AstanaTV
✔
13.1K subscribers
15K photos
10K videos
9 files
24.4K links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Около 50 школьников госпитализированы с признаками отравления в Алматы

В Алматы произошло массовое отравление учащихся Республиканской физико-математической школы (РФМШ). 12 и 13 октября школьники начали жаловаться на тошноту, высокую температуру и боли в животе.

48 детей доставили в городскую детскую инфекционную больницу, еще шестеро находятся под медицинским наблюдением в изоляторе интерната.

По информации управления здравоохранения Алматы, состояние госпитализированных детей сейчас стабильное.

«Пациенты находятся под постоянным наблюдением медицинских работников. На данное время, состояние госпитализированных детей стабильное, в динамике, без ухудшений», - сообщила заместитель руководителя управления здравоохранения Лейла Имангалиева.


Одна из матерей рассказала, что ее сын первоначально находился в реанимации, однако позднее его перевели в обычный бокс.

Специалисты санитарно-эпидемиологического контроля провели проверку школьного пищеблока, отобрали пробы еды, воды и смывы. В результате были выявлены грубые нарушения санитарных требований.

По итогам проверки принято решение приостановить деятельность школы и столовой, запретить реализацию отдельных блюд и изъять молочную продукцию без необходимых сопроводительных документов.

Учебное заведение закрыто на карантин, учащихся перевели на дистанционное обучение.

По факту массового отравления возбуждено уголовное дело. Точная причина ухудшения самочувствия детей пока устанавливается.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Депутаты Курултая одобрили трехлетний бюджет Казахстана

Депутаты Курултая одобрили в первом чтении проект республиканского бюджета на 2027–2029 годы. Главным приоритетом документа остается выполнение социальных обязательств государства.

На социальную поддержку граждан, здравоохранение, образование и науку планируется направить около 35% всех бюджетных средств.

Согласно прогнозам, среднегодовой рост ВВП Казахстана в ближайшие три года составит 5,4%. При формировании бюджета также предусмотрены поддержка реального сектора экономики, развитие инфраструктуры и постепенное сокращение дефицита.

Депутат Курултая, член фракции «Әділет» Ольга Перепечина отметила, что проект бюджета в целом сбалансирован, однако Правительству необходимо улучшить качество финансового планирования и снижать зависимость от Национального фонда.

«В целом проект бюджета сбалансирован, обеспечивает финансирование соцобязательств, предусматривает поддержку реального сектора экономики и развитие инфраструктуры, а также ориентирован на последовательное сокращение бюджетного дефицита. Эти вопросы требуют от Правительства не формальной корректировки отдельных показателей, а системного повышения качества бюджетного планирования на среднесрочный период.», - подчеркнула депутат.


По ее словам, бюджет предусматривает финансирование социальных обязательств и поддержку экономики, но для достижения запланированных результатов необходим системный подход к управлению государственными финансами.

Законопроект прошел первое чтение. Работа над документом продолжится.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺 Бүгін «ӘDILETТІҢ 111+ ШЕШІМІ» арнайы жобасын арнамыздан көріңіздер!

Орта бизнестің дамуы, кәсіпкерлерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу. Экономиканың тұрақты өсіміне қандай шешімдер қажет?

Құрылтай депутаттары Нұрлан Тұлыбаев пен Нұржан Есәлиев «Әділеттің 111+ шешімі» арнайы жобасында осы тақырыптарға қатысты өзекті мәселелерді қозғайды.

⏰ Бүгін сағат 10:20-да!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4⚡2❤‍🔥1❤1🔥1👏1
AstanaTV pinned a video
🟣🟣🟣🟣🟣

❗️ «ӘDILETTІҢ 111+ шешімі»: орта бизнесті дамыту және жаңа жұмыс орындары

👨‍💼 Арнайы жобаның екінші шығарылымында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Нұржан Ниязалиев пен Нұрлан Толыбаев орта бизнестің үлесін 20%-ға жеткізу және 2031 жылға дейін кемінде 1 миллион сапалы жұмыс орнын құру жоспарлары туралы баяндайды.

🔥 Толық нұсқасын арнамыздың YouTube каналынан көре аласыздар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍78❤72🔥70🎉18⚡1👏1
🤼 Казахстанские борцы завоевали еще три медали на чемпионате мира

Сборная Казахстана по греко-римской борьбе пополнила медальную копилку тремя наградами на чемпионате мира среди спортсменов до 23 лет, который проходит в Лас-Вегасе.

Серебряную медаль завоевал Темирлан Турдакын в весовой категории до 87 килограммов. В финальной схватке казахстанский борец уступил представителю Ирана Ясину Али Язди.

Еще две награды сборной принесли Арсен Жума и Джохар Узаров. Арсен стал бронзовым призером в весовой категории до 55 кг, а Джохар занял третье место в категории до 130 кг.

Ранее казахстанские спортсмены завоевали на этом турнире две золотые медали. Чемпионами мира U23 стали Айбек Айтбеков (до 60 кг) и Юсуф Ашрапов (до 72 кг).

Таким образом, в активе сборной Казахстана уже пять медалей чемпионата мира: две золотые, одна серебряная и две бронзовые. 🔥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Шағын бизнестен орта бизнеске: дамудың жаңа мүмкіндіктері

«ӘDILETТІҢ 111+ шешімі» арнайы жобасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі көтерілді.

💼 Кәсіпкерлерді кезең-кезеңімен қолдау, мемлекеттік қолдау тетіктерін сақтау және ұзақ мерзімді келісімшарттар жүйесін дамыту қаншалықты маңызды? Шағын бизнестің орта бизнес деңгейіне өтуіне қандай мүмкіндіктер бар?

ҚР Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті, «Әділет» фракциясының мүшесі Нұржан Ниязалиев осы мәселелерге тоқталып, партияның орта кәсіпорындардың үлесін 7%-дан 20%-ға дейін арттыру мақсаты туралы айтты.

🔥 Толық шығарылымды YouTube арнамыздан көріңіздер!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍78❤75🔥71🎉18⚡2💯1
🚚 Қазақстан 2035 жылға қарай транзиттік жүк тасымалын 100 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр

Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында 40-қа жуық елдің өкілдері бас қосты. Халықаралық форумда теміржол, автомобиль, теңіз және әуе көлігін дамыту, логистиканы цифрландыру және халықаралық жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды.

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанның көлік саласы 7,2%-ға өсті. Ал өткен жылы ел аумағы арқылы өткен транзиттік жүк көлемі 18%-ға артып, 39,1 млн тоннаға жеткен.

Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика саласын дамыту Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Заманауи көлік инфрақұрылымы халықаралық сауданы кеңейтуге, инвестициялар тартуға, жаңа өндірістер құруға және мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деді Үкімет басшысы.


Кейінгі 7 жылда Қазақстанда 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделген. Ал соңғы 5 жылда 5 мың шақырым теміржол салынып, жаңғыртылған. Елдегі авиациялық қауіпсіздік деңгейі 95,7%-ға жеткен.

Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2035 жылға қарай теңіз порттарының өткізу қабілетін 4 есе, флот қуатын 5 есе арттыру көзделіп отыр. Осы кезеңде транзиттік жүк тасымалының жылдық көлемін 100 млн тоннаға жеткізу жоспарланған.

Форумда Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік, Транскаспий халықаралық көлік бағыты және Трансауған дәлізін дамыту мәселелері де қаралды.

Қатысушылар шекарадағы кідірістерді азайту, әкімшілік кедергілерді жою, «жасыл дәліздер» мен «бір терезе» қағидатын енгізу қажеттігін талқылады. Бұл шаралар халықаралық жүк тасымалының мерзімі мен құнын қысқартуға бағытталған.

Сонымен қатар тараптар бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, логистикалық жүйелерді цифрландыру және көлік саласына мамандар даярлау мәселелеріне назар аударды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✏️ Сапалы жұмыс орны қандай болуы керек?

«ӘDILETTІҢ 111+ шешімі» арнайы жобасының кезекті үзіндісінде сапалы жұмыспен қамтудың негізгі талаптары сөз болды.

🖋 Заңды еңбек шарты, біліктілікке сай жалақы және әлеуметтік кепілдіктер – сапалы жұмыс орнының басты өлшемдері.

ҚР Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті, «Әділет» фракциясының мүшесі Нұрлан Толыбаев лайықты еңбек жағдайларын қалыптастырудың маңызына тоқталды.

«Әділет» партиясының бағдарламасында әрбір азаматтың өз еңбегімен лайықты өмір сүруіне және болашағына сенімді болуына жағдай жасауға ерекше назар аударылған.

🔥 Толық шығарылымды YouTube арнамыздан көріңіздер!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍79🔥75❤68🎉22👏2⚡1
🎰 Через банковские карты прокрутили миллиарды тенге: в Казахстане раскрыли сеть онлайн-казино

Агентство по финансовому мониторингу выявило две трансграничные группы, которые, по данным следствия, использовали банковские карты граждан Казахстана, Узбекистана и Кыргызстана для проведения платежей онлайн-казино.

Участники схем организовали так называемые «дроп-фермы». Иностранцам, прибывавшим в Казахстан, оформляли ИИН, SIM-карты и банковские счета. Затем телефоны с доступом к банковским приложениям передавались другим участникам, которые управляли денежными операциями.

Для приема платежей от игроков и выплаты выигрышей использовалась P2P-платформа. Часть расчетов между участниками проводилась в криптовалюте.

В Туркестанской области и Алматы задержали трех граждан Узбекистана, использовавших 89 казахстанских банковских карт. У них изъяли 20 мобильных телефонов. Объем операций по этим картам составил 500 млн тенге.

Еще одну группу выявили в Жамбылской области. По данным АФМ, ее участники создали дропперскую инфраструктуру в Таразе и Алматы, привлекая граждан Кыргызстана и Узбекистана, в том числе несовершеннолетних. Входящий оборот по подконтрольным картам превысил 9,8 млрд тенге.

Во время обысков правоохранители изъяли 180 банковских карт, 15 телефонов, 26 SIM-карт, 50 тысяч долларов, 27 тысяч USDT, четыре автомобиля, оружие и патроны.

Пятеро подозреваемых заключены под стражу с санкции суда. Расследование продолжается, остальные подробности уголовного дела пока не разглашаются.

По данным АФМ, совокупный объем операций по двум выявленным схемам превысил 10,3 млрд тенге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️ Мемлекет пен бизнес: бәсекелестікке жол ашу

«ӘDILETTIҢ 111+ шешімі» арнайы жобасында квазимемлекеттік сектордың қызметтерін жеке бизнеске беру мәселесі талқыланды.

💻 Тазалау, көлік қызметі, IT-сервис және басқа да қызметтерді ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде жеке кәсіпорындарға беру шағын бизнестің орта бизнес деңгейіне өсуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ партия бағдарламасында бәсекелестік қалыптасқан нарықтарға мемлекеттік ұйымдардың кіруін шектеу ұсынылды.

ҚР Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті, «Әділет» фракциясының мүшесі Нұржан Ниязалиев мемлекет пен жеке сектор арасындағы бәсекелестікті дамыту және кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ашу мәселесіне тоқталды.

🔥 Толық шығарылымды YouTube арнамыздан көріңіздер!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥75👍73❤71🎉31⚡1💯1
👨‍👩‍👧‍👦 Соцпособия не для всех: в Минтруда дали разъяснения по категориям благосостояния семьи

В Министерстве труда и социальной защиты населения рассказали, как будут определять уровень благосостояния казахстанских семей при назначении государственной поддержки.

С 2027 года социальную помощь планируют предоставлять с учетом материального положения семьи. Для этого будет использоваться «Цифровая карта семьи», которая анализирует более 50 показателей и распределяет домохозяйства по пяти категориям - от A до E.

Категория A включает семьи с наиболее высоким уровнем благосостояния. Для них характерны доходы свыше семи прожиточных минимумов на каждого члена семьи, наличие недвижимости большой площади, автомобилей класса люкс, бизнеса и других активов.

Категория B объединяет состоятельные семьи с доходами от шести до семи прожиточных минимумов на человека. При оценке также учитываются благоустроенное жилье, автомобили премиум-класса, предпринимательская деятельность и имущество.

При этом один показатель не определяет категорию семьи автоматически. Система оценивает совокупность более 50 критериев, среди которых доходы, занятость, недвижимость, транспорт, земельные участки, кредиты и социальное положение.

В Минтруда подчеркнули, что присвоенная категория не является постоянной и может измениться, если поменяется материальное или социальное положение семьи.

Согласно представленным планам, с 2027 года семьи категорий A и B не смогут получать государственную поддержку в рамках новой системы социальной помощи. Основной акцент будет сделан на поддержке граждан, которые действительно нуждаются в помощи государства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👏1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📎 1 миллион жаңа жұмыс орны қай салаларда ашылады?

«ӘDILETTIҢ 111+ шешімі» арнайы жобасында жаңа жұмыс орындарын құру мәселесі талқыланды.

🔗 1 миллион жаңа жұмыс орнын ашу тек орта бизнеске ғана жүктелмейді. Бұл мақсатқа ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен, қызмет көрсету саласы және экономиканың өзге де бағыттары арқылы қол жеткізу көзделіп отыр.

ҚР Құрылтайының депутаты, «Әділет» фракциясының мүшесі Нұрлан Толыбаев жаңа жұмыс орындарын құрудың негізгі бағыттары мен жұмыспен қамтуды арттыру мүмкіндіктеріне тоқталды.

🔥 Толық шығарылымды YouTube арнамыздан көріңіздер!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍79❤78🔥67🎉25⚡1👏1
5️⃣ Қарағанды облысында шетел азаматтарын құлдықта ұстаған фермер ұсталды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында полицейлер шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тарту дерегін анықтады.

Заң бұзушылық «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд кезінде белгілі болған.

Полиция қызметкерлері жергілікті шаруа қожалықтарының бірін тексеру барысында көші-қон заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтаған.

Осы іске қатысы бар деген күдікпен 64 жастағы шаруа қожалығының басшысы ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱1😨1
🪪 19 иностранцев с фальшивыми документами задержали в аэропортах Астаны и Алматы

Пограничная служба КНБ пресекла 358 случаев использования поддельных и чужих документов при прохождении пограничного контроля с начала 2026 года.

Только в сентябре и октябре в аэропортах Астаны и Алматы выявили 19 иностранных граждан, пытавшихся пересечь государственную границу Казахстана по фальшивым документам.

По данным КНБ, большинство нарушителей использовали поддельные визы и документы с персональными данными других людей.

По выявленным фактам правоохранительные органы проводят досудебные расследования.

«За пересечение границы с использованием поддельных и чужих документов предусмотрена уголовная ответственность», – напомнили в Пограничной службе КНБ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇱 Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесу өткізді

Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VII саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогтің сәуір айында Астанаға жасаған сапары екі ел арасындағы байланысты нығайтуға серпін бергенін айтты.

Өз кезегінде Израиль Президенті Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне тоқталып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Сонымен қатар Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптады. Оның пікірінше, бұл қадам бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосады.

Кездесуде Таяу Шығыстағы жағдай мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісті бәсеңдету және қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атап өтіп, Қазақстанның осы ұстанымға берік екенін жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚍 Астанада жолақы 400 теңгеге дейін қымбаттайды

Астана әкімдігі қала ішіндегі және қала маңындағы қоғамдық көліктерге арналған жаңа жолақы тарифтері туралы қаулыны жариялады.

Жаңа тарифке сәйкес, қала ішіндегі автобустарда жолақы картамен немесе электронды түрде төленсе 150 теңге, ал қолма-қол төленсе 300 теңге болады.

Қала маңына қатынайтын экспресс-автобустарда электронды төлем құны 300 теңге, қолма-қол төлем 400 теңге болып белгіленген.

Ал қала маңындағы кәдімгі автобустарда жолақы жүрілген қашықтыққа байланысты есептеледі. Электронды төлем кезінде әр шақырымға 13 теңге, қолма-қол төлегенде 19 теңге алынады.

Жеңілдікті көлік картасы бар жолаушылар әлеуметтік маңызы бар тұрақты бағыттарда бұрынғыдай тегін қатынай алады.

Сондай-ақ қаулыға сәйкес, электронды төлем жүйесінде ақау пайда болса, жолаушылардан жолақы алынбайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌿 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ МАҚСАТ!

«Таза Қазақстан» акциясына 7 миллион қазақстандық қатысып, ел тазалығына өз үлесін қосты. Жыл басынан бері елімізде 1 миллион 300 мың ағаш отырғызылды.

Таза орта қалыптастыру – әрқайсымыздың қолымызда. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау өзімізден басталады! 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✏️ Халық Кеңесі елдегі өзекті мәселелерді ашық талқылауға, азаматтардың ұсыныстарын қарауға және нақты шешімдер әзірлеуге арналған алаңға айналуы тиіс, - Е.Қошанов

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Батыс Қазақстан облысында этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қауымдастықтарының өкілдерімен кездесті.

Жиында мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайту, өңірлік мәселелерді шешу, жастарды қолдау және азаматтық бірлікті сақтау мәселелері талқыланды.

Ерлан Қошанов Халық Кеңесінің конституциялық мәртебесі мен заң шығару бастамасы құқығы барын атап өтті. Кеңес этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам және өңірлер бағыттары бойынша жұмыс істейді. Оның құрамында 126 мүше бар.

«Халық Кеңесі елдегі өзекті мәселелерді ашық талқылауға, азаматтардың ұсыныстарын қарауға және нақты шешімдер әзірлеуге арналған алаңға айналуы тиіс», – деді Ерлан Қошанов.


Бүгінде Қазақстанда 200-ден астам қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Олардың құрамында 3,5 мыңға жуық адам бар. Сонымен қатар елде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Қошанов осы ұйымдардың әлеуетін өңірлік мәселелерді шешуге кеңінен пайдалану қажеттігін айтты.

Кездесуде жастарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Астанада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы арқылы 22 мың адам кәсіби дағдыларды меңгерген. Қатысушылардың 60%-ы тұрақты жұмысқа орналасып, тағы 2 мыңға жуық адам өз кәсібін ашқан.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, JOLTAP тәжірибесін еліміздің барлық өңіріне тарату мәселесі пысықталып жатыр.

Сондай-ақ басқосуда этносаралық келісімді нығайту, «Кітап оқитын ұлт» жобасын дамыту, балаларды кітап оқуға баулу және жас авторларды қолдау жөнінде ұсыныстар айтылды.

Алдағы уақытта өңірлермен кері байланыстың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын Халық Кеңесінің тұрақты комитеттерінде қарау және осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу жоспарланып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡ Павлодарда шалғайдағы ауылдар жарыққа жарымай отыр

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Шөптікөл, Сұлужон, Майкөбе және Үшқұлын ауылдарының тұрғындары электр жарығының жиі өшуіне шағымдануда. Кейбір ауылдарда жарық екі күннің бірінде сөнеді. Соның салдарынан халық сусыз және байланыссыз қалады.

Тұрғындардың айтуынша, электр желілері әбден тозған. Қатты жел соқса, сымдар бір-біріне тиіп, жарық өшеді. Қыста апталап, ал жазда бірнеше тәулік электр қуатынсыз қалған кездер болған.

«Өткенде неше тәулік болған жоқ осы жаз айында. 5 күндей болған жоқ», – дейді Сұлужон ауылының тұрғыны Қуан Исатай.


Шөптікөл тұрғындары жарық өшкенде электр желілеріндегі ақауларды өздері іздеп, жөндеуге мәжбүр екенін айтады. Ал ауылдарда көше шамдары мүлде жоқ.

Сұлужон тұрғындарын тағы бір мәселе алаңдатады. Қараңғы көшелерде жабайы аңдар жүретіндіктен, адамдар түнде сыртқа шығуға қорқады. Тұрғындардың бірі жыртқыш аңдар ауласына кіріп, тауықтарын қырып кеткенін айтты.

Белгілі болғандай, төрт ауыл электр қуатын «Майкөбе» көмір кенішінен алып келген. Алайда өткен жылдан бастап заңнамадағы өзгерістерге байланысты кеніш электр энергиясын тарату жұмысын тоқтатқан.

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев мәселені шешу үшін Майқайың кентінен төрт ауылға жаңа электр желісін тарту жоспарланып отырғанын жеткізді.

«Қазір электр тарату компаниясы Павлодардағы «ПРЭК» дейміз сол мекемеге біз арнайы хат жолдадық. Қазір согласование тосып отырмыз», – деді аудан әкімі.


Жоспар бойынша ұзындығы 50 шақырым болатын электр желісі тартылуы тиіс. Алайда жоба әлі келісу кезеңінде, ал құрылыстың нақты қашан басталатыны белгісіз.

Әзірге төрт ауылдың тұрғындары жарықтың қашан тұрақты берілетінін білмей отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔3😱1😨1