GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.5K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет есебіне берген қорытындысы қаралды 📌Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жалпы отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет есебіне Жоғарғы…
Заключение ВАП к Отчету Правительства об исполнении бюджета за 2024 год рассмотрено в Мажилисе РК

📌
На пленарном заседании Мажилиса РК были представлены основные выводы из Заключения Высшей аудиторской палаты к Отчету Правительства об исполнении республиканского бюджета за 2024 год. Документ был всесторонне рассмотрен депутатами нижней палаты Парламента.

Так, в апреле 2024 года вновь обновилась система госпланирования, однако центральные госорганы не смогли оперативно адаптировать к ней свои планы развития. Как следствие, не удалось достичь 7 ключевых национальных индикаторов и 20 целевых индикаторов в планах развития госорганов.

Прогноз по доходам 2024 года был снижен на 2 трлн тенге от первоначального плана, однако и он оказался не исполнен на 609 млрд тенге.

Несмотря на рост количества налоговых проверок, процент взыскания по ним снизился более чем в 2 раза. Мониторинг 249 крупных налогоплательщиков идет бессистемно, в результате сумма доначислений составила 643 млн – всего 0,01% от общих поступлений крупных субъектов. В целом за 2024 год сбор налогов снизился на 4,7% к уровню 2023 года.

Эти факторы вынуждают наращивать не только заимствования, но и увеличивать объемы трансфертов из Нацфонда. В 2024 году – это 5,6 трлн тенге. В целом уровень активов Нацфонда к ВВП в сравнении с 2023 годом снизился на 7 процентных пунктов. Цель по удержанию дефицита бюджета в диапазоне 2,6% ВВП не достигнута. Установленный лимит ненефтяного дефицита также не соблюден, абсолютный размер которого составил 10,8 трлн тенге.

За 2024 год в расходы бюджета изменения вносились 13 раз, при этом 40% корректировок пришлись на 4 квартал. Из плана финансирования были исключены 112 бюджетных инвестпроектов на 56 млрд тенге: объекты в сфере газо-, водо- и электроснабжения, инженерно-коммуникационной инфраструктуры и др. После корректировок бюджета во втором полугодии были включены 96 инфраструктурных проектов на 58 млрд тенге. Однако по направлениям они аналогичны тем, которые исключили ранее.

Темпы исполнения Комплексного плана приватизации на 2021-2025 годы снизились: за 2024 год реализовано всего 14 объектов.

В качестве положительного момента отмечается сокращение в 2024 году объемов финансирования квазигоссектора из республиканского бюджета почти на 29%. Вместе с тем по-прежнему имеются факты нерационального управления активами.

Так, группой компаний холдинга «Байтерек» затягивались сроки доведения льготных ресурсов до получателей. Процесс отбора проектов выстроен недостаточно прозрачно: поддержку получали проекты, которые либо не достигали заявленных KPI, либо по ним не предъявлялись встречные обязательства.

Фондом «Самрук-Қазына» отменена и приостановлена реализация 13 горнорудных, металлургических и промышленных проектов общей стоимостью 239 млрд тенге.

Высшая аудиторская палата продолжит совместную работу с Правительством и Парламентом над совершенствованием бюджетных процессов.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from QURYLTAI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың қосымша баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
ҚР Үкіметі Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалуын бюджет есебінде көрсететін болады

Жоғары аудиторлық палата бюджет саласындағы бұзушылықтардың алдын алуда бірқатар бағыт бойынша жұмысты күшейтті. Бұл туралы Палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. 

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда қол қойған жаңа Бюджет кодексінде бюджет саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға қатысты Жоғары аудиторлық палатаның бірқатар ұсынымы ескерілгенін атап өтті.

📌Атап айтқанда, ҚР Үкіметі республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде өткен қаржы кезеңіндегі Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалу туралы ақпаратты көрсетуге міндетті деген норма қабылданды. Бұл норма бойынша ақпарат 2025 жылғы есепте көрсетілуі керек.

📌Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата әлемнің жетекші елдеріндегі есеп палаталары мен парламенттер арасындағы өзара іс-қимыл тәжірибесін талдады. 

«Осыны ескере отырып, біз Парламент депутаттарына мемлекеттік аудит нәтижелерін тұрақты түрде ұсынып отыруды аса маңызды деп санаймыз. Бұл Үкімет сағаттарын өткізу кезінде, заң жобаларын қарау, талқылау және қабылдау барысында өзекті ақпаратты пайдалануға мүмкіндік береді», — деді Алихан Смайылов.


Оның айтуынша, бұл шаралар жиынтығы бюджет саласындағы бұзушылықтарды азайтып, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
ҚР Үкіметі Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалуын бюджет есебінде көрсететін болады Жоғары аудиторлық палата бюджет саласындағы бұзушылықтардың алдын алуда бірқатар бағыт бойынша жұмысты күшейтті. Бұл туралы Палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің…
Правительство РК будет отражать исполнение рекомендаций ВАП в отчете об исполнении бюджета

Высшая аудиторская палата сразу по нескольким направлениям усилила работу по предотвращению нарушений в бюджетной сфере. Об этом рассказал председатель ВАП Алихан Смаилов, отвечая на вопросы депутата Мажилиса в ходе пленарного заседания.

Он сообщил, что в новом Бюджетном кодексе, который был подписан Главой государства 15 марта, учтен ряд рекомендаций ВАП по усилению профилактики бюджетных нарушений.

📌Так, принята норма, согласно которой Правительство РК должно включать в Отчет об исполнении республиканского бюджета информацию о выполнении рекомендаций ВАП за прошедший финансовый период. Реализацию данной нормы можно будет увидеть в Отчете за 2025 год.

📌Наряду с этим ВАП был проанализирован положительный международный опыт по взаимодействию счетных палат с парламентами в ведущих странах мира.  

«Учитывая это, мы считаем очень важным на регулярной основе предоставлять депутатам Парламента РК результаты госаудитов по различным направлениям. Это позволит им использовать актуальную информацию при проведенииправительственных часов, а также при рассмотрении, обсуждении и принятии законодательных актов», — сказал Алихан Смаилов.


Он добавил, что в совокупности эти меры позволят сократить нарушения в бюджетной сфере, а также повысить эффективность работы госорганов в целом.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенат Үкіметтің 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қарады

📌Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палатаның берген қорытысындағы негізгі тұжырымдар қаралды.

Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланған кемшіліктер мен құқық бұзушылықтардан бөлек бірқатар салаға қатысты нақты мысалдар да талқыланды.

Мәселен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кәріз-тазарту құрылыстарының тозуы туралы деректерде қателіктер анықталды. Бірқатар өңірде жергілікті атқарушы органдар тазарту құрылыстары жоқтығына қарамастан кәріз желілерін салуды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және есепке алу дұрыс жүргізілмейді. Алайда дәл осы жүйе – мемлекеттен қолдау алу үшін жануарлардың бар-жоғын растаудың негізгі көздерінің бірі.

Жоғары аудиторлық палата өткен жылы атап өткен ұлттық жобалардың мақсаттарына қол жеткізбеу тәуекелдері әлі де өзекті болып отыр. Атап айтқанда, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының көрсеткіштеріне толық қол жеткізбеу салдарынан жоспарланған 860-қа жуық ауылдың 750 мыңнан астам тұрғыны интернетпен қамтамасыз етілмеген.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру қарқынының төмен болуына байланысты жоспарланған денсаулық сақтау объектілерінің небәрі 65%-ының құрылысы аяқталған.

Анықталған барлық кемшілік бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді. Олардың орындалуын Жоғары аудиторлық палата қатаң бақылайды.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Сенат Үкіметтің 2024 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қарады 📌Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық…
Сенат рассмотрел заключение ВАП к Отчету Правительства об исполнении бюджета за 2024 год

📌На заседании Сената Парламента РК рассмотрены ключевые выводы из Заключения Высшей аудиторской палаты к Отчету Правительства об исполнении республиканского бюджета за 2024 год.

Помимо недостатков и нарушений, обсужденных на прошедшем пленарном заседании Мажилиса РК, были рассмотрены и конкретные примеры, касающиеся ряда отраслей.

Так, в сфере жилищно-коммунального хозяйства выявлены ошибки в сборе данных об износе канализационно-очистных сооружений. В некоторых регионах местные исполнительные органы планируют строительство канализационных сетей без учета отсутствия очистных сооружений.

В сфере агропромышленного комплекса до сих пор не осуществляется полноценная идентификация и учет сельскохозяйственных животных в информсистеме Министерства сельского хозяйства. Между тем, именно эта система является ключевым инструментом подтверждения наличия животных для получения господдержки.

Актуальными остаются и риски недостижения целей национальных проектов, ранее обозначенные ВАП. В частности, из-за неполного выполнения показателей нацпроекта «Доступный интернет» более 750 тыс. жителей порядка 860 сел до сих пор не обеспечены доступом к сети.

Низкие темпы реализации проекта «Модернизация сельского здравоохранения» привели к завершению строительства лишь 65% от запланированных объектов.

По всем выявленным недостаткам подготовлены соответствующие рекомендации.ВАП будет тщательно контролировать ход их исполнения.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сертификаттау саласындағы аккредиттеу аттестаты цифрлық форматқа ауыстырылды

📌Тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын тексеретін сынақ зертханалары мен басқа сертификаттау ұйымдары жұмыс істеуге берілетін рұқсатты цифрлық форматта ала бастайды. Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша тиісті шаралар қабылданды.  

Бұған дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмысына мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру барысында Ұлттық аккредиттеу орталығы 550 кәсіпкерге заң талаптарына сәйкес арнайы бланкідегі аккредиттеу аттестаттарын бермегені анықталды.

Бұл аттестаттар сынақ зертханалары, сертификаттау органдары, инспекциялық және калибрлеу ұйымдары сияқты сәйкестікті бағалайтын ұйымдарға беріледі. Мұндай аттестат өнімнің, көрсетілетін қызметтердің немесе өндірістік процестердің сапасын объективті және дұрыс тексеру үшін ұйымның құзыретті екенін, оған қажетті жабдықтары, персоналы және рәсімдері бар екенін ресми түрде растайды.

Қатаң есеп беру құжаттарына қойылатын талаптарды бұзу кәсіпкерлерді аккредиттеу сертификаттарының жарамсыз деп танылу тәуекелін туындатады.

Жоғары аудиторлық палата аталған бұзушылықты жою және алдағы уақытта рәсімді жеңілдету үшін Сауда министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді және аттестаттарды беру процесін цифрлық форматқа ауыстыруды тапсырды.

✔️ Нәтижесінде 2025 жылғы 19 мамырда «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңға өзгерістер енгізілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Енді кәсіпкерлер аккредиттеу аттестаттарын электронды түрде тез және қағазбастылықсыз ала алады.

Бұл – Қазақстанда цифрландыру мен бизнес үшін рәсімдерді оңайлатуға бағытталған тағы бір қадам.

Анықтама ретінде: Сәйкестікті бағалау – бұл өнімді, көрсетілетін қызметтерді немесе процестерді белгіленген талаптар тұрғысынан тексеру процесі. Мысалы, санитарлық нормалар бойынша тамақ өнімдерінің сапасын тексеру, тұрмыстық техниканы қауіпсіздік тұрғысынан сертификаттау, құрылыс материалдарын беріктікке сынау және т.б.
 

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Сертификаттау саласындағы аккредиттеу аттестаты цифрлық форматқа ауыстырылды 📌Тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын тексеретін сынақ зертханалары мен басқа сертификаттау ұйымдары жұмыс істеуге берілетін рұқсатты цифрлық форматта…
Аттестат аккредитации в области сертификации перевели в цифровой формат

📌Испытательные лаборатории и другие организации сертификации, которые проверяют безопасность и качество товаров или услуг, начнут получать разрешения на работу в цифровом формате. Необходимые меры приняты по предписанию Высшей аудиторской палаты.  

Ранее был проведен госаудит работы Министерства торговли и интеграции РК и его подведомственных организаций. В ходе проверки выяснилось, что Национальный центр аккредитации не выдал 550 предпринимателям аттестаты аккредитации на специальном бланке, как этого требует закон.

Данные аттестаты выдаются организациям, которые проводят оценку соответствия – это испытательные лаборатории, органы по сертификации, инспекционные и калибровочные организации. Такой аттестат официально подтверждает, что организация компетентна, имеет необходимое оборудование, персонал и процедуры для объективной и достоверной проверки качества продукции, услуг или производственных процессов.

Нарушение требований к документам строгой отчетности создавало риск того, что аттестаты аккредитации предпринимателей могли признать недействительными.

Чтобы устранить это нарушение и упростить процедуру в будущем, ВАП поручила Министерству торговли совместно с Министерством цифрового развития внести изменения в действующее законодательство и перевести процесс выдачи аттестатов в цифровой формат.

✔️ В результате 19 мая 2025 года были внесены изменения в Закон «Об аккредитации в области оценки соответствия» (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней со дня его первого официального опубликования). Теперь предприниматели смогут получать аттестаты аккредитации в электронном виде – оперативно и без бумажной волокиты.

Это еще один шаг навстречу цифровизации и упрощению процедур для бизнеса в Казахстане.

Справочно: Оценка соответствия – это процесс проверки продукции, услуг или процессов установленным требованиям. Например, проверка качества пищевых продуктов по санитарным нормам, сертификация бытовой техники на безопасность, испытания строительных материалов на прочность и т.д.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары Парламентте талқыланды

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне Жоғары аудиторлық палатаның берген қорытындысы және мемлекеттік қаржыны басқару тиімділігін арттыруға қатысты жаңа ұсынымдар қаралды.

Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың нәтижелігін арттыру – бюджет процесіне қатысушылардың барлығына ортақ міндет. Жоғары аудиторлық палата мен Үкімет депутаттардың қолдауымен осы бағытта тиісті жұмыстарды атқаруда.

Шешімін тапқан маңызды мәселелердің қатарында салықтық болжау мен әкімшілендіруді жетілдіру, бюджет процестерін оңтайландыру, парламенттік бақылауды күшейту және тағы басқа бюджет заңнамасындағы реформалар бар.

✔️ Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есептілігі күшейтілді. Енді Үкіметтің жылдық есебінде Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау нәтижелері көрсетілуі керек.

✔️ Сонымен қатар мемлекеттік қаржы статистикасын жетілдіру көзделіп отыр. Онда Ұлттық қорды пайдалану, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы ақпарат қамтылады.

✔️ Болжауды, тәуекелдерді бағалауды, лимиттерді айқындауды, мониторингті және есептілікті қамтитын борыштық міндеттемелерді кешенді басқару институты енгізілді.

✔️ Бюджет процесіне қатысушылардың бюджет заңнамасын бұзғаны, бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз орындағаны және қаражатты қайта бөлудің негізділігі үшін жауаптылығы күшейтілді.

📌Жалпы Үкімет Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын орындау бағытындағы жұмысын арттырды. Өткен жылғы ұсынымдардың жартысына жуығы іске асырылды, жыл соңына дейін тағы бесеуі орындалады.

2024 жылы тәуекелдерге неғұрлым бейім негізгі бағыттар бойынша 30-дан астам ұсыным берілді. Атап-айтқанда:

– Қолданылған есептеу модельдері, факторлар мен болжамдарды көрсету арқылы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерін қалыптастырудың ашықтығын арттыру;

– Салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу. Тұжырымдамада салықтық және кедендік әкімшілендіруді толық цифрландыру, таңбалауға жататын тауар топтарын айқындау, жасырын кәсіпкерлік қызметті және кірістерді төмендетіп көрсетуді анықтау механизмдері қамтылуы тиіс;

– Қарыз алудың орындылығын негіздейтін деректерді ашып көрсету, сондай-ақ сыртқы қарыз есебінен қаржыландырылған әрбір жобаның ұзақ мерзімді перспективада борыштық тұрақтылыққа әсерін бағалау туралы талап енгізу;

– Бизнесті мемлекеттік ынталандыру және қолдау шараларының тиімділігін бағалау тәртібін айқындау;

– Қаржы жылы ішінде бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаларды алып тастау және бұрын жоспарланбаған жобаларды жаңадан қосу үшін қатаң критериилерді белгілеу;

– Салынған мемлекеттік инвестициялардың қайтарылымдығын арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілері дивидендтерінің мөлшерін айқындау тәсілдерін жетілдіру;

– Бірыңғай дерекқорға интеграциялау үшін Квазимемлекеттік компаниялар іске асыратын инвестициялық жобаларды цифрландыру;

– 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау кезінде бюджетаралық диспропорцияны азайту жөніндегі мәселені сапалы пысықтау.

Жоғары аудиторлық палата Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерге қол жеткізу үшін Парламент және Үкіметпен жүйелі әрі бірлескен жұмысты жалғастырады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары Парламентте талқыланды ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне Жоғары аудиторлық…
Рекомендации ВАП по повышению эффективности системы госфинансов обсуждены в Парламенте

На совместном заседании палат Парламента РК рассмотрены Заключение Высшей аудиторской палаты к Отчету Правительства об исполнении республиканского бюджета за 2024 год и новые рекомендации по повышению эффективности управления государственными финансами.

Высшая аудиторская палата подчеркивает, что повышение эффективности использования государственных средств и активов являетсяобщей задачей всех участников бюджетного процесса. В тесном сотрудничестве с депутатами, Правительством и ВАП уже достигнуты заметные результаты в этом направлении.

✔️ Так, с учетом рекомендаций ВАП была проведена реформа бюджетного законодательства, направленная на совершенствование налогового прогнозирования и администрирования,оптимизацию бюджетных процессов, усиление парламентского контроля и другие важные преобразования.

✔️ Укреплена подотчетность госорганов и организаций квазигоссектора. В ежегодном отчете Правительства теперь будет отражаться информация о выполнении рекомендаций ВАП.
Также предусмотрено формирование статистики по государственным финансам, включающей данные об использовании средств Национального фонда, реализации планов развития и мероприятий субъектов квазигоссектора.

✔️ Внедрен институт комплексного управления государственным долгом, включающий прогнозирование, оценку рисков, установление лимитов, мониторинг и отчетность.

✔️ Установлена ответственность участников бюджетного процесса за нарушения бюджетного законодательства, неэффективное исполнение программ, необоснованное перераспределение средств.

📌В целом Правительство пересмотрело подход к работе с рекомендациями ВАП, и теперь относится к ним более системно.
Почти 50% рекомендаций за прошлый год уже исполнены, еще 5 – в процессе реализации до конца текущего года.

В 2024 году по направлениям, наиболее подверженным рискам, подготовлено более 30 новых рекомендаций для дальнейшего совершенствования законодательства и госуправления.

В частности, ВАП рекомендовано:

– Повысить прозрачность прогноза социально-экономического развития с обязательным раскрытием используемых расчетных моделей, факторов и предположений;

– Разработать Концепцию налоговой политики, где будут предусмотрены: полная цифровизация налогового и таможенного администрирования,определение групп товаров для маркировки, механизмы выявления теневой предпринимательской деятельности и занижения доходов;

– Ввести требование по раскрытию данных, обосновывающих внешние заимствования, включая оценку влияния каждого проекта на устойчивость госдолга в долгосрочной перспективе;

– Определить порядок оценки эффективности господдержки и мер стимулирования бизнеса, с четкими критериями и методиками;

– Ужесточить критерии внесения новых бюджетных инвестпроектов в течение финансового года и исключения уже утвержденных;

– Совершенствовать подходы к расчету дивидендов квазигоссектора, чтобы повысить отдачу от государственных инвестиций;

– Оцифровать инвестпроекты квазигоскомпаний для их объединения в единую базу данных;

– Качественно проработать межбюджетные диспропорции при планировании трансфертов общего характера на 2026-2028 годы.

Высшая аудиторская палата продолжит развивать стратегический и риск-ориентированный подход в своей работе для качественного улучшения бюджетного процесса. ВАП нацелена на последовательную совместную работу с Парламентом и Правительством для достижения всех задач, поставленных Главой государства.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from QURYLTAI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың баяндамасы.

t.me/mazhilis_kz
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік қаржы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары Парламентте талқыланды ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебіне Жоғары аудиторлық…
2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруды жеделдету қажет – Жоғары аудиторлық палата

Жоғары аудиторлық палата 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру қарқынын жеделдету қажет деп санайды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутат сауалына жауабында айтты.

📌Кешенді жоспардың іске асырылуы Палатаның тұрақты бақылауында. 2025 жылдың басында жоспардың орындалуы 72% болды.

«637 нысанның 460-ы жекешелендірілді немесе таратылды. Бұл – республикалық, коммуналдық меншіктегі нысандар мен квазимемлекеттік сектор активтері», — деді Әлихан Смайылов.


2024 жылдың ішінде бәсекелестік ортаға жалпы құны 589 млрд теңге болатын 14 нысан өткізілді. Оның ішінде 517 млрд теңге «Қазақтелеком» АҚ-ның Tele2 мобильді операторы үлесін катарлық инвесторға сату есебінен түсті.

«Осы соманың 158 млрд теңгесі республикалық бюджетке дивидендтер түрінде аударылды. Бұдан бөлек, аталған мәміле бойынша 76 млрд теңге корпоративтік табыс салығы ретінде төленді. Бұл – сатылған активтің қайта бағалануы нәтижесінде түскен салық. Қалған қаражат шартқа сәйкес биыл және 2028 жылға дейін түседі», — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.


Әлихан Смайыловтың айтуынша, Кешенді жоспарды толық орындау үшін тағы 177 нысанды бәсекелестік ортаға беру қажет. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата бұл жұмысты жеделдету қажет деп есептейді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруды жеделдету қажет – Жоғары аудиторлық палата Жоғары аудиторлық палата 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру қарқынын жеделдету қажет деп санайды. Бұл…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Работу по исполнению Комплексного плана приватизации на 2021-2025 годы необходимо ускорить – ВАП

Высшая аудиторская палата считает необходимым ускорить темпы исполнения Комплексного плана приватизации на 2021-2025 годы. Об этом сообщил председатель ВАП Алихан Смаилов, отвечая на вопросы депутатов на совместном заседании палат Парламента РК.

📌Он отметил, что ВАП на постоянной основе осуществляет мониторинг реализации Комплексного плана. Так, на начало 2025 года он был исполнен на 72%.

«Всего было реализовано или ликвидировано 460 объектов из 637. Это объекты республиканской, коммунальной собственности и активы квазигосударственного сектора», — сказал Алихан Смаилов.

В течение 2024 года в конкурентную среду было передано 14 объектов на 589 млрд тенге. Из них 517 млрд тенге пришлись на продажу АО «Казахтелеком» мобильного оператора Tele2 катарскому инвестору.

«Из этой суммы 158 млрд тенге поступили в виде дивидендов в республиканский бюджет. Кроме того, по этой сделке еще 76 млрд тенге были уплачены в виде корпоративного подоходного налога в результате переоценки стоимости по продаваемому активу. Остальные суммы по этой сделке будут поступать в текущем и последующих годах до 2028 года в соответствии с договором», — отметил председатель ВАП.

По его словам, в связи с тем, что для полного исполнения Комплексного плана требуется передать в конкурентную среду еще 177 объектов, Высшая аудиторская палата считает необходимым ускорить эту работу.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Спортшыларды даярлауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыланды

Спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Оның қорытындылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасының отырысында қаралды.

Туризм және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда спортпен айналысатын халық саны тұрақты өсуде. 2021 жылдан 2024 жылға дейін 24% артып, 8,4 млн адамға жеткен (бұл халықтың 40%-дан астамы). Спортты дамытуға бағытталған шығындар да жыл сайын артып келеді. 2021 жылдан бері 153 млрд теңгеден 315 млрд теңгеге дейін екі есе өскен.

Мемлекеттік аудит жоғары жетістіктер спорты мен спорттық резервті даярлау саласындағы бірқатар проблема мен кемшілікті анықтады.

📌Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған 3 тұжырымдама, 4 мемлекеттік бағдарлама және 1 кешенді жоспар қабылданды. Алайда ауқымды нормативтік базаға қарамастан, жоғары жетістіктер спортын дамытуда әлі де жүйелі тәсіл жоқ. Мысалы, 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жоғары жетістіктер спортын дамытуға бағытталған іс-шаралар мүлде қарастырылмаған. 2025 жылға дейінгі тұжырымдамадағы көптеген міндет толық орындалмай, 2029 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамаға енгізілген.

📌Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету де кемшіліктер бар. Министрлік спорт саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбеген, ал кезеңдік жоспарларда спортшыларды даярлау мен медициналық-ғылыми сүйемелдеудің заманауи тәсілдері ескерілмейді. Спорттың басым түрлерінің тізімін қалыптастыруда да бұзушылықтар анықталды. Бұл шешімдер кешенді талдау жүргізілмей қабылданған және көбіне спорт федерацияларының мүддесіне тәуелді болып келді. Нәтижесінде спорт түрінің әлеуеті, жетістіктері мен материалдық-техникалық базасы ескерілмей қаражат бөлінген. Мәселен, кейбір олимпиадалық емес спорт түрлеріне осыған ұқсас олимпиадалық спорт түрлеріне қарағанда көбірек қаражат бөлінген.

📌Аудит 6 жазғы олимпиадалық спорт түрі бойынша кешенді мақсатты бағдарламалар бекітілмегенін анықтады. Сонымен қатар 46 жазғы олимпиадалық спорт түрінің 19-ы бойынша спорт ұйымдарында спортшыларды даярлау бағдарламалары жоқ. Олардың ішінде 5 спорт түрі бойынша дайындықтың әлсіздігі мен бәсекелестіктің төмен болуына байланысты спортшылар олимпиадалық іріктеу турнирлеріне мүлде қатыспай, Олимпиадаға лицензия бермейтін өзге халықаралық жарыстарға ғана қатысқан. Соған қарамастан 2022-2024 жылдар аралығында осы спорт түрлеріне спортшыларды даярлауға бюджеттен шамамен 2 млрд теңге жұмсалған.

📌Олимпиадалық спорт түрлері бойынша білікті жаттықтырушылар тапшылығы бар. Ал олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша штаттар артығымен жасақталған, өйткені бұл бағыттарда медаль алу мүмкіндігі жоғары және оған сәйкес бонустар да қарастырылған.

📌Медаль санының артуына қарамастан, спортқа жұмсалатын қаражаттың тиімділігі төмендеуде. 2022-2024 жылдар аралығында шамамен 4 млрд теңге жұмсалғанымен, 11 спорт түрі бойынша бірде-бір медаль жоқ. Спорттық резервті даярлау жүйесі әлі де тиімді емес. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау процесі ашық емес, спортшылар мен жаттықтырушылардың бірыңғай цифрлық есебі жүргізілмейді, медициналық сүйемелдеу ескірген әрі барлық спортшыны толық қамтымайды.

📌2021-2024 жылдары «Спортты дамыту дирекциясы» әкімшілік персоналына сыйақы төлеуге 3,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кейбір жағдайларда төлем сомалары жалақы қорынан асып кеткен, ал бір қызметкерге жылдық орташа сыйақы 7,7 млн теңгені құраған. Сонымен қатар спортшыларды даярлауға қатысы жоқ қызметкерлерге де оқу-жаттығу процесінің сапасына байланысты қосымша ақы төленген.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы 17 млрд теңгеге жуық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

🔵348 млн теңге қаржылық бұзушылықтар,
🔵2,8 млрд теңге тиімсіз жоспарланған,
🔵13,7 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

🔵56 жүйелі кемшілік пен 270 рәсімдік бұзушылық тіркелді.

🔵157 аудит материалы әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жауапты органдарға жолданды.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM