Әр күніңді әсемде
2.56K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Алланың шексіз құдіретін көрсететін дәлелдерінің бірі: (Қуаңшылық кезінде) жерді әбден қаңсып, ұнжырғасы түскен күйде көресің. Алайда, оған (көктен) жауын жаудырғанымызда, (әлгі өлі жер) бірден дүр сілкініп, қопсып, (қунап кетеді). Шүбәсіз, сол өлі жерді тірілткен (Алла) өлілерді қайтадан тірілтуші. Өйткені, Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді”. (Фуссилат сүресі, 39)

Хадис
“Алла тағаланың мені тура жолға бастаушы һәм ілім үйретуші етіп жіберуі жер жүзіне жауған рахмет жаңбырына ұқсайды”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған Өзіңді жақсырақ тануым үшін биік парасат бер. Әрқашан Өзіңді еске алудан суы құрғамайтын тіл бере гөр!” (Низами-и Гәнжәуи)

Мақал
“Елі үшін сүрген ағаның, Етегін басып, жолын қу. Болайын деген баланың, Бетінен қақпай, белін бу”.
Аят
“Олай болса, бір істі бітірген соң, артынша тағы бір қайырлы іске кірісіп, шұғылдан”. (Инширах сүресі, 7)

Хадис
“Исламның тура жолы нәсіп етіліп әрі жеткілікті дәрежеде ризықтандырылып, соған қанағат қылған жан қандай бақытты!” (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббымыз! Біздің намазымыз бен оразамызды және басқа да құлшылықтарымызды қабыл ете гөр. Әрі кемшіліктері болса, Өзің толықтырғайсың. Өзіңнің разылығың үшін жасаған ғибадаттарымызды кері қайтара гөрме”.

Мақал
“Сөз қуған пәлеге жолығар, Шаруа қуған қазынаға жолығар”.
Аят
“Оларға: «Егер дұға-мінәжаттарың болмаса, Раббым сендерді қалай бағаласын!», – деп, айт”. (Фурқан сүресі, 77)

Хадис
“Кісінің сөз арасында «иншалла» деуі иманының көркемдігі”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Раббым! Күнәм тым көп. Өзіңнің есігіңнен басқа барар есігім жоқ. Өзіңнен басқа жәрдемшім жоқ. Қателіктерімді азайтуым үшін маған жәрдем бер”. (Зәкария Әнсари)

Мақал
“Жалғыздың жары – Құдай”.
Аят
“...Немесе олар қабір қойнындағылар тірілтіліп, сыртқа шыққанда, (Раббының жақсылығын көрмеу деген не екенін) білмей ме? (Сана сезім мен) көкейдегі бар нәрсе әшкере болып, ортаға салынғанда (не боларын ойламай ма?) Міне, сол күні Раббылары олардан (дүниедегі бүкіл күйлері мен істерінен әсіресе, хабардар”. (Адиат сүресі, 9-10-11)

Хадис
“Мұқтаж жандарға садақа беру қажет болып әрі оларға қандай да бір жақсылық жасауды ниет етсең оны дереу жаса (кешіктірме)”. (Муснәд)

Дұға
“Уа, Раббым! Маған жәрдем бере гөр. Осы жолдың қиындығын көтеруге күш-қуат бер. Бұл жолда нәпсімнің қалауларын жасамауға әрі нәпсімнің қаламаған нәрсесін жасауыма Өзің жәрдем бере гөр”. (Бәхауддин Бұхари)

Мақал
“Жақсы туса – ел ырысы, Жаңбыр жауса – жер ырысы”.
Аят
“Аспан әлемі мен жердегі жаратылыс біткеннің бәрі Алланың мінсіз, пәк һәм кемшілік атаулыдан ада екендігін жар салып ұлықтайды!” (Жұма сүресі, 1)

Хадис
“Күдіксіз, Алла тағала берген нығметінің әсерін құлының қолында көруді қалайды”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзімнің шама-шарқымша Саған шүкір етемін. Уа, Раббым! Өзіңнен кешіріміңді тілеймін”. (Абдулкадир Гайлани)

Мақал
“Жақсыны көрмекке”.
Аят
“Сондай-ақ Құран тақуа жандарға жөн сілтейтін (теңдессіз) жолбасшы”. (Хаққа сүресі, 48)

Хадис
“Мүмін ер мен мүмін әйелдің жанында, бала-шағасында және дүниесінде сәтсіздік һәм нұқсандықтар болмайды. Сондықтан қателікке бой алдырмаған қалпы Алла тағалаға қауышсын”. (Муатта)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнің құзырыңа барамын. Алайда, сауап қоржыным бос. Шексіз рақымдылығыңнан үміттімін. Мені кешір”. (Низамул Мулк)

Мақал
“Жақсының шарапаты тиер тар жерде, Жаманның кесапаты тиер әр жерде”.
Аят
“Содан Біз дүниеге келуін қалаған ұрықты жатырларға жақсылап орналастырамыз да, белгілі уақытқа дейін сол жерде ұстаймыз. Кейін сендерді нәресте етіп, жарық дүниеге шығарамыз. Сонан соң ақыл-ой, күш-қуат жағынан толықсып ержетулеріңе (мүмкіндік береміз)”. (Хаж сүресі, 5)

Хадис
“Кәрілік келуден бұрын жастықтың қадірін біліңдер”. (Хаким)

Дұға
“Әлемдердің Раббысы болған Алла тағала барша жастарға абыройлы бір құл болуды нәсіп етсін. Аманаттың (жастық шақтың шексіз мүмкіндігін) қадірін жете түсінбеуден сақтасын. Алланың аманатын абыроймен тапсыруды нәсіп етсін”.

Мақал
“Жастық кетсе, қайтара алмайсың, Қарттық жетсе, тойтара алмайсың”.
Аят
“Кімде-кім Алланы, пайғамбарын және иман еткендерді өзіне жақын дос тұтса, шүбәсіз, Алланың жағында болғандардың мерейі қайткен күнде де үстем болады”. (Мәида сүресі, 56)

Хадис
“Кім кіммен жолдас болса, соның дінінде болады”.

Дұға
“Уа, Раббым! Теріс жолмен жүргенім үшін және біліп-білмей жасағандарыма тәубе еттім!...” (Абдуррахими Руми)

Мақал
“Жақсымен дос болсаң жетесің мұратқа, Жаманмен дос болсаң қаласың ұятқа”.
Аят
“Шүбәсіз, (топыраққа түскен) тұқымды да, дәнді де жарып (оларды бір жағынан топырақта шірітсе, бір жағынан оларға жаңа тіршілік сыйлау арқылы бүкіл өсімдіктерді жарататын) бір Алла. Ол өліден тіріні шығарады һәм тіріден өліні де шығарушы. Міне, Алла Осы. Ендеше, (осынау ақиқаттар «мен мұндалап» тұрғанда) олардан қалай ғана сырт айналып, сағым қуып, сан қилы теріс жолдарға түсіп кете бересіңдер?!” (Әнғам сүресі, 95)

Хадис
“Жасырын жасалған садақа Алла тағаланың азабын жеңілдетеді”. (Байһаки)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені Өзіңнің қадір-құрметіңді білетін құлдарыңның қатарынан ете гөр!” (Амр ибн Мурра (р.а.))

Мақал
“Адамнан сұрасаң ашуланады, Алладан сұрамасаң ашуланады”.
Аят
“Уа, иман еткендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіп, алдында асы болудан сақтаныңдар! Сондай-ақ, Оның елшісіне де шынайы түрде иман етіңдер! ”. (Хадид сүресі, 28)

Хадис
“Кім арлылығын сақтап қалғысы келсе, Алла тағала оны арлы қылады”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Жүрегімізді иман һәм Құран нұрымен нұрландыр. Алла тағалам! Бізді Өз кеңшілігіңмен байыт, бізді арлы құлдарыңнан қыл”.

Мақал
“Арсызбен алысқанша, Арлымен таныс”.
Аят
“...Ендеше, оларды жөніне қоя бер! Өздеріне уәде етілген мерзімді күндеріне тап болғанша өздері дендеп бойлаған жалғанның (саз балшығына) батып, ойнап-күліп жүре берсін”. (Мағариж сүресі, 42)

Хадис
“Адам баласының бойында болатын ең жаман қасиет; тым сараңдық пен өте қорқақтық”. (Әбу Дәуіт)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бақытсыздыққа жол ашқан күнәларымды кешіре гөр. Нығметтерден құр қалдырған күнәларымды кешір. Дұғаларымның қабыл болуына кедергі болған күнәларымды кешір”. (әзірет Әли (р.а))

Мақал
“Қорқақтың қатыны болғанша, Батырдың жесірі бол”.
Аят
“(Егер Аллаға қарсы келетін болсам), мені Алланың жазасынан ешкім құтқара алмайды, сондай-ақ, Одан басқа пана таппасым да анық”. (Жын сүресі, 22)

Хадис
“Бұл дүниеде жақсылық жолында болған адам ақиретте де жақсылық жолында болады”. (Рамуз әл-Әхадис)

Дұға
“Уа, Раббым! Қияметте есеп беруге тұрғанымызда мені, ата-анамды және мұсылмандарды қиындықтан құтқара гөр”.

Мақал
“Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая”.
Аят
“Алланың көмегі мен (өзге жеңістерге жол ашқан) жеңісі келген кезде, ал, адамдар керуен керуен (топ топ) болып Алланың дініне кіргендерінде Раббыңа мадақ айтып, Оны пәкте және Одан кешірім тіле! Өйткені ол тәубелерді қабыл етуші Таууаб. (Насыр сүресі, 1-2-3)

Хадис
“Константинополь (Ыстамбұл) сөзсіз алынады. Оны ашқан қолбасшы қандай керемет қолбасшы, оны алған әскер қандай керемет әскер”. (Муснәд)

Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Үмбетті жеңілдіре гөрме, дұшпандарымызды басындырма, бізді жеңіске жеткіз”. (Фатих Султан Мехмед)

Мақал
“Батырдың атын жау шығарады, Шешеннің атын дау шығарады”.
Аят
“Расында, Біз барлық нәрсені белгілі бір өлшеммен жараттық”. (Қамар сүресі, 49)

Хадис
“Өзара тығыз қарым-қатынас жасап, жақсы мәміледе болыңдар һәм бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Өйткені, қарым-қатынас өзара сүйіспеншілікті күшейтеді, ал, сыйлық жүректегі жаман ойларды жоғалтады”. (Кутубу ситтә)

Дұға
“Уа, қалағанын жойып һәм қалағанын бар ететін Алла тағалам! Қалған өмірімізде бізді жамандықтан қорға. Өзіңнің разы болмайтын, ұнатпайтын нәрселерді бізге жеккөрінішті ете гөр, Өзіңнің ұнатқандарыңды жақсы көргіз. Бізге Өзің разы болған істеріңді жасауымызды нәсіп ете гөр”.

Мақал
“Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап көтерер. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірер”.
Аят
“Расында, Алла, азабынан қорқып, асылық қылудан қорыққан құлдарымен әрі Раббысының өзін көріп тұрғанын қаперінде ұстап үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге”. (Нахл сүресі, 128)

Хадис
“Қайсыбіріңнің қолдарыңда бір шыбық болса. Егер сол сәтте қиямет басталып кетсе де, мүмкіндігі жетсе оны ексін (яғни, ақиретке қамдансын)”. (Муснәд)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңе қанша шүкір етсем де аз. Өйткені маған берген ризықтарыңа шүкір етуді де нәсіп еткен Өзіңсің”. (Әбу Али Радбари)

Мақал
“Егін өнбесе, қайғысы бір жылдық, Балаң оңбаса, қайғысы ғұмырлық”.
Аят
“Міне, сол күні жер үстінде болып өткен барлық істердің хабарын түп-түгел ортаға салады”. (Зілзала сүресі, 4)

Хадис
“Кімде-кім сабыр етуге тырысып бақса, Алла тағала оған сабыр сыйлайды”. (Бұхари)

Дұға
“Уа, Хайюум (мәңгі тірі)! Сен жомарттық Иесісің. Уа, барша жаратылыстың мұқтажын қанағаттандырған Раббым! Мақтауға тек Өзің ғана лайықсың. Сенен басқа ешкім де бір нәрсе сұрауға лайық емес”.

Мақал
“Шыдамды еңбек, алғыр ой, Анық досың біліп қой”.
Аят
“Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы” (Нұр сүресі, 31-аят).

Хадис
“Ұят – әсемдік”. (Рамуз әл-Әхадис).

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған кәміл иман, шынайы сенім, мол несібе, үрейлі жүрек, Өзіңді үнемі еске алатын тіл, адал ризық және ұятты құлдарыңнан қыла гөр”.

Мақал
“Ұят бардың иманы бар”.
Аят
“Күллі аспан әлемі мен жердің иелігі һәм шексіз билігі бір Аллаға тән! Ол қалағанын жарылқап, кешіреді, қалағанын жазаға тартып, азаптайды. Алла – Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді)!” (Фәтх сүресі, 14)

Хадис
“Саған зұлымдық жасағанды кеш. Саған ренжігенге ренжімей, алдына бар әрі саған жамандық жасағанға жақсылық жаса. Және басыңа қиыншылық алып келетін болса да шындықты айт”. (Кутубу ситтә)

Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Расында Сен өте Керішімдісің, Жомартсың! Әрі кешіруді жақсы көресің, бізді кешіре гөр”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)

Мақал
“Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш”.
Аят
“Қолдарыңдағы дүние-мүліктен Алла жолында жұмсаңдар және (сараңдық қылып) өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер. Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз, Алла (әр ісі тиянақты, ізгілікке жаны құмар) игі жандарды жақсы көреді”. (Бақара сүресі, 195)

Хадис
“Нағыз жиһад (Алла жолындағы күрес) жасаушы кісі, өзінің нәпсісімен күрескен адам”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Раббым! Мені Өз рақымыңа бөлей гөр. Әрі мендегі қиыншылықтарды жеңілдет”. (Зуннуни Мысри)

Мақал
“Нәпсінің тізгінін тартпасаң, Адамдық кетер, ар кетер. Өмірге өрнек салмасаң, Дүниеден қалдың құр бекер”.
Аят
“Осынау оқиғалардан кейін Алла қалаған құлдарына тәубеге келуді, күпірліктен арылып, хақ дінге қайта оралауды нәсіп етеді. Алла өте кешірімді, (тәубеге келіп, Өзіне біржолата бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. (Тәубе сүресі, 27)

Хадис
“Дәретті толық әрі кемшіліксіз алыңдар”. (Муслим)

Дұға
“Уа, уәдесін сөзсіз орындаушы болған Раббымыз! Менің сансыз күнәларымды Өзіңнің өте кең болған рақымдылығыңмен кешіргейсің. Сен рақымы шексіз әрі тым жомартсың”. (Салих әл-Мәрри)

Мақал
“Таза, мінсіз асыл тас – су түбінде жатады, Таза, мінсіз асыл сөз – ой түбінде жатады”.