112ASTANA
2.37K subscribers
1.72K photos
1.02K videos
811 links
Официальный телеграм канал Департамента по чрезвычайным ситуациям города Астаны по доведению мгновенной экстренной информации (отмены занятий, закрытие дорог, штормовые предупреждения и т.д.), а также пропаганда знаний в области Гражданской Защиты.
Download Telegram
Forwarded from 112 KZ
ТЖМ тұлғалары: өрт-сөндіруші Назарбек Жаймағамбетов
 
Жаймағамбетов Назарбек - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.

Назарбек Думанұлы 1993 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданында дүниеге келген. Ол 2016 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып келеді. Қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындап, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі сауатты әрекет етеді.

Ол қызметтік жолында көптеген өртті сөндіруге қатысып, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға өз үлесін қосып келеді. Ол - өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, әріптестері арасында абыройлы маман.

#ТЖМтұлғалары

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

Лица МЧС: пожарный Назарбек Жаймағамбетов
 
Старший пожарный-спасатель специализированной пожарной части №2 Департамента по ЧС города Астаны Назарбек Жаймағамбетов.

Назарбек Думанович родился в 1993 году в Целиноградском районе Акмолинской области. С 2016 года проходит службу в органах гражданской защиты. К выполнению служебных обязанностей относится ответственно, в чрезвычайных ситуациях действует оперативно и грамотно.

За годы службы он принимал участие в тушении многочисленных пожаров, внося свой вклад в обеспечение безопасности и спасение жизни людей. Он - преданный своему делу, ответственный специалист, пользующийся уважением среди коллег.

#ЛицаМЧС

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
👍459❤34
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жылыту маусымы кезеңінде жеке тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Елордада шамамен 25 мың жеке тұрғын үй бар. Оның ішінде әлеуметтік осал санатқа жататын 695 отбасы ТЖД есебінде тұр. Аула-ауланы аралау барысында мамандар жылыту жүйелері мен электр сымдарының жағдайын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға практикалық көмек көрсетуде.

200-ден астам үйге көміртек тотығы мен табиғи газ датчиктері және түтін хабарлағыштары орнатылды. 35 үйдің түтін мұржасы тазартылды. Сондай-ақ бұрын орнатылған автономды өрт хабарлағыштарының батареялары ауыстырылуда.

Профилактикалық аралау жұмыстары полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, АРЭК өкілдері және волонтерлермен бірлесіп күн сайын жүргізілуде.
👍505❤41
В Астане продолжается профилактическая работа по обеспечению пожарной безопасности в частном жилом секторе в отопительный сезон.

В столице насчитывается около 25 тысяч частных домов, на учёте ДЧС состоят 695 социально уязвимых семей. В ходе подворовых обходов специалисты проверяют отопительные системы и электропроводку, проводят разъяснительную работу и оказывают практическую помощь.

Более чем в 200 домовладениях установлены датчики угарного и природного газа и дымовые извещатели, в 35 - очищены дымоходы. Также проводится замена элементов питания в ранее установленных извещателях.

Профилактические обходы ежедневно проводятся совместно с полицией, представителями местных исполнительных органов, АРЭК и волонтёрами.
👍502❤35
АҚПАРАТ
 
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында: 10 қазанда түнде және таңертең тұман күтілетіні туралы хабарлайды.
 
Департамент по чрезвычайным ситуациям города Астаны сообщает, что по данным РГП «Казгидромет» в г.Астана: 10 октября ночью и утром ожидается туман.
👍402❤27
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кәмелетке толмағандардың терезеден құлауына байланысты төтенше жағдайларға жол бермеу, сондай-ақ балалардың жарақат алу тәуекелдерін барынша азайту мақсатында «Сарыарқа» ауданының аумағында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдарға комиссиялық тексерулер жүргізілді.
Тексеру барысында мекеме қызметкерлерімен балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу, қауіпсіздік шараларын сақтау және кәмелетке толмағандарды тұрақты бақылауда ұстау мәселелері бойынша профилактикалық нұсқамалар өткізілді. Сонымен қатар қызметкерлерге балалардың қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар түсіндірілді.
👍489❤31
Forwarded from 112 KZ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада құтқарушылар ер адамды 50 метрге жуық биіктіктен құтқарды

Есіл ауданындағы Сауран көшесінде тұрғын үй кешенінің 15-қабатында кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап кетіп, қауіпті жағдайда қалған. Ол кондиционердің кронштейнінен ұстап тұрып қалған.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге түсірді.

⚠️ ТЖМ ескертеді: биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе

В Астане спасатели сняли мужчину с высоты около 50 метров

В районе Есиль по улице Сауран во время установки кондиционера рабочий сорвался и оказался в опасном положении на уровне 15-го этажа жилого комплекса. Мужчина удерживался на кронштейне кондиционера.

Прибывшие на место сотрудники МЧС с помощью автолестницы (АЛ) спасли мужчину 1990 года рождения и спустили его на землю.

⚠️ МЧС напоминает: при выполнении высотных работ необходимо строго соблюдать требования безопасности и использовать исправные средства индивидуальной защиты.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
👍482❤24
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы қарсаңында тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жылыту маусымында пештерді, газ және электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Ақаулы жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз, пештер мен мұржалардың жарамдылығын алдын ала тексеріңіз.

Электр жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және оларды жанғыш заттардың жанына орналастырмаңыз. Балаларды жылыту құрылғыларының маңында қараусыз қалдырмаңыз.

Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау – өрт пен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызды кепілі.
👍577❤31
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жылыту маусымында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

📺 24KZ телеарнасының жаңалықтарынан үзінді.

В Астане проводятся профилактические мероприятия в отопительный период

Сотрудники Департамента по чрезвычайным ситуациям города Астаны проводят профилактические мероприятия, направленные на обеспечение пожарной безопасности в отопительный период.

📺 Фрагмент новостей телеканала 24KZ.
@24kz_tv
👍419❤16