GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша «Бәйтерек» холдингінің 2033 жылға дейінгі даму жоспарына өзгерістер енгізілді Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның 2024-2033 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер…
План развития холдинга «Байтерек» до 2033 года скорректирован по рекомендации ВАП

По рекомендации Высшей аудиторской палаты в План развития АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» на 2024-2033 годы были внесены корректировки. Изменения направлены на повышение эффективности управления долгом холдинга и его финансовой устойчивости.

📌В текущем году ВАП провела госаудит в «Байтереке» и его дочерних компаниях. По итогам проверки Правительству РК было рекомендовано пересмотреть и скорректировать План развития холдинга на 2024-2033 годы.

Так, в него предлагалось включить:
🔵основные положения долговой политики;
🔵сценарии долговой устойчивости с установлением «предупредительных» показателей долговой нагрузки;
🔵показатель «Доля негосударственных источников заимствования» с учетом накопленных обязательств, чтобы снизить зависимость «Байтерека» от госсредств.

✔️ В результате эти изменения были внесены в План развития. Для этого Правительство РК приняло новое постановление, скорректировав предыдущее от 25 декабря 2023 года.

Данные поправки позволят холдингу более эффективно управлять долгом, заранее отслеживать риски чрезмерной долговой нагрузки и принимать меры до возникновения проблем.

Закрепление доли заимствований из негосударственных источников снизит зависимость от государственного финансирования и повысит устойчивость компании в долгосрочной перспективе.

В итоге все это создаст более прозрачную и сбалансированную долговую политику, что положительно скажется как на самом холдинге, так и на финансовой системе республики в целом.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️Өңірлердің бюджеттерін тексеру туралы ақпаратқа қатысты
 
БАҚ-та 2025 жылдың бірінші жартысында өңірлердің бюджеттеріне аудиторлық іс-шара жүргізу туралы материалдың жариялануына байланысты Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі мынадай түсініктеме беруді қажет деп санайды.
 
1. Өңірлік тексеру комиссиялары 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта жүргізген тексерулер барысында 298,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықтады. Ал тіркелген бұзушылықтардың жалпы сомасына 472 млрд теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау және 198,9 млрд теңгеге тиімсіз пайдалану да кіреді.

📌Яғни өңірлерде «триллион теңгеге жуық» қаржылық бұзушылықтардың анықталғаны туралы тұжырым дұрыс емес.

Қаржылық бұзушылықтар – бұл қаражатты негізсіз пайдалануға қатысты фактілерді қамтитын жеке әрі дербес бұзушылықтар санаты.

2. Тексеру комиссиялары 2025 жылғы 6 ай ішінде анықтаған бұзушылықтардың нақты сомасы 962,2 млрд теңге емес,
969,2 млрд теңгені құрайды.

3. Жарияланған материалда 2025 жылғы 6 ай ішіндегі деректер 2024 жылдың 9 айындағы деректермен салыстырылған. Бұл өңірлердегі қаржылық тәртіп деңгейі туралы қате бағалаулар мен тұжырымдарға әкеледі.

📌Нақты динамиканы көру үшін бірдей кезең аралығын салыстырған жөн.

2024 жылдың алғашқы 6 айында қаржылық бұзушылықтардың сомасы 561,6 млрд теңгені, тиімсіз жоспарлау 434,9 млрд теңгені, ал тиімсіз пайдалану 397,2 млрд теңгені құрады.

Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтардың сомасы 1 111 млрд теңге болды. 834,8 млрд теңге тиімсіз жоспарланған, тиімсіз пайдалану – 654,8 млрд.

📌Демек 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қаржылық бұзушылықтардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе төмендегені байқалады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
❗️Өңірлердің бюджеттерін тексеру туралы ақпаратқа қатысты   БАҚ-та 2025 жылдың бірінші жартысында өңірлердің бюджеттеріне аудиторлық іс-шара жүргізу туралы материалдың жариялануына байланысты Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі мынадай түсініктеме…
❗️Касательно информации о проверках бюджетов регионов РК

В связи с публикацией в СМИ материала об аудиторских проверках бюджетов регионов Казахстана за 1-ю половину 2025 года пресс-служба ВАП считает необходимым прокомментировать следующее.

1. Проверки, которые провели региональные ревизионные комиссии в первом полугодии 2025 года, выявили финансовые нарушения на 298,3 млрд тенге. При этом в общую сумму зафиксированных нарушений также входят: неэффективное планирование средств на 472 млрд тенге и неэффективное использование – на 198,9 млрд тенге.

📌Таким образом, формулировка о выявлении в регионах финансовых нарушений «почти на триллион тенге» является некорректной.

Финансовые нарушения – это отдельная и самостоятельная категория нарушений, куда относятся факты необоснованного использования средств.

2. Точная сумма нарушений, выявленных ревизионными комиссиями за 6 месяцев 2025 года, составляет 969,2 млрд тенге, а не 962,2 млрд тенге.

3. В опубликованном материале данные за 6 месяцев 2025 года сравниваются с данными за 9 месяцев 2024 года. Это приводит к неверным оценкам и выводам об уровне финансовой дисциплины в регионах.

📌Чтобы увидеть реальную динамику, целесообразно сравнивать идентичные временные периоды.

Так, за 6 месяцев 2024 года сумма финансовых нарушений составила 561,6 млрд тенге, неэффективное планирование – 434,9 млрд тенге, неэффективное использование – 397,2 млрд тенге.

Всего за 2024 год общая сумма финансовых нарушений составила 1 111 млрд тенге, неэффективное планирование – 834,8 млрд тенге, неэффективное использование – 654,8 млрд тенге.

📌Таким образом, за первое полугодие 2025 года отмечается снижение объема финансовых нарушений к аналогичному периоду прошлого года в 1,8 раз.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау қорытындылары шығарылды

Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың кезекті кезеңін аяқтады. Үшінші тоқсанда 40 маман біліктілік сынақтарынан өтті.

Сертификаттау екі кезеңнен тұрады.

1️⃣ Алдымен кандидаттар Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығында емтихан тапсырады. Мұнда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша білім ғана емес, сонымен қатар аудит қағидаттарын (сәйкестік, тиімділік және т.б.) түсіну деңгейі де тексеріледі.

2️⃣ Кейін үміткерлер Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар кәсіби даярлығын, жауапты шешім қабылдау және мамандықтың этикалық қағидаттарын ұстану қабілетін көрсетуі тиіс.

✔️ Нәтижесінде 15 адамға мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді.

❌ Ал 25 қатысушыға объективті себептерге байланысты біліктілік берілмеді.

Жоғары аудиторлық палата кандидаттарды іріктеу сапасына ерекше мән береді. Сертификаттау қатаң әрі ашық түрде өтеді, себебі аудиторлардың кәсібилігі мемлекеттік аудит жүйесінің сенімділігіне тікелей әсер етеді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау қорытындылары шығарылды Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудиторларды сертификаттаудың кезекті кезеңін аяқтады. Үшінші тоқсанда 40 маман біліктілік сынақтарынан өтті. Сертификаттау екі кезеңнен тұрады. 1️⃣ Алдымен…
Итоги очередной сертификации госаудиторов подведены в ВАП

Высшая аудиторская палата завершила очередной этап сертификации государственных аудиторов. За третий квартал квалификационные испытания прошли 40 специалистов.

Сертификация включает два этапа.

1️⃣ Сначала кандидаты сдают экзамен в Центре исследований, анализа и оценки эффективности. Здесь проверяют не только знание бухгалтерского учета и финансовой отчетности, но и понимание принципов аудита (соответствия, эффективности и др. видов).

2️⃣ Затем претенденты проходят собеседование в Национальной комиссии. Здесь участникам необходимо показать профессиональную подготовку, умение рассуждать, принимать ответственные решения и следовать этическим принципам профессии.

✔️ По итогам звание государственного аудитора получили 15 человек.

❌Еще 25 участникам по объективным причинам было отказано в присвоении квалификации.

Высшая аудиторская палата уделяет большое внимание качеству отбора кандидатов. Сертификация проходит строго и прозрачно, ведь от профессионализма аудиторов напрямую зависит надежность всей системы госаудита.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Салықтық әкімшілендіруді автоматтандыру бойынша жаңа цифрлық шешімдер енгізілуде
 
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізуде. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жүргізіліп жатыр.

📌Салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде бірқатар тапсырма берілген.

Сол талаптардың бірі – салық төлеушілерге қатысты банкроттық немесе оңалту шараларының басталғаны туралы деректердің уақытылы берілуін қамтамасыз ету. Бұрын салық органдарының қызметкерлері мұндай мәліметтерді Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйеге (ИСАЖ) қолмен енгізетін, одан әрі ақпарат бірнеше аралық жүйе арқылы өңделетін. Бұл көп уақытты талап етіп, қателердің туындау тәуекелін арттыратын.

✔️ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау аясында бұл процестер жаңа Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесіне (ИСӘЖ) ауыстырылды. Бұл жүйе 7 ескі жүйенің (ИСАЖ, ОБЖШ, Акциз, СЕӨЖ, ТМК, Портал, ИШ) функцияларын біріктіреді және онлайн-режимде жұмыс істейді. Атап айтқанда, банкроттық және оңалту туралы ақпарат енді «Салық төлеушілер мен бақылау-кассалық машиналарды тіркеу» модулінде автоматты түрде жаңартылып, бірден «Жеке шоттар» модуліне беріледі. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес өсімпұл есептеуді жедел түрде тоқтатуға мүмкіндік береді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Салықтық әкімшілендіруді автоматтандыру бойынша жаңа цифрлық шешімдер енгізілуде   ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру үшін жаңа цифрлық шешімдер енгізуде. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның…
Новые цифровые решения для автоматизации налогового администрирования внедряются в Казахстане

Комитет государственных доходов Министерства финансов РК внедряет новые цифровые решения для автоматизации процессов налогового администрирования. Данная работа проводится с учетом рекомендаций Высшей аудиторской палаты.

📌Ранее состоялся государственный аудит эффективности налогового и таможенного администрирования. По его итогам уполномоченным госорганам был дан ряд поручений по устранению выявленных недостатков и недоработок.

Одним из требований стало обеспечение своевременной передачи данных о начале дел по банкротству или реабилитации налогоплательщиков. Ранее такие сведения сотрудники налоговых органов вносили вручную в Интегрированную налоговую информационную систему (ИНИС), после чего информация проходила через несколько промежуточных систем, что занимало время и увеличивало риск ошибок.

✔️ В результате во исполнение поручения ВАП эти процессы были переведены в новую Интегрированную систему налогового администрирования (ИСНА). Она объединяет функции 7 старых систем (ИНИС, ЦУЛС, Акциз, СОНО, КНП, Портал, ИШ) и работает в онлайн-режиме. В частности, информация о банкротстве и реабилитации теперь автоматически обновляется в модуле «Регистрация налогоплательщиков и ККМ» и сразу передается в модуль «Лицевые счета». Это позволяет оперативно приостанавливать начисление пени в соответствии с действующим законодательством.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге арналған электрондық рұқсаттың жаңа формасы енгізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге арналған электрондық рұқсат формасын жаңартты. Жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

📌Жоғары аудиторлық палата биыл Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізіп, азаматтар мен мекемелердің дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін тексерген еді.

Аудит қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуге арналған электрондық рұқсат формасын қолданыстағы әкелу және осындай рұқсаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкестендіру тапсырылды.

✔️ Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен көрсетілген Қағидаларға тиісті өзгерістер енгізілді. Енді тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге арналған электрондық рұқсат формасы көзделген.

✔️ 27 қыркүйекте «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» жаңартылған мемлекеттік қызметі енгізілді.

✔️ Еlicense.kz порталында шығыс құжаттың формасы жаңартылды.

Электрондық рұқсаттың жаңа формасын енгізу дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қозғалысын дәлірек бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік реттеудің тиімділігін және қазақстандықтар үшін қажет препараттардың қолжетімділігін арттырады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге арналған электрондық рұқсаттың жаңа формасы енгізілді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге арналған электрондық рұқсат формасын жаңартты. Жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша…
Новую форму электронного разрешения на ввоз незарегистрированных лекарств внедрили в РК после госаудита

Министерство здравоохранения РК обновило форму электронного разрешения на ввоз незарегистрированных лекарств. Необходимая работа проведена по предписанию Высшей аудиторской палаты.

📌Ранее состоялся государственный аудит деятельности Минздрава и его подведомственных организаций. Сотрудники ВАП проверяли, как граждане и учреждения обеспечиваются лекарствами и медизделиями.

По итогам Минздраву совместно с Минцифры было поручено привести форму электронного разрешения на ввоз незарегистрированных лекарственных средств в соответствие с действующими Правилами ввоза и оказания госуслуги по выдаче таких разрешений.

✔️ В результате приказом министра здравоохранения в указанные Правила внесены необходимые изменения. Теперь в них предусмотрена форма электронного разрешительного документа на ввоз незарегистрированных лекарств.

✔️ 27 сентября внедрена обновленная госуслуга «Выдача согласования и (или) заключения (разрешительного документа) на ввоз (вывоз) зарегистрированных и незарегистрированных в Республике Казахстан лекарственных средств и медицинских изделий».

✔️ На портале elicense.kz обновлена форма выходного документа.

Внедрение новой формы электронного разрешения обеспечит более точный контроль за движением лекарств и медизделий, что, в свою очередь, повысит эффективность госрегулирования и доступность необходимых препаратов для казахстанцев.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік аудиттен кейін жаңа қазынашылық механизмі енгізілді

Жоғары аудиторлық палата өткен жылы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің қызмет тиімділігіне аудит жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша Үкіметке республикалық бюджет шотында қаражат тапшылығы болжанған жағдайда жергілікті бюджеттердің шоттарындағы уақытша бос қаражатты тарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

✔️ Нәтижесінде тиісті норма биыл көктемде Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Бюджет кодексінде бекітілді.

Қаржы министрінің бұйрығымен қаражат тартудың нақты механизмі 2025 қаржы жылына арналған бюджетті орындау және оның кассалық қызмет көрсету қағидаларында бекітілді.

📌 Бұл жаңашылдық қаражатты тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Республикалық бюджет шотында уақытша қаражат тапшылығы туындаған жағдайда Қазынашылық жергілікті бюджеттердің бос қаражатын жедел пайдалана алады, ал қарызға немесе резервтерді пайдалануға жүгінудің қажеті болмайды.

Мұндай тәсіл бюджеттің тұрақты орындалуын қамтамасыз етіп, төлемдердің кешігуін барынша азайтады және мемлекеттің қарыз алу қажеттілігін төмендетеді.

Сонымен қатар ішкі пайдаланылмаған ресурстарды тарту қаржыны басқару жүйесін неғұрлым икемді әрі ұтымды етеді. Жергілікті бюджеттердің бос қаражаты мемлекет мүддесіне сай ортақ мақсаттарға жұмсалып, кейін өңірлердің шоттарына қайта қайтарылады.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген өзге де тапсырмалар мен ұсынымдардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауда болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудиттен кейін жаңа қазынашылық механизмі енгізілді Жоғары аудиторлық палата өткен жылы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің қызмет тиімділігіне аудит жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша Үкіметке республикалық бюджет шотында қаражат…
Республиканский бюджет станет более стабильным: после госаудита введен новый казначейский механизм

ВАП провела аудит эффективности работы Комитета казначейства Министерства финансов РК. По итогам проверки Правительству было рекомендовано предусмотреть возможность привлекать временно свободные деньги со счетов местных бюджетов, если по счету республиканского бюджета прогнозируется дефицит средств.

✔️ В результате соответствующая норма была проработана и закреплена в новом Бюджетном кодексе, подписанном Главой государства весной текущего года.

Приказом министра финансов конкретный механизм привлечения средств был закреплен в Правилах исполнения бюджета и его кассового обслуживания на 2025 финансовый год.

📌Данное нововведение позволит государству эффективнее управлять денежными потоками. В случае, если на счетах республиканского бюджета возникнет временный дефицит наличности, Казначейство сможет оперативно использовать свободные средства местных бюджетов, не прибегая к займам или резервам.

Такой подход обеспечит стабильное исполнение бюджета, позволит минимизировать задержки платежей и снизит потребность государства в заимствованиях.

Кроме того, использование невостребованных внутренних ресурсов сделает систему управления финансами более гибкой и рациональной. Свободные деньги местных бюджетов будут активно работать на общие цели государства с последующим возвращением обратно на счета регионов.

Исполнение других поручений и рекомендаций ВАП по итогам проведенного госаудита продолжается и остается под контролем до полного завершения.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудиттен кейін салықтық және кедендік әкімшілендірудің жекелеген механизмдері жетілдірілді

ҚР Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендірудің нәтижелілігін арттыру үшін жаңа механизмдер, кедендік тексерулер регламентіне өзгерістер енгізді, сондай-ақ бересіні төмендету жөніндегі шаралардың тиімділігін дәлірек бағалау үшін өзінің 2027 жылға дейінгі даму жоспарын жаңартты.

📌Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата салықтық және кедендік әкімшілендіру саласына мемлекеттік аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қаржы министрлігіне талап қою мерзімдерінің аяқталу фактілерін болдырмау және салық төлеушілердің жауаптылықтан кетуіне жол бермеу үшін салықтық тексерулер жүргізу тәртібін жетілдіру тапсырылды.

✔️ Нәтижесінде жаңа Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. Енді салықтық тексеру бойынша талап қою мерзімі оның нәтижелері бойынша хабарлама толық орындалғанға дейін ұзартылады. Мұндай норма қазірдің өзінде кедендік бақылау жүйесінде қолданылады.

Сонымен қатар салық рәсімдерін кешіктіруге қарсы түзетулер енгізілді:  

🔵енді орта және ірі салық төлеушілерді тексеру жағдайларын қоспағанда, тексеруді тоқтата тұру екі реттен аспайтын болады;

🔵салық органдарының құжаттар туралы сұрау салуларына тезірек жауап беру қажет, мерзім 10 жұмыс күніне дейін қысқарды;

🔵тексеру кезінде барлық құжатты салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы онлайн беруге болады.

Қаржы министрлігіне салықтар мен кедендік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының тиімділігін ескеру және бағалау үшін өзінің нысаналы индикаторларын есептеу әдістемесін де пысықтау тапсырылды.

✔️ Ведомство қыркүйекте 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде жаңартылған әдістемені бекітті. Енді «Мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының тиімділігі» көрсеткіші салықтар, кедендік баждар, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша барлық берешек түрлерін қамтиды. Бұл бересіні төмендету бойынша жұмыс нәтижелерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі «Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізді. Енді тауарлар шығарылғаннан кейін құжаттарды тексеру мерзімі 30 жұмыс күнімен шектеледі. Бұл процесті барынша ашық етіп, тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудиттен кейін салықтық және кедендік әкімшілендірудің жекелеген механизмдері жетілдірілді ҚР Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендірудің нәтижелілігін арттыру үшін жаңа механизмдер, кедендік тексерулер регламентіне…
Отдельные механизмы налогового и таможенного администрирования были улучшены после госаудита ВАП

Министерство финансов РК внедрило новые механизмы для повышения результативности налогового администрирования, внесло изменения в регламент таможенных проверок, а также обновило План своего развития до 2027 года, чтобы точнее оценивать эффективность мер по снижению недоимки.

📌Ранее Высшая аудиторская палата провела государственный аудит налогового и таможенного администрирования. По итогам Минфину было поручено усовершенствовать порядок проведения налоговых проверок, чтобы исключить факты истечения сроков исковой давности по ним и предотвратить уход налогоплательщиков от ответственности.

✔️ В результате в новый Налоговый кодекс были внесены необходимые изменения. Теперь срок исковой давности по налоговой проверке продлевается до полного исполнения уведомления по ее результатам. Аналогичная норма уже действует в системе таможенного контроля.

Вместе с тем были внесены поправки против затягивания налоговых процедур:  

🔵теперь приостановить проверку можно будет не более 2 раз, кроме случаев, когда проверяются средние и крупные налогоплательщики;

🔵отвечать на запросы налоговой о документах нужно будет быстрее – срок сокращен до 10 рабочих дней;

🔵все документы во время проверки можно будет передавать онлайн через личный кабинет налогоплательщика.

Минфину также было поручено доработать Методику расчета своих целевых индикаторов, чтобы учитывать и оценивать эффективность мер принудительного взыскания по налогам и таможенным платежам.

✔️ В сентябре ведомство утвердило обновленную Методику в рамках Плана развития на 2023-2027 годы. Теперь показатель «Эффективность принимаемых мер принудительного взыскания» включает все виды задолженности: по налогам, таможенным пошлинам, пеням и процентам. Это позволит более точно оценивать результаты работы по снижению недоимки.

✔️ Кроме того, Минфином были внесены изменения в Кодекс РК «О таможенном регулировании». Теперь срок проведения проверок документов после выпуска товаров ограничен 30 рабочими днями, что делает процесс более определенным и управляемым.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📕 «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ» ғылыми-практикалық журналының кезекті саны жарық көрді

📌Журнал экономика, қаржы, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау мәселелеріне арналған.

📄Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді.

👥Мұнда мемлекеттік аудиторлар, ғалымдар, докторанттар, профессорлар мен тәжірибелі сарапшылардың аудит саласы мен мемлекеттік ресурстарды басқарудың өзекті бағыттарына арналған мақалалары жарияланады.

Мақалалар мемлекеттік аудит саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді көрсетіп, зерттеу нәтижелерін талдайды және қаржылық есептілік пен тәуекелдерді басқару саласындағы озық тәжірибемен бөліседі.

🏷Басылымның барлық санын👉🏻 сайттан жүктеп алуға болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
журнал_ГосАудит_3-2025_сайт.pdf
📕 Вышел очередной выпуск научно-практического журнала «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ – ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АУДИТ»

📌Он посвящен вопросам экономики, финансов, государственного аудита и финансового контроля.

📄Выходит на трех языках – казахском, русском и английском.

👥 На страницах журнала публикуются материалы действующих государственных аудиторов, ученых, докторантов, профессоров и экспертов-практиков, освещающих актуальные направления развития сферы аудита и управления государственными ресурсами.

Статьи, опубликованные в издании, отражают современные тенденции в области государственного аудита, анализируют результаты исследований и делятся передовым опытом в сфере финансового контроля и управления рисками.

🏷Ознакомиться со всеми выпусками журнала можно 👉🏻здесь

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Қымбатты отандастар!

Республика күні құтты болсын!

Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құжатта халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құқығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың байрағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды.

Содан бері еліміз қиын да күрделі жолдан өтті. Біз Тәуелсіздігіміздің саяси-экономикалық тұғырын бекіттік, шекарамызды айқындап, оны бүкіл әлемге таныттық, жаңа астанамызды салдық. Сондай-ақ жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайту, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру жолында зор жетістікке қол жеткіздік. Қазақстан салиқалы әрі сындарлы сыртқы саясатының арқасында өзінің ұлттық мүддесіне адал, халықаралық абырой-беделі жоғары мемлекет ретінде қалыптасты.

Дегенмен алдымызда бұдан да зор міндеттер тұр. Біз қазіргі алмағайып замандағы орасан сын-қатерлерге қарамастан, барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Саясаттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы реформалар Отанымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп, халқымыздың тұрмыс сапасын арттыруды көздейді.

Біз «Заң және тәртіп» қағидатын, «Таза Қазақстан» идеологиясын, отаншылдық пен тілеулестік, еңбекқорлық пен жауапкершілік, білімпаздық пен кәсібилік құндылықтарын қоғамда барынша орнықтырып, келешегіне сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде қалыптасып келеміз.

Әр буынның өз миссиясы бар. Осы орайда, бабалар өсиетін ұмытпай, қастерлі Тәуелсіздігімізді нығайта түсу, Қазақстанды дамыған, жасампаз әрі әділетті ел ету – бәрімізге ортақ парыз.

Біз еселі еңбектің, өзара қолдаудың және ең бастысы, мызғымас бірліктің арқасында барлық жоспарымызды табысты жүзеге асырып, жаңа белестерді бағындыра беретінімізге сенімдімін.

Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда.

Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Республики

Дорогие соотечественники!

От всей души поздравляю вас с Днем Республики!

Приняв 35 лет назад Декларацию о суверенитете, Казахстан вступил в новую историческую эпоху. Этот судьбоносный акт утвердил право нашего народа самостоятельно определять свое будущее и стал отправной точкой построения современного государства.

С тех пор нами пройден большой и тернистый путь. Сформирован политический и экономический фундамент Независимости, определены международно признанные границы, возведена новая столица, достигнуты серьезные успехи в укреплении общенациональной идентичности и улучшении качества жизни граждан. Благодаря выверенной и сбалансированной внешней политике Казахстан успешно отстаивает свои национальные интересы, укрепляет авторитет на мировой арене.

Но перед нами стоят более масштабные задачи. Несмотря на беспрецедентные вызовы неспокойного времени, мы строим Справедливый Казахстан – страну равных возможностей для всех граждан. Проводимые реформы в политике, экономике, социальной сфере нацелены на обеспечение процветания Отечества и повышение благосостояния народа.

Укореняя в обществе принцип «Закон и Порядок», идеологию «Таза Қазақстан», ценности патриотизма и солидарности, трудолюбия и ответственности, культ знаний и профессионализма, мы становимся зрелой нацией, уверенно смотрящей в будущее.

У каждого поколения своя миссия. Наш общий долг – следуя заветам предков, всесторонне укреплять нашу священную Независимость, превратить Казахстан в развитое, прогрессивное, справедливое государство.

Убежден, благодаря усердному труду, взаимной поддержке и, главное, единству мы успешно реализуем все намеченные планы и покорим новые вершины.

Будущее нашей Родины – в руках каждого из нас!

Пусть всегда высоко реет небесно-голубое знамя Казахстана!

Желаю всем соотечественникам крепкого здоровья, благополучия и новых свершений!

t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бастаған ресми делегация ИНТОСАИ-дың XXV Конгресіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Мысыр Араб Республикасына келді.

ИНТОСАИ – бұл әлемнің 195 елінің жоғары аудит органдарын біріктіретін халықаралық ұйым. Ұйым ашықтық, есептілік және тұрақты даму мәселелері бойынша БҰҰ-ның серіктесі мәртебесіне ие. ИНТОСАИ Конгресі – ұйымның жоғары басқарушы органы, ол әр үш жыл жылда бір рет өтеді.

Конгресс аясында шетелдік әріптестермен бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары аудит органдары басшылары кеңесінің XXI сессиясы өтеді.

📍 Шарм-эль-Шейх, Мысыр

***

📌Официальная делегация Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан во главе с председателем Алиханом Смаиловым прибыла с рабочей поездкой в Арабскую Республику Египет для участия в XXV Конгрессе ИНТОСАИ.

ИНТОСАИ – это Международная организация, объединяющая высшие органы аудита 195 стран мира. Организация имеет статус партнера ООН по вопросам прозрачности, подотчетности и устойчивого развития. Конгресс является высшим органом управления ИНТОСАИ и проводится один раз в три года.

В рамках конгресса запланирован ряд двусторонних встреч с зарубежными коллегами.

Кроме того, состоится XXI сессия Совета руководителей высших органов государственного аудита стран-участниц СНГ.

📍 Шарм-эль-Шейх, Египет

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
📌 Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бастаған ресми делегация ИНТОСАИ-дың XXV Конгресіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Мысыр Араб Республикасына келді. ИНТОСАИ – бұл әлемнің 195 елінің жоғары аудит органдарын біріктіретін…
ТМД елдері аудит органдарының кеңесінде Қазақстанда мемлекеттік аудитті цифрлық трансформациялау тәсілдері таныстырылды

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов ТМД-ға мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) органдары басшылары кеңесінің ХХІ сессиясына қатысты. Іс-шара Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласында өтті. Онда осы күндері ИНТОСАИ халықаралық ұйымының XXV Конгресі өтіп жатыр.

Отырысқа қатысушылар Кеңестің өткен кезеңдегі қызметі туралы есепті қарап, ТМД елдеріне арналған мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының нәтижелерімен танысты, келісілген әдіснамалық құжаттарды және алдағы жұмыс жоспарын бекітті.

🇦🇲 🇦🇿 🇧🇾 🇰🇿 🇰🇬 🇷🇺 🇹🇯
Негізгі жиын мемлекеттік аудит процестеріндегі цифрлық трансформация туралы тақырыптық сессия болды. Онда Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанның жоғары аудит органдарының уәкілетті өкілдері сөз сөйледі.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов өз баяндамасында атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылдары Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру стратегиялық міндетін қойды.

Ол үшін республикада Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылып, халықаралық Alem.ai ЖИ орталығы ашылды, үш суперкомпьютерлік кластер құрылып, Цифрлық кодекс әзірленуде.

«Мемлекеттік аудит те бұл өзгерістерден тыс қалмайтыны анық. Жаңа технологиялар бізге нақты уақыт режимінде аудит жүргізу, тәуекелдер мен бұзушылықтарды анықтау үшін деректер талдауын пайдалану, предиктивті модельдерді қолдану сияқты үлкен перспективаларға жол ашады», — деді Әлихан Смайылов.


✔️ Ол Жоғары аудиторлық палатаның осы бағыттағы нақты қадамдар жасап жатқанын атап өтті.

Аудитті жоспарлаудан бастап сапаны бақылауға дейінгі аудиторлық қызметтің барлық бизнес-процесін қамтитын Палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі белсенді дамып келеді. Бүгінгі таңда ол мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған және барлық бюджет қаражатын алушыны қамтиды.

Аудиторларды сертификаттау рәсімі де цифрландырылды.

Қазіргі уақытта ЖИ агенттері пысықталып жатыр. Олар республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауға және Жоғары аудиторлық палатаның жыл сайынғы Парламентке есебін дайындауға көмектесетін болады.

«Аудитордың рөлі біртіндеп өзгеруде. Бұрын бастапқы деректерді жинауға, тексеруге және талдауға көп көңіл бөлінетін. Бүгінде бұл міндеттер автоматтандырылуда. Мемлекеттік аудиторлар стратегиялық міндеттерге, сыни талдауға, жүйелік проблемаларды анықтауға және ұсынымдар әзірлеуге ден қоя алады», — деді Әлихан Смайылов.


Ол жаңа жағдайдағы жоғары аудит органдарының рөлі цифрландыру шараларының тиімділігін бағалауда ғана емес екенін атап өтті. Болуы мүмкін тәуекелдерді алдын ала анықтап, үкіметтерге ескерту маңызды. Соның ішінде дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік пен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖИ қолданудың этикалық алғышарттары бар.

Кеңестің ХХІ сессиясы барысында Әлихан Смайылов Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы төрағалық ететін ТМД-ға арналған мемлекеттік аудит стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы ақпаратты ұсынды.  

Биыл үш жаңа әдіснамалық құжат жобалары мақұлданды:

🔵біріншісі жоғары аудит органдарына (ЖАО) аудит жүргізу және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша жұмыс істеу кезінде бірыңғай қағидалар бойынша әрекет етуге көмектеседі;

🔵екіншісі ЖАО институционалдық әлеуетін дамытуға бағытталған;

🔵үшіншісі аудиторлық тексерулер өткізу кезінде жиынтық қаржылық ақпаратты қалыптастырудың, пайдаланудың және бағалаудың негізгі қағидаттарын айқындайды.

📍Отырыс қорытындысы бойынша ТМД елдерінің жоғары мемлекеттік аудит (қаржылық бақылау) органдары басшылары кеңесінің келесі ХХІІ сессиясы 2027 жылы Қазақстанда өтетіні жарияланды.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM