GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
⚡️ Бүгін күнтізбедегі ең жарқын мерекелердің бірі – Халықаралық 🔴🔴🔴🔴🔴🔴🔴🔴🔴 қорғау күні. Бұл күн еліміздің кішкентай тұрғындарына деген қамқорлық пен қолдаудың қаншалықты маңызды екенін, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағы үшін ересектердің жауапкершілігін…
⚡️ Сегодня мы отмечаем один из самых светлых праздников в календаре – Международный день защиты 🔴🔴🔴🔴🔴.

Эта дата напоминает нам о том, насколько важна наша забота и поддержка для самых маленьких жителей страны. Напоминает об ответственности взрослых за беззаботное, благополучное и счастливое детство подрастающего поколения.

✅ В Казахстане создаются все необходимые условия, чтобы наши дети могли уверенно расти и развиваться: государство строит школы и спортивные пространства, развивает дошкольное образование, обновляет учебные программыи многое другое.

✅ В этом году по поручению Президента была принята стратегическая концепция «Дети Казахстана», направленная на защиту прав, обеспечение безопасности и создание условий для всестороннего развития всехдетей республики.

✅ По инициативе Главы государства Касым-Жомарта Токаева также действует уникальная программа «Нацфонд – детям», которая создает основу для успешного будущего каждого ребенка.

Главная цель всей этой работы – сделать так, чтобы дети нашей страны были по-настоящему счастливы и защищены, чтобы уверенно прошли самые важные этапы своего жизненного пути.

Поздравляем наших юных граждан с этим замечательным праздником! Желаем вам расти любопытными, смелыми и добрыми. И знать, что рядом всегда есть взрослые, которые верят в вас.

📝 В рамках мероприятий, посвященных 30-летию Высшей аудиторской палаты, в эти дни состоялся конкурс детских рисунков среди семей наших сотрудников. Ребята представили свои творческие работы на тему «Мама и папа – аудиторы». Было невероятно интересно узнать, как юные художники видят профессию своих родителей: ответственной, важной и интересной. Каждая работа получилась яркой, искренней и наполненной гордостью за своих мам и пап.

Пусть детство всех детей будет счастливым, безопасным и наполненным яркими впечатлениями!

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 🇨🇳 Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Қытайдың Ұлттық аудит офисі Астанада семинар өткізді

📌2026 жылғы 25 мамырда Астанада Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисі делегациясының Қазақстан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде семинар өтті. Іс-шара ҚР Жоғары аудиторлық палатасында ұйымдастырылды.

Жиын барысында сөз сөйлеген Жоғары аудиторлық палата мүшесі Тілеген Каскин Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, өзара құрмет және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Екі елдің жоғары аудит органдарының өзара іс-қимылы екіжақты форматта да, ИНТОСАИ, АЗОСАИ және ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде де белсенді дамып келеді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай өкілдері денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және ауыл шаруашылығы салаларында қатар аудит жүргізу сияқты бірлескен бастамаларды табысты іске асыруда. Кадр мәселесі және білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылды.

Қытай тарапынан Қытайдың Ұлттық аудит офисі Орталық ведомстволарға аудит жүргізу бюросының бас директоры Ван Ган сөз сөйледі.

Семинар аясында аудиторлар бюджеттің атқарылуына аудит жүргізу мәселелерін, сондай-ақ аудиторлық қызметті жоспарлаудың заманауи тәсілдерін талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар әріптестік байланысты одан әрі нығайтуға, кәсіби өзара іс-қимылды арттыруға және мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыруға келісті.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
🇰🇿 🇨🇳 Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы мен Қытайдың Ұлттық аудит офисі Астанада семинар өткізді 📌2026 жылғы 25 мамырда Астанада Қытай Халық Республикасы Ұлттық аудит офисі делегациясының Қазақстан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде семинар өтті.…
🇰🇿 🇨🇳 Высшая аудиторская палата Казахстана и Офис национального аудита Китая провели семинар в Астане

📌25 мая 2026 года в Астане состоялся семинар в рамках рабочего визита делегации Офиса национального аудита Китайской Народной Республики в Республику Казахстан. Мероприятие прошло на площадке Высшей аудиторской палаты РК.

С приветственным словом к участникам обратился член Высшей аудиторской палаты Тлеген Каскин, который отметил высокий уровень сотрудничества между Казахстаном и Китаем, основанный на принципах дружбы, взаимного уважения и стратегического партнерства. Было подчеркнуто, что взаимодействие высших органов аудита двух стран активно развивается как в двустороннем формате, так и в рамках международных организаций, включая ИНТОСАИ, АЗОСАИ и ШОС.

Также было отмечено, что представители Казахстана и Китая успешно реализуют совместные инициативы в сфере государственного аудита, включая проведение параллельных аудитов в области здравоохранения, социальной защиты и сельского хозяйства. Особое внимание уделяется сотрудничеству в сфере профессионального развития кадров и реализации образовательных программ.

С китайской стороны участников семинара приветствовал генеральный директор Бюро аудита центральных ведомств Офиса национального аудита Китая Ван Ган.

В рамках семинара стороны обсудили вопросы аудита исполнения бюджета, а также современные подходы к планированию аудиторской деятельности. С презентациями выступили представители ВОА Казахстана и Китая.

По итогам мероприятия стороны подтвердили готовность к дальнейшему укреплению партнерских отношений, расширению профессионального взаимодействия и продолжению обмена опытом по актуальным вопросам государственного аудита.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігін растады
 
✔️ Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Португалия, Литва және Түркияның жоғары аудит органдары жүргізген «дәрежесі бойынша тең тексеруден» сәтті өтіп, өз жұмысының ИНТОСАИ халықаралық стандарттарына сәйкестігін растады. Ауқымды жұмыстың қорытындысы Астанада Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен отырыста талқыланды.
 

🇰🇿 🇵🇹 🇱🇹 🇹🇷 Іс-шараға Португалия Аудиторлар сотының президенті Филипа Урбано Кальвао, Түркия Есеп сотының президенті Метин Йенер, Литва Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эгидиюс Навикас, ҚР Президенті әкімшілігінің лауазымды тұлғалары, ҚР Парламенті Сенаты және Мәжілісінің өкілдері, Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлері қатысты.
 
📌 Тексеру барысында Қазақстанның мемлекеттік аудитінің ИНТОСАИ халықаралық стандарттарына сәйкестігі кешенді түрде бағаланды. Жоғары аудиторлық палатаның мықты тұстары анықталып, одан әрі жетілдіру керек бағыттары белгіленді.
 
Шетелдік әріптестер Жоғары аудиторлық палатаның негізгі аудит материалдарын және ҚР ұлттық заңнамасын талдап, салалық мамандармен, Парламент, Қаржы министрлігі мен басқа да ведомстволардың өкілдерімен сұхбат жүргізді.
 
Тексерушілер аудитті жоспарлау және жүргізу, қолданылатын әдістеме, сапаны басқару, цифрлық жүйелерді пайдалану, Президент пен Парламент алдында есеп беру, БАҚ және қоғаммен байланыс сияқты Палата жұмысының маңызды аспектілерін басты назарға алды.
 
Өз сөзінде Әлихан Смайылов дәрежесі бойынша тең тексерудің Жоғары аудиторлық палатаның дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. Бұл, әсіресе, мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жағдайында өте өзекті.

«Жоғары аудиторлық палата трансформациясы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды қоғамдық-саяси және экономикалық өзгерістердің бір бөлігі. Бұл өзгерістер ашық әрі әділ қоғам құруға, билік тармақтары арасындағы балансты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», — деді Палата төрағасы.

Ол Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігінің тұрақты механизмдерін қалыптастыруға жәрдемдесу міндеті жүктелгенін атап өтті. Осы үдеріс шеңберінде ведомство 2021-2025 жылдарға арналған даму стратегиясын табысты іске асырып, 2026-2030 жылдарға арналған жаңа стратегияны қабылдады. Бұл құжаттардың негізгі мақсаттарының бірі Қазақстандағы мемлекеттік аудиттің қызметін жетілдіру және институционалдық әлеуетін арттыру болып отыр.
 
⌨️ Ә. Смайылов қазіргі уақытта Қазақстандағы аудиттің барлық кезеңі Жоғары аудиторлық палатаның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылғанын айтып өтті. Ол 14 мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Дегенмен цифрландыруды одан әрі арттыру, жасанды интеллект және үлкен деректерді өңдеу құралдарын енгізу басым бағыттардың бірі болып қала береді.

«Палата құзыретін кеңейту үшін үнемі инновациялық әдістерді, үздік шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттарды енгізу қажет. Дәрежесі бойынша тең тексеру нәтижелері мемлекеттік аудит тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосады деп сенемін», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.


📑 Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі қорытынды есепті тапсыру рәсімі болды. Ол тең тексерудің ресми аяқталғанын білдіреді.
 
Қатысушыларға атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірген Әлихан Смайылов әріптестерін биыл қыркүйекте жоспарланған ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

Анықтама ретінде: ИНТОСАИ – әлемнің 190-нан астам елінің жоғары аудит органдарын біріктіретін халықаралық ұйым. Ұйым есеп беру және тұрақты даму мәселелері бойынша БҰҰ серіктесі мәртебесіне ие.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM