AstanaTV
✔
13.1K subscribers
15K photos
10K videos
9 files
24.4K links
Download Telegram
🇰🇿🇧🇪 Бельгиялықтар Королі Филипп пен Матильда патшайым Ақордаға келді

Астанада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Ақорда алдындағы салтанатты шара ерекше көрініспен басталды. Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіреткен Әскери әуе күштерінің тікұшақтары мәртебелі меймандардың құрметіне Ақорда алдынан ұшып өтті.

Ресми рәсім барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президенттік оркестр Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Осылайша, Бельгия Королі мен Патшайымының Қазақстанға мемлекеттік сапары Ақордадағы ресми қарсы алу рәсімімен жалғасты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2⚡1🔥1💯1
🇰🇿🇧🇪 Президент Казахстана провел переговоры с Королем и Королевой бельгийцев в узком составе

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Королем бельгийцев Филиппом и Королевой Матильдой. Глава государства подчеркнул особую значимость их первого государственного визита в Казахстан для развития отношений между двумя странами.

«Для меня большая честь приветствовать вас в Астане. Это исторический визит, который вызвал огромный интерес в нашем обществе», – заявил Президент.


Токаев поблагодарил гостей за представительный состав делегации, в которую вошли представители правительства, региональных властей, бизнеса, академического сообщества и СМИ.

Президент также напомнил, что Король Филипп трижды посещал Казахстан еще в статусе наследного принца и на протяжении многих лет проявляет интерес к развитию двустороннего сотрудничества.

«Мы высоко ценим Вашу приверженность развитию отношений с нашей страной и неизменно ощущаем Вашу поддержку», – отметил Глава государства.


Отдельное внимание на переговорах уделили предстоящему юбилею дипломатических отношений. В 2027 году Казахстан и Бельгия отметят 35-летие установления дипломатических связей.

Токаев назвал Бельгию надежным партнером Казахстана в Европе и подчеркнул важность политического диалога. Он также напомнил о своей поездке в Брюссель в июне 2026 года и переговорах с Премьер-министром Бельгии Бартом Де Вевером.

По словам Президента, эти встречи подтвердили взаимную заинтересованность Казахстана и Бельгии в дальнейшем укреплении партнерства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2⚡1🔥1👏1
✍️ Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней

🔹Президент Касым-Жомарт Токаев после консультаций с Премьер-министром Олжасом Бектеновым и Председателем Курултая Айбеком Дадебаем, проведенных в соответствии с пунктом 5 статьи 88 Конституции Республики Казахстан, подписал Указ «О досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней».

🔹Центральной избирательной комиссии поручено принять все меры по назначению, подготовке и проведению внеочередных выборов депутатов маслихатов всех уровней.

🔹Указ вступает в силу со дня опубликования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡1👍1🔥1
🗝 Проблемалық ипотека бойынша көмекке жүгіну мерзімі ұзартылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсету тәртібіне өзгерістер енгізді. 2027 жылғы 1 шілдеге дейін азаматтар банктерге, Қазақстан тұрғын үй компаниясына және бағдарламаға қатысатын өзге де ұйымдарға қосымша көмек алу үшін өтініш бере алады.

Өтініштер қолданыстағы несие шарттарын жақсарту, тұрғын үйді қаржыландыру және жалға беру мәселелеріне қатысты қабылданады. Белгіленген мерзімде жүгінген азаматтарға 2027 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғанда көмек көрсетілуі мүмкін.

Құжатта 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген кейбір ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Алайда бұл мүмкіндік барлық азаматқа берілмейді. Қарыз алушы әлеуметтік осал топқа жатуы немесе бағдарламада көрсетілген аурулардың бірімен ауыруы керек. Сонымен қатар ипотекаға алынған баспана отбасының Қазақстандағы жалғыз тұрғын үйі болуы тиіс.

Тағы бірнеше маңызды талап бар: несие төлемінің кешіктірілуі 180 күннен асуы, негізгі қарыз қалдығы 50 млн теңгеден аспауы және азаматтың табысы несиені бұрынғы шарттармен өтеуге жеткіліксіз болуы қажет. Бұл талаптар 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағаланады.

Барлық талап орындалған күннің өзінде қайта қаржыландыру автоматты түрде берілмейді. Әр өтінішті комиссия жеке қарап, тиісті ұсыным қабылдайды.

Жаңа тәртіп заңды тұлғалардың несиелеріне, мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар аясындағы қарыздарға және алаяқтық фактісі сот арқылы расталған несиелерге қолданылмайды.

Қаулы 2026 жылғы 28 қыркүйекте күшіне енді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡1👍1🔥1
✏️ Нацгвардия подвела итоги служебно-боевой деятельности за 9 месяцев

В Казахстане подвели итоги работы Национальной гвардии МВД за девять месяцев 2026 года. За этот период военнослужащие выполнили более 2,3 тысячи задач по охране общественного порядка и задержали свыше 13 тысяч правонарушителей, среди которых 300 человек подозревались в совершении преступлений.

Результаты рассмотрели на заседании Военного совета под председательством министра внутренних дел Ержана Саденова и Главнокомандующего Национальной гвардией Ансагана Балтабекова.

Гвардейцы также обеспечивали безопасность пяти международных политических мероприятий и 18 визитов глав иностранных государств и официальных делегаций.

Отдельное внимание уделили охране исправительных учреждений. За отчетный период военнослужащие предотвратили 64 попытки переброса запрещенных предметов, а подразделения конвоирования перевезли более 55 тысяч осужденных и лиц, содержащихся под стражей.

Продолжается и развитие военной инфраструктуры. В Алматы, Туркестане и Жезказгане строят военные городки, в Уральске, Кызылорде и Атырау - новые казармы. Также ведется строительство объектов Академии Национальной гвардии и запланирован капитальный ремонт семи объектов.

По итогам заседания Ержан Саденов поручил усилить воспитательную и профилактическую работу, уделить особое внимание адаптации молодых военнослужащих, укреплению дисциплины и обеспечению безопасности личного состава.

Также среди приоритетов обозначены улучшение материально-технического оснащения воинских частей и дальнейшее совершенствование служебной деятельности Национальной гвардии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪 Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильдамен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Бельгия монархтарының Қазақстан мен Орталық Азияға алғаш рет мемлекеттік сапармен келуін тарихи оқиға деп бағалады.

Президент Қазақстанның Бельгияны Еуропадағы сенімді серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. 2027 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады.

«Бельгия Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Сонымен қатар еліңіз Қазақстан экономикасына қаржы құйған ең ірі он инвестордың бірі саналады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Келіссөз барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, көлік және логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларында бірлескен жұмысты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекет басшысы Бельгия Королінің кәсіпкерлік, білім және инновацияны дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, Патшайым Матильданың балаларды қорғау мен білім беру саласындағы қызметіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ Президент Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысы өтетінін хабарлады. Оның айтуынша, бұл алаң екі ел арасындағы экономикалық бастамаларды нақты жобаларға айналдыруға мүмкіндік береді.

«Қарым-қатынасымыздың зор әлеуетіне сенемін. Сапар аясындағы уағдаластықтарды толық іске асыруға барынша күш саламын», – деді Президент.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪 Касым-Жомарт Токаев и Король Филипп провели брифинг для представителей СМИ

Президент Касым-Жомарт Токаев и Король бельгийцев Филипп выступили перед журналистами по итогам переговоров в Акорде. Главы государств обозначили новые направления сотрудничества, обсудили инвестиции, технологии, образование и международную повестку.

С 2005 года объем бельгийских инвестиций в экономику Казахстана превысил 15 млрд долларов. По словам Токаева, стороны договорились активизировать взаимодействие в сферах транспорта и логистики, критически важных минералов, энергетики, промышленности, сельского хозяйства, биотехнологий, цифровизации и космических технологий.

«Наше Правительство продолжит создавать благоприятные условия для расширения присутствия бельгийских инвесторов и реализации новых перспективных проектов в Казахстане. Их полная и своевременная реализация будет находиться под моим личным контролем», – заявил Президент.


13 октября запланированы Казахско-бельгийский бизнес-форум, Форум ректоров и круглый стол по критически важным минералам. По итогам мероприятий ожидается подписание десятков двусторонних соглашений и документов.

Отдельное внимание уделили сотрудничеству университетов, музеев и культурных учреждений, академическим обменам и упрощению взаимных поездок. Стороны также приняли Совместное заявление и подтвердили приверженность международному праву и мирному урегулированию конфликтов.

Король Филипп отметил достижения Казахстана в цифровизации и выразил заинтересованность в посещении центра Alem.AI.

«Казахстан находится в авангарде цифровизации и разрабатывает уникальные решения, в частности, в сфере искусственного интеллекта», – сказал бельгийский монарх.


Символичным событием визита стало первое поднятие государственного флага Казахстана на центральной площади Брюсселя Гран-Плас.

В завершение Король Филипп обратился к казахстанцам с пожеланием на казахском языке:

«Шанырағыңыз биік болсын».


По словам монарха, это выражение отражает дух государственного визита, символизируя семейное единство, преемственность поколений, благополучие и мир.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Алматыда қарияны өлтіріп, үйін басқа біреуге рәсімдеген

Алматыда тұрғындар жоғалған кілтті іздейміз деп бейнебақылау камерасынан сұмдық жағдайды байқап қалған. Жазбада бірнеше адамның көпқабатты үйдің үшінші қабатында тұратын егде жастағы кісінің басына пакет кигізіп, алып кетіп бара жатқаны көрінеді.

Оқиғаның беті кездейсоқ ашылған. Көршілер пошта жәшігіне жасырылған кілтті таба алмай, камера жазбаларын тексерген. Арада он күн өткенде қарияның пәтері сатылып, басқа адамның атына рәсімделгені белгілі болған. Тұрғындар бұл іске «қара риелторлардың» қатысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.

«Үйінің сатылып кеткенін естігенде, қатты таңғалдық. Өйткені ол кісінің үйін сатайын деген ойы жоқ еді», – дейді куәгер Надежда Сычова.


Көршілер полицияға хабар бергеннен кейін жедел іздестіру шаралары басталған. Нәтижесінде төрт күдікті, оның ішінде үш ер адам мен бір әйел ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Тергеу жұмыстарымен Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобы айналысуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында», – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.


Әзірге марқұмның туыстары табылмаған. Оның пәтері нақты кімнің атына және қандай негізде рәсімделгені де белгісіз. Бұл мән-жайларды тергеу анықтауы тиіс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1😱1😢1😨1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥤 "Әділет" партиясы Жастар қанатының еріктілері вандализмге қарсы күресті бастады

«Әділет» партиясының жастар қанаты «Вандализмге жол жоқ» республикалық акциясын бастады. Бастама аясында Алматы қаласында, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында тарихи нысандарды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Орал қаласында мемлекет қорғауындағы 100-ден астам көне ғимарат бар. Партия белсенділері осындай тарихи нысандарды вандалдардың жазуынан тазартып, тұрғындар мен туристер көп жүретін орындардың келбетін жақсартуға атсалысты.

«Барлық жастарды осындай көне жерлерімізді таза ұстауға шақырамыз», – деді «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық жастар қанатының консультанты Шұғыла Нұрмұханова.


Жамбыл облысының жастары да бастамаға қосылды. Олар Тараздағы тарихи кешендердің аумағын тазалап, қабырғаларға салынған жазулар мен суреттерді өшірді. Әсіресе «Тектұрмас» этнотарихи кешенінің келбетін қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінді. Осындай акция Алматы қаласында да ұйымдастырылды.

«Біздің мақсатымыз – тарихи орындарымызды сақтау, қоршаған ортаны таза ұстау және жастарды қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақыру», – деді партияның Жамбыл облыстық жастар қанаты төрағасының орынбасары Мерей Жолдасбек.


Белсенділердің айтуынша, тарихи мұраны сақтау тек мемлекеттік органдардың емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Акция жастарды қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға және қалалардың тарихи келбетін қорғауға үндейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪 В Казахстан с государственным визитом прибыли король Бельгии Филипп и королева Матильда

В Казахстан впервые с государственным визитом прибыли Король бельгийцев Филипп и Королева Матильда. Официальная церемония встречи прошла в Акорде с участием Президента Касым-Жомарта Токаева. В честь высоких гостей военные вертолеты совершили демонстрационный полет с флагами двух стран, а президентский оркестр исполнил государственные гимны.

Визит продлится до 14 октября. В центре переговоров оказались торговля, инвестиции, транспорт и логистика, критически важные минералы, энергетика, здравоохранение и искусственный интеллект. Бельгия входит в десятку крупнейших инвесторов Казахстана, а в 2027 году страны отметят 35-летие дипломатических отношений.

«Это исторический визит, который вызвал огромный интерес в нашем обществе», – отметил Касым-Жомарт Токаев.


Король Филипп поблагодарил Президента за теплый прием и отдельно подчеркнул, что Токаев изменил свой рабочий график ради встречи с бельгийской делегацией. По словам монарха, этот жест глубоко тронул королевскую семью.

Бельгийская делегация проявила особый интерес к искусственному интеллекту, энергетике и атомной энергетике. Король также выразил ожидание от предстоящего заседания Казахско-бельгийского делового совета.

Но одним из самых запоминающихся моментов визита стало обращение Короля Филиппа к казахской культуре.

«Надеюсь, я правильно произнесу выражение «Шанырағыңыз биік болсын», которое как нельзя лучше передает дух государственного визита в Казахстан», – сказал монарх.


Он объяснил, что это пожелание символизирует семейное единство, преемственность поколений, благополучие и мир. Король также выразил желание познакомиться с историческим наследием Казахстана, в том числе с памятниками эпохи Золотой Орды.

Еще одним символичным жестом стало поднятие государственного флага Казахстана в Брюсселе. А Касым-Жомарт Токаев напомнил, что бельгийский девиз «В единстве сила» перекликается с казахской пословицей «Бірлік бар жерде тірлік бар».

По итогам переговоров стороны подтвердили готовность развивать сотрудничество и реализовывать совместные проекты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2⚡1👏1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ В Алматы и Семее прошли инклюзивные спортивные соревнования под эгидой партии «Әділет»

В Алматы и Семее состоялись спортивные мероприятия «Тең мүмкіндіктер» для детей с особыми потребностями. Участники соревновались в бочча, легкой атлетике и командных эстафетах, демонстрируя свои способности и стремление к победе.

В Алматы соревнования прошли на базе Центрального спортивного клуба армии. Организаторы стремятся создать для детей полноценную соревновательную среду, а не ограничиваться разовыми спортивными мероприятиями.

«Наша основная цель в организации - это создание равных возможностей для каждого ребёнка, чтобы он мог проявить свои способности, заниматься спортом, а также стремиться к победе», – отметил член партии «Әділет» Куаныш Тулепов.


По его словам, победители городского этапа смогут принять участие в соревнованиях республиканского уровня. В дальнейшем подобные турниры в Алматы планируют проводить регулярно.

В Семее спортивный фестиваль объединил около 60 школьников. Дети также участвовали в соревнованиях по бочча, легкой атлетике и эстафетах.

Поддержать юных спортсменов приехал чемпион Азии по самбо и победитель турнира «Қазақстан барысы – 2024» Ерасыл Кажыбаев. Все участники фестиваля получили подарки от спонсоров.

«Основная цель фестиваля - инклюзивность, то есть обеспечение равных возможностей для детей с особыми потребностями, интеграция таких детей в общество», – подчеркнул председатель филиала партии «Әділет» в Семее Айдос Толеуханов.


Организаторы рассчитывают, что такие соревнования помогут детям активнее заниматься спортом, раскрывать свои способности и чувствовать себя полноценными участниками общественной жизни.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1👌1💯1🆒1
❗️ Қаржы нарығын реттеуші коллекторлар мен ломбардтардың жұмысын тексереді

Қазақстанда азаматтарға қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алатын кейбір коллекторлық агенттіктер нарықтан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, азаматтарды үздіксіз қоңыраумен мазалайтын коллекторлық ұйымдарға қатысты қатаң шаралар қабылдануы ықтимал. Алайда олардың қызметін тоқтату туралы түпкілікті шешім әзірге жарияланған жоқ.

Сонымен қатар агенттік ломбардтардың қызметін тексеріп, нарықтағы жағдайды талдап жатыр. Бұған соңғы уақытта ломбардтарға жүгінетін азаматтар санының артуы себеп болған.

Реттеуші талдау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдамақ. Әзірге ломбардтарға қатысты қандай нақты шаралар қолданылатыны белгісіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡2👍1🔥1
🎨 «Закон и порядок»: молодежь «Әділет» запускает масштабную акцию по защите памятников и природы

Молодежное крыло партии «Әділет» организовало акцию «Нет вандализму!» в Алматы, Таразе и Уральске. Активисты очистили исторические памятники, мемориалы, туристические маршруты и общественные пространства от надписей и мусора.

Инициатива проходит в рамках президентской концепции «Закон и порядок» и направлена на формирование бережного отношения к общественному имуществу, природе и историческому наследию.

В Алматы участники поднялись к источнику «Ак-Булак» на высоте 1610 метров и очистили информационные таблички вдоль туристического маршрута.

«Сохранить природу родного края для будущих поколений - наша общая задача», – отметила консультант молодежного крыла партии «Әділет» Зухра Иманбаева.


В Таразе более 50 активистов привели в порядок этноисторический комплекс «Тектурмас». Молодые люди удалили около 150 граффити с памятников и ограждений, а также убрали прилегающую территорию.

«Участвуя в таких акциях, молодежь не только наводит порядок, но и показывает, что к истории родного края нельзя относиться равнодушно», – подчеркнул заместитель председателя молодежного крыла Жамбылского областного филиала партии Мерей Жолдасбек.


В Уральске активисты стерли надписи возле Вечного огня, очистили территорию мемориального комплекса у стелы Победы, набережную реки Урал и недавно открытый парк. Уборка также прошла на площади Победы, в сквере Пушкина и в районе улицы Пугачева.

«Если каждый житель внесет свой вклад в сохранение общественного имущества, наш город останется красивым и чистым», – отметила активистка партии Шугыла Нурмуханова.


Акция продолжится и в других регионах Казахстана. Организаторы рассчитывают не только устранить последствия вандализма, но и привлечь внимание общества к необходимости сохранять общее достояние.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1👏1
❗️ Ровесники столицы: истории одного поколения

Они росли и взрослели вместе с Астаной. За эти годы столица значительно изменилась, а её ровесники получили образование, выбрали профессию и нашли своё место в жизни.

У каждого из них своя история, достижения и планы на будущее. Сегодня они работают в разных сферах и вносят вклад в развитие города.

«Ровесники столицы» - проект о поколении, чья жизнь тесно связана со становлением и развитием Астаны.

🔥 Полную версию смотрите на нашем официальном YouTube канале.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3⚡1🔥1
🤍 Контрафактілік тіс пастасын сатқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтауда бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланып, тіс пастасын сатқан кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 90 825 теңге айыппұл тағайындады.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 30 қыркүйекте Әділет департаменті азаматтың шағымы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде жалған тауар белгісімен өнім сату фактісі анықталған.

Сот отырысында кәсіпкер кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Сот оның құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтты.

Заңсыз сатылған контрафактілік тіс пасталары тәркіленді.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚕 Такси бағасының өсуіне байланысты inDrive ескерту алды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive сервисіне монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы жазбаша ескерту жолдады. Бұған «Яндекс Go» қызметі уақытша істемей қалған кезде такси бағасының күрт өсуі себеп болды.

11 қазанда «Яндекс Go» сервисінің жұмысында ақау болып, жолаушылар балама платформаларға жаппай ауысқан. Соның салдарынан inDrive қызметіне сұраныс артып, бос көліктер азайған.

Тұтынушылардың шағымдарына сәйкес, кейбір сапарлардың бағасы үш есеге жуық көтерілген.

inDrive платформасында жол жүру ақысы жүргізуші мен жолаушының өзара келісімі арқылы белгіленеді. Сұраныс күрт артқан кезде жүргізушілер ұсынатын баға да жоғарылаған.

Компанияның мәліметінше, жағдайды тұрақтандыру үшін сервис комиссиясы ең төменгі деңгейге дейін қысқартылып, сапар құнын келісу кезінде ұсынылатын бағаларға шектеу енгізілген.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстандағы такси агрегаторлары нарығында шоғырлану деңгейі жоғары екенін атап өтті. Ведомство мұндай жағдайда қызмет бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау маңызды деп санайды.

Агенттік inDrive компаниясының заң бұзғанын түпкілікті анықтаған жоқ. Жіберілген ескерту алдын алу сипатында және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚘 Изменены правила экзаменов на права: что нужно знать

В Казахстане планируют упростить регистрацию автомобилей и порядок сдачи экзаменов на водительские права. Министерство внутренних дел разработало поправки, которые должны сократить лишние процедуры и ускорить получение государственных услуг.

Одно из главных изменений касается будущих водителей. Если экзамен не сдан с первой попытки, пересдать его можно будет уже на следующий рабочий день. После второй неудачи для подготовки предусмотрено 10 календарных дней.

При этом после трех неудачных попыток дальнейшие пересдачи соответствующего экзамена станут платными.

«Эта мера направлена на то, чтобы кандидаты приходили на экзамен с прочными знаниями», – пояснила представитель МВД Актоты Боранова.


Еще одно важное изменение: успешно сданная теория больше не будет аннулироваться из-за провала практического экзамена. Это избавит кандидатов от необходимости повторно сдавать теоретическую часть.

Упростить планируют и процедуры для автовладельцев. После переоборудования автомобиля отдельный осмотр не потребуется. Достаточно будет документа, подтверждающего безопасность внесенных изменений.

А вот обмен иностранных водительских удостоверений станет строже. Для этого потребуется успешно сдать теоретический экзамен, а также дождаться официального подтверждения подлинности документа от компетентного органа иностранного государства.

«Наша цель – сделать получение государственных услуг проще и быстрее. Исключаются избыточные процедуры», – отметила Актоты Боранова.


Важно: речь пока идет о разработанных МВД поправках, а не о вступивших в силу правилах.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😇 Қазақстанның нақты мәндегі ЖІӨ өсімі 4,1%-ды құрады

2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға өсті. Қаңтар-маусым айларында ел экономикасының көлемі 71,2 трлн теңгеден асты.

Өңірлер арасындағы экономикалық өсім бойынша Ұлытау облысы бірінші орынға шықты. Мұнда жалпы өңірлік өнім 15,3%-ға артқан. Одан кейін Түркістан облысы 13,3% және Солтүстік Қазақстан облысы 11,4% көрсеткішпен тұр.

Ал ел экономикасындағы үлесі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Мегаполис Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 20,2%-ын қалыптастырады. Екінші орында Астана – 12,5%, үшінші орында Атырау облысы – 11,7%.

Экономиканың жалпы өсіміне қосқан үлесі бойынша да Алматы алда. Қаланың үлесі 0,68 пайыздық тармақты құрады. Астана 0,62 пайыздық тармақ, ал Алматы облысы 0,47 пайыздық тармақ қосты.

Осылайша, экономикалық өсім қарқыны бойынша Ұлытау облысы алға шықса, ел экономикасының көлемі мен жалпы өсімге қосқан үлесі бойынша Алматы көш бастап отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪 Король и Королева Бельгии обсудили с Правительством Казахстана сферу критически важных минералов

В Астане состоялся казахско-бельгийский круглый стол по вопросам сотрудничества в сфере критически важных минералов. В мероприятии на базе Nazarbayev University приняли участие Король бельгийцев Филипп, Королева Матильда и Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов.

Главная цель сотрудничества - переход от экспорта сырья к глубокой переработке минералов и производству высокотехнологичной продукции. Казахстан заинтересован в привлечении европейских технологий и инвестиций для развития новых производств.

Особое внимание стороны уделили переработке промышленных отходов, развитию гидрометаллургии, добыче и переработке редких и цветных металлов. Также обсуждались совместные научные исследования и внедрение технологий повторного использования сырья.

«Критические минералы являются основой современной экономики, создавая «каркас» для технологий, промышленности и безопасности», - отметил Король Филипп.


Бельгийский монарх подчеркнул, что его страна готова делиться опытом сотрудничества университетов и промышленности.

«Мы глубоко впечатлены видением Казахстана по трансформации богатых минеральных ресурсов и активов страны в будущую индустрию», - заявил он.


Отдельной темой стало развитие Транскаспийского международного транспортного маршрута, известного как Средний коридор. Его рассматривают как одно из направлений формирования надежных логистических цепочек для поставок сырья и готовой продукции.

Кроме того, стороны обсудили цифровизацию недропользования, развитие энергетики, искусственного интеллекта, биотехнологий и космических технологий.

Правительство Казахстана взяло реализацию достигнутых договоренностей на особый контроль. Приоритетом станут совместные инвестиционные, промышленные и научно-технологические проекты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👛 Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін баяулады

Қазақстанда жылдық инфляция қарқыны баяулады. 2026 жылғы тамызда 9,8% болған көрсеткіш қыркүйек қорытындысы бойынша 9,3%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, инфляцияның баяулауына негізінен азық-түлік бағасының өсу қарқынының төмендеуі әсер еткен. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1%-ға арзандаған.

Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп баға өсімін тежеу шараларын жалғастырып жатыр. Негізгі мақсаттардың бірі – халықтың сатып алу қабілетін сақтау және нақты табысын арттыру.

«Инфляцияны тежеу – Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты болып саналады», – деді Серік Жұманғарин.


Вице-премьердің мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысының өсімі 0,7%-ды құрады. Ал бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш небәрі 0,1% болған.

Дегенмен жылдық инфляцияның баяулауы барлық тауар арзандады дегенді білдірмейді. 9,3% көрсеткіші тұтыну бағаларының бір жыл бұрынғы деңгейден әлі де жоғары екенін көрсетеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM