Әр күніңді әсемде
2.56K subscribers
5 photos
3 videos
18 links
Әрбір күнге аят, хадис, дұға, мақал.

09:00

Барлық құқық Көкжиек баспасы мен кітап авторы Самет Оқанұлына тиесілі.
Download Telegram
Аят
“Ол (Алла) сендерді әу баста топырақтан, содан кейін (ер мен әйелден бөлініп, әйелдің жатырында тұрақтайтын) бір тамшы судан, сонан соң жатырға (сүліктей) жабысқан ұйысқан жасушадан жаратты. Кейін бәріңді (ана құрсағынан) қызылшақа нәресте етіп, жарық дүниеге шығарады. Сонан соң сендерді ақыл-ес һәм күш-қуат жағынан толықсытып ер жеткізеді. Соңыра қаусаған қарт болғандарыңша өмір сүргізеді”. ("Ғафыр" сүресі, 67)

Хадис
“Балаларыңызды сый-сияпатпен қуантыңыздар һәм жақсы тәрбие беріңіздер”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Раббым! Маған Өзіңнің кеңшілік-жомарттығыңмен кіршіксіз пәк бір сәби сыйла. Күдіксіз Сен дұғаларды естушісің”. (әзірет Зәкәрия (р.а))

Мақал
“Тәрбие туғанда басталып, өлгенде бітеді”.
Аят
“Оған тура жолды да көрсеттік. Енді, қаласа, (осынау нығметтердің қадірін біліп, тура жолмен жүретін) шүкіршіл болар, қаласа, (күпірлік қылып, теріс жолдарға түсетін) рақыметі жоқ кәпір болар”. (Инсан сүресі, 3)

Хадис
“Ешкімге сабырдан қайырлы һәм одан үлкен бір нығмет берілмеген”. (Бұхари))

Дұға
“Уа, Раббым! Сабыр еткендерге бұйыратын сауаптарға бізді жеткізетін ізгі істер нәсіп ете гөр. Бізге шүкір етушілердің жететін биігіне жеткізетін терең шүкір нәсіп ете гөр”. (Омар ибн Зәр)

Мақал
“Ымды білмеген дысды білмейді”.
Аят
“Ендеше, кеш батырып, таң атырғандарыңда (яғни кешкі, түнгі және таңғы намазда) Алланың мінсіз, кемшілік атаулыдан ада екенін айтып жар салыңдар!” ("Рум" сүресі, 17)

Хадис
“Тіл мен жүрек бір жерден шықпай ешкім кәміл мұсылман бола алмақ емес”. (Кәнзул Ирфан)

Дұға
“Уа, Раббым! Өзің үшін төккен көз жастарым үшін мені мейіріміңе бөлей гөр! Өзіңе жете алмай ынтық болған рухымды мейіріміңе бөлей гөр! Өзіңнің алдыңда әлсізбін, тілегімді қабыл ет!” (Ибн Жәузи)

Мақал
“Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды”.
Аят
“Уа, иман еткен құлдарым! (Егер өз жерлеріңде дін жолында қысым көріп, дінді еркін ұстана алмайтын халге жетсеңдер,) Менің жерім сөзсіз кең-байтақ, олай болса, (керек болған жағдайда дін жолында хижрет етіп) Маған ғана құлшылық етіңдер!” (Анкабут сүресі, 56)

Хадис
“Қайсыбірің сапарға аттанғанда діндес бауырымен қош айтыссын. Сонда Алла тағала олардың жасайтын дұғасын берекетті (қабыл) қылады”. (Дәйләми)

Дұға
“Уа, Раббым! Бізге әрдайым Өзіңмен бірге болғанымыздай ләззат бере гөр”.

Мақал
“Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды”.
Аят
“Ел-жұртты Аллаға, Оның хақ жолына шақыратын һәм (өзін әрі қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істер істейтін әрі: «Мен шын мұсылманмын», – деп, жар салған жаннан асқан сөзі жақсы кім бар?!” ("Фуссилат" сүресі, 33)

Хадис
“Ешнәрседен хабарсыз, сауатсыз бір жомарт адам Құдайға көп құлшылық еткенімен сараңдық танытатын адамнан әлдеқайда сүйкімді”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Ықыласпен жасадым деп ойлаған әрбір құлшылығым үшін Өзіңнен кешірім сұраймын. Шын мәнінде мен тек Өзіңнің разылығыңды қалаймын”. (Мутарриф ибн Абдулла)

Мақал
“Жомарт жоқтығын, Жүйрік тоқтығын елемейді”.
Аят
“Дүние жүзіндегі барша тіршілік иелерінің ырыс-несібесі тек қана Аллаға ғана тән” (Һұд сүресі, 6-аят).

Хадис
“Мал-дүниедегі шығынды үнемдеу – тіршіліктің жартысы”. (Табарани)

Дұға
“Уа, есепсіз нығметтердің Иесі болған Алла тағалам! Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет бақшаларыңды тамашалаушы ете гөр! Ерік-жігерімді Өзіңнің жомарттығыңа бағынышты ете гөр! Уа, жүрегімді нұрландырушы, қалауымның түпкі мақсаты болған Раббым! Әрдайым өзіңнің жолыңда қызмет етуімді әрі Өзіңнің разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп ете гөр!” (Арифе Зәхра)

Мақал
“Үнемшіл үйін гүл етер, Ысырапқор үйін тұл етер”.
Аят
“Адам баласының басына қандай да бір зобалаң туса, (бірден пұшайман болып), Бізге жалбарынады. Алайда, содан кейін оны Өзіміздің бір нығметімізге бөлегенімізде, түк болмағандай: «Бұл маған білім мен ерекше қабілетімнің арқасында ғана берілді», – дейді. Анығында, бұл бір сынақ еді, алайда, олардың көбі мұны білмейді”. ("Зумәр" сүресі, 49)

Хадис
“Мына екі қасиет мұнафыкта кездеспейді: көркем салмақтылық һәм дінді терең түсінушілік”. (Тирмизи)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Осы жыл ішінде жасаған және мені сақтандырған қауіптерден сақтанбауым, Өзіңнің разы болмайтын істерді жасаған болсам мені кешір. Алла тағалам, Өзіңнен кешірім сұраймын, жарылқауыңды қалаймын. Өзіңе деген үмітімді үзе гөрме, аса жомарт болған Раббым!” (Ашура күнінің дұғасы)

Мақал
“Дүние түбі келте, Ұмтылған жақсы ерте”.
Аят
“Расында, Алла күллі аспан әлемі мен жердің бар құпиясын толық білуші. Ол шүбәсіз, көкіректердегі бар сырды (яғни, ондағы барлық ойлар мен ниет-пиғылдарды) толықтай біледі”. (Фатыр сүресі, 38)

Хадис
“Қабыл болатынына шәк келтірмей Алла тағалаға дұға етіңдер”. (Кутубу Ситтә)

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Мені тағы бір жаңа күнге жеткізгенің үшін шүкіршілік айтамын. Раббым бүгінгі күнімді пайдалы өткізуімді нәсіп ете гөр”.

Мақал
“Халқын алдаған би оңбайды”.
Аят
“Расында, біз аманатты (яғни, өз еркімен Аллаға лайықты құл болу сынды үлкен жауапкершілікті) жеті қат көкке, жерге және тауларға (мойындарыңа алыңдар, деп) ұсындық. Алайда, олар оны мойындарына алудан қашты, өйткені, оның ауыр жауапкершілігінен қорықты. Сөйтіп, оны адам баласы өз мойнына алды. Адам баласы, расында да, тым залым әрі өте надан келеді”. ("Ахзаб" сүресі, 72)

Хадис
“Шынайы мүмін – өз жамандығы өзін қынжылтқан, жақсылығы өзін қуантқан адам”. (Табарани)

Дұға
“Уа, Раббым! Сен маған күш-қуат һәм басшылық бердің. Қасиетті жазуларды және түс жорамалдау ғылымын үйреттің. Уа, аспан мен жерді жаратқан Жаратушы Ием, дүниеде де, қияметте да медеткерім Өзіңсің. Өзіңе жан-тәнімен мойынсұнған құл болған күйде жанымды ал, сондай-ақ мені жақсы, шыншыл құлдарыңның қатарына қоса гөр!” (әзірет Жүсіп (а.с))

Мақал
Мақал:“Әлін білмеген әлек”.
Аят
“Ол – Өзінен басқа тәңір болмаған жалғыз Алла. Ғайыпты да, жарияны да (яғни сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін болмаған тылсым әлемді де, сезілетін жария әлемді де) толық білуші. Ол Рахман (күллі жаратылысқа рақымды), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді)”. (Хашыр сүресі, 22)

Хадис
“Мүмін адам жәннатқа жетпейінше құлағы жақсы сөз бен хикметке тоймайды (қанағаттанбайды)”.

Дұға
“Уа, Алла тағалам! Бізді адам қылып жаратқан һәм кемелдікке жеткізген Өзіңсің. Саған сансыз шүкірліктер болсын”.

Мақал
“Ғалым халық үшін көзін берсе, Батыр халық үшін өзін береді”.
Аят
“Сол күні жер мен тау-тастың бәрі қатты шайқалады, таулар үгітілген құм үйінділеріне айналады”. (Муззәммил сүресі, 14)

Хадис
“Үлкен белгілер бірінің артынан бірі шығады. Олар тізбектегі моншақтардай бірінен кейін бірі келеді”.

Дұға
“Алла тағала сендерді және бізді сәжде ететіндерден әрі қиямет күні қуанышқа бөленетіндерден етсін”. (Ибн Араби).

Мақал
“Адалдық ойласаң, бал жұтасың, Арамдық ойласаң, қан жұтасың”.