GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
Абай облысында ауданаралық автобус қатынастарын субсидиялау басталды

Абай облысында әлеуметтік маңызы бар ауданаралық автобус қатынастарын субсидиялау қолға алынды. Тиісті шаралар мемлекеттік аудиттен кейін Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша қабылданды.

📌Өткен жылдың мамыр айында Жоғары аудиторлық палата өңірдегі бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген аудитті аяқтады. Нәтижесінде, маслихатпен ресми бекітілгеніне қарамастан, ауданаралық автобус маршруттары бойынша тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға қаражат бөлінбегені анықталды.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата Абай облысының әкіміне жолаушыларды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық маршруттарды субсидиялау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

✔️Нәтижесінде 2025 жылға арналған үш жылдық өңірлік бюджетті бекіту кезінде осы мақсатта 162 млн теңге бөлінді. Тасымалдаушылармен субсидиялау туралы тиісті шарттар жасалды. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген өзге де ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Абай облысында ауданаралық автобус қатынастарын субсидиялау басталды Абай облысында әлеуметтік маңызы бар ауданаралық автобус қатынастарын субсидиялау қолға алынды. Тиісті шаралар мемлекеттік аудиттен кейін Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша қабылданды.…
Субсидировать межрайонные автобусные перевозки начали в области Абай после аудита ВАП

В области Абай начали субсидировать социально значимые межрайонные автобусные перевозки. Необходимые меры приняты по поручению Высшей аудиторской палаты на основании итогов проведенного государственного аудита.

📌В мае прошлого года ВАП проверила эффективность использования бюджетных средств в регионе. Было установлено, что средства на субсидирование убытков перевозчиков по межрайонным автобусным маршрутам не выделялись, несмотря на то что они были официально утверждены маслихатом.

В этой связи ВАП поручила акиму области Абай рассмотреть возможность субсидирования межрайонных маршрутов для обеспечения бесперебойной перевозки пассажиров.

✔️ В результате в рамках утверждения трехлетного регионального бюджета на 2025 год на данные цели было выделено 162 млн тенге. С перевозчиками заключены соответствующие договоры о субсидировании. В настоящее время движение транспорта осуществляется в штатном режиме.

Работа по исполнению других рекомендаций и поручений по итогам проведенного госаудита находится на контроле ВАП.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❓Аудит дегеніміз не? Қандай міндеттерді шешеді және қалай жүзеге асады?

✅ Көпшілікке бұл сала күрделі әрі түсініксіз көрінуі мүмкін. Сол себепті осы саладағы маңызды мәселелерге шолу жасайтын «Мемлекеттік аудит. Қадам-қадаммен» айдарын ұсынамыз.

Жыл соңына дейін әр апта сайын мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласын қарапайым әрі түсінікті тілде баяндаймыз.

Әр жазбада нақты бір тақырып талданады: аудит негіздері мен мақсаттарынан бастап, оның қалай жұмыс істейтіні және ел экономикасының дамуында неліктен маңызды рөл атқаратынына дейін қамтимыз.

Алғашқы шығарылымда «Мемлекеттік аудит дегеніміз не?» деген сұраққа қарапайым әрі түсінікті анықтама береміз.

Қысқаша айтсақ, бұл – ұлттық ресурстардың қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанын тексеру.
Аудит – елдің активтерін басқаруда ашықтықты, адалдықты және тиімділікті қамтамасыз етуге көмектесетін жүйе.

Аудиторлар мынаны басты назарға алады:

🔵бюджет қаражаты қайда жұмсалды;

🔵мемлекет активтері қалай басқарылады;

🔵бюджетпен байланысты қарыздар мен гранттардың жағдайы қандай.

Аудит жүйелі, түсінікті әрі ашық болуы үшін арнайы стандарттар әзірленген.

Стандарттардың екі түрі бар:

1️⃣ Жалпы. Олар халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, аудиторлардың жұмысының негізгі қағидаттарын айқындайды және Қазақстан Республикасы Президентімен бекітіледі.

2️⃣ Процедуралық. Онда аудиттің қалай жүргізілуі тиіс екеніне (процедуралар, механизмдер мен әдістер) қойылатын талаптар сипатталады.

Өз кезегінде ережелер аудиторлардың жұмыс қадамдарының ретін анықтайды.

Мемлекеттік аудит жүргізу – күрделі процесс. Бірақ оның мақсаты қарапайым: әрбір теңгенің ел игілігі үшін жұмыс істеуі, ал қаржыны басқарудың ашық болуы.

Келесі жазбаларда біз қадам-қадаммен мемлекеттік аудиттің маңызын талдайтын боламыз.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
❓Аудит дегеніміз не? Қандай міндеттерді шешеді және қалай жүзеге асады? ✅ Көпшілікке бұл сала күрделі әрі түсініксіз көрінуі мүмкін. Сол себепті осы саладағы маңызды мәселелерге шолу жасайтын «Мемлекеттік аудит. Қадам-қадаммен» айдарын ұсынамыз. Жыл соңына…
❓Что такое аудит? Из каких элементов он состоит? Какие задачи решает, как осуществляетсяи как развивается?

✅ Многим эта сфера кажется сложной и запутанной, но разобраться в ней поможет новая рубрика «Госаудит по полочкам».

Еженедельно до конца года мы будем простыми и понятными словами рассказывать о мире государственного аудита и финансового контроля в Казахстане.

Каждый пост будет посвящен разбору конкретной отдельной темы: от основ и целей аудита до того, как он реально работает и почему играет важную роль в жизни страны.

Уже в первом выпуске мы дадим ясное и доступное определение тому, что же такое государственный аудит?

Если коротко, то это проверка того, насколько эффективно используются национальные ресурсы. Аудит является живой системой, которая помогает обеспечивать прозрачность, честность и эффективность в управлении активами страны.

Аудиторы смотрят:

🔵куда пошли бюджетные средства;

🔵как управляют государственными активами;

🔵что происходит с займами и грантами, которые связаны с бюджетом.

📄 Чтобы аудит был не хаотичным, а понятным и справедливым, для него разработаны стандарты.
Всего есть два вида стандартов.

1️⃣ Общие. Они созданы на основе международного опыта, задают основные принципы работы аудиторов и утверждаются Президентом РК.

2️⃣ Процедурные. Они описывают требования, как именно должен проводиться аудит (процедуры, механизмы и методы).

В свою очередь, правила определяют пошаговый порядок рабочих действий аудиторов.

Проведение государственного аудита является сложным процессом, но цель его проста – следить, чтобы бюджетные средства работали на благо каждого из нас, а управление деньгами было прозрачным.

В следующих постах мы продолжим раскладывать все по полочкам и покажем, почему аудит так важен.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палатада ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды
 
📌Мемлекеттік аудиторлар ғылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылатынын тексерді. Аудит нәтижелері ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында қаралды.

Талқылауға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, министрліктің жауапты лауазымды адамдары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жүргізілген аудит одан әрі жетілдіруді талап ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында стратегиялық жоспарлау, негізгі институттардың қызметі және саланы нормативтік реттеу бар.

1️⃣ Мәселен, ғылымды қаржыландыру көлемінің 219 млрд теңгеге дейін өсуіне қарамастан, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалатын шығындардың үлесі төмен. Аудиторлар қолданбалы ғылыми әзірлемелер енгізуді жандандырып, оларды экономиканың нақты секторының сұраныстарына бейімдеу қажеттігіне де назар аударды.

2️⃣ Бағдарламалық құжаттарда белгіленген ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары Ғылым және жоғары білім министрлігінің даму жоспарында толық көрініс таппаған. Ғылым комитеті мен салалық мемлекеттік органдар арасында тиісті өзара іс-қимылдың жоқ екені де байқалады, бұл ғылыми әзірлемелерді сапалы енгізуде тәуекелдер туындатады.

3️⃣ Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК) жұмысында қосымша назар аударуды қажет ететін факторлар анықталды. Кеңестердің жекелеген мүшелері бір мезгілде бірнеше қаржыландырылатын жобаға қатысқаны анықталды, бұл мүдделер қақтығысы тәуекелін туындатады және реттеу рәсімдерін одан әрі жетілдіруді талап етеді.

«Сонымен бірге ғылыми кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларды есепке алмай қабылдаған шешімдері үшін, бұзушылықтары бар жобаларды мақұлдағаны үшін, сондай-ақ өздері бұрын мақұлдаған жобаларды қаржыландыруды тоқтатқаны үшін жауапкершілігі белгіленбеген», — деп атап өтті аудиторлар.


4️⃣ Ғылыми конкурстарды айтарлықтай кешіктіріп жариялау, кейбір жағдайларда 500 күннен артық кешіктіру фактілері тіркелді. Ғылыми-техникалық сараптама рәсімдерінің мерзімдері сақталмайды.

5️⃣ Қаражаттың пайдаланылуын және нәтижелерге қол жеткізілуін бақылауды қамтамасыз етуге арналған ғылыми жобалардың мониторингі айтарлықтай нәтиже бермейді. Ескертулер, пысықтау бойынша ұсынымдар немесе жекелеген кемшіліктері болса да, жобалар одан әрі қаржыландырылып отырған.

6️⃣ Ғылым қорын коммерцияландыру жобаларын іске асыруда да кемшіліктер бар. Аяқталған 42 жоба жоспарлы сату көлеміне жетпеген, ал 8 жоба бойынша мүлде өнім шығарылмаған.

7️⃣ Жетекші жоғары оқу орындарының жанынан инжинирингтік орталықтар мен технопарктер ашуда қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және сатып алу құнын арттыру фактілері анықталды.

🔵Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 1,7 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

🔵24,2 млрд теңге тиімсіз жоспарланған, 42,5 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

🔵Анықталған бұзушылықтардың жекелеген фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Барлық анықталған бұзушылықтар мен жүйелі кемшіліктерді жою үшін Үкіметке, Ғылым және жоғары білім министрлігіне және басқа да бейінді мекемелерге тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
ВАП подвела итоги госаудита в сфере развития науки

📌Государственные аудиторы проверили, насколько эффективно используются бюджетные средства, выделенные на развитие науки. Результаты соответствующего аудита рассмотрены на заседании в ВАП РК.

В обсуждении приняли участие министр науки и высшего образования Саясат Нурбек, ответственные должностные лица министерства, руководители подведомственных организаций и представители других заинтересованных госорганов.

Аудит ВАП позволил выявить направления, требующие дальнейшего совершенствования. В их числе стратегическое планирование, деятельность ключевых институтов и нормативное регулирование отрасли.

1️⃣ Так, несмотря на рост общего объема финансирования науки до 219 млрд тенге, доля затрат на научные исследования и опытно-конструкторские работы (НИОКР) все еще может быть выше текущих показателей. Аудиторы также обратили внимание на необходимость активизации прикладного внедрения научных разработок и адаптации их под запросы реального сектора экономики.

2️⃣ Ключевые цели госполитики в сфере науки, заложенные в программных документах, не получили полного отражения в плане развития МНВО. Также отмечается отсутствие надлежащего взаимодействия между Комитетом науки и отраслевыми госорганами, что создает риски для качественного внедрения научных разработок.

3️⃣ В работе национальных научных советов (ННС) выявлены факторы, требующие дополнительного внимания. Зафиксированы случаи, когда отдельные члены советов одновременно участвовали в нескольких финансируемых проектах, что создает риск пересечения интересов и требует дальнейшего совершенствования процедур регулирования.

«В то же время не установлена ответственность членов научных советов за решения, принятые без учета экспертных заключений, за одобрение проектов с нарушениями, а также за прекращение финансирования ранее ими же одобренных проектов», — отмечают аудиторы.


4️⃣ Зафиксированы факты объявления научных конкурсов со значительным опозданием, в отдельных случаях более чем на 500 дней. Процедуры научно-технической экспертизы также зачастую сопровождаются многочисленными нарушениями сроков.

5️⃣ Мониторинг научных проектов, призванный обеспечивать контроль за использованием средств и достижением результатов, осуществлялся без достаточной результативности. Проекты, где были замечания, рекомендации по доработке или отдельные отклонения, все равно одобрили к дальнейшему финансированию.

6️⃣ Проекты коммерциализации Фонда науки также реализованы с недостатками. 42 завершенных проекта не достигли плановых объемов продаж, а по 8 проектам продукция не выпускалась вовсе.

7️⃣ В рамках создания инжиниринговых центров и технопарков при ведущих вузах выявлены факты нецелевого использования средств и завышения стоимости закупок.

🔵Всего по итогам госаудита выявлено финансовых нарушений на сумму 1,7 млрд тенге.

🔵Неэффективное планирование средств оценивается в 24,2 млрд тенге, неэффективное использование – в 42,5 млрд тенге.

🔵По отдельным фактам выявленных нарушений материалы будут направлены в правоохранительные органы.

Для устранения всех выявленных нарушений и системных недостатков в Правительство, Министерство науки и высшего образования и другие профильные учреждения направлены соответствующие рекомендации и поручения.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

🟦Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиын өтті.

🟦Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

🟦Ұлттық экономиканың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамалар жасалды.

🟦Талқылау барысында Мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызы зор екенін атап өтті.

🟦Президент бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, барлық әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға, сонымен қатар қаражатты мақсатқа сай бөлуге және игеруге баса назар аудару қажет деп санайды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства провел совещание по вопросам бюджетного планирования

🟦В Акорде под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось совещание по вопросам национальной экономики и бюджетного планирования.

🟦В совещании приняли участие Премьер-министр Олжас Бектенов, руководитель Администрации Президента Айбек Дадебай, председатель Национального банка Тимур Сулейменов, председатель Высшей аудиторской палаты Алихан Смаилов, заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин и другие должностные лица.

🟦Были заслушаны доклады о текущей ситуации и перспективах развития национальной экономики, а также о параметрах республиканского бюджета на 2026-2028 годы.

🟦В ходе обсуждения Глава государства отметил важность качественного планирования и распределения финансовых средств на республиканском и местном уровнях.

🟦Как подчеркнул Президент, нужно обратить особое внимание на обеспечение сбалансированности бюджета, финансирование всех социальных обязательств и долгосрочных планов регионов, а также целевое назначение и использование выделенных средств.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жер кодексіндегі қайшылық Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жойылды

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымы негізінде Үкімет Жер кодексіндегі қайшылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады.

📌 Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата жер ресурстарын басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Тексеру барысында олардың пайдаланылуы, қорғалуы, сондай-ақ геодезия және картография мәселелері қаралды. Нәтижесінде Жер кодексінде мынадай қайшылық анықталды:

– 14-1-бапта жергілікті атқарушы органдарға ЖЭК нысандарын, индустриялық-инновациялық жобаларды және басым инвестжобаларды салуға жер беру жөнінде ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау өкілеттігі берілген;

– ал 16-бапта бұл өкілеттік олардың құзыретінен алып тасталған.

Осы қайшылықты жою үшін Жоғары аудиторлық палата Үкіметке заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді ұсынды.

✔️ Соның нәтижесінде 2025 жылғы 17 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды, ұлттық жобаларды дамыту, кәсіпкерлік және мемлекеттік органдардың функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Жер кодексінің 14-1-бабынан облыстық әкімдіктердің ЖЭК нысандары, индустриялық-инновациялық және басым инвестжобаларға жер бөлу жөнінде ұсыныстар мен шешімдер жобаларын дайындау өкілеттігі (Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес) алынып тасталды.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жер кодексіндегі қайшылық Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жойылды Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымы негізінде Үкімет Жер кодексіндегі қайшылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады. 📌 Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата…
Противоречие в Земельном кодексе РК исключено по рекомендации ВАП

По рекомендации Высшей аудиторской палаты РК Правительством приняты меры по исключению противоречий в Земельном кодексе.

📌Ранее ВАП был проведен государственный аудит эффективности управления земельными ресурсами: их использования, охраны, а также вопросов геодезии и картографии.
В ходе проверки было выявлено противоречие в Земельном кодексе:

– статья 14-1 наделяла местные исполнительные органы полномочиями по подготовке предложений и проектов решений о предоставлении земель для строительства объектов ВИЭ, индустриальноинновационных проектов и приоритетных инвестпроектов;

– статья 16 эти полномочия у них исключала.

Чтобы устранить противоречие, ВАП рекомендовала Правительству внести соответствующие изменения в законодательство.

✔️ В результате 17 июля 2025 года был принят закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам развития столицы и городов республиканского значения, национальных проектов, предпринимательства и оптимизации функций государственных органов».

Из статьи 14-1 Земельного кодекса исключены полномочия областных акиматов по подготовке предложений и проектов решений о выделении земель для объектов ВИЭ, индустриально-инновационных и приоритетных инвестпроектов (в соответствии с Предпринимательским кодексом).

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👆Жоғары аудиторлық палата Aitu-да!

👆ВАП в Aitu!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
❓Аудит дегеніміз не? Қандай міндеттерді шешеді және қалай жүзеге асады? ✅ Көпшілікке бұл сала күрделі әрі түсініксіз көрінуі мүмкін. Сол себепті осы саладағы маңызды мәселелерге шолу жасайтын «Мемлекеттік аудит. Қадам-қадаммен» айдарын ұсынамыз. Жыл соңына…
Қаржылық бақылау дегеніміз не және ол не үшін қажет❓

Қаржылық бақылау мемлекет қаржысының «ревизоры» деуге болады. Оның басты міндеті – заң бұзушылықтарды анықтап, оларды жою, бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ету.

📌Бақылауды арнайы мемлекеттік органдар жүргізеді. Олардың ішіндегі ең негізгісі – Жоғары аудиторлық палата. Егер аудиторлар қандай да бір мәселені анықтаса, оны міндетті түрде шешу қажет: ақшаны бюджетке қайтару, уәде етілген жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда Жоғары аудиторлық палата қандай шара қолданады:

– мәселені шешу және кінәлі қызметкерлерді жауапқа тарту үшін міндетті түрде орындалуы тиіс нұсқама береді;

– өз құзыреті шегінде әкімшілік іс қозғайды;

– құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда материалдарды басқа органдарға жібереді;

– нұсқама орындалмаса, қылмыстық іске дейін жетуі мүмкін;

– ақшаны қайтару немесе міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сотқа шағым береді.

Қандай бұзушылықтар кездеседі:

1️⃣ Қаржылық – бюджет қаражаты немесе мемлекеттік активтер негізсіз жұмсалған жағдайлар;

2️⃣ Процедуралық – жұмыс тәртібі бұзылғанымен, бюджетке тікелей шығын келмейтін жағдайлар.

Барлық бұзушылық бірыңғай тізім бойынша жіктеледі, осылайша олардың әрқайсысының қай санатқа жататыны белгілі болады. Ең бастысы – заңсыз жұмсалған қаражат міндетті түрде бюджетке қайтарылуы тиіс, ал заң бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қаржылық бақылау дегеніміз не және ол не үшін қажет❓ Қаржылық бақылау мемлекет қаржысының «ревизоры» деуге болады. Оның басты міндеті – заң бұзушылықтарды анықтап, оларды жою, бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ету. 📌Бақылауды арнайы мемлекеттік…
Что такое финансовый контроль и зачем он нужен❓

Финансовый контроль является своего рода «ревизором» государственных денег. Его главная задача находить и устранять нарушения, чтобы бюджет использовался строго по назначению.

📌Контроль проводят специальные государственные органы, главным из которых является Высшая аудиторская палата. Если аудиторы находят проблему, ее обязательно нужно решить: вернуть деньги в бюджет, выполнить обещанные работы, поставить товары или оказать услуги.

Как реагируют на нарушения:

– выдают обязательное к исполнению предписание, чтобы устранить проблему и привлечь к ответственности виновных лиц;

– возбуждают административное дело (в пределах компетенции);

– передают материалы в другие органы, если есть признаки правонарушения;

– могут дойти до уголовного дела, если предписание не выполняется;

– подают иск в суд, чтобы вернуть деньги или добиться выполнения обязательств.

Какие бывают нарушения:

1️⃣ Финансовые, когда бюджетные средства или госактивы тратятся необоснованно;

2️⃣ Процедурные, когда порядок работы нарушен, но прямых потерь для бюджета нет.

Все нарушения классифицируются по единому списку, чтобы было понятно, что и куда относится. Но самое главное – все, что потрачено незаконно, должно быть возвращено в бюджет, а нарушители должны понести ответственность.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM