Аят
Уа, иман еткендер!.. Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар!..
(Хужурат сүресі, 12)
Хадис
Сөз тасығыштар сазайларын тартпайынша немесе күнәлары кешірілмейінше жәннатқа кіре алмайды
(Мүслим)
Дұға
Уа, Алла тағалам! Сен құлдарыңның кемшіліктеріне қарама; айыптарын бетіне баса көрме; оларды айырылысу отына салып жақпа! Бізге рақымшылық жасап, жәрдем берген Алла тағалам!
(Азиз Махмуд Һудайи)
Мақал
Дос достығын айтады,
Ез қастығын айтады

“Сонда олар төбелеріндегі аспанға бір мәрте болса да зер салып қарамай ма?! Сөйтіп, Біздің оны қалай көтергенімізді және (жұлдыздармен) қалай безендіргенімізді һәм онда титтей де сызаттың жоқ (екенін көріп, ғибрат алмай ма?!)”. ("Қаф" сүресі, 6)
Хадис
“Өлімді ең көп еске алғандар әрі өздеріне келместен бұрын оған ең көп әзірлік жасағандар! Міне, солар – ақылдылар”. (Ибн Мәжә)
Дұға
“Адам баласына берер зияны ең ауыр нәрсе не екен деп ойладым. Сөйтсем, ол ғапылдық екен. Ғапылдықтың адамға тигізер зиянын сірә тозақ оты бере алмас. Уа Раббым! Бізді ғапылдық ұйқысынан оята гөр!” (Баязид Бистами)
Мақал
“Адам жасында тойшыл, қартайғанда ойшыл”.

“Біз жерді жиналу орны етпедік пе?! (Яғни, жер ананың үстін) тірілерге, (астын) өлілерге (тұрақ етпедік пе)?!” ("Мурсәләт" сүресі, 25-26)
Хадис
“Тозақ оты тимейтін екі көз бар: Алладан қорқып жылаған көз және түнін (отанын) Алла жолында күзетте өткізген көз”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Раббымыз! Біздердің арамызды жақсарт, Бізді Ислам жолына ет. Бізді қараңғылықтан нұрға шығар. Барлық жасырын-жәрия жамандықтарды бізден алыстат”. (Абдулла ибн Мәсғуд)
Мақал
“Отансыз адам – ормансыз бұлбұл”.

“Шын мәнінде, Алла тағала үкім етушілердің ең әділі емес пе?”. ("Тин" сүресі, 8)
Хадис
“Мүмін адам қарым-қатынасы, адамдармен бітім жасауы көркем болған адам. Бітімсіз адамда қайыр болмайды”. (Муснәд)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ұлы қорғаныңнан пана сұраған мына әлсіз құлыңды есігіңнен қуар болсаң, мен басқа қай есікке барып пана тілеймін! Егер де Сен мені азаптар болсаң, Сенің әділдігіңе шүбә жоқ! Алайда, Сенің кешірімің мен мейірімің барлық нәрсені қамтитындай өте кең”. (Абдулкадир Гайлани)
Мақал
“Ағаштың өзі түзу болса, көлеңкесі қисық болмайды”.

“Ғасырға серт! Шын мәнінде, адам баласы қасірет пен зиян ішінде”. (Аср сүресі, 1-2)
Хадис
“Бір күні бір күніне ұқсаған адам ұтылды”. (Кәшфул-Хафа)
Дұға
“Уа, Алла тағалам, бізге жәрдеміңді бер! Шынында Сен олардың бізден үстем болғанын қаламайсың!” (Пайғамбарымыздың (с.а.с) Меккені алар алдында оқыған дұғасы)
Мақал
“Елін ойламағанның – ерлігі зая, Ертеңін ойламағанның – тірлігі зая”.

“Алладан ұдайы кешірім тілеңдер! Шүбәсіз, Алла Ғафур (өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді)”. ("Муззәммил" сүресі, 20)
Хадис
“Барлық адам баласы қателік жасайды. Қателесушілердің ең жақсылары тәубе етушілер”. (Тирмизи)
Дұға
“Алла тағалам! Мен күнә-қателіктерім себепті Өзіңнен қатты ұялам. Уа, Алла тағалам! Күнәларым көл-көсір. Бірақ, Сенің кешіріміңнің жанында олар бір тамшы құрлы болмайды. Алла тағалам! Өзіңнің сүйікті құлыңның құрметі үшін мені азабыңнан сақтай гөр! Мені мейірімің мен кешіріміңе бөлей гөр!” (Зәкария Ансари)
Мақал
“Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас”.

“Ол күні аспан бейне бір балқыған мыстай болады. Ал таулар түтілген түрлі-түсті жүндей болады”. ("Мағариж" сүресі, 8-9)
Хадис
“Пенде жан тапсырғанда періштелер:“ақиретке не алып кетті?” дейді. Ал, адамдар болса:“Артында не қалды?” дейді”. (Байһаки)
Дұға
“Уа, бүткіл жаратылысты қияметтің күнінде күмәнсыз жинайтын Алла тағалам! Бізді сол күннің қорқыныштарынан сақта әрі қиыншылықтар бізге жеңілдет. Бізді Пайғамбарымызбен (с.а.с) бірге болғандардың арасына қос”. (Жунәйди-Бағдади)
Мақал
“Құдайсыз қурай да сынбайды”.

“Иман келтіріп, Алла үшін қоныс аударған һәм Алла жолында дүние-мүлкін де, шыбын жанын да аямай күресетіндер Алланың алдында ең жоғары мәртебеге ие. Нағыз жетістікке жеткендер, міне, солар.” ("Тәубе" сүресі, 20)
Хадис
“Мұхажир – Алланың тыйым салған нәрселерінен іргесін аулақ салған әрі оларды тәрік қылған жан”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді шайтанның азғыруынан сақта. Оны рақымыңнан аластатқаныңдай бізге оның жақындауына мұрсат берме. Өзіңнің кешіріміңнен үмітін үзгеніндей бізден де үмітін үздір. Мейірімің мен оның арасын алыстатқаныңдай бізбен оның арасын да алыс қыл. Өйткені, сенің құдіретің бәріне жетеді”. (Мухаммед ибн Уаси)
Мақал
“Дүние жиып не етерсің, Бір күн тастап кетерсің”.

“Расында, Біз саған (көптеген жеңістердің басы болған) ап-айқын жеңіс нәсіп еттік.” "Фатх" сүресі, 1)
Хадис
Алла елшісі (с.а.с) Меккені азат еткеннен кейін былай деді:“Енді бұл жеңістен соң хижрет болмайды. Бірақ Алла жолындағы күрес және ниет жалғасын табады”. (Кутубу Ситтә)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізге сұрағанымызды Өзіңнен басқа ешкім де бере алмайды. Бізді жетістікке жеткізе гөр!” (Молда Жами)
Мақал
“Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып қызмет қыл”.

“Адам баласы өзін елеусіз, ескерусіз қала беремін деп ойлай ма?!” ("Қиямет" сүресі, 36)
Хадис
“Адам баласы қартайған сайын оның бойында екі нәрсе жасарады: дүние-мүлікке пен өмірге деген құштарлығы”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Раббым! Мен өте әлсізбін, маған күш-қуат бер! Тас жүрекпін, жүрегімді өзің жұмсарт! Алла тағалам,мен сараңмын, менің қолымды ашық қылғайсың!” (әзірет Омар (р.а)
Мақал
Жарлы болсаң да, арлы бол.

“Ей, иманға келгендер! Өз үйлеріңнен басқа үйлерге рұқсат алмай және үй иелеріне сәлем бермей тұрып кірмеңдер” ("Нұр" сүресі, 27-аят).
Хадис
“Кімде-кім Аллаға және ақирет күніне сенсе қонағына сый көрсетсін”. (Муслим)
Дұға
“Иә, Алла! Оның ұрпағы мен дәулетін көбейтіп, берген нәрсеңді берекелі ете гөр”.
Мақал
“Қонақтың алтынын алма, алғысын ал”.

“Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін” ("Бақара" сүресі, 184-аят).
Хадис
“Бұл дүниеде бейне бір бөтен жердің адамындай немесе жолаушы секілді бол!” (Бұхари)
Дұға
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сапарға шығарда түйесіне мініп үш рет:“Алла ұлы”,“Алла ұлы”,“Алла ұлы”,-деп одан кейін былай айтатын:“Мұны бізге бағынышты еткен Алла кемшіліктен пәк. Алла мұны бізге олай (бағынышты) етпегенде маңына да жуый алмас едік. Расында біз Раббымызға қайтушымыз. Алла менің бұл сапарымды өзің разы болатын тақуалы амалдар істейтін сапардан ет. Әрі сапардың алыстығын жақын ет, қиындықтарын жеңіл ет. Сапардағы жолдасым өзіңсің, әрі жанұяммен қалған да өзіңсің. Сапардың мұңлы көріністері мен қиыншылықтарынан жанұяммен мал мүлкіме қаралы қайтудан өзіңе сыйынамын” (Абдулла инб Омар).
Мақал
“Дүние бір серуен, Адам бір көшкен керуен”.

“Сондай-ақ, адам баласының аузынан нендей сөз шықса да дәл қасында оның аузын бағып, бірде-бір сөзін қалт жібермей жазып алып тұратын бақылаушы періште бар”. ("Қаф" сүресі, 18)
Хадис
“Ең сараң адам – сәлем беруден қашқан адам”. (Табарани)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Сенен жұмаққа жетелер сөз бен амалды сұраймын. Тозаққа апаратын сөз бен істерден сақта”.
Мақал
“Сәлем – сөздің анасы”.

“Ендеше, Алладан ешкім кері қайтара (да, кейінге шегере де) алмайтын алапат күн келмей тұрып, Раббыларыңның (хақ дінге деген) шақыруын қабыл алыңдар! Ол күні сендерге (Алланың азабынан құтылу үшін) бас сауғалайтын пана да, жасырынатын жер де болмайды, сондай-ақ, күнәларыңнан жалтара да алмайсыңдар”. ("Шура" сүресі, 47)
Хадис
“Әрбір тірі жанды Алла тағала жаратты; сөйтіп, оның маңдайына өмірін, ажалын, ризық-несібесін және басына түсетін қайғы-қасіретті жазып қойды”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Жаратқан Ием! Сенің қалауыңмен таң атырып, Сенің көмегіңмен кеш батырдық. Сенің қалауыңмен тіріліп, Сенің қалауыңмен көз жұмамыз. Қайтып барар жеріміз де Сен жақ”.
Мақал
“Ажалы жеткен ауырмай өледі”.

“Ол күні адам баласына (дүниеде өз қолымен істеп, ақиретке) жолдаған жақсы-жаман істері мен істемей кейінге қалдырған барлық істері түгелдей білдіріледі”. ("Қиямет" сүресі, 13)
Хадис
“Жаза басып күнәлі іс істеп қойсаң, дереу соны жоятын бір жақсылық жаса”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Жүрегімді өзіңнен келген қуанышпен толтыр, тілімді өзіңді еске алумен тазарт, дене-мүшелерімді өзіңнің жақсы көрген және ұнатқан істеріңде қолдануды нәсіп еткейсің”. (Жунейд-и Бағдади)
Мақал
“Игі істер өлмейді, Ізгі істер өшпейді”.

“Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен) бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ, (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар)! Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер”. ("Хужурат" сүресі, 10)
Хадис
“Кісі досының дінінде. Сондықтан, кіммен дос болып жүргеніне мән берсін!” (Әбу Дәуіт)
Дұға
“Уа, Раббым! Мені және бауырымды кешіріп, бізді өз мейіріміңе бөле. Сен мейірімділердің ең мейірімдісісің”. (әзірет Мұса (а.с))
Мақал
“Жақсының күндесі болма, шын досы бол”.

“Сендер (Аллаға) шүкіршілік білдіріп, иман етсеңдер, Алла сендерді азаптап қайтеді? Алла (Өзіне шүкіршілік еткендердің қарымын еселеп қайтарып), қисапсыз нығметке, мол сауапқа бөлеуші һәм шексіз ілім иесі”. ("Ниса" сүресі, 147)
Хадис
“Қанағатшыл бол, өйткені қанағат – түгелмес бір қазына”. (Тирмизи)
Дұға
“Бізді шексіз нығметтеріңе бөлеп, әрқандай жамандықтан қорғаған Алла тағалам! Өзіңе сансыз шүкірлік айтамыз. Егер мейірімің ашуыңнан жоғары болмағанда сөзсіз мен Сенің мейіріміңе емес, ашуыңа лайық болар едім”. (Зәмахшари)
Мақал
“Қанағат қарын тойғызады, Қанағатсыз жалғыз атын сойдырады”.

“Сөз тасып, араға от салғыш, келеке етуші әрбір адамға қандай өкініш! (Олар) мал жинап, оны (мұқтаждарға таратпай) санай береді (әрі барымен көзге шұқып өзгелерді төмен санайды)”. ("Һумәзә" сүресі, 1-2)
Хадис
“Бауырыңның басына іс түскенде табалап күлме, әйтпесе, Алла тағала оған мейірімін төгіп, оның басындағы қиыншылықты сенің басыңа келтіреді”. (Тирмизи)
Дұға
“Уа, Саттар (кемшіліктерді жасырушы)! Менің кемшіліктерімді жасырғайсың. Мені адамдардың алдында ұятқа қалдыра гөрме. Менің дәрежемді жоғарылата гөр”. (Сади әш-Ширази)
Мақал
“Күлме досқа, келер басқа”.

“Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және екінті һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлылық һәм табандылық таныт”. (Кәһф сүресі, 28)
Хадис
“Мұсылманның басына келген бір ауыртпалық, шаршап-шалдығу, қайғы, ауыру, тіпті болмашы мұңаюы болсын, Алла тағала соның себебінен оның күналарының бір бөлігін кешіреді”. (Бұхари)
Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені Исламмен қауыштырғаннан кейін жан тапсырғанға дейін мені одан, оны менен айыра көрме”. (Абдулла ибн Омар)
Мақал
“Сабыр түбі сары алтын”.

Ассаләму ғалейкум, құрметті қауым, достар.
Бір жазба бірнеше рет келуі мүмкін. Бүгін жөндеймін.
Жаңа серверге көшіру үстіндемін.
Қолдау үшін үлкен рахмет!