазали)
Мақал
“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”.

“Осынау оқиғалардан кейін Алла қалаған құлдарына тәубеге келуді, күпірліктен арылып, хақ дінге қайта оралауды нәсіп етеді. Алла өте кешірімді, (тәубеге келіп, Өзіне біржолата бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. (Тәубе сүресі, 27)
Хадис
“Дәретті толық әрі кемшіліксіз алыңдар”. (Муслим)
Дұға
“Уа, уәдесін сөзсіз орындаушы болған Раббымыз! Менің сансыз күнәларымды Өзіңнің өте кең болған рақымдылығыңмен кешіргейсің. Сен рақымы шексіз әрі тым жомартсың”. (Салих әл-Мәрри)
Мақал
“Таза, мінсіз асыл тас – су түбінде жатады, Таза, мінсіз асыл сөз – ой түбінде жатады”.

“Сондай-ақ, жер бетінде кердеңдеп жүрме! (Сен өзіңді қанша жерден мықтымын, деп, санасаң да күш-қуатың, білімің және қабілетің шектеулі болғандықтан) бәрібір, жерді жара алмайсың, тауларменен де бой теңестіре алмайсың!” (Исра сүресі, 37)
Хадис
“Тәккәппарлық ниетпен киімін жерге сүйретіп жүрген адамға Алла тағала рақымдылық көзімен қарамайды”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді Өзіңнің бізге берген нығметтеріңе разы болып әрі оны мақтан тұтатын және Өзіңді көп еске алатын құлдарынан ете гөр”. (Абдулла ибн Мәсғуд (р.а))
Мақал
“Кішіпейілділік кішілік емес, кісілік”.

“Біз адам баласына ата-анасына барынша жақсылық жасауды бұйырдық”. (Лұқман сүресі, 14)
Хадис
“Ата-ана – жәннаттың ортаңғы есігі. Олай болса, ерік өзіңде. Ол есікті мейлі қолдан жіберіп ал, мейлі көздің қарашығындай қорға”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді һәм ата-аналарымызды оттан қорға. Бізді һәм ата-аналарымызды – ізгі жандармен бірге, таңдаулы Пайғамбарыңның құрметіне жәннатқа кіргіз”.
Мақал
“Әкең жынды болса байлап бақ”.

“(Ей, Мұхаммед!) Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. «Оларды түзелткен жақсы (яғни, жетімдерді тәрбиелеп өсірген жақсы, жетімнің әкесінен қалған мал-мүлкін қорғап, бағып берген жақсы), (әкесіз қалған бейшара жетімдердің мүддесіне бола) олармен араласып (өмір сүріңдер) жасаңдар. Олар сендердің діндес туыстарың. Алла бұзушыны түзеушіден айырып біледі…” ("Бақара" сүресі, 220-аят).
Хадис
“Жетімге мейірім көрсет әрі оның басын сыйпап, оған өзің жеген нәрседен жегіз. Сонда жүрегің жұмсарады”. (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізді уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарызға бату мен адамдардың қыспағынан сай гөр”.
Мақал
“Жетім, жетім демеңіз, Жетімнің ақысын жемеңіз”.

“(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Өйткені, Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)!»”. ("Зумәр" сүресі, 53)
Хадис
“Алланың атымен ант етемін, мен Алладан күніне жетпістен астам рет кешірім сұраймын және тәубеге келемін”.
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге жүрегімізді Өзіңе бағыттап, әміріңе бас иетін терең бойұсынушылық нәсіп ете гөр!” (Рағип әл-Исфахани)
Мақал
“Арамның ісі өрге баспайды, Өрге басса да, өрден аспайды”.

“Уа, иман еткендер! Аллаға бойсұныңдар және Алла елшісіне бойсұныңдар, сондай-ақ, істеріңді бекерге кетіріп, өз еңбектеріңді өздерің зая етпеңдер”. ("Мұхаммед" сүресі, 33)
Хадис
“Адамдарға алғыс айта білмейтіндер Алла тағалаға да шүкір ете алмайды”. (Ибн Хиббан)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізге берілген нығметтерде есеп жоқ. Өзіңді тілімізбен еске алуымыз бен жүрегімізбен Саған шүкір етуіміз де Сенің бізге берген есепсіз нығметің”. (Әбу Исхақ әл-Казеруни)
Мақал
“Көңілің пасық болса, Айналаң қашып болар. Көңілің ашық болса, Көрген жан ғашық болар”.

“Расында, Біз Құранды (адамдар) оған ой жүгіртсін һәм ғибрат алсын, деп (адам баласының тілінде түсіру арқылы) жеңілдеттік. Олай болса, қане, оған ой жүгіртіп, ғибрат алатын жан бар ма?”. ("Қамар" сүресі, 17)
Хадис
“Кісі тіліне ие болмайынша шынайы иманға жете алмайды”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Қалайша Өзіңнің кешіріміңнен үміт үземін, расында Сен аса кеңсің! Қалайша ғапылдыққа салынып, жайбарақат күйде боламын, расында Сен Қаһарлысың!” (Яхиа ибн Муаз)
Мақал
“Жақсының сөзі кіші, ойы биік”.

“Уа, иман еткендер! Аллаға және елшісіне бағыныңдар һәм (оның аузынан Құран мен хадисті) естіп тұрып, одан сырт айналып кетпеңдер”. (Әнфәл сүресі, 20)
Хадис
“Алла тағала бес уақыт намаз арқылы күнәларды өшіреді”. (Бұхари).
Дұға
“Уа, Раббым! Мені әрі ұрпағымды намазды толық орындаушылардан ете гөр”.
Мақал
“Құлшылыққа құлшыну – құтылу”.

“Төбелерінде қаз-қатар тізіліп, қанат қағып ұшқан құстарға зер салып қарамай ма? Оларды әуеде Рахманнан басқа ешкім ұстап тұрған жоқ. Күмәнсіз, Ол барлық нәрсені толық көріп тұрады”. ("Мүлік" сүресі, 19)
Хадис
“Кісі ашуланғанда «Алла тағалаға сыйынамын» десе, ашуы тарқайды”. (Ибн Адийе)
Дұға
“Уа, әлемнің Жаратушысы! Қара тастай қатып қалған жүрегімізді жібектей жұмсарта гөр. Уайымымызды мейіріміңмен Өзің сейілткейсің”.
Мақал
“Ашуың келсе, қолыңды тарт, Айтпас жерде тіліңді тарт”.

“Жеті қат аспан мен жер және ондағы күллі жаратылыс атаулы Алланы кемшілік атаулыдан пәктейді әрі ұлықтайды. Оны мадақтамайтын әрі ұлықтамайтын бірде бір жаратылыс жоқ. Алайда, сендер олардың айтқан мадағы мен ұлықтауын түсіне алмайсыңдар. Ол (сондай ұлы әрі үстем болғанымен, ауыр күнә жасаған құлдарының өзін бірден жазаламайтын) өте сабырлы, аса кешірімді”. ("Исра" сүресі, 44)
Хадис
“Ең құнды амал – дұрыс ниет”. (Хаким)
Дұға
“Уа, Раббым, (міндетімді орындау барысында адам мен жындардан болған) шайтандардың уәсуәсі мен азғыруынан сақтай гөр, деп, бір Өзіңнен пана тілеймін. Сондай-ақ, уа, Раббым, олардың маған жанасуынан (маған ықпал етулерінен) сақтай гөр деп, бір Өзіңнен пана тілеймін”. (Мүминун: 97-98)
Мақал
“Ойлы адам өсекке құлақ түрмейді, Ойсыз адам жел беріп үрлейді”.

“Ал Аллаға қарсы келуден қатты сақтанатын тақуалар ол оттан аулақ болады. Көкейін таза ұстау үшін Алла жолында мал жұмсайтындар да”. ("Ләйіл" сүресі, 17-18)
Хадис
“Дін ұстануда шектен шығудан сақтаныңдар. Өйткені, сендерден бұрынғылар дінде қатты кетумен құрдымға кетті.” (Нәсаи)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Біз ұмытсақ һәм қателессек бізді жауапқа тартпа. Бұрынғыларға жүктегеніңдей бізге ауыр жүк жүктеме”.
Мақал
“Аз сөз – алтын, Көп сөз – көмір”.

“Дүниедегі қу тіршілік құр ойын-күлкі мен уақытша сауық-сайран ғана. Ал ақирет мекені болса, міне, сол нағыз шын өмір. Кәпірлер соны білсе ғой!” ("Анкәбут" 64)
Хадис
“Артынан кешірім сұрап, ұятқа қалатын істерден сақтан”. (Жамғиу әс-Сағир)
Дұға
“Алла тағала Өзінің есепсіз нығметтеріне лайықты түрде шүкір етуді бізге нәсіп етсін. Біздерге нәсібін арттырсын. Өзінің жолында қызмет етуді нәсіп қылсын”. (Ибн Халдун)
Мақал
“Ұялмас бетке, талмас жақ бітеді”.

“Біз көк пен жерді және екеуінің арасындағыларды ермек (ойын-күлкі) үшін жаратпадық”. ("Әнбие" сүресі, 16)
Хадис
“Мақтаудан һәм мақталудан алыс болыңдар. Өйткені ол – адамды құрдымға кетіреді”. (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Раббым! Мені әрдайым Өзіңнің тура жолыңа бағытта. Өзіңе бағыттамайтын жолды маған көрсетпе”. (Фузули)
Мақал
“Мақтан дерт болар, уәде серт болар”.

“Біліп қойыңдар! Күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі Аллаға тиесілі. Сондай-ақ, Алланың уәдесінің хақ екенін де біліп қойыңдар! Алайда, адамдардың көбі (шынайы ілімнен бейхабар болғандықтан) мұны да білмейді”. ("Юнус" сүресі, 55)
Хадис
“Жұмысшының ақысын оның маңдай тері кеппей тұрып беріңдер”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Раббым! Сансыз нығметтеріңе шүкір етуді нәсіп еттің. Менің Саған шүкір етуімнің өзі Сенің баға жетпес нығметің”. (әзірет Муса (а.с))
Мақал
“Қайыр қылсаң, бүтін қыл”.