Әр күніңді әсемде
2.56K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“(Ақирет есебін жоққа шығарып) ықылассыз, немқұрайлы намаз оқушыларға неткен өкініш! Олар өз намаздарына бейғам, Намаздарын (жұртқа) көрсету үшін оқитындар солар!” ("Мағун" сүресі, 4-5-6)

Хадис
“Денеде бастың орны қандай болса, дінде намаздың орны да сондай”. (әл-Мужәммул-Әусад)

Дұға
“Тек Саған құлшылық етіп, жалғыз Сенен жәрдем сұраймыз”. (Фатиха сүресі, 5)

Мақал
“Аллаға жағайын десең, Азаның болсын. Қазыға жағайын десең, Қазаның болсын”.
Аят
“Кімде-кім жақсылық жасаса, өз пайдасына, сондай-ақ, кім жамандық жасаса, өз зиянына. Раббың құлдарына әсте зұлымдық жасамайды”. ("Фуссилат" сүресі, 46)

Хадис
“Адамдармен қарым-қатынас жасағаныңда көркем мінезді бол”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Күнәларымызды кешіре гөр. Құлшылықтарымызда жіберген кемшіліктерімізді ғафу ет. Білместікпен жасаған күнә-қателіктерімізді кеш әрі бізді ақыл иелері қылғайсың. Сен біздің Раббымызсың, Сен кешірімдісің”. (Абдуллазиз Дирини)

Мақал
“Жақсыны сыйласаң, Есінен кетпейді. Жаманды сыйласаң, Есігіңнен кетпейді”.
Аят
“Әлде адам баласының көңілі соққан нәрсенің бәрі бола бере ме? Жоқ, олай емес! Ақирет өмірі де, дүниенің тіршілігі де бір Алланың қолында. (Екі дүниеде де шексіз билік Иесі)”. ("Нәжім" сүресі, 24-25)

Хадис
“Ең азулы дұшпаның – өз нәпсің”. (Дәйләми)

Дұға
“Уа, Раббым! Қияметтің күнінде бар үмітім Өзіңде. ақиретімді уайымдаудан басқа уайымым жоқ. Өзіңнің кеңшілігіңнен үміттімін. Қыл көпірінен өтерде тек Өзіңе ғана сенім артамын. Амал таразысында медет беретін тек Өзіңсің! Мені Өзіңе қауыштыратын жолға бағытта”. (Фәридуддин Аттар)

Мақал
“Нәпсіге жеңілген патша құл, Нәпсіні жеңген құл патша”.
Аят
“Аллаға һәм расулына бағыныңдар. Сонда (екі дүниеде де) мейірімге бөленесіңдер”. ("Әли Имран" сүресі, 132)

Хадис
“Қайсыбірің мешітке кірер болсаңдар, екі рәкәт намаз (тәхиәтуль мәсжид) оқымай отырмаңдар”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Дұшпандарыңның өшпенділігін арттырғаныңдай Өзіңе деген тақуалығымызды арттырғайсың. Өзіңе сәжде қылатын жүзімізді тозақ отынан сақта”. (Абдулағла Куреши)

Мақал
“Басы ауырып, балтыры сыздамағанның Тәңірменен ісі жоқ”.
Аят
“Иман етіп, (имандылық талабына сай өздерін һәм қоғамды кемелдікке жетелейтін) игі істер істегендердің (нәпсіге жеңіліп пенделікпен істеген) күнә-қателіктерін өшіреміз де, оларды істеген игі істерінің ең жақсысын назарға ала отырып, сый-сияпатқа бөлейміз”. (Әнкәбут сүресі, 7)

Хадис
“Зиян беруге болмайтынындай, зиянға зиянмен жауап беруге де болмайды”. (Ибн Мәжә)

Дұға
“Уа, Раббым! Мені қателіктерімнен ақ киімді кірден тазартқаның секілді тазарта гөр”.

Мақал
“Таспен атқанды аспен ат”.
Аят
“Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері – жаннат болмақ!” ("Назиғат" сүресі, 40-41)

Хадис
“Кісінің өзіне қатысы болмаған нәрсені тастауы, оның жақсы мұсылман болғанының дәлелі”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенің бізге берген ризықтарыңды санына жете алмаймыз. Өйткені, Сен Өзің былай дегенсің: «Алла тағаланың сендерге берген нығметтерін санасаңдар, әлбетте санына жете алмайсыңдар». ("Ибраһим", 34)

Мақал
“Өз үйіңде отыңды жақ, Кісі үйінде аузыңды бақ”.
Аят
“(Уа, Мұхаммед!): Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істегін. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма, (наданмен надан болма)”. ("Ағраф" сүресі, 199)

Хадис
“Мұсылман – тілімен һәм қолымен адамдарға зәбір бермеген адам. Әрі одан адамдардың дүние-мүлі мен мал-жаны амандықта болған адам.” (Тирмизи)

Дұға
“Уа, есепсіз нығметтердің Иесі болған Алла тағалам! Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет бақшаларыңды тамашалаушы ете гөр! Ерік-жігерімді Өзіңнің жомарттығыңа бағынышты ете гөр! Уа, жүрегімді нұрландырушы, қалауымның түпкі мақсаты болған Раббым! Әрдайым өзіңнің жолыңда қызмет етуімді әрі Өзіңнің разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп ете гөр!” (Арифе Зәхра)

Мақал
“Жақсының белгісі – Кексіз болады. Жаманның белгісі – Тексіз болады”.
Аят
“Ал кімде-кім істеген қиянатынан кейін тәубеге келіп, толық түзелсе, шүбәсіз, Алла оның тәубесін қабыл алады. Өйткені, Алла өте кешірімді, (әсіресе тәубеге келіп, Өзіне бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. ("Мәида" сүресі, 39)

Хадис
“Ұлы Раббымыз өз ісін толық һәм жақсы жасағандарыңа разы болады”. (Бәйһаки)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мен тәубе еттім. Тәубемді қабыл ете гөр”. (Мухаммед ибн Уаси)

Мақал
“Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі”.
Аят
“Сонымен қатар, Ол (Алла тағала) құлдарының шынайы тәубесін қабыл алады және жамандықтарды біржолата кешеді, сондай-ақ, Ол не істеп, не қойып жүргендеріңді жақсы біледі”. ("Шура" сүресі, 25)

Хадис
“Рамазан – берекет айы. Алла бұл айда күнәларды кешіріп, дұғаларды қабыл етеді”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Осы күнгі ұстайтын оразамды кемшіліксіз атқаруыма маған жәрдем ет. Мені күнәларымнан алыстат. Әрбір сәтімді Өзіңді еске алумен өткізуді маған нәсіп еткейсің”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Ырысқа қарап ұл өсер, Қонысқа қарап мал өсер”.
Аят
“Алла иман еткендердің жанашыр досы, қамқоршысы һәм қорғаны, оларды тас қараңғы түнектерден жарық нұрға шығарады. Ал күпірлік қылғандарға келсек, олардың достары тағұт (жалған құдайлар һәм жоқ жерден дін ойлап тауып, ел-жұртты соған үгіттеуші зұлым күштер), олар кәпірлерді жарық нұрдан шығарып, тас қараңғы түнектерге кіргізеді. Олар – тозақтықтар. Олар сонда мәңгі-бақи қалады”. ("Бақара" сүресі, 257)

Хадис
“Алла жолында бір-бірін жақсы көргендер, аршының көлеңкесінен басқа көлеңке болмаған күнде, арштың көлеңкесінде болады”. (Рамуз әл-Әхадис)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Дүниеде һәм ақиретте Өзіңе қауышуымызды нәсіп еткейсің. Жақындығың мен Жамалыңды тамашалаудың дәмін татқызғайсың. Бізді Өзіңнен басқаның бәрін тәрік етіп, жалғыз Өзіңмен ғана жаны жай табатындардан ете гөр”. (Абдулқадир Гайлани)

Мақал
“Берекелі тоғайда, Басын иіп тал тұрар. Берекелі ауылда, Ақылы дана шал тұрар”.
Аят
“Уа, адамдар! Раббыларыңа асылық қылып, қаһарына ұшыраудан сақтаныңдар! (Біліп қойыңдар!) Қиямет күнінің зілзаласы, расында да, өте алапат құбылыс”. ("Хаж" сүресі, 1)

Хадис
“Кімде-кім бір кедейге жеңілдік көрсетсе, Алла да оған дүние-ақиретте жеңілдік көрсетеді”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Барлық қателіктерімді мойындап, Өзіңнің құзырыңа келіп тұрмын. Мені кешіруіңді сұраймын”. (Сади Ширази)

Мақал
“Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам”.
Аят
“Уа, иман еткендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Алладан) жәрдем сұраңдар. Расында, Алла сабырлылармен бірге”. ("Бақара" сүресі, 153)

Хадис
“Мұсылманның қандай да бір ісі таңғаларлық. Қандай іс болмасын ол өзіне жақсылық деп біледі. Егер оған бір жақсылық жетсе, ол Аллаға шүкіршілік айтады. Сол шүкір айтқаны үшін оған Алладан жақсылық болады. Ал егер оған бір қиындық жетсе, сабыр етеді. Сол сабыр еткені үшін оған Алладан жақсылық болады”.

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенен тағдырыңа разы болуды һәм жәннатта Өзіңнің дидарыңды көруді”. (Фудале ибн Убәйд (р.а))

Мақал
“Қазаға – сабыр жолдас”.
Аят
“Міне сол – күмәнсіз келетін һәм ақиқат үстем болатын күн. Ендеше бұдан былай, қалаған жан Раббысына тура қайтатын жолды ұстайды”. ("Нәбә" сүресі, 39)

Хадис
“Мүминнің Раббы хаққында жақсы ойда (хусни зан) болуы – оның құлшылығының көркемдігінен”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған жәннатқа барар жолды жеңілдет һәм жәһәннам жолынан алыстат. ақиретте һәм дүниеде мені кешір”. (Абдулла ибн Омар (р.а))

Мақал
“Жақсы – көлмен тең, суы тәтті, Жаман – шөлмен тең желі қатты”.
Аят
“Уа, иман еткендер! Шайтанның ізіне (соңынан) ермеңдер. Кімде-кім шайтанның ізіне еретін болса, біліп қойсын, расында, ол үнемі арсыздық пен жамандықты бұйырады”. (Нур сүресі, 21)

Хадис
“Қиямет жақындағанда мұсылмандар арасында ең аз кездесетін нәрсе; адал жолмен табылған дүние-мүлік пен сенімді жолдас”. (Ибн Адий)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізді – екі дүниенің де құштарлығынан құтқар. Жан-тәнімізді тек Өзіңе ғана құштар еткейсің”. (Мухаммед Әмин)

Мақал
“Шынайы екі дос иненің жасуындай жерге сияды”.
Аят
“Олар намаздарына ерекше көңіл бөледі (яғни, намазға алдын ала ниет етіп, дайындалады, әрбір намазды кемеліне келтіріп, мінсіз өтейді һәм намаздан кейін пайдасыз бос істер мен күнә атаулыдан бойын аулақ ұстайды). Міне, соларға жаннат бақшаларында зор сый-құрмет көрсетіледі”. ("Мағариж" сүресі, 34-35)

Хадис
“Кісі намазды тастап қойған уақытта оны мен күпірдің арасында ешбір перде қалмады деген сөз”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Раббым! Намазымыз бен оразаларымызды қабыл ете гөр. Жасаған ғибадтарымызды кешіргейсің”.

Мақал
“Шіріген шөпті мал жақтырмайды, Шіренген адамды ел жақтырмайды”.
Аят
“Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады. Қиямет күні бұл дүниеде істеген істеріңнің қарымын толық аласыңдар. Кімде-кім тозақтан аулақ әкетіліп, жұмаққа кірсе, зор жетістікке һәм мақсат-мұратына жеткені. (Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк те емес”. ("Әли Имран" сүресі, 185)

Хадис
“Мүмин адам дүниеден өткенде – дүние тіршілігінің ауыртпалығы мен қиыншылығынан құтылады”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізді ықыласты әрі ықыласқа жеткізілген, тақуа құлдарыңның арасында ете гөр”.

Мақал
“Дүниеден озған мүминнің, Алды – пейіш, арты – кеніш”.
Аят
“(Алла және адамзат алдындағы міндетіңді атқаруда қандай қиындыққа душар болсаң да) Раббың үшін сабыр ет!” (Муддәссир сүресі, 7)

Хадис
“Құлшылықты шын көңілден Оған ғана (Алла тағалаға) жасап, Оған ғана жалбарыныңдар”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңе құлшылық жасауды әмір етіп, оның қарымын беруді де Өз мойныңа алдың. Бізді менмендігімізден арылта гөр. Өзіңе жан-тәнімізбен құлшылық етуімізді нәсіп еткейсің”. (Низами Гәнжәуи)

Мақал
“Орман тамырдан, ақыл сабырдан қуат алады”.
Аят
“Сол кезде Мәриям (таңырқап): «Мен қалай бала көтермекпін, маған (ер) адам атаулының қолы тиген емес, сондай-ақ, мен әсте ардан безген жеңіл жүрісті әйел емеспін», – деді”. (Мәриам сүресі, 20)

Хадис
“Дұғасы қабыл болатындардан болу үшін адал аспен қоректен”. (Ихиә-у улумид дин)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бұл жылы менің жасаған Өзіңнің разы болмайтын нәрселерді әлсіздігімнен ұмыттым. Алайда, Сен ұмытпайсың. Сөйте тұра мені жазалауға асықпай, маған уақыт бердің. Мен барлық күнә-қателіктерім үшін Өзіңнен кешірім сұраймын. Мені кешір! Уа, жомарттық иесі! Бұл жылы жасаған Өзің разы болатын істерімді қабыл еткейсің әрі үмітімнің үзілмеуін нәсіп ет!” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) жыл соңында жасаған дұғасы)

Мақал
“Адалдан тапқаның өміріңе жетеді, Алдап тапқаның селге кетеді”.
Аят
“Осынау зікірді (Құранды), расында, Біз түсірдік және оның сақтаушысы да Өзіміз”. (Хижр сүресі, 9)

Хадис
“Үйлеріңді намаз оқып һәм Құран оқып нұрландырыңдар”. (Жамиғу әс-Сағир)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған пайдалы білім, қабыл болатын амал және адал ризық бере гөр!” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Оқысаң – озарсың, Оқымасаң – тозарсың”.
Аят
“Уа, адамдар! Тақуалыққа қол жеткізу үшін өздеріңді әрі өздеріңнен бұрынғыларды жоқтан жаратқан Раббыларыңа құлшылық етіңдер”. ("Бақара" сүресі, 21)

Хадис
“Шын мәнінде, Алла тағала сендердің сыртқы дене-бітімдеріңе де, дәулеттеріңе де қарамайды. Алайда, ол сендердің жүректеріңе және іс-әрекеттеріңе қарайды”. (Муслим)

Дұға
“Уа, асқан құдіреттілігімен барлық нәрседен үстем болған Алла тағалам! Сен әртүрлі нұқсандықтардан пәксің. Уа, ұлықтығымен құлдарынан нығметтерін аямаған Алла тағалам! Біз сені пәктейміз”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Адам баласы әдемі киімімен жақсы болмайды, Әдеп, білімімен жақсы болады”.