GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Photo
⚡️ Астанада Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Жоғары аудиторлық палатаның қызметкерлерімен қатар шетелдік қонақтар, ҚР Президенті Әкімшілігінің, Құрылтайдың, Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

🥇 Салтанатты шарада мемлекеттік наградалар табысталды. Жоғары аудиторлық палата қызметкерлері «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президенті атынан алғыс хаттармен және мерейтойлық ведомстволық наградалармен марапатталды.

«Жоғары аудиторлық палата ұжымына, сондай-ақ осы жүйені «таза парақтан» бастаған ардагерлерге шексіз алғысымды білдіремін. Бүгінде біз мақтан тұтатын жетістіктің барлығы — сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Бүгін араларыңыздағы бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталады. Бұл сіздердің ортақ іске қосқан үлестеріңіздің нәтижесі, әрі мемлекет тарапынан көрсетілген зор сенім мен құрметтің белгісі», — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.


Айта кетейік, Жоғары аудиторлық палатаның 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар 16 қыркүйекте Астанада өткен халықаралық конференциядан басталды. Оған 22 елдің жоғары аудит органдарының басшылары мен өкілдері қатысты.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
⚡️ В Астане состоялось торжественное заседание, посвященное 30-летию Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан.

Помимо сотрудников ВАП в нем также приняли участие зарубежные гости, представители Администрации Президента РК, Курултая, Правительства и центральных государственных органов.

🥇В праздничной обстановке состоялось вручение государственных наград. Сотрудники ВАП были удостоены орденов «Парасат» и «Құрмет», медалей «Ерен еңбегі үшін», благодарственных писем от имени Президента Республики Казахстан и юбилейных ведомственных наград.

«Я хочу поблагодарить весь коллектив Высшей аудиторской палаты. И тех, кто работает сегодня, и наших ветеранов, которые создавали эту систему с чистого листа. Все, чем мы сегодня по праву гордимся, построено вашими руками. Сегодня некоторым из вас будут вручены государственные награды. И это станет главным украшением нашего торжества, потому что юбилей института – это прежде всего признание заслуг людей, которые его создавали», — сказал председатель ВАП Алихан Смаилов.


Отметим, юбилейные мероприятия в честь 30-летия Высшей аудиторской палаты начались 16 сентября с международной конференции в Астане, объединившей руководителей и представителей высших органов аудита 22 стран.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Астанада арнайы келген шетелдік делегациялардың қатысуымен Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы қызметінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда алғаш рет АЗОСАИ Басқарма кеңесінің отырысы өтті

📌Астанада Азия жоғары аудит органдары ұйымы (АЗОСАИ) Басқарма кеңесінің 63-отырысы өтті. Оған Азия өңірінің 19 елінен жоғары аудит органдарының өкілдері қатысты. Мұндай форматтағы ресми іс-шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды.

АЗОСАИ – Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымының (ИНТОСАИ) ірі өңірлік құрылымдарының бірі. Ұйым 1979 жылы Азия елдерінің аудиторлары арасындағы интеграцияны тереңдету мақсатында құрылды және бүгінде қарқынды дамып келе жатқан кәсіби бірлестіктердің бірі болып саналады.

✔️ ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 2000 жылы АЗОСАИ-дың толыққанды мүшесі атанды. Бүгінде Палата экологиялық аудит, IT-аудит, тұрақты даму мақсаттары, өңірлік және муниципалдық деңгейдегі аудит жөніндегі жұмыс топтарына, сондай-ақ АЗОСАИ-дың нормативтік құжаттарын зерделеу жөніндегі нысаналы топқа мүше.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата АЗОСАИ-дың Аудиторлық комитетінің мүшесі болып екі рет сайланған. Ал 2024 жылы алғаш рет Ұйымның 2024-2027 жылдарға Басқарма кеңесінің мүшелігіне сайланды.

АЗОСАИ Басқарма кеңесінің отырысы мемлекеттік аудит саласындағы негізгі халықаралық іс-шаралардың бірі саналады. Оған дәстүрлі түрде Азия және араб өңірі елдерінің жоғары аудит органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ әлемнің басқа да аудиторлық ұйымдарының өкілдері қатысады. Кезекті отырысты Астанада өткізу туралы шешім бір жыл бұрын Бакуде өткен АЗОСАИ Басқару кеңесінің 62-отырысында қабылданған болатын.

📄 Қатысушылар Ұйымның өткен жылғы қызметі туралы баяндаманы қарады, ағымдағы қаржылық басқару және 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жоспары, басқа өңірлік ұйымдармен ынтымақтастық туралы есептерді тыңдады. АЗОСАИ-дың даму стратегиясын және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар экологиялық аудит, ТДМ, дағдарыстық жағдайларды басқару аудиті, мемлекеттік кәсіпорындар аудиті және басқа да бағыттар бойынша бейінді жұмыс топтарының есептері қаралды.

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов өз сөзінде Басқарма кеңесінің мүшесі ретінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының АЗОСАИ-ды институционалдық тұрғыдан нығайтуға, сараптамалық ынтымақтастықты кеңейтуге және өңірде мемлекеттік аудиттің озық тәжірибелерін енгізуге белсенді ықпал етіп келе жатқанын атап өтті.

📌Осыған байланысты Ә.Смайылов әріптестеріне Қазақстан атынан жаңа бастама ұсынды. Ол Ұйым жанынан цифрлық трансформация жағдайындағы Стратегиялық аудит жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды.

«Мемлекеттік аудит сапасын жаңа деңгейге көшірудің, атап айтқанда, мемлекеттік шешімдердің ұзақ мерзімді әсерін, ұлттық институттардың орнықтылығын және мемлекеттік жүйелердің болашақ сын-қатерлерге дайындық деңгейін бағалауға бағытталған стратегиялық аудитті дамытудың объективті қажеттілігі туындады», — деді ол.


Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы бүгінде жоғары аудит органдары қаржылық аудит, сәйкестік аудиті және тиімділік аудиті сияқты классикалық құралдарды нәтижелі қолданып отырғанын атап өтті. Алайда олардың басым бөлігі ретроспективті талдауға, яғни өткен нәтижелерді бағалауға, заңнаманың сақталуына және бюджет қаражатының мақсатты игерілуіне бағытталған.
Ал жаһандық белгісіздік, әлеуметтік-экономикалық процестердің жеделдеуі және цифрлық технологиялардың кең ауқымда енгізілуі жағдайында классикалық тәсілдер жеткіліксіз болып отыр.

«Стратегиялық аудит қабылданған шешімдердің нәтижелерін ғана емес, олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын, мемлекеттің стратегиялық басымдықтарына сәйкестігін, әлеуетті жүйелік тәуекелдерді және мемлекеттік бағдарламалар мен институттардың болашақта қойылған мақсаттарға қол жеткізу қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін құрал ретінде ерекше маңызға ие болады», — деп атап өтті Ә. Смайылов.

Бүгінгі жағдайда АЗОСАИ жаңа сын-қатерлерге тиімді жауаптар әзірлеуге мүмкіндік беретін бірегей әрі беделді алаң болып қала береді. Ал Басқарма кеңесінің мүшесі ретінде Жоғары аудиторлық палата Ұйымның барлық негізгі бағыттар бойынша дамуына белсенді түрде ықпал етуді жалғастырады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM