Аят
“Уа, иман еткендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер һәм Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар. Оған жақындай түсудің жолын (себебін) іздеңдер һәм Оның жолында аянбай күресіңдер сонда (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жетесіңдер”. ("Мәида" сүресі, 35)
Хадис
“Мына екі әлсіздің ақысы тұрғысынан Алладан қорқыңдар! Олар – әйелдер мен жетім балалар”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Ұлы Жаратушы Ием! Біз өзімізге қиянат жасап қойдық. Нәпсіміздің жаманшылығының қоршауында қалдық. Уайымсыз салғырттық теңізі жүректерімізді толтырды. Бідің осы жағдайымызды ең жақсы білетін Өзіңсің. Бізді құтқар”. (Абдуллазиз Дирини)
Мақал
“Жетім жыласа, жер жылайды”.

“Қабірлер (іші сыртына шыға) ақтарылған кезде... Міне, сонда әрбір жан (бұл дүниеден ақиретке жақсы-жаман) не жолдағанын және артына не қалдырғанын анық біледі”. ("Инфитар" сүресі, 4-5)
Хадис
“Таң намазының екі рәкат сүннеті – дүниеден һәм дүниедегі барлық нәрседен қайырлы”. (Муслим)
Дұға
“Дүниеде зұлымдық жасағандардың келтірген уәждері пайда бермейтін әрі олардың Сенің рақымдылығыңнан алыс жаман жайда болатын күні бізді мейіріміңе бөлегейсің, Раббым!” (әзірет Әли (р.а))
Мақал
“Сүйенгеніңнен сыйынғаның күшті болсын”.

“Сондай-ақ Алланың жазасының тым қатты екенін, әрі Алланың (әсіресе мүмін құлдары үшін) өте кешірімді һәм ерекше мейірімді екенін біліп қойыңдар!” ("Мәида" сүресі, 98)
Хадис
“Зекет берген, қонақты тамақтандырған һәм қиыншылыққа душар болғандарға жәрдем көрсеткен адам – сарандықтан құтылды”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенен түгесілмес ризық, үзілмейтін қуаныш сұраймын. Мені тағдырыңа разы қылуыңды, өлімнен кейінгі өмірде жеңіл өмір сүруді сұраймын” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы).
Мақал
“Жайылымы болмаса, мал азады, Қайырымы болмаса, жан азады”.

“(Сонда періштелер шарасыздықтарын мойындап): «Сен мінсізсің, ұлысың! Біз Өзің үйреткеннен басқаны білмейміз. Шүбәсіз, Сен барлық нәрсені толық білуші, әр ісің мен әрбір үкіміңде талай хикмет болған асқан данасың», – деді”. ("Бақара" сүресі, 32)
Хадис
“Ең жақсы садақа – бір мұсылманның білім үйреніп, сол білімін мұсылман бауырларына үйретуі”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бүкіл дүние дәріс беретін сыныбым, барша балалар шәкірттерім болсын. Соғыстардан жалыққан жер бетінде тек сүйіспеншілік болсын!” (ұстаздың дұғасы)
Мақал
“Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ”.

“Сондай-ақ күнәларын толық мойындаған тағы бір топ бар. Олар кезінде игі істерге де жаман істерге де барды, сөйтіп, бірде сауапқа бөленсе, бірде күнәға батты. Бәлкім, Алла олардың тәубесін қабыл етер. Шүбәсіз, Алла өте кешірімді, (әсіресе күнәсін мойындап, тәубеге келіп, Өзіне бір жолата бет бұрған құлдарына) ерекше мейірімді”. ("Тәубе" сүресі, 102)
Хадис
“Ең ізгі садақа – мал-дүниесі аз бола тұра, басқаға беру арқылы жанқиярлықпен жасалған садақа”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Сенен дүниенің де, ақиреттің де қайырын сұраймын уа, рақымдылардың рақымдысы!” (дұғалар жинағынан)
Мақал
“Атың барда желіп жүріп жер таны, Асың барда беріп жүріп ел таны”.

“Ол сендер үшін (яғни, өмірге бірте-бірте бейімделу, үйрену арқылы толыққанды адам болып қалыптасуларың үшін) есту қабілетін, көздерді және жүректі (яғни жүректегі рухани сезімдерді) жаратты. Алайда сендер Оның осынау нығметтеріне өте аз шүкір етесіңдер!” (Фурқан сүресі, 47)
Хадис
“Кім жүрегін Аллаға байласа, Алла тағала мүминдердің жүрегінде оған деген сүйіспеншілік пен рақымдылық орнатады”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Раббым! Бізді ықыласты, тақуалықта өмір сүрген, дүниеге аса көңіл қоймай, Өзіңе жақын болған құлдарыңнан еткейсің”.
Мақал
“Жеке-жеке ғаріп болдық, Ел болдық, қарық болдық”.

“(Уа, Мұхаммед!) Былай де: «Мен тек Раббыма ғана құлшылық етіп, жалбарынамын һәм Оған ешкімді және еш нәрсені серік етіп қоспаймын»”. ("Жын" сүресі, 20)
Хадис
“Кісінің басына сынақ келген кезде, (сабыр етіп) сол бір қиыншылықтың кетуін күтуі – құлшылық”. (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Маған мейірім танытуыңды, мені бергеніңе разы, қанағатшыл һәм әрдайым кішіпейілділікте болуымды нәсіп еткейсің”. (әзірет Әли (р.а))
Мақал
“Ат жақсысы ұзақ жолда сыналады, Адам жақсысы ұзақ істе сыналады”.

“Қиямет күні сендерге жақындарың да, бала-шағаларың да пайда бермейді. Ол күні Алла сендерді (дүниедегі сенімдерің мен іс-әрекеттеріңе қарай) бір-бірлеріңнен ажыратады. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңді толық көруде”. (Мумтәхинә сүресі, 3 )
Хадис
“Мұсылман адам тағдырдың жақсылылқ-жамандығына, ащы-тұщысына иман етпейінше иманның дәмін шынайы тата алмайды”. (Кутубу Ситтә)
Дұға
“Уа, Раббым! Маған Өзіңнің разылығыңа жетуді нәсіп ет. Сені лайықты дәрежеде еске алып, пәктеуімді нәсіп ете гөр”. (Зуннуни Мысри)
Мақал
“Таршылық болмай, Кеңшілік болмайды”.

“Ол күні кейбір жүздер жарқын болмақ. Күлім қаққан, қуанышты болмақ”. (Абаса сүресі, 38-39)
Хадис
“Еш күмәнсіз туралық – жақсылыққа апарады. Ал, жақсылық – жәннатқа апарады”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Дүние-ақиретте Өзіңнің кеңшілігің мен мейіріміңе қауыштыратын шынайы иман нәсіп ете гөр”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Жақсылық пен ар-намыс – жанның көркі”.

“Кімде-кім Аллаға және расулына лайықты түрде мойынсұнса, міне, солар (пейіште) Алланың шексіз нығметіне бөленген пайғамбарлармен, (пайғамбарлардың ең жақын да, адал достары) сыддықтармен, шейіттермен және (сенімі, ниеті, ойы, сөзі һәм іс-әрекеттері түзу болған) ізгі жандармен бірге болады. Бұлар қандай керемет жолдастар десеңші!” ("Ниса" сүресі, 69)
Хадис
“Қай жерде болсаң да Алладан қорық әрі жаманшылығыңның артынан жақсылық жаса. Расында жақсылықтар оны жояды”. (Кутубy Ситтә)
Дұға
“Уа, Раббым! Шығыс пен батыстың арасын қалай алыстатқан болсаң, мені де күнәларымнан солай алыстата гөр”.
Мақал
“Жақсы көпке ауырлық қылмайды”.

“Аса Ұлы Раббыңның есімін мадақтап, пәкте!” ("Ағла" сүресі, 1)
Хадис
“Жақсы бір сөзді естіп, оны діндес бауырыңа жеткізіп, үйретуің қандай керемет сыйлық”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Раббым! Өзің разы болмайтын нәрселерден мені алыс ет. Жүрегімді нұрыңмен жарқырат һәм тіліме Саған шүкір етуді үйрет. Сені пәктеуіммен көңіліме тазалық бер”. (Низами Гәнжәуи)
Мақал
“Жақсылықты бөліссе, көбейеді, Жамандықты бөліссе, азаяды”.

“Ал тақуа жандар болса, жәннат бақшаларында сан алуан нығметтерге бөленуде. Раббыларының өздеріне берген (сан алуан) нығметтерінің қызығына батады. Сондай-ақ, Раббылары оларды жалын атқан жаһаннам азабынан сақтайды”. (Тур сүресі, 17-18)
Хадис
“Кімде-кім қарым-қатынас жасауда кішпейілдіктен қол үзсе, көп қайырдан мақұрым қалады”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сені ұмыт қалдырғандардың ұмытуларына себеп болған істерді менен аулақ ет! Сенен Өзің разы болатын істерді сұраймын. Мені құлшылығына қарым күтетіндерден етпе!” (Жунейди Бағдади)
Мақал
“Ұлық болсаң, кішік бол”.

“Сол (азап бастарына келетін) күні Алла олардың барлығын қайтадан тірілтіп, қабірлерінен шығарады әрі (дүниеде) не істеп, не қойғандарын өздеріне білдіріп, жаппай жауапқа тартады. Өздері ұмытып қалған болса да Алла олардың барлық істерін жіпке тізіп, жаздырып қойған. Өйткені, Алла барлық нәрсеге куә болушы”. (Мужәдәлә сүресі, 6)
Хадис
“Әлі уақыт бар, кейін жасаймын деу – шайтанның мүминдердің жүректеріне тастаған бір уәсуәсәсі”. (Рамуз әл-Әхадис)
Дұға
“Уа, Раббым! Біздерді (мұсылмандарды) иманнан, құлшылықтардан және діннің ұлы тәрбиесінен ешқашан мақрұм етпе! Барша Ислам әлемін әруақыт өркендеуге, әруақыт кіршіксіз бір өмірге ие ете гөр!” (Омар Насухи Билмен)
Мақал
“Көршің соқыр болса, Бір көзіңді қысып жүр”.

“Раббыларыңа іштей (яғни, бәсең дауыспен) жалбарынып дұға етіңдер. Шүбәсіз, Ол шектен шыққандарды ұнатпайды”. ("Ағраф" сүресі, 55)
Хадис
“Азан мен қамат арасында жасалған дұға қайтарылмайды”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Күнәларымның барлығын, ірісі мен ұсағын, алғашқысы мен соңғысын, ашығы мен жасырын мен жариясын кешіре гөр”.
Мақал
“Жақсыдан шарапат, Жаманнан кесапат”.

“Жо-жоқ, (ол күні) бас сауғалап, паналайтын жер жоқ! Ол күні бәрінің барар жері Раббыңның құзыры болмақ”. ("Қиямет" сүресі, 11-12)
Хадис
“Бастарыңа келген қиыншылықтардан дұға арқылы, яғни, Алла тағалаға жалбарынумен арылыңыз”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, бүкіл дұғаларымызға жауап берген Раббымыз! Уа, қате-кемшіліктерімізді кешірген Раббымыз! Уа, қайғы-мұңды бізден алыстатқан Раббымыз! Бізді жәһаннам азабынан қорғағайсың!”
Мақал
“Адамның күні адаммен”.

“Әйтсе де, кезінде Ибраһимге қасиетті Үйдің (Қағбаның) орнын (құлшылық ететін жер ретінде) белгілеп бергенімізде оған: «Маған еш нәрсені серік етіп қоспа. Үйімді оны тауап ететіндер, онда қиямда (тікесінен тік) тұрып, рукуғ жасап (иіліп) әрі сәжде етіп құлшылық қылатындар үшін таза ұста», – деп, бұйырған едік”. ("Хаж" сүресі, 26)
Хадис
“Арапа, құрбан және тәшриқ күндері – мұсылмандардың мейрамы. Бұл күндер – бізге ішіп-жеу күні болады”. (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенен отбасымды асырауға жетерліктей дүние сұраймын. Қайсыбір туыстарымның хақысын бере алмай, Өзіңнің ашуыңа ұшырап кетуден мені сақта!” (Зәйд ибн Сәбит (р.а))
Мақал
“Тойдың тамашасына бақпа, тағылымына бақ”.

“Күдіксіз, Біз саған Кәусарды (таусылмас мол жақсылық) бердік. Сен де Раббың үшін (шүкіршілік ретінде) намаз оқы және құрбан шал!” (Кәусәр сүресі, 1-2)
Хадис
“Адам баласы құрбан мейрамы күндерінде Алла үшін құрбан шалудан да артық бір іс жасай алмайды”. (Тирмизи)
Дұға
“Мен жүзімді көктерді және жерлерді жаратқан Жаратушы Иеге бұрдым әрі Оған ортақ қосушылардан емеспін. Намазым, һәм басқа да құлшылықтарым, денсаулығым мен өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы болған Алла тағалаға тән. Оның ешқандай да серігі жоқ. Мен иман келтіргендерденмін. Уа, Раббым! Бұл құрбандық Сенен һәм Сен үшін”. (Құрбан дұғасы)
Мақал
“Пейіліңді кеңге сал, Қырманыңды дөңге сал”

“Келіп, қажылықта өздерін күтіп тұрған көптеген (рухани һәм дүнияуи) пайдаларды көрсін. Сондай-ақ, Алланың өздеріне ризық етіп берген малды белгілі күндерде Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын. Сөйтіп, құрбандыққа шалынған малдың етінен өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге де қарасыңдар”. ("Хаж" сүресі, 28)
Хадис
“Шалған құрбандарыңнан жеңдер, таратыңдар және жинаңдар”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, жомарттық Иесі, Раббым! Қажылық жасаушыларды кешір! Өзіңе мұқтаж құлдарыңды кешір!”
Мақал
“Көптен безген көмусіз қалады”.

“Уа, иман еткендер! Алланың (қасиетті еткен жұма және айт намаздары, құрбандық, азан, жамағатпен оқылатын намаз, қажылық һәм оның рәсімдері сынды Исламның рәміздеріне айналған) нышандарын, (соғысуға тыйым салынған) қасиетті айларды, қажылық маусымында Қағбаға тарту етілген құрбандықтарды, һәм де ен салынып, белгі тағылған құбандық малдарды, сондай-ақ Раббыларының шексіз шарапаты мен разылығына бөленуді қалап Бәйтул-харамға (Қағбаға) бет алған қажыларды қорлаушы болмаңдар”. ("Мәида" сүресі, 2)
Хадис
“Қажылық немесе умра жасау үшін Қағбаға барғандар – мұсылмандардың Жаратушыға жіберген өкілдері. Егер олар дұға қылса Алла тағала қабыл етеді. Ал, кешірім сұраса кешіреді”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Еш күмәнсіз менім намазым, құрбаным, тірілуім, өлуім де ешбір серігі болмаған әлемдердің Раббысы болған Аллаға тән”. (Пайғамбарымыздың (с.а.с) дұғасы)
Мақал
“Көп ісінде береке”.

“Адам баласы өз басына жақсылық тілеуден әсте жалықпайды. Ал қандай да бір қиындыққа душар бола қалса, бірден салы суға кетіп, үміті үзіледі”. ("Фуссилат" сүресі, 49)
Хадис
“Кімде-кімді амалын кері кетірсе (дәрежесін түсірсе), оны ұрпағы ілгері сүйрей алмайды”. (Муслим)
Дұға
“Уа, Тәңірім! Мейріміңе және берген адал ризығыңа, есепсіз игілігіңе деген шүкірімізді көбейт. Біз Саған мұқтажбыз”. (Бәкір ибн Абдулла Музени)
Мақал
“Жақсыда кек жоқ, Жаманда тек жоқ”.