Assila.crypto
1.82K subscribers
1.66K photos
238 videos
24 files
426 links
💛 Мен — Асила. Криптоны қазақша үйретемін.

Крипто туралы қарапайым қазақ тілінде — табыс табу, жинақтау

📸instagram crypto.alippe
Жеке байланыс: https://wa.me/77082196721
Download Telegram
🇰🇿 Крипто нарығына шолу (28.09.2026)

📉 BTC: $82,871 (37,126,208 ₸) | -2.08%
📉 ETH: $2,651 (1,187,724 ₸) | -2.13%
📉 BNB: $762 (341,277 ₸) | -2.06%
📉 SOL: $118 (53,048 ₸) | -4.32%

📊 Нарық көңіл-күйі: 74/100 (Ашкөздік 🤑)

✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto
🔥 *Институттар келе жатыр… ал біздің зейнетақымыз қайда?*

Жақында бір мем пост көрдім: «Институттар эфирді жаппай сатып алады, стейкингтен миллиардтар табады, ETH $720k болады, сен жарыңмен бірге күн батысқа қарай кетесің. Сен. Тикер — ETH» 😄

Күлкілі, бірақ ойландырады. Өйткені ірі қорлар ETF арқылы биткоин мен эфирге шынымен кіріп жатыр. Бәрі мүмкін.

Енді бізге келейік 👇
Қыркүйектен бастап міндетті зейнетақы жинағыңның *100%-ға дейінгі* бөлігін жеке басқарушыға (УИП) бере аласың. Бұрын бұл 50% болатын.

Яғни ақшаңды кім басқаратынын енді *өзің таңдайсың*.

Шынымды айтайын: мүмкіндік болса, мен зейнетақымның бір бөлігін BTC немесе ETH-ке салар едім. Себебі:
▫️ ЕНПФ-тің табысы көп жылдары инфляцияны жаппайды. Ақша қағаз жүзінде өседі, ал шын мәнінде құнсызданады.
▫️ Зейнетақы — 20–30 жылдық ақша. Ұзақ мерзімде биткоин тарихтағы ең мықты активтердің бірі болды.
▫️ Эфир — «бағдарламаланатын ақша». Стейкингтен жылына шамамен 2–3% пассив табыс береді.

⚠️ *Бірақ маңызды нюанстар бар:*
▫️ Зейнетақыны өзің тікелей биткоинге сала алмайсың, сен тек басқарушыны таңдайсың. Сондықтан УИП таңдамас бұрын оның инвестициялық декларациясын оқы: қандай құралдарға салады, табысы қандай, комиссиясы қанша. Бәрі invest.enpf.kz сайтында бар.
▫️ Басқарушыны ауыстыруға немесе ЕНПФ-ке қайтаруға жылына бір рет қана болады.
▫️ Крипто бір жылда 50–70%-ға түсуі мүмкін. Сондықтан бүкіл жинақты емес, түнде тыныш ұйықтай алатын бөлігін ғана.

Менің ұстанымым: зейнетақы — ойын емес. Бірақ оны инфляцияға жегізіп қойып, қарап отыру да шешім емес.

Ал сен ше? Мүмкіндік болса, зейнетақыңның бір бөлігін BTC/ETH-ке салар ма едің?
👍 — иә, салар едім
🙏 — жоқ, қорқамын
😮 — әлі ойланып жүрмін

Сұрағың болса, жеке жаз 👉 wa.me/77082196721

_Қаржылық кеңес емес, жеке пікірім._
👍8👀1
Instagram-да жаңа парақшам ашылды, тіркеліп лайк басып қолдап жіберсеңіздер🤝 Инстаграмда телеграмға түспейтін ақпараттар болады💫

https://www.instagram.com/reel/Dd09vfbqFax/?stkn=OHgxd3p1ODZzeTYy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жайлап YouTube-қа да шығып жатырмын 🤍🎬

Бүгін алғашқы Shorts видеомды салдым 😊

Сіздерден кішкентай ғана қолдау сұраймын:
👉 видеоны қарап, подписка жасап, лайк басып жіберсеңіздер, қатты қуанамын ❤️

YouTube-та да біртіндеп дамып, пайдалы контент шығара берейін деп отырмын.

Қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды 🙏
Үлкен рақмет! ❤️

🎬 Shorts: https://youtu.be/yNVE76syrrU?si=DOr17F5KYxk_ia5_
❤6
🇰🇿 Крипто нарығына шолу (29.09.2026)

❌ Баға туралы деректер уақытша қолжетімсіз.

📊 Нарық көңіл-күйі: 73/100 (Ашкөздік 🤑)

✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto
Менің криптомен алғашқы таныстығым 2011 жылы басталған.

Қазір ойласам, ең қызығы сол: ол кезде мен Bitcoin-нің кейін осындай үлкен нәрсеге айналатынын мүлде білмедім.

2011 жылы Instagram да, Facebook те жоқ. Ақпараттың бәрін форумдардан іздейтін кез.

Бір күні Bitcoin туралы оқып, «майнинг жасап көруге болады екен ғой» деп, ескі Toshiba ноутбугымнан майнинг жасап көрдім.

Бірақ шынымды айтсам, не істеп жатқанымды түсінбедім. 😂

Бағасы қандай, Bitcoin қайда сақталады, оны кейін қалай қолдануға болады, майнингтің өзі не деген нәрсе… бәрі түсініксіз.

Бір жерінде проблема болып, форумға кіріп, көмек сұрап хат жаздым.

Мынау👇 2011 жылы өзім жазған сол хаттың скриншоты.

Сол кездегі өзіме қазір қарап, бір жағынан күлемін, бір жағынан қызық сезім болады.

Өйткені ол кезде мен үшін бұл жай ғана «қызық нәрсе» еді.

Ал бірнеше жылдан кейін Bitcoin-ге қайта оралып, криптоны тереңірек зерттей бастайтынымды ол кезде қайдан білейін…

Кейде адамның үлкен жолы кішкентай қызығушылықтан басталады.

Ал менің криптодағы жолымның ең алғашқы нүктесі дәл осы болды: 2011 жыл. 🧡
❤8
📈 320 миллион доллардан 10 миллиард долларға дейін. Екі жылда!

Қазақстандағы крипто нарығы 2023 жылғы 320 млн доллардан 2025 жылы 10,58 млрд долларға дейін өскен. Бұл шамамен 33 есе өсім.

Бұған крипто нарығының заңдастырылуы және лицензияланған платформалардың жұмыс істей бастауы әсер етті.

Яғни крипто Қазақстанда енді жай ғана «тәуекелді ойын» емес, біртіндеп қалыптасып келе жатқан нақты қаржы индустриясына айналып жатыр.

📊 Дереккөз: ҚР Үкіметінің Мәжілістегі баяндамасы, қыркүйек 2026.

Ал сен әлі де «кейін үйренермін» деп жүрсің бе? 🙂
❤3
🇰🇿 АУЫЛЫМЫЗДЫҢ 80 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ

Туған ауылымыздың 80 жылдық мерейтойы өтті.
Шынымды айтсам, мұндай ауқымды той болады деп күтпеген едім. ❤️

Бұл жай ғана ауылдың тойы емес, республикалық деңгейде өткен үлкен мереке болды.

Тойға жан-жақтан қаншама қонақ келді. Ауылда 15-ке жуық киіз үй тігіліп, келген қонақтарға дастархан жайылды. Он шақты жылқы сойылып, палау тартылып, қазақтың «қонақ келсе, құт» деген дәстүрі барынша көрсетілді. Дастарханның молдығы өз алдына бір әңгіме. 😍

Ал тойдағы бәйге мен жарыстардың өзі бөлек дүние болды.

🏇 Бәйгеден озып келген аттардың иелеріне жаңа көліктер табысталды.

🚗 Қазақша күрестен жеңіске жеткен азаматтарға да жаңа машиналар берілді.

Ең қызығы, бұл көліктердің барлығы бір жерден келген жоқ. Ауылдан шыққан кәсіпкерлер мен азаматтар туған жеріне тарту жасап, тойдың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Ауылдың 80 жылдығына шамамен 100 миллион теңгедей қаражат жиналып, одан бөлек қой, жылқы және басқа да малдар жиналған екен.

Ең бастысы, осының барлығы ауыл адамдарының өздері бірігіп, өздері ұйымдастырып жасаған той.
Осы жері маған ерекше әсер етті. ❤️

Күндіз үлкен концерт өтті. Оған аудан әкімі де қатысты.

Ал кешке гала-концерт болды. 🎤

Өзіміздің жерлесіміз, ауылымызға жақын жерде дүниеге келіп, жастық шағы біздің ауылмен тығыз байланысты болған Сәкен Майғазиев арнайы келіп, керемет әндерін орындады. ❤️

Одан кейін Ернар Айдар сахнаға шығып, халықты бір билетіп алды. 😍

Бұдан бөлек те бірнеше өнерпаз келіп, ән айтып, ауыл халқына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Ал кештің соңында… 🎆

1,5 миллион теңгелік отшашу атылды.

Аспан жарқырап, бүкіл ауылдың үсті жарыққа бөленіп кетті. ✨

Тіпті Алматыдан келген қонақтардың өзі:

«Дубайдағыдай той болып жатыр ғой!» деп таңғалып жатты. 😂❤️

Шынымен де, ауылымыздың 80 жылдығы ел есінде қалатын үлкен той болды.

Бірақ мен үшін бұл тойдың ең әдемі жері көлік те, концерт те, отшашу да емес.

Ауылдан шыққан азаматтардың туған жеріне деген құрметі.
Ауыл адамдарының бірлігі.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
«Туған жеріме бір пайдам тисін» деген ниет.

Осындайда ауылдың қадірін тағы бір түсінеді екенсің. ❤️

80 жылдық мерейтойың құтты болсын, туған ауылым! 🇰🇿
Берекең артып, ел-жұртың аман, шаңырақтарың биік болсын!

🎥 Тойдың атмосферасын видеодан көре аласыздар.
Мен бірнеше сәтін Instagram мен TikTok-қа да салдым. ❤️

#ТуғанАуыл #Ауылымыз80Жыл #80Жылдық #ТуғанЖер #ҚазақАуылы #АуылТойы #ТуғанЖергеТарту
❤4
📩 Оқушымнан келген осындай хабарламалар мен үшін ең үлкен нәтиже ❤️

2023 жылы Жанар апай менің крипто бойынша сабағымды алған еді.

Сол кезде:
₿ BTC — 26 707$
Ξ ETH — 1 828$ болатын.

Апай сол кезде алған активтерін нарық өскен кезде сатып, салған негізгі ақшасын қайтарып қана қоймай, жақсы пайда көрген. ❤️

Бірақ ең қызығы бұл ғана емес…

Қазір аккаунтында әлі де қалған активтері бар.
Ал сол қалған портфельдің қазіргі бағасы шамамен 1 500$ болып тұр. 🔥

Яғни, негізгі позицияларын пайдамен жауып қойғаннан кейін де, портфельде әлі актив қалып отыр.

Маған бірнеше жылдан кейін:

«Монеталарымды көтерілгенде сатып, жақсы пайда көрдім. Сіңліме көп-көп рақмет» ❤️

деп жазғаны ерекше әсер етті. 🥹

Мен үшін крипто үйретудің мәні де осында.

Бұл «бір күнде байып кету» туралы емес.
Нарықты түсіну, активті дұрыс таңдау, тәуекелді есептеу және ең бастысы, өз стратегияңмен жұмыс істеу.

Оқушымның нәтижесін көргенде, өзім де ерекше қуанып қаламын. ❤️

Жанар апай, сізге де рақмет! 🌹
Несібеміз көп, берекеміз мол болсын!

⚠️ Бұл оқушының жеке нәтижесі. Криптовалюта нарығында тәуекел жоғары, өткен нәтиже болашақ табысқа кепілдік бермейді.

📲 Менің парақшаларым:
Instagram: @crypto.bilim
TikTok: @assila_crypto
Telegram: @asilekcrypto
WhatsApp: Assila Crypto Club

#крипто #криптовалюта #биткоин #bitcoin #ethereum #инвестиция #криптоинвестиция #қаржылықсауаттылық #криптобілім #криптоқазақстан #инвестицияқазақстан #биткоинқазақстан #CryptoKazakhstan #BitcoinKazakhstan #Ethereum #инвестиции #крипта #қаржы #инвестор
❤7
🇰🇿 Крипто нарығына шолу (06.10.2026)

📉 BTC: $85,887 (38,477,376 ₸) | -0.08%
📉 ETH: $2,703 (1,211,159 ₸) | -0.52%
📉 BNB: $783 (350,811 ₸) | -0.54%
📉 SOL: $119 (53,487 ₸) | -1.05%

📊 Нарық көңіл-күйі: 73/100 (Ашкөздік 🤑)

✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto
🎬 The Sandbox негізін салушылар жаңа жоба бастады — Hollywood Hills
Бұл — 3000 NFT жинағы бар фильм жобасы. Қазір вайтлистке тіркелуге болады.
🔗 Тіркелу сілтемесі: https://hollywoodhills.cc/
Дедлайн: 8 қазан
Минт күні: 15 қазан
The Sandbox-тың негізін салушылар Arthur Madrid пен Sébastien Borget те жобаға инвестиция салып отыр. Сондықтан назар аударуға тұрарлық жоба.
Қатысу тегін — тек өтінім қалдыру керек. Уақыт шектеулі, 8 қазанға дейін үлгеріңіздер.
❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌏 Дәл қазір Сингапурда әлемдегі ең үлкен крипто-конференция TOKEN2049 өтіп жатыр.

25 000 адам, 300-ден астам спикер. Сахнада Nasdaq басшысы, OKX, Base, Hyperliquid негізін қалаушылар, Arthur Hayes сияқты тұлғалар бар.
Видеоны сол жерге барған танысым жіберді, рахмет оған 🙏
Мен үшін ең маңыздысы мынау: бұрын криптоны «ойыншық» деп санаған Nasdaq пен Franklin Templeton сияқты дәстүрлі қаржы алпауыттары енді осы сахнада сөйлеп тұр. Бұл саланың есейгенін көрсетеді.

⚠️ Бірақ ескерту: мұндай іс-шаралар кезінде «конференцияда анонс болды, тез ал!» деген хайп пен алаяқтық та көбейеді. Жаңа токен туралы шулы жаңалық көрсеңіз, асықпаңыз, алдымен тексеріңіз.

Конференциядан ең қызықты ойларды осы аптада бөлек жазамын. Сізге қай спикер қызық? Комментарийге жазыңыз 👇
🇰🇿 Крипто нарығына шолу (07.10.2026)

📉 BTC: $83,758 (37,523,584 ₸) | -2.56%
📉 ETH: $2,598 (1,163,855 ₸) | -3.98%
📉 BNB: $770 (345,036 ₸) | -1.64%
📉 SOL: $118 (52,748 ₸) | -1.49%

📊 Нарық көңіл-күйі: 71/100 (Ашкөздік 🤑)

✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto
🇰🇿 Tether + Ұлттық банк = теңге-токен?

7 қазанда USDT-ны шығаратын Tether компаниясы Қазақстан Ұлттық банкімен және Алатау қаласымен меморандумға қол қойды.

📌 Не жоспарланып отыр:
• Теңгеге байланған стейблкоинді зерттеу: 1 токен әрқашан 1 теңгеге тең болады, биткоин сияқты құбылмайды
• Нақты активтерді (үй, жер, бизнес үлесі) токенге айналдыру. Пилот Алатауда өтеді
• Tether Ұлттық банк қызметкерлерін оқытады

❗️ Ескерту: бұл әзірге тек меморандум, яғни ниет. Қазақстан стейблкоин шығаруға міндеттенген жоқ.

💡 Менің ойым: әлемдегі ең ірі стейблкоин компаниясы Қазақстанмен мемлекет деңгейінде жұмыс істей бастады. Бұл крипто біздің елде ресми жүйенің бір бөлігіне айналып жатқанының белгісі.

🎬 1 минуттық видео-түсіндірме Instagram-да:

https://www.instagram.com/reel/DeN8GZFKv0v/?stkn=Nnlra2lvb3dlZHc4

Сұрағыңыз болса, жазыңыз: wa.me/77082196721
❤6👍2
😎 CZ криптоактивтерді қауіпсіз сақтау туралы 7 маңызды кеңес айтты

Криптовалютада ақша табу маңызды. Бірақ тапқан ақшаңды жоғалтпай сақтау одан да маңызды! 🔐

Binance негізін қалаушы CZ криптоактивтерді қорғауға қатысты мына кеңестерді ұсынды:

🟡 1. 100% қауіпсіздік жоқ

Криптоны ұрлатып алу да, әмиянға кіру мүмкіндігін жоғалту да қауіпті. Сондықтан екі жағдайға да дайын болу керек.

🟡 2. Криптоға бөлек құрылғы пайдаланыңыз

Мүмкіндік болса, криптовалютаға арналған жеке телефон немесе компьютер ұстаңыз. Оған қажетсіз қосымшаларды орнатпаңыз.

🟡 3. Қосалқы көшірмені бөлек сақтаңыз

Әмиянның құпия сөздерін, seed phrase пен қалпына келтіру деректерін бір жерде сақтамаңыз. Негізгі көшірмеңіз жоғалса немесе ұрланса, екіншісі көмектесуі мүмкін.

🟡 4. Биржадағы аккаунтыңызды қорғаңыз

Әр биржаға бөлек электрондық пошта мен қайталанбайтын күрделі құпия сөз пайдаланыңыз. Мүмкіндік болса, аппараттық қауіпсіздік кілтін қолданыңыз. SMS арқылы растауға ғана сеніп қалмаңыз.

🟡 5. Ақша шығару қауіпсіздігін күшейтіңіз

Биржада ақ тізімді (Withdrawal Whitelist) қосыңыз. Бұл қаражатты алдын ала рұқсат етілген мекенжайларға ғана шығаруға мүмкіндік береді.

API-кілттерді бөгде платформаларға бермеңіз. Ал қажет болмаса, API арқылы ақша шығару мүмкіндігін өшіріп қойыңыз.

🟡 6. Аппараттық әмиянға да көзсіз сенбеңіз

Ledger немесе Trezor сияқты құрылғылар қауіпсіздікті арттырады. Бірақ seed phrase бөтен адамның қолына түссе, криптоактивтеріңізге қауіп төнуі мүмкін.

🟡 7. Крипто мұрагерлігін де ойластырыңыз

Егер сізге бірдеңе болса, жақындарыңыз активтерге қалай қол жеткізеді? Мұны алдын ала ойластыру қажет. Бірақ құпия кілттерді ешкімге ерте ашып бермеңіз.

🔐 Есіңізде болсын: криптовалюта әлемінде қауіпсіздікке жауапкершілік өзіңізде.

Кейде бір ғана қателікпен жылдар бойы жинаған активтен айырылып қалуға болады.

💬 Сіз криптовалютаңызды қалай сақтайсыз: биржада ма, әлде жеке әмиянда ма?

#Криптовалюта #КриптоҚауіпсіздік #Binance #CZ #Bitcoin #ҚаржылықСауаттылық
❤3
🇰🇿 Крипто нарығына шолу (12.10.2026)

📈 BTC: $83,389 (37,358,272 ₸) | +0.52%
📈 ETH: $2,552 (1,143,372 ₸) | +2.12%
📈 BNB: $749 (335,552 ₸) | +0.25%
📈 SOL: $111 (49,930 ₸) | +1.87%

📊 Нарық көңіл-күйі: 69/100 (Ашкөздік 🤑)

✨ Күніңіз сәтті өтсін! @asilekcrypto
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Криптода бұл күнде болып жатыр. Ірі ойыншылардың ақшасы көп, олар бағаны қозғай алады. Ал біздің жалғыз артықшылығымыз уақыт пен сабыр.
Өзімнің тәжірибемнен 3 ереже:
Бәрі «алу керек!» деп айғайлап жатқанда тоқта да ойлан
Баға құлағанда паникаға берілме, алдын ала жоспарың болсын
Бір мезетте емес, бөліп-бөліп жина (DCA)
Бұл кеңес қаржылық кепілдік емес. Нарық тәуекелі әрқашан бар, тек жоғалтуға дайын ақшаңды сал.

Видеоны төменде көр 👇 Сұрағың болса, жаз.
🔴 Бүгін 13.10.26ж нарық қызыл.
Біреулер паникада, ал маркет мейкерлер «скидкамен» жинап жатыр 🛍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM