Аят
“Уа, иман еткендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер”. ("Бақара" сүресі, 183)
Хадис
“Ораза – тозақ отынан қалқан. Қайсыбірің ораза ұстаған күні жаман сөз сөйлемесін және ұрыс-керіс шығармасын. Ал егер бір кісі оған соқтықса немесе балағаттаса, «Мен оразамын» деп айтсын”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бұл күннің берекетінен нәсібімді мол қыл; жақсылықтарыңа жету жолымды жеңілдет; жақсы амалдарыңның қабыл болуынан мені құр қалтырма”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Ұрыс ырысты қашырар, Ынтымақ халықты асырар”.

“Таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға (таңның бейне бір ақ жіптей ағарып, қылаң бере бастағанын көргенге) дейін жеп-ішіңдер. Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін оразаны толық ұстаңдар”. ("Бақара" сүресі, 187)
Хадис
“Ораза ұстаған адамның екі үлкен қуанышты сәті бар. Бірі ауыз ашқан уақыты, екіншісі болса, Раббысына қауышқан сәті”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнің разылығың үшін ораза ұстадым. Кемшіліктеріне кешіріммен қарағайсың!”
Мақал
“Ас – адамның арқауы”.

“Ол күні адамдар (дүниеде жасаған тірліктерінің) ақырын көру үшін мазарларынан жеке-жеке топтарға бөлініп шығады”. ("Зілзала" сүресі, 6)
Хадис
“Кімде-кім Аллаға және ақирет күніне иман келтірсе, көршісіне жақсылық жасасын (зәбір көрсетпесін)”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Раббым! Өз кеңшілігіңмен тура жолға салған жүрегімізді қайта адасудан сақта. Жамандықтарды бізден кетіріп, алыстата гөр”. (Мәуләна)
Мақал
“Көрші ақысы – Тәңір ақысы”.

“Егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Расында, Алла (қанша күнә жасаса да тәубесіне келген құлдарына) өте кешірімді, ерекше мейірімді”. ("Нахл" сүресі, 18)
Хадис
“Еркін өмір сүруің үшін қарызыңды азайт”. (Бәйһаки)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Қарызға батудан һәм аштықтан Өзіңе сыйынамын. Расында аштық нендей қиын”.
Мақал
“Қарыз, Қарызды қайтару – парыз”.

“Иман етіп, (сол иманның арқасында өздерінің һәм өзгелердің жақсылығы үшін) игілікті істер істегендердің құлшылықтары мен дұға-мінәжаттарын қабыл алады. Сөйтіп, Өзінің шексіз шарапатымен олардың сауабын арттырады. Ал кәпірлерге келсек, олар үшін қатты азап бар”. ("Шура" сүресі, 26)
Хадис
“Рамазан айы келгенде, «Жақсылық иелері, жақсылыққа ұмтылыңдар! Жамандық иелері, жамандықтан бас тартыңдар!’ деп айтылады”. (Нәсәи)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Сенің құлдарыңа деген махаббатың мен сүйіспеншілігің болмаса әрі Сені еске алуымыз болмаса бұ дүниенің қызығы болмайды, Жүректердің хошы келмейді. Бізді қисапсыз ризықтарыңа бөлегейсің!” (Имам Зәйнул Абидин)
Мақал
“Жақсыны жақтай жүр, Жаманды жасқай жүр”.

“Егер олар тиісінше иман келтіріп, Аллаға шын жүректен тағзым етіп, (сиқыр сынды) харам нәрселерден бойларын аулақ ұстағанда ғой (әлі де болса солай істесе ғой)! Онда Алланың оларға берер сауабы бәрінен де қайырлы болар еді. Әттең, олар соны білсе ғой!” ("Бақара" сүресі, 103)
Хадис
“Әрбір нәрсенің бір есігі бар. Құлшылықтың есігі – ораза”. (Китабу әз-Зуһд)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Біз тек Сағана ғана құлшылық етіп, Сен үшін намаз оқып, Сағана сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, Сенің ризалығыңа жету үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз”.
Мақал
“Тек жүргенше тегін істе”.

“Шүбәсіз, жердегі және көктегі бірде-бір нәрсе Алладан жасырын қала алмайды”. ("Әли Имран" сүресі, 5)
Хадис
“«Аллаға иман еттім» деп айт. Сосын тұп-тура болғын”. (Муслим)
Дұға
“Уа, жәрдем сұрағандардың жәрдемшісі! Бізді тура жолға сала гөр. Дұғада һәм құлшылықта Өзіңе лайық болмаған сөздерді білместікпен айтып, қателік жасасақ, ол сөздерімізді Өзің дұрыстай гөр әрі дұғамызды қабыл ет”. (Мәулана)
Мақал
“Тура биде туған жоқ, Туғанда биде иман жоқ”.

“Әрдайым тәубе етіп, күнәларынан арылушыларды, Аллаға жан-тәнімен құлшылық етушілерді, Раббыларына мадақ айтып, шүкіршілік етушілерді, Алла жолында сапар шегушілерді, Алланың алдында иіліп рукуғ етушілерді, Аллаға сәжде етушілерді, елге жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыиюшыларды және Алланың белгілеген үкімдеріне толық бағынатындар бар ғой, (уа, Мұхаммед), міне, сондай шынайы мүміндерді сүйіншіле!” ("Тәубе" сүресі, 112)
Хадис
“Тазалық – иманның жартысы”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге күнәлардан тазартатын терең тәубе нәсіп ет. Сол арқылы Өзіңе жақын болған пенделеріңнің дәрежесіне жеткізе гөр. Барлық ризықтардың һәм жақсылардың иесі Сенсің”. (Омар ибн Зәрр)
Мақал
“Бетің былғанса, су тазалайды, Арың былғанса, не тазалайды”.

“Аллаға һәм расулына бағыныңдар. Сонда (екі дүниеде де) мейірімге бөленесіңдер”. ("Әли Имран" сүресі, 132)
Хадис
“Қайсыбірің мешітке кірер болсаңдар, екі рәкәт намаз (тәхиәтуль мәсжид) оқымай отырмаңдар”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Дұшпандарыңның өшпенділігін арттырғаныңдай Өзіңе деген тақуалығымызды арттырғайсың. Өзіңе сәжде қылатын жүзімізді тозақ отынан сақта”. (Абдулағла Куреши)
Мақал
“Басы ауырып, балтыры сыздамағанның Тәңірменен ісі жоқ”.

“Сондай-ақ, адамдар арасында Алла разылығына бөлену үшін шыбын жанын қиятындар да бар. Алла құлдарына өте жанашыр, мейірбан”. ("Бақара" сүресі, 207)
Хадис
“Амалдардың ең ардақтысы – Алла үшін сүйіп, Алла үшін жақсы көре білуі”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ұлы есіміңді, хақ сөзіңді һәм ұлық дінің Исламды дүниенің төрт тарапына жайғайсың! Біздің және дүниедегі барлық құлдарыңның жүректеріне иман сыйла һәм аңсарымызды Исламға, Құранға һәм жақсылыққа аша гөр”.
Мақал
“Сүйген іс сүйкімді”.

“Сонда Алла былай дейді: «Бұл күн турашылдардың шын сөзі өздерінің пайдасына жарайтын ұлы күн. Олар үшін (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшалары бар. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, бақытты ғұмыр кешеді. Алла олардан разы, олар да Аллаға дән риза. Ең үлкен жетістік, ең зор табыс міне, осы»”. ("Мәида" 119)
Хадис
“Кісінің парыз намазынан басқа ең қайырлы намазы үйінде оқыған намазы”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ісімнің соңы қайырлы амалмен бітуін сұраймын. Уа, Раббым! Өзіңнің разылығыңа жетуді һәм жәннатыңның биік дәрежелерін сұраймын”. (әзірет Әбу Бәкір (р.а))
Мақал
“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын”.

“Сонымен қатар: «Ақиқат (хақ дін) келді, жалған (құдайлар мен діндер) ізім-қайым жоғалды. Расында, жалған баянсыз келеді», – деп, жар сал”. ("Исра" сүресі, 81)
Хадис
“Бізді алдаған – бізден емес”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Жаратқан Иеміз! Күнәларымыз бен қателіктерімізді кешіріп, бізді дін жолында табанды ете гөр”.
Мақал
“Өтірік өрге басқызбас”.

“Иман етіп, (имандылық талабына сай өздерін һәм қоғамды кемелдікке жетелейтін) игі істер істегендердің (нәпсіге жеңіліп пенделікпен істеген) күнә-қателіктерін өшіреміз де, оларды істеген игі істерінің ең жақсысын назарға ала отырып, сый-сияпатқа бөлейміз”. (Әнкәбут сүресі, 7)
Хадис
“Зиян беруге болмайтынындай, зиянға зиянмен жауап беруге де болмайды”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Раббым! Мені қателіктерімнен ақ киімді кірден тазартқаның секілді тазарта гөр”.
Мақал
“Таспен атқанды аспен ат”.

“Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса, шүбәсіз, оның ақыр соңында барып паналайтын жері – жаннат болмақ!” ("Назиғат" сүресі, 40-41)
Хадис
“Кісінің өзіне қатысы болмаған нәрсені тастауы, оның жақсы мұсылман болғанының дәлелі”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенің бізге берген ризықтарыңды санына жете алмаймыз. Өйткені, Сен Өзің былай дегенсің: «Алла тағаланың сендерге берген нығметтерін санасаңдар, әлбетте санына жете алмайсыңдар». ("Ибраһим", 34)
Мақал
“Өз үйіңде отыңды жақ, Кісі үйінде аузыңды бақ”.

“(Уа, Мұхаммед!): Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істегін. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма, (наданмен надан болма)”. ("Ағраф" сүресі, 199)
Хадис
“Мұсылман – тілімен һәм қолымен адамдарға зәбір бермеген адам. Әрі одан адамдардың дүние-мүлі мен мал-жаны амандықта болған адам.” (Тирмизи)
Дұға
“Уа, есепсіз нығметтердің Иесі болған Алла тағалам! Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет бақшаларыңды тамашалаушы ете гөр! Ерік-жігерімді Өзіңнің жомарттығыңа бағынышты ете гөр! Уа, жүрегімді нұрландырушы, қалауымның түпкі мақсаты болған Раббым! Әрдайым өзіңнің жолыңда қызмет етуімді әрі Өзіңнің разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп ете гөр!” (Арифе Зәхра)
Мақал
“Жақсының белгісі – Кексіз болады. Жаманның белгісі – Тексіз болады”.

“Ал кімде-кім істеген қиянатынан кейін тәубеге келіп, толық түзелсе, шүбәсіз, Алла оның тәубесін қабыл алады. Өйткені, Алла өте кешірімді, (әсіресе тәубеге келіп, Өзіне бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. ("Мәида" сүресі, 39)
Хадис
“Ұлы Раббымыз өз ісін толық һәм жақсы жасағандарыңа разы болады”. (Бәйһаки)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мен тәубе еттім. Тәубемді қабыл ете гөр”. (Мухаммед ибн Уаси)
Мақал
“Жақсы сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, Жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі”.

“Сонымен қатар, Ол (Алла тағала) құлдарының шынайы тәубесін қабыл алады және жамандықтарды біржолата кешеді, сондай-ақ, Ол не істеп, не қойып жүргендеріңді жақсы біледі”. ("Шура" сүресі, 25)
Хадис
“Рамазан – берекет айы. Алла бұл айда күнәларды кешіріп, дұғаларды қабыл етеді”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Осы күнгі ұстайтын оразамды кемшіліксіз атқаруыма маған жәрдем ет. Мені күнәларымнан алыстат. Әрбір сәтімді Өзіңді еске алумен өткізуді маған нәсіп еткейсің”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Ырысқа қарап ұл өсер, Қонысқа қарап мал өсер”.

“Иә, олар иман етіп, көптеген игі іс істеді. Олар қандай бақытты! Ақырында баратын ең керемет мекен де соларға тән!” ("Рағыд" сүресі, 29)
Хадис
“Рамазан келген кезде Алла тағала періштелерге «мүминдер үшін кешірім сұраңдар» деп әмір етеді”. (Дәйләми)
Дұға
“Уа, Раббым! Сенен Өзіңе кішіпейілділік танытып, мойұсынған құлдарыңның тәубесін, тәубе жасаушылардың ықыласын, Өзіңе шүкір етушілердің сабырын һәм сүйікті құлдарыңның құтылуын сұраймын”. (Талк ибн Хабиб)
Мақал
“Жақсының шарапаты көпке тиер Желдің самалы бетке тиер”.

“Уа, адамдар! Раббыларыңа асылық қылып, қаһарына ұшыраудан сақтаныңдар! (Біліп қойыңдар!) Қиямет күнінің зілзаласы, расында да, өте алапат құбылыс”. ("Хаж" сүресі, 1)
Хадис
“Кімде-кім бір кедейге жеңілдік көрсетсе, Алла да оған дүние-ақиретте жеңілдік көрсетеді”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Жаратушы Ием! Барлық қателіктерімді мойындап, Өзіңнің құзырыңа келіп тұрмын. Мені кешіруіңді сұраймын”. (Сади Ширази)
Мақал
“Берекелі ауылдың бейнеті – мейрам”.

“Ал сонау ақиреттегі мәңгілік бақыт мекеніне келсек, оны жер бетінде (молшылықты көтере алмай) асып-тасуды һәм бүліншілік шығаруды қаламайтындарға нәсіп етеміз. Ақырғы жетістік – Алланы лайықты түрде ұлықтайтын әрі азабынан сақтанатын тақуа жандарға тиесілі ”. ("Қасас" сүресі, 83)
Хадис
“Қай жерде жұмсақтық болатын болса, ол жер мадақталады, ал жұмсақтық болмаған жер қашан да датталады”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзіңнен қайтпас берік иман, түгесілмес ризық һәм Хулд жәннатының ең биік дәрежелерінде сүйікті пайғамбарыңмен бірге болуды сұраймын”. (Абдулла ибн Масғуд (р.а))
Мақал
“Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар”.