Аят
Алладан ұдайы кешірім тілеңдер! Шүбәсіз, Алла Ғафур (өте кешірмді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді)
(Мүззәммил сүресі, 20)
Хадис
Барлық адам баласы қателік жасайды. Қателесушілердің ең жақсылары - тәубе етушілер
(Тирмизи)
Дұға
Алла тағалам! Мен күнә-қателіктерім себепті Өзіңнен қатты ұяламын. Уа, Алла тағалам! Күнәларым көл-көсір. Бірақ, Сенің кешіріміңнің жанында олар бір тамшы құрлы болмайды. Алла тағалам! Өзіңнің сүйікті құлыңның құрметі үшін мені азабыңнан сақтай гөр! Мені мейірімің мен кешіріміңе бөлей гөр!
(Зәкария Ансари)
Мақал
Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас

Ол күні аспан бейне бір балқыған мыстай болады. Ал таулар түтілген түрлі-түрлі жүндей болады
(Мағариж сүресі, 8-9)
Хадис
Пенде жан тапсырғанда періштелер: "Ақыретке не алып кетті" дейді. Ал, адамдар болса: "Артында не қалды" дейді
(Бәйһаки)
Дұға
Уа, бүкіл жаратылысты қияметтің күнінде күмәнсіз жинайтын Алла тағалам! Бізді сол күннің қорқыныштарынан сақта әрі қиыншылықтарын бізге жеңілдет. Бізді Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге болғандардың қатарына қос
(Жунәйди-Бағдади)
Мақал
Құдайсыз қурай да сынбайды

Иман келтіріп, Алла үшін қоныс аударған һәм Алла жолында дүние-мүлкін де, шыбын жанын да аямай күресетіндер Алланың алдында ең жоғары мәртебеге ие. Нағыз жетістікке жеткендер, міне, солар
(Тәубе сүресі, 20)
Хадис
Мұхажир - Алланың тиым салған нәрселерінен іргесін аулақ салған әрі оларды тәрік қылған жан
(Бұхари)
Дұға
Уа, Алла тағалам! Бізді шайтанның азғыруынан сақта. Оны рақымыңнан алыстатқандай бізге оның жақындауына мұрсат берме. Өзіңнің кешіріміңнен үмітін үзгеніндей бізден де үмітін үздір. Мейірімің мен оның арасын алыстатқаныңдай бізден оның арасын да алыс қыл. Өйткені, сенің құдіретің бәріне жетеді
(Мұхаммед ибн Уаси)
Мақал
Дүние жиып не етерсің,
Бір күн тастап кетерсің

Расында, Біз саған (көптеген жеңістердің басы болған) ап-айқын жеңіс нәсіп еттік
(Фәтих сүресі, 1)
Хадис
Алла елшісі (с.а.у.) Меккені азат еткеннен кейін былай деді: Енді бұл жеңістен соң хижрет болмайды. Бірақ Алла жолындағы күрес және ниет жалғасын табады
(Кутубу Ситтә)
Дұға
Уа, Алла тағалам! Бізге сұрағанымызды Өзіңнен басқа ешкім бере алмайды. Бізді жетістікке жеткізе гөр!
(Молда Жами)
Мақал
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып қызмет қыл

Адам баласы өзін елеусіз, ескерусіз қала беремін деп ойлай ма?!
(Қиямет сүресі, 36)
Хадис
Адам баласы қартайған сайын оның бойнында екі нәрсе жасарады: дүние-мүлік пен өмірге деген құштарлығы
(Бұхари)
Дұға
Уа, Раббым! Мен өте әлсізбін, маған күш-қуат бер! Тас жүрекпін, жүрегімді өзің жұмсарт! Алла тағалам, мен сараңмын, менің қолымды ашық қылғайсың!
(Хазірет Омар (р.а.))
Мақал
Жарлы болсаң да, арлы бол!

Ей, иманға келгендер! Өз үйлеріңнен басқа үйлерге рұқсат алмай және үй иелеріне сәлем бермей тұрып кірмеңдер
(Нұр сүресі, 27)
Хадис
Кімді-кім Аллаға және Ақырет күніне сенсе қонағына сый көрсетсін
(Мүслим)
Дұға
Иә, Алла! Оның ұрпағы мен дәулетін көбейтіп, берген нәрсеңді берекелі ете гөр!
Мақал
Қонақтың алтынын алма, алғысын ал

Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін
(Бақара сүресі, 184)
Хадис
Бұл дүниеде бейне бір бөтен жердің адамындай немесе жолаушы секілді бол
(Бұхари)
Дұға
Расулалла (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сапарға шығарда түйесіне мініп үш рет: "Алла ұлы", "Алла ұлы", "Алла ұлы", - деп одан кейін былай айтатын: "Мұны бізге бағынышты еткен Алла мінсіз. Алла мұны бізге олай (бағынышты) етпегенде маңына да жолай алмас едік. Расында біз Раббымызға қайтушымыз. Алла менің бұл сапарымды өзің разы болатын тақуа амалдар істейтін сапардан ет. Сапардағы жолдасым өзіңсін әрі жанұяммен қалған өзіңсің. Сапардың мұңлы көріністері мен қиыншылықтарынан жанұяммен мал мүлкіме қаралы қайтудан өзіңе сиынамын"
(Абдулла ибн Омар)
Мақал
Дүние бір серуен,
Адам бір көшкен керуен

Сондай-ақ, адам баласының аузынан нендей сөз шықса да дәл қасында оның аузын бағып, бірде -бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар
(Қаһф сүресі, 18)
Хадис
Ең сараң адам - сәлем беруден қашқан адам
(Табарани)
Дұға
Уа, Алла тағалам! Сеннен жұмаққа жетелер сөз бен амалды сұраймын. Тозаққа апаратын сөз бен істерден сақта
Мақал
Сәлем - сөздің анасы

Ендеше, Алладан ешкім кері қайтара (да, кейінге шегере де) алмайтын алапат күн келмей тұрып, Раббыларыңның (хақ дінге деген) шақыруын қабыл алыңдар! Ол күні сендерге (Алланың азабынан құтылу үшін) бас сауғалайтын пана да, жасырынатын жер де болмайды, сондай-ақ, күнәларыңнан жалтара да алмайсыңдар
(Шура сүресі, 47)
Хадис
Әрбір тірі жанды Алла тағала жаратты; сөйтіп, оның маңдайына өмірін, ажалын, ризық-несібесін және басына түсетін қайғы-қасіретті жазып қойды
(Тирмизи)
Дұға
Уа, Жаратқан ием! Сенің қалауыңмен таң атырып, көмегіңмен кеш батырдық. Қалауыңмен тіріліп, қалауыңмен көз жұмамыз. Қайтып барар жеріміз де Сен жақ
Мақал
Ажалы жеткен ауырмай өледі

Ол күні адам баласына (дүниеде өз қолымен істеп, ақиретке) жолдаған жақсы-жаман істері мен істемей кейінге қалдырған барлық істері түгелдей білдіріледі
(Қиямет сүресі, 13)
Хадис
Жаза басып, күнәлі іс істеп қойсаң, дереу соны жоятын жақсылық іс жаса
(Тирмизи)
Дұға
Уа, Алла тағалам! Жүрегімді өзіңнен жеткен қуанышпен толтыр, тілімді өзіңді еске алумен тазарт, дене-мүшелерімді өзіңнің жақсы көрген және ұнатқан істеріңде қолдануды нәсіп еткейсің
(Жүнайд-и Бағдади)
Мақал
Игі істер өлмейді,
Ізгі істер өшейді

Расында, мүміндер - бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен) бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ, (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар)! Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер
(Хужурат сүресі, 10)
Хадис
Кісі досының дінінде. Сондықтан, кіммен дос болып жүргеніне мән берсін!
(Әбу Дәуіт)
Дұға
Уа, Раббым! Мені және бауырымды кешіріп, бізді мейріміңе бөле. Сен мейрімділердің ең мейірімдісісің
(Хазірет Мұса (а.с.))
Мақал
Жақсының күндесі болма,
шын досы бол

Уа, адамдар! Алланың өздеріңе үйіп-төгіп берген нығметтерін естеріңе алыңдар! Өздерің айтыңдаршы, сендерге көктен һәм жерден ризық-несібе беретін Алладан басқа жаратушы ие бар ма?!
(Фатыр сүресі, 3)
Хадис
Ішіңдер-жеңдер, садақа беріп, әсем киініңдер. Алайда, ысырап пен тәкаппарлыққа жол бермеңдер
(Нәсәи)
Дұға
Бізде ішкізіп-жегізген әрі бізге қамқор болған Раббымыз Алла тағалаға сансыз шүкір айтамыз
Мақал
Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады,
Адамнан сұрағанның екі көзі шығады

Сендер (Аллаға) шүкіршілік білдіріп, иман етсеңдер, Алла сендерді азаптап қайтеді? Алла (Өзіне шүкіршілік еткендердің қарымын еселеп қайтарып), қисапсыз нығметке, мол сауапқа бөлеуші һәм шексіз ілім иесі. (Ниса сүресі, 147)
Хадис
Қанағатшыл бол, өйткені қанағат – түгелмес бір қазына. (Тирмизи)
Дұға
Бізді шексіз нығметтеріңе бөлеп, әрқандай жамандықтан қорғаған Алла тағалам! Өзіңе сансыз шүкірлік айтамыз. Егер мейірімің ашуыңнан жоғары болмағанда сөзсіз мен Сенің мейіріміңе емес, ашуыңа лайық болар едім (Зәмахшари)
Мақал
Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыз жалғыз атын сойдырады

Сөз тасып, араға от салғыш, келеке етуші әрбір адамға қандай өкініш! (Олар) мал жинап, оны (мұқтаждарға таратпай) санай береді (әрі барымен көзге шұқып өзгелерді төмен санайды)(Һумәзә сүресі, 1-2)
Хадис
Бауырыңның басына іс түскенде табалап күлме, әйтпесе, Алла тағала оған мейірімін төгіп, оның басындағы қиыншылықты сенің басыңа келтіреді (Тирмизи)
Дұға
Уа, Саттар (кемшіліктерді жасырушы)! Менің кемшіліктерімді жасырғайсың. Мені адамдардың алдында ұятқа қалдыра гөрме. Менің дәрежемді жоғарылата гөр (Сади әш-Ширази)
Мақал
Күлме досқа, келер басқа

Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және екінті һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлылық һәм табандылық таныт. (Кәһф сүресі, 28)
Хадис
Мұсылманның басына келген бір ауыртпалық, шаршап-шалдығу, қайғы, ауыру, тіпті болмашы мұңаюы болсын, Алла тағала соның себебінен оның күналарының бір бөлігін кешіреді. (Бұхари)
Дұға
Уа, Алла тағалам! Мені Исламмен қауыштырғаннан кейін жан тапсырғанға дейін мені одан, оны менен айыра көрме. (Абдулла ибн Омар)
Мақал
Сабыр түбі сары алтын

Олар дүниедегі қу тіршіліктің тек сыртқы жағын ғана біледі. Ал ақирет мәселесіне келгенде мүлдем ғапыл әрі бейқам. (Рум сүресі, 7)
Хадис
Жасаған жақсылығын міндетсінген әрі сараңдыққа бой алдырған адам жәннатқа кіре алмайды (Тирмизи)
Дұға
Уа, әрбір нәрсені құдірет қолында ұстап, Өзіне бас игізген һәм әр нәрсенің кілті қолында болған ұлы Раббымыз! Мені еш нәрседен сұраққа тартылмайтындай барша қателіктерімді кешіргейсің! (Аллаға мойынсыну дұғасы)
Мақал
Ізгі іс істе де, міндет қылма

“Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және ақиқатты біліп тұрып жасырмаңдар”. ("Бақара" сүресі, 42)
Хадис
“Ислам діні әубаста бөтен (топаны аз адам) болып басталды, күндердің күнінде о бастағыдай (қоғамға) бөтен күйге түседі. (дін насихатында болған) Бөтендер қандай бақытты жандар десеңші!” (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббым! Көңлімді кеңейт. Ісімді жеңілдет. Сөзімді олар ұғыну үшін тілімнің тұтықпасын шеше гөр”. (әзірет Муса (а.с))
Мақал
“Шындықтың сүйегі қатты, дәні тәтті”.

“(Уа, адамдар! Бұл дүниеде) өздеріңе берілгеннің бәрі қу тіршіліктің болмашы бұйым-боқшасы мен өткінші сән-салтанаты ғана. Ал Алланың сендер үшін сақтаған (ақиреттік) сый-сияпаты болса, әлдеқайда қайырлы һәм мәңгілік. Әлі де ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!” ("Қасас" сүресі, 60)
Хадис
“Шүбәсіз, қайсыбірің намаз оқыған уақытында Раббысымен тілдеседі. Сондықтан да, әдеппен сөйлессін”. (Хаким)
Дұға
“Уа, Тәңірім! Өзің жайлы хабар берген тілді азапқа душар етпе! Өзіңді танытатын білімге қараған көзді азапқа душар етпе!” (Ибн Жәузи)
Мақал
“Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, жат қылық – надандықтың белгісі”.

“Ол (Алла тағала) қайсыбірің анағұрлым игі һәм сауапты іс істер екен деп, бәріңді сынап көру үшін өлім мен өмірді жаратты.” ("Мүлік" сүресі, 2)
Хадис
“Мүміннің абыройы – оның діні, тектілігі – көркем мінезі, ал, адамгершілігі – ақылы”. (Ибн Хиббан)
Дұға
“Алла тағалам! Ізгілердің ізгілігін көбейт! Күнәһарларға тәубе етуді нәсіп ет!” (Омар ибн Абдулазиз)
Мақал
“Қиыншылық – ерге егеу, езге бөгеу”.

“«Раббымыз – Алла», – деп, иман айтқаннан кейін (шынайы иманның талабына сай сенімі, ниеті һәм іс-әрекеттері түзу болып) тұп-тура жолмен жүргендер үшін ешқандай қорқыныш жоқ, сондай-ақ, олар әсте қайғы-мұңға душар болмайды”. ("Ахқаф" сүресі, 13)
Хадис
“Иман екі бөліктен құралған бір бүтін нәрсе; оның бір бөлігін сабыр, екінші бөлігін шүкір құрайды”. (Шуабул-Иман)
Дұға
“Уа, Аллам! Көңілдерді жақсыдан жаманға, жаманнан жақсыға айналдыратын жалғыз сенсің. Көңілімді дініңе берік қыл!”
Мақал
“Иман отқа жанбайды, Жақсылық жерде қалмайды”.