Әр күніңді әсемде
2.58K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“(Уа, мүміндер!) Ұнжырғаларың түсіп, жасымаңдар, қайғы-мұңға салынбаңдар, егер шынымен мүмін болсаңдар, шүбәсіз, сендер үстемсіңдер”. ("Әли Имран" сүресі, 139)

Хадис
“Сендерге ең оңай әрі денеге жеңіл келетін құлшылықты айтайын ба? Олар – үндемеу мен көркем мінезділік”. (Ибн Әби әд-Дүниә)

Дұға
“Уа, арқа сүйеп, бар шер-мұңымды ақтарар Жаратушы Ием! Уа, Раббым, уа, Раббым, уа, Раббым! Дене мүшелерімді Өзіңнің жолыңда қызмет еттір. Жүрегімді Өзіңе бағыттап әрі оны сол жолда бекем ет”. (әзірет Әли (р.а))

Мақал
“Үндемеген үйдей пәледен құтылады”.
Аят
“Олар қандай жақсылық істесе де, (Алланың құзырында) еңбектері еш кетпейді. Алла Өзіне қарсы келуден барынша сақтанған, Өзін лайықты түрде ұлықтайтын тақуа жандарды жақсы біледі”. ("Әли Имран" сүресі, 115)

Хадис
“Қарызданудан аулақ болыңдар! Себебі, ол адамды күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырады”. (Байһаки)

Дұға
“Уа, жомарттық Иесі, Раббым! Өзіңнің рақым есігіңді қайта келіп қағып тұрмын. Қолымды бос қайтармайтыныңа сенімім мол”. (Фәридуддин Аттар)

Мақал
“Қарыз алғанның есі кетер, Қарыз бергеннің несі кетер”.
Аят
“Ол сендерге найзағайды һәм үрей салатын, һәм үміт отын жағатындай етіп көрсетеді, әрі қорғасындай ауыр сауын бұлттарды жаратады”. ("Рағыд" сүресі, 12)

Хадис
“Бір-біріңе қызғанышпен қарамаңдар, араларыңда кек сақтамаңдар, өзара бір-біріңе дөрекі сөз айтып, бір-біріңен бет бұрмаңдар және ешкім ешкімді сыртынан ғайбаттамасын”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңе лайық түрде шүкір етуімді нәсіп ете гөр һәм жүзімізді жарқын ет”. (Сағыд ибн Убәдә (р.а))

Мақал
“Өз жақыныңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, Бір-біріңді қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін”.
Аят
“Екінді және түскі уақытта (яғни екінді және түскі намазында) да; көктерде де, жерде де бар мадақ пен шексіз шүкіршілік бір Өзіне ғана тән екенін айтып, жар салыңдар!” ("Рум" сүресі, 18)

Хадис
“Ақыл-кеңес сұрай келген кісіге жөн сілтеу мұсылманның міндетінің бірі”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Раббым! Жарлы-жақыбайлар мен әлсіздерге мейірім көзіммен қарауым үшін жүрегімді жұмсарта гөр һәм адасушылықтан сақтап, тура жолыңа бастай гөр! ” (Мухаммед Икбал)

Мақал
“Кеңескен ел азбайды”.
Аят
“Күллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі бір Аллаға тиесілі. Шүбәсіз, Алла Ғани (ешкімге һәм еш нәрсеге мұқтаж болмаған әсте ортаймайтын байлық иесі), Хамид (бар мақтау мен шексіз шүкіршілікке әбден лайық)”. ("Лұқман" сүресі, 26)

Хадис
“Кісі өзгенің айыбын қазбалап, кемсітер болса сол қателік өзінің басына келмейінше дүниеден өтпейді”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Барлық бұрыс міндеттерден, жағымсыз орындардан, теріс іс-әрекеттерден, пайдасыз сөздерден һәм пасық ой-пікірлерден сақта деп Өзіңе сыйынамын әрі кешірім сұраймын”. (Мухаммед ибн Уаси)

Мақал
“Өз тілің өзіңе жау”.
Аят
“Ал иман етіп, игілікті істер істегендерге келсек, міне, солар жұмақтықтар, олар сонда мәңгі-бақи қалады”. ("Бақара" сүресі, 82)

Хадис
“Түңгі намаз адамды Аллаға жақындатады, күнәлардан сақтайды, жамандықтарға тосқауыл әрі ауруларды жояды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңді танып, лайықты деңгейде қорыққандардың тақуалығын, Өзіңе иман еткендердің тәуекелін һәм Өзіңнің сүйікті құлдарыңның құтылуын сұраймын!” (Талк ибн Хабиб)

Мақал
“Жақсы болсаң, төр сенікі, Қайықлы болсаң, көл сеніңі, Қазаң келсе, көр сенікі”.
Аят
“Ал иман еткен құлдарыма: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқысын және сауда-саттық та, достық та жүрмейтін алапат күн келмей тұрып, өздеріне ризық етіп бергендерімізден жасырын және жария түрде (Алла жолында) жұмсасын», – деп, айт”. ("Ибраһим" сүресі, 31)

Хадис
“Ризық ажал секілді – Алла тағаланың құлдарын іздейді, ол қай жерде болмасын оны іздеп табады”. (Кәнзул Ирфан)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізге Өзің үшін жасаған азды-көпті (болмашы) амалдарымызға қарап үкім бере гөрме. Өзіңнің жомарттығың мен кеңшілігің арқылы үкім бергейсің”. (Мәулана)

Мақал
“Ырыздық иесін табар”.
Аят
“Өйткені, олар көзбен көрмесе де Раббыларынан шын именіп, шынайы түрде тағзым етеді. Сондай-ақ, олар Қияметтен де қатты қорқады”. ("Әнбие" сүресі, 49)

Хадис
“Кісі мұсылман бауырының жәрдемінде болған сайын Алла тағала да ол құлына жәрдем етеді”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені тек тозағыңнан қорыққаным үшін құлшылық қылудан, тек жәннатың үшін құлшылық қылудан сақтағайсың. Мені тек қана Өзіңнің разылығыңды көксеп құлшылық қылуымды нәсіп еткейсің”. (Рабиғатул Адәуийә)

Мақал
“Жолдасы жақсының олжасы жақсы”.
Аят
“Шүбәсіз, Раббың Өзінің жолынан адасқандарды жақсы біледі. Сондай-ақ Ол тура жолдағыларды да жақсы біледі”. ("Әнғам" сүресі, 117)

Хадис
“Алла тағаладан пайдалы білім сұраңдар, пайда бермейтін білімнен Аллаға сыйыныңдар”. (Ибн Мәжә)

Дұға
“Уа, Раббым! Мені үрейі жоқ жүректен, қабыл болмайтын тілектен, тойым білмейтін нәпсіден әрі пайдасы жоқ ілімнен сақтай гөр”.

Мақал
“Білімді мың жасайды, Білімсіз құр жасайды”.
Аят
“Сондай-ақ, түнде де (яғни, құптан уақытында да) Оның кемшіліктен ада, мінсіз екенін айтып, ұлықта-ғын және жұлдыздар батуға бет алған шақта да (яғни, таң намазында да Раббыңды ұлықта-ғын)”. (Тур сүресі, 49)

Хадис
“Кімде-кім бауырының ар-намысын оны ғайбаттаушылардан қорғаса, Алла тағала да қиямет күні ол адамды тозақ отынан қорғайды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнің Жамалыңнан басқа нәрсе үшін көздерді ұйқыдан қалдыру қандай өкініш әрі Өзіңді жоғалту үрейінен басқа мақсатпен жылау нендей бекершілік!” (Имам Ғазали)

Мақал
“Жолдасы жақсы жауға алдырмайды, Қара басын дауға қалдырмайды”.
Аят
“Кімде-кім істеген күнәларына өкініп, тәубе етсе әрі (өзін һәм қоғамды түзетуге бағытталған) игі істер істесе, бұл, расында да, оның Аллаға шынайы түрде һәм тәубесі қабыл болған күйде бет алғаны”. (Фурқан сүресі, 71)

Хадис
“Мүминдер бірін-бірін сүйеп, қуаттап тұратын қабырғалар секілді”. (Нәсәи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған Құран һәм басқа білімдерге байланысты естіген нәрселерді жақсы түсінетін қабілет пен зор зейін бере гөр!” (Утбәул Ғулам)

Мақал
“Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды”.
Аят
“Егер Алланың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Алла құлдарына өте жанашыр, әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!” (Нур сүресі, 20)

Хадис
“Көңілге күмән ұялататын нәрселерді тастап, шүбәсіз нәрселерді ал”. (Нәсәи)

Дұға
“Уа, жаратушы Жаббар Ием! Егер тура жолдан тайқып кетсем, тәубе етемін. Өзіңнің ашуыңа себеп болатын нәрселерді жасап қойсам мені кешір!”

Мақал
“Күмән иманды қашырар”.
Аят
““Өздерінің естеріне салынғанды ұмытқанда, оларға барлық нәрсенің (мал-дүниенің) қақпаларын ашып қойдық. Ақырында, өздеріне берілгенге мәз болып, шаттыққа кенелгенде, оларды ойламаған жерден азапқа душар еттік. Сол кезде олар күдерлерін бір-ақ үзіп, абдырап қалды” ("Әнғам" сүресі, 44-аят).

Хадис
“Шынайы байлық мал-дүниенің көптігі емес, көңіл байлығы”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Амалымның кемдігіне һәм нұқсандығына қарамастан барлық қажеттіліктерімді бір Өзіңнен сұраймын. Жалғыз Өзіңнің мейіріміңе мұқтажбын. Уа, көңілдерге медет беріп, барлық дертке шипа беруші Раббым!” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Байлық – қолдың кірі”.
Аят
“Уа, иман еткендер! Егер Алланың (дініне) қолдау көрсетсеңдер, Алла тағала да сендерді қолдайды һәм аяқтарыңды тайдырмай (хақ жолда) нық басқызады”. ("Мұхаммед" сүресі, 7)

Хадис
“Жәннаттықтардың әшекейлері – бұ дүниеде дәрет суының тиген жерлері”. (Рамуз әл-Әхадис)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңсіз көңіл тыныштық таппайды. Маған берген сансыз нығметтеріңнің санына жете алмаймын. Егер шашыма тіл бітіп, оның әр бірі шүкір айтса да Өзіңе лайықты түрде шүкір айта алмас еді”. (шүкір дұғасы)

Мақал
“Күйісің жаман болса, тән азады, Көңілің жаман болса, жан азады”.
Аят
“Дүние-мүлкін түн демей, күн демей жасырын һәм жария түрде игі жолда жұмсайтындардың Раббыларының дәргейінде алатын сауабы (сыйы) бар. Олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар әсте мұңаймайды”. ("Бақара" сүресі, 274)

Хадис
“Алла туралы жақсы ойламастан араларыңнан ешкім о дүниеге аттанбасын” .

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңнен күнәдан тосатын үрей һәм Өзіңе мойынсұнуды күшейтетін үрей сұраймын. Өзіңнен бізді күнә жасамауға сабыр сұраймын...” (Салих ибн Бәшиш)

Мақал
“Пейілі жаман пәлеге жолығады, Бітпейтұғын жалаға жолығады”.
Аят
“Ей, мүміндер! Сендер Аллаға бойсұныңдар, пайғамбарға бойсұныңдар, әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де” ("Ниса" сүресі, 59-аят).

Хадис
“Сендерден үш кісі сапарға шықса, араларынан біреуін басшы етіп алсын”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Басымызға қиыншылық түсіп, аһылап-үһілеп жатқан сәтте бізді бір сәт болсын Өз кешіріміңнен құр қалдыра көрме!” (Низами-и Гәнжәуи)

Мақал
“Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бағынған құл болмайды”.
Аят
“Түн болғанда Ибраһим (көп жұлдыздың ішінен ерекше) бір жұлдызды көріп: «Міне, (айтқандарыңа қарағанда) шамасы менің Раббым осы», – деді. Алайда, жұлдыз сөніп көзден ғайып болғанда ол: «Мен сөніп, ғайып болатындарды ұнатпаймын», – деп айтты”. ("Әнғам" сүресі, 76)

Хадис
“Діннің бастауы – Ислам, тірегі – намаз, ал, шыңы – жиһад”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңе ұнамайтын істерді жасаудан сыйынамын. Өзіңнің құзырыңдағы абыройды сұраймын”. (Жунейди Бағдади)

Мақал
“Алла деген пенделер, еш нәрсеге зар болмас”.
Аят
“Ибраһим де: «Тура жолдан адасқандардан өзге кім Раббысының рақымынан үмітін үзеді дейсің», – деді”. (Хижр сүресі, 56)

Хадис
“Кімде-кім бір мүминнің айыбын жасырса, қиямет күні Алла тағала да оның айыбын жасырады”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Өзіңнің рақымыңа лайық болмасам да, маған рақымдылық танытудасың. Сенің рақымың барлық нәрсені қамтиды. Мен де сол барлық нәрсенің бірімін. Олай болса мені де рақымыңа бөлей гөр!” (Омар ибн Абдуллазиз)

Мақал
“Ақ киім – кірлегіш, Ақ көңіл – кешіргіш”.
Аят
“Міне, бұлар ақиретті (яғни, о дүниенің мәңгілік бақытын) дүниенің қу тіршілігіне айырбастағандар. Сондықтан да олардың азабы әсте жеңілдетілмейді әрі оларға ешқандай жәрдем де берілмейді”. ("Бақара" сүресі, 86)

Хадис
“Өлім келмей тұрып, оған дайындық жаса”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Мені Өзіңе мойынсұнуда тұрақты қыл әрі тақуалықта күшейт”. (Шейх Ахмед әл-Алауи)

Мақал
“Дүние түбі келте, Ұмтылу керек ерте”.
Аят
“Намазды өтегеннен кейін түрегеп тұрып, отырып немесе жамбастап жатып Алланы еске алыңдар. (Жорық тәмамдалып немесе қорқыныштарың сейіліп) қауіпсіз жағдайда болғандарыңда намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар (және қан майданда жүріп оқи алмаған намаздарыңның қазасын өтеңдер). Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда (өтелсін деп) парыз етілді”. ("Ниса" сүресі, 103)

Хадис
“Парыздардан кейін ең қайырлы амал – түнгі намаз”. (Муслим)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Біз өзімізге зұлымдық жасадық. Егер бізге аяушылық жасап, кешірім етпесең еш күмәнсіз біз құрдымға кетушілерден боламыз”. (әзірет Адам мен Хауаның дұғасы)

Мақал
“Басты берген Құдай, асты да береді”.