Әр күніңді әсемде
2.56K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Иә, олар иман етіп, көптеген игі іс істеді. Олар қандай бақытты! Ақырында баратын ең керемет мекен де соларға тән!” (Рағыд сүресі, 29)

Хадис
“Жүрегіндегі дүниеге деген есіктерді бекіткен адамға машақаты көп қиыншылықтар түкке тұрғысыз һәм жеңіл келеді”. (Муснәду әш-Шәриф)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Саған үлкен-кішіміз жаппай тәубе етеміз. Бізге терең тәубе нәсіп ет. Бізді тәубесіне келмегендерден ете гөрме!” (Абдулла ибн Абдуллазиз)

Мақал
“Мың күнәға бір тәубе”.
Аят
“Әрі ата-анаға, жақын туыстарға, жетімдерге, міскіндерге, туыс көршіге және бөгде көршіге жақсылық жасаңдар” (Ниса сүресі, 36-аят).

Хадис
“Маған Жәбірейіл (а.с) келіп, көршінің хақысын көп ескерткені сонша мен көрші көршіге мұрагер бола ма деп ойладым”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ынта-ықыласымыздың бәсеңдеуінен, іс-әрекеттеріміздің нұқсандықтарынан, ажалымыздың таяп қалуынан, ізгі, тақуа құлдарыңның арамыздан жойылуынан сақта деп Өзіңе сыйынамыз”. (Абдулла ибн Ғалиб)

Мақал
“Көрші ақысы – Тәңір ақысы”.
Аят
“Сондай-ақ, аспан әлемі мен жердегі теңдесі жоқ ұлылық пен шексіз билік бір Өзіне ғана тән! Ол – Азиз (бәрінен үстем, теңдесі жоқ ұлылық иесі) һәм Хаким (әр ісі мен әр үкімінде көптеген хикметтер болатын асқан дана)”. (Жасия сүресі, 37)

Хадис
“Ілім игермеген немесе ілім үйренуге талпынбағандар бізден емес”. (Бәйһақи)

Дұға
“Уа, Раббым! Маған даналықты нәсіп етіп, изгілердің қатарына қоса гөр!”

Мақал
“Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күнә ғаріп”.
Аят
“Расында, адам баласы шыдамсыз әрі (әр неге) құмар болып жаралған”. (Мағариж, 19)

Хадис
“Қызғаныштан сақ болыңдар! Себебі, ол оттың отынды жеп бітіргендей, бүкіл жақсылықтарды жалмап бітіреді”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Бізге Өзіңді шынайы тануды әрі шынайы құлшылық жасауымызды һәм бізге Өзіңе жақындататын істерді нәсіп қыла гөр. Біздерге таудай тәуекел, дұрыс ой-пікір, дүниеде, ақиретте де есен-саулық және ізгіліктер бере гөр”. (Әбу Мухаммед Рази)

Мақал
“Жаман адам өзі бола алмайды, Болғанды көре алмайды”.
Аят
“Ізгілік жолында садақа берген мүмин ерлер мен мүмин әйелдердің және Аллаға көркем қарыз бергендердің қарымы еселеніп қайтарылады. Сондай-ақ, олар үшін әсте ортаймайтын сондай керім сый да бар.” (Хадид сүресі, 18)

Хадис
“Әрбір жақсылық – садақа”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізге берген нығметтеріңді одан сайын арттыра түсуіңді тілейтін әрі бір өзіңе бас иетін құлдарың болуымызға септігін тигізетін шүкіршілік нәсіп еткейсің”. (Омар ибн Зәр)

Мақал
“Жақсылыққа жақсылық – әр жігіттің ісі, Жамандыққа жақсылық – нар жігіттің ісі”.
Аят
“Сол күні жауапқа тартылу үшін Алланың алдына келтірілесіңдер. Сөйтіп, (Алла тағаланың алдында) бірде-бір жасырын сырларың болмайды”. (Хаққа сүресі, 18)

Хадис
“Білімі өзіне де, өзгелерге де пайда бермеген ғалымдар Қиямет күні адамдар арасынан ең ауыр азапқа душар болатындар”. (Кәшфул-Хафа)

Дұға
“Уа, Раббым! Біздей әлсіз құлдарыңның кемшіліктерін елемей, тәубемізді қабыл ете гөр әрі күнәларымызды Өз кеңшілігіңмен кешіре гөр! Бізді әрқашан сергек рухты, терең пікірлі һәм тақуалық кернеген жүрекке ие құлдарыңның қатарына қоса гөр!” (Омар Насухи Билмен)

Мақал
“Зейіні кең – көреген, Пейілі кең – береген”.
Аят
“Сондай-ақ түннің бір бөлігінде Оған сәжде ет һәм де түнде ұзақ уақыт Оны («Сен – мінсізсің, кемшіліктен адасың», – деп) ұлықта”. (Инсан сүресі, 26)

Хадис
“Күдіксіз, Алла тағала сөзі мен ісі жиренішті болған әрі сонысынан қысылып-қымтырылмай сөйлей беретін бейпіл ауыздарға лағынет етеді”. (Рамуз әл-Әхадис)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңе һәм пайғамбарыңа деген бойұсынушылықтың һәм дініңнің аясында ет. Мені Өзің тыйған нәрселеріңнен әрі азабыңнан аулақ ете гөр”. (Абдулла ибн Омар)

Мақал
“Көп өткен су батпақ болар, Көп сөйлеген адам шатпақ болар”.
Аят
«Мен мал мүлікті есепсіз шашамын» деп мақтанады. Ол өзін ешкім көрмей тұр деп ойлай ма?”. (Бәләд сүресі, 6-7)

Хадис
“Ешбіріңіз өзі үшін қалағанын мұсылман бауыры үшін қаламайынша шынайы иман келтірген болып саналмайды”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Өлім мен қабірді һәм Өзіңнің алдыңда ертең есеп беретінімді біле тұра қалайша қуанамын! Амал дәптерімнің оң жағымнан, не сол жағымнан берілетінінен бейхабармын. Қалайша Өзіңнен дүниелік бір нәрсе сұрай алам?” (Мухаммед Бакір)

Мақал
“Сөзшең болғанша, ісшең бол”.
Аят
“Расында, Раббың адамдарға аса шарапатты. Алайда, олардың көбі шүкіршілік етпеуде”. (Нәміл сүресі, 73)

Хадис
“Алла тағала әрбір істі оңтайластырған һәм үнемі жымиып жүретін адамды жақсы көреді”. (Хужжәту әл-Ислам)

Дұға
“Уа, Раббым! Менің қателіктерімді, білместікпен жасағанымды, іс-әрекеттерімдегі шектен шығуымды һәм Өзің менен жақсы білетін қателіктерімді кешіргейсің”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Түсі жылыдан түңілме”.
Аят
“Уа, иман еткендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер міне солар”. (Мунафиқун сүресі, 9)

Хадис
“Тілің Алланны еске алудан құрғамасын”.

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді Өзіңе, періштелеріңе, пайғамбарларыңа және ізгі құлдарыңа сүйікті ет”. (Дұғалар жинағынан)

Мақал
“Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, Зиянын тигізбейді”.
Аят
“Ол күллі аспан әлемі мен жерді хақ мақсатта, орын орнымен және ақиқатқа сүйенген мінсіз жүйеге негіздеп жаратты. Сендерге кескін-келбет берді, һәм де қандай көркем кескін-келбет берді десеңші. Түбінде (бәрің де) Оған қайтасыңдар”. (Тағабун сүресі, 3)

Хадис
“Мүминдердің иман тұрғысынан ең кемелі мінез-құлығы ең көркем болғандар”. (Ибн Мәжә)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сен құлдарыңның кеміштіктеріне қарама; айыптарын беттеріне баса көрме; оларды айырылысу отына салып жақпа! Бізге рақымшылық жасап, жәрдем берген Алла тағалам!” (Азиз Махмуд Һудайи)

Мақал
“Соқырдық еліне барсаң, көзіңді қыс, Ақсақтың еліне барсаң, аяғыңды көтер”.
Аят
“(Атқарған қызметіңді, істеген жақсылық-тарыңды) көп көріп, міндетсінбе!” (Мүддәссир сүресі, 6)

Хадис
“Мүмін адамға ренжіскен діндес бауырымен үш күннен артық сөйлеспеуі дұрыс болмайды”. (Кәнзул-Ирфан)

Дұға
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен де жақсырақ білесің. Мен де өзімді мені мақтағандардан жақсырақ білем. Олардың менде бар деп ойлаған ізгі қасиеттерді маған нәсіп ете гөр әрі менің бойымдағы олар білмейтін кемшіліктерімді жасыр һәм кешір”. (әзірет Әбу Бакір (р.а))

Мақал
“Жақсы адамның ашуы бөз орамал кепкенше”.
Аят
“Жоқ, (Біз оларды қаншама ұлы нығметтерге бөлесек те,) адам баласы, шынында да, шектен шығып, адасады, өздерін Аллаға мұқтаж еместей көріп, (дандайсыйды)”. (Алақ сүресі, 6-7)

Хадис
“Кімде-кім біздің дінімізде болмаған бір істі жасаса, онда ол қабылданбайды”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Басымызды тауға да соғып, тасқа да соғып қиналған сәттерімізде бізді кешіріміңнен мақұрым ете көрме!” (Низами-и Гәнжәуи)

Мақал
“Өзін білген әулие”
Аят
“Уа, иман еткендер! Арақ-шарап (сынды адамды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу шайтанға ғана тән лас істердің қатарында. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету үшін бұлардан аулақ болыңдар”. (Мәида сүресі, 90)

Хадис
“Көбі мас қылатын нәрсенің азы да харам”. (Кәнзул-Ирфан)

Дұға
“Уа Раббым! Өзіңнің жәрдемің болмаса, қалауыма жете алмаймын, өз бетімше жамандықтардан сақтана алмаймын. Уа, Раббым! Саған аса мұқтажбыз! Бізді керемет ризықпен ризықтандыра гөр, сол ризық үшін Өзіңе көп шүкір етейік”. (Бәкр ибн Абдулла Музени)

Мақал
“Арамдық алысқа бармайды”.
Аят
“Раббыңның атын үнемі жадыңда ұстап, (күндіз-түні) аузыңнан тастамай зікір ет һәм Оған жан-тәніңмен бетбұр”. (Муззәммил сүресі, 8)

Хадис
“Жаныңа жылу сыйлайтын көркем сөз де – садақа”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сараңдықтан, қорқақтықтан және қабір азабынан мені сақтай гөр”.

Мақал
“Жақсының өзі де жақсы, Сөзі де жақсы”.
Аят
“Сондай-ақ Оған тең келетін ешкім де, еш нәрсе де жоқ”. (Ықылас сүресі, 4)

Хадис
“Кімде-кім Алладан басқа сыйынуға лайықты құдай жоқ” – десе,“Жәннәтқа кіреді”.

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді өз ұлылығыңмен назарыңа ал. Біз (құлдарың) қателесушіміз. Егер әлсіздігімізден қандай да бір күнә жасасақ, кешіріміңді үміт еткендігіміз үшін ғана жасаймыз”. (Сади-и Ширази)

Мақал
“Кішіпейілділік – кісінің көркі”.
Аят
“Олар Алланың нұрын (Исламды немесе Құранды) ауыздарымен үрлеп сөндіруді көксейді. Алла болса, кәпірлер қанша жерден жақтырмаса да нұрын ақыр аяғына дейін жеткізіп, жарқырата түсуден басқа еш нәрсеге разы болмайды”. (Тәубе сүресі, 32)

Хадис
“Адамның Исламды көркем ұстануының белгісі оның бос нәрселерден арылуы”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге Өзіңе бой ұсынуда, әртүрлі қиыншылықтарға қарсы сарқылмас сабыр бер”. (Салих ибн Бәшир әл-Мурри)

Мақал
“Жаманмен егескенше, жақсымен кеңес”.
Аят
“Алла сендердің жүктеріңді (яғни, сендер үшін дінді) жеңілдеткісі келеді. Өйткені, адам баласы өте әлсіз болып жаралған (яғни осал тұстары көп, сондықтан да ол Алланың қолдауынсыз әуейіліктеріне, нәпсіге, азғырушы шайтанға өз бетімен төтеп бере алмайды)”. (Ниса сүресі, 28)

Хадис
“Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар. Сүйіншілеңдер, бездірмеңдер”. (Бұхари)

Дұға
Уа, Раббым! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш нәрсе жоқ. Егер Сен қаласаң қандай ауыр істі де жеңілдетесі.

Мақал
“Жылы-жылы сөйлесең, Жылан інінен шығады. Қатты-қатты сөйлесең, Жақының діннен шығады”.
Аят
“Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі жаратылыс атаулының бәрі бір Аллаға тиесілі. Ол қалағанын жарылқап кешіреді, қалағанын азаптайды. Алайда, Алла (құлдары қанша жерден күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді, (әсіресе тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. (Әли Имран сүресі, 129)

Хадис
“Жарты құрмамен болса да (садақа етумен) өздеріңді тозақ отынан сақтандырыңдар”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Раббым! Құлың өзіңнен басқа кімге қол жайсын! Дұға да өзіңнен, оны қабылдау да өзіңнен. Әуелі көңілімізді дұғаға бұрасың, содан кейін дұғаларымызға жауап бересің, мейірімің неткен кең”. (Мәуләна)

Мақал
“Жолдас болма қуға, Басың қалар дауға”.
Аят
“Ол жер бетін сендерге бесік қылды және онда жол тауып емін-еркін жүріп-тұруларың үшін жолдар мен өткелдер ашты”. (Зухруф сүресі, 10)

Хадис
“Жәннәттағы инедей жер күннің шығып-батқан барлық жерінен де қайырлы”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Раббым! Сен мені өзімнен жақсырақ білесің. Өзіңе алып баратын ізгі істерді маған нәсіп қыла гөр”. (Маруфи Кәрһи)

Мақал
“Жақсылық қыл, міндет қылма”.