GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.5K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
❗️Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек бағасына мемлекеттік бақылау күшейтілді Қазақстанда тауарлық газдың бөлшек саудадағы бағасын мемлекеттік реттеу енді барлық нарық субъектілеріне қолданылады. Жоғары аудиторлық палата ұсынымы бойынша Кәсіпкерлік кодексіне…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Госконтроль за розничными ценами на товарный газ усилен в Казахстане

Государственное регулирование цен на розничную продажу товарного газа теперь распространяется на всех субъектов рынка. Необходимые изменения в Предпринимательский кодекс РК внесены по рекомендации Высшей аудиторской палаты.

📌В ходе госаудита деятельности нацкомпании Qazaq Gaz, ее дочерних организаций и процессов ценообразования на газ для внутренних и внешних потребителей был выявлен серьезный законодательный пробел.

Аудиторы установили, что розничная реализация газа через газораспределительные компании не подлежит госрегулированию цен. Согласно закону, их деятельность началась после января 2017 года. Как следствие, это давало возможность организациям приобретать у АО «Qazaq Gaz» товарный газ и продавать его по завышенной стоимости, получая доход от посреднических услуг.

В связи с этим, в целях обеспечения единого подхода, Правительству РК было рекомендовано рассмотреть вопрос внесения соответствующих изменений и дополнений в Предпринимательский кодекс.

✅ В результате необходимые поправки были внесены. С 1 января 2025 года госрегулирование цен на розничную продажу товарного газа распространяется на всех субъектов рынка, включая газораспределительные компании.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 🇵🇹 Тәжірибе алмасу және аудиторлық практикаларды бірлесіп талдау: Қазақстан мен Португалияның жоғары аудит органдары ынтымақтастықты дамытуда
 
Әлихан Смайылов бастаған Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы Португалия аудиторлар сотының шақыруымен Португалия Республикасына жұмыс сапарымен келді.

📌Жұмыс сапары Литва, Португалия және Түркия аудиторлары ҚР Жоғары аудиторлық палатасының қызметіне қатысты жүзеге асырған «дәрежесі бойынша тең» тексерудің алдын ала нәтижелерін қарау мақсатында ұйымдастырылды.

Екі елдің аудиторлары тәжірибе алмасып, үздік аудиторлық практикаларды бірлесіп талдайтын болады.

Осы және басқа да жұмысқа қатысты іс-шаралар жоғары аудит органдарының ынтымақтастығын нығайтуға және Қазақстан мен Португалияның мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіруге бағытталған.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Аудиторлар сотының президенті Филипа Урбано Кальваомен кездесу барысында ведомстволар арасындағы нәтижелі өзара іс-қимыл екіжақты форматта да, сондай-ақ ИНТОСАИ мен ЕВРОСАИ негізгі халықаралық ұйымдары шеңберінде де қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Төраға осы тұрғыдан Аудиторлар сотының Жоғары аудиторлық палатаға «дәрежесі бойынша тең» тексеру жүргізуге қатысуының маңызы жоғары екенін атап өтті. Бұл жұмыс барысында шетелдік әріптестер Жоғары аудиторлық палатаның әдіснамасын, соңғы 5 жылдағы аудиторлық құжаттамасын және есептерін зерделеді.

«Біз үшін бұл тексеру аса маңызды, өйткені қазір Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жүзеге асырылуда. Жоғары аудиторлық палатаның құзыретін кеңейту үздік әдістерді, практикаларды және халықаралық стандарттарды енгізіп отыруды, сондай-ақ аудиторларымыздың біліктілігін жүйелі түрде арттыруды талап етеді. Осыған байланысты Португалия аудиторлар сотының көпжылдық тәжірибесі біз үшін нақты практикалық қызығушылық тудырып отыр», — деді Әлихан Смайылов.


Тәжірибе алмасудың негізгі бағыттары ретінде тиімділік аудиті, қаржылық есептілік аудиті, электрондық аудит, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізу аталды.

Португалия аудиторлар сотының президенті өз тарапынан Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасына «дәрежесі бойынша тең» тексеру процесінде ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

«2024 жылы көптеген жұмыс кездесулері өтті. Жоғары аудиторлық палатаның қызметіне қатысты құжаттарды қарадық. Жоғары аудиторлық палатаның «дәрежесі бойынша тең» тексеру жүргізуге бастама жасауы сіздердің прогреске деген бейілділіктеріңізді, сондай-ақ өз қызметін жақсартып, Қазақстанда мемлекеттік аудит жүйесін дамытуға деген ниеттеріңізді көрсетеді. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды», — деді Филипа Урбано Кальвао.

 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
🇰🇿 🇵🇹 Тәжірибе алмасу және аудиторлық практикаларды бірлесіп талдау: Қазақстан мен Португалияның жоғары аудит органдары ынтымақтастықты дамытуда   Әлихан Смайылов бастаған Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының делегациясы Португалия аудиторлар сотының…
🇰🇿 🇵🇹 Обмен опытом и совместный анализ аудиторских практик: высшие органы госаудита Казахстана и Португалии развивают сотрудничество  

Делегация Высшей аудиторской палаты Казахстана во главе с председателем Алиханом Смаиловым по приглашению Суда аудиторов Португалии прибыла с краткосрочной рабочей поездкой в Португальскую Республику.

📌Рабочий визит организован в целях рассмотрения предварительных результатов проверки деятельности ВАП РК «равными по положению», которая осуществляется аудиторами Литвы, Португалии и Турции.

Аудиторы двух стран также проведут обмен опытом и совместный анализ лучших аудиторских практик.

Эти и другие рабочие мероприятия направлены на укрепление сотрудничества высших органов аудита и совершенствование систем госаудита Казахстана и Португалии.

✅ Во время встречи с президентом Суда аудиторов Филипой Урбано Кальвао председатель ВАП Алихан Смаилов подчеркнул, что продуктивное взаимодействие между ведомствами динамично развивается как в двустороннем формате, так и в рамках ключевых международных организаций – ИНТОСАИ и ЕВРОСАИ.

В этом контексте он отметил высокую значимость участия Суда аудиторов в проверке Высшей аудиторской палаты «равными по положению». В ходе этой работы иностранные коллеги изучили методологию, аудиторскую документацию и отчеты ВАП за последние 5 лет.

«Для нас данная проверка особенно важна, поскольку сейчас в Казахстане осуществляется реформирование системы госаудита. Расширение компетенций ВАП требует постоянного внедрения лучших методов, практик и международных стандартов, а также систематического повышения квалификации наших аудиторов. В этой связи многолетний опыт Суда аудиторов Португалии представляет для нас конкретный практический интерес», — сказал Алихан Смаилов.


В качестве основных направлений для обмена опытом он назвал аудит эффективности, аудит финансовой отчетности, электронный аудит, внедрение информационных технологий и инструментов искусственного интеллекта.

Со своей стороны президент Суда аудиторов Португалии выразила благодарность Высшей аудиторской палате Казахстана за плодотворное сотрудничество в процессе проверки «равными по положению».

«В течение 2024 года было проведено множество рабочих встреч и состоялся обмен документами, касающимися деятельности ВАП. Тот факт, что ВАП выступила с инициативой проведения проверки «равными по положению», показывает вашу приверженность прогрессу, а также большое желание улучшить свою деятельность и развивать систему госаудита в Казахстане, что очень важно в современных условиях», — сказала Филипа Урбано Кальвао.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
🇰🇿 🇵🇹 Обмен опытом и совместный анализ аудиторских практик: высшие органы госаудита Казахстана и Португалии развивают сотрудничество   Делегация Высшей аудиторской палаты Казахстана во главе с председателем Алиханом Смаиловым по приглашению Суда аудиторов…
🇰🇿 🇵🇹 ҚР Жоғары аудиторлық палатасы мемлекеттік аудит процестерін толығымен автоматтандыруды жоспарлап отыр
 
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы делегациясының Португалия Республикасына жұмыс сапары барысында Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимов шетелдік әріптестерін еліміздің мемлекеттік аудит процестерін автоматтандыру және қаржылық бақылау жүйесін заңнамалық тұрғыдан нығайту саласындағы жетістіктерімен таныстырды.

Қазақстандық делегацияның Португалияға сапарының негізгі мақсаты – Литва, Португалия және Түркия аудиторлары Жоғары аудиторлық палатаның қызметіне қатысты жүргізіп жатқан «дәрежесі бойынша тең» тексерудің алдын ала қорытындыларын қарау, сондай-ақ португалиялық әріптестерімен тәжірибе алмасу.

📈 Расул Рахимов өз сөзінде Жоғарыа удиторлық палата өткен жылы 214 ұйымда 27 аудит жүргізіп, 11 трлн теңгені қамтығанын атап өтті. 2023 жылмен салыстырғанда тексерулер саны 35%-ға өсті.

📈 Биыл 43 аудит жоспарланған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 59%-ға көп.

«Бір атап өтерлігі, 2025 жылға жоспарланған 43 аудиттің 30-ы тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен іріктелді», — деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі.


✅ Өткен жылы Жоғары аудиторлық палата 154 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықтады. Осы қаржының 88%-ы немесе 135 млрд теңгесі республикалық бюджетке қайтарылды. Бұл – жоғары көрсеткіш.

Расул Рахимов өткен жылы Жоғары аудиторлық палата өзінің ақпараттық жүйесіне ауқымды трансформация жүргізе бастағанын атап өтті.

«Біз аудиторлар жұмысының тиімділігін арттыру және талдау сапасын жақсарту үшін жаңа интеллектуалды құралдарды біріктірдік. Басты басымдық – аудит процестерін барынша автоматтандыруға қол жеткізу», — деді ол.


🔍Мәселен, аудиторларға мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алуларын нақты уақыт режимінде талдауға, салық түсімдері мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді көріп отыруға, сондай-ақ әртүрлі өңірлер мен экономиканың салалары бойынша деректерді салыстыруға мүмкіндік беретін талдамалық модуль енгізілді.

👆Тағы бір IT-бастама – Мемлекеттік аудит объектісінің цифрлық кабинетін іске қосу. Оны тестілеу жыл соңына қарай аяқталады. Бұл сервис объектіге барып тексеру жүргізулерді қысқартуға және мемлекеттік аудит шеңберінде құжат айналымын электрондық форматқа барынша көшіруге мүмкіндік береді.

«Біз бөлінген бюджет қаражатының көлеміне қарай әрбір тексерілетін ұйымның бейінін автоматты түрде жасай аламыз. Бұл деректер тәуекелдерді басқару жүйесіне автоматты түрде интеграцияланады. Бұл тәуекел деңгейі жоғары ұйымдарды анықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Расул Рахимов.


Ол Мемлекет басшысы жаңа Бюджет кодексіне қол қойғаннан кейін Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесі заңнамалық тұрғыдан күшейетінін де атап өтті.

«Енді Үкімет Парламентке жыл сайынғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынатындықтан, ол сондай-ақ Үкіметтің өткен қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне берілген Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалуы туралы есеп беруі тиіс. Бұл – республикалық бюджет қаражатын бөлу мен пайдалануда қаржылық ашықтықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам», — деді Жоғары аудиторлық палата мүшесі.


Сөз соңында Жоғары аудиторлық палатаның қызметіне жүргізілген «дәрежесі бойынша тең» тексеру шеңберінде шетелдік әріптестер беретін сараптамалық бағалаулар Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыста толық ескерілетінін атап өтті.

«Осы тексерудің алдын ала нәтижелеріне сүйене отырып, Жоғары аудиторлық палата жақсартуды талап ететін салаларда белсенді жұмыс істеуде», — деп қорытындылады Расул Рахимов.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
🇰🇿 🇵🇹 ҚР Жоғары аудиторлық палатасы мемлекеттік аудит процестерін толығымен автоматтандыруды жоспарлап отыр   ҚР Жоғары аудиторлық палатасы делегациясының Португалия Республикасына жұмыс сапары барысында Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимов шетелдік…
🇰🇿 🇵🇹 Добиться максимальной автоматизации процессов госаудита планирует ВАП РК

📌В ходе рабочей поездки делегации Высшей аудиторской палаты РК в Португальскую Республику член ВАП Расул Рахимов представил иностранным коллегам достижения нашей страны в области автоматизации процессов госаудита и законодательного укрепления системы финансового контроля.

Напомним, ключевыми целями визита казахстанской делегации в Португалию являются рассмотрение предварительных итогов проверки деятельности ВАП «равными по положению», которую проводят аудиторы Литвы, Португалии и Турции, а также обмен опытом и лучшими практиками аудита с португальскими коллегами.

📈 В своем выступлении Расул Рахимов отметил, что за прошлый год Высшая аудиторская палата провела 27 аудитов, охватив 214 организаций и 11 трлн тенге. В сравнении с 2023 г. количество проверок увеличилось на 35%.

📈 В текущем году планируется уже 43 аудита, что на 59% больше, чем в 2024 г.

«Примечательно, что 30 из 43 аудитов, запланированных на 2025 год, были отобраны с помощью нашей системы управления рисками», — сказал член ВАП РК.


✅ Он проинформировал, что за прошлый год ВАП выявила финансовые нарушения на 154 млрд тенге. Из этой суммы 88% или 135 млрд тенге были возвращены в республиканский бюджет. Что является высоким показателем.

Как отметил Расул Рахимов, в прошлом году Высшая аудиторская палата начала глубокую трансформацию своей информационной системы.

«Мы интегрировали новые интеллектуальные инструменты для повышения эффективности работы аудиторов и улучшения качества анализа. Наш главный приоритет – добиться максимально возможной автоматизации процессов аудита», — сказал он.


🔍Так, был внедрен аналитический модуль, который позволяет аудиторам в режиме реального времени анализировать закупки госорганов и нацкомпаний, видеть налоговые поступления и другие платежи в бюджет, а также сравнивать данные по различным регионам и отраслям экономики.

👆 Еще одна IT-инициатива – запуск цифрового Кабинета объекта госаудита, тестирование которого завершится к концу текущего года. Этот сервис позволит сократить физические проверки и максимально перенести документооборот в рамках госаудита в электронный формат.

«Мы сможем автоматически составлять профиль каждой проверяемой организации в зависимости от объема выделенных бюджетных средств. Эти данные будут автоматически интегрированы в систему управления рисками, что позволит выявлять организации с высоким уровнем риска», — отметил Расул Рахимов.


Он также проинформировал коллег о законодательном усилении системы госаудита в Казахстане после подписания Главой государства нового Бюджетного кодекса.

«Теперь, когда Правительство будет представлять Парламенту ежегодный отчет об исполнении бюджета, оно также должно будет отчитываться о выполнении рекомендаций ВАП, данных к отчету Правительства об исполнении республиканского бюджета за предыдущий финансовый год. Это значительный шаг к обеспечению финансовой прозрачности в распределении и использовании средств республиканского бюджета», — сказал член ВАП РК.


В завершение выступления он отметил, что экспертные оценки, которые дают иностранные коллеги в рамках проверки деятельности ВАП «равными по положению», будут полностью учтены в работе по дальнейшему совершенствованию системы госаудита в Казахстане.

«Опираясь на предварительные результаты данной проверки, Высшая аудиторская палата активно работает над теми сферами, которые требуют улучшения», — заключил Расул Рахимов.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қаржылық есептілігі анағұрлым ашық болды
 
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның корпоративтік есеп саясатына өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Олар ұлттық компания қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

📌Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында QazExpoCongress-те активтерді есепке алу нетто-негізде (субсидияларды қоспай) жүзеге асырылатыны анықталды. Бұл мемлекеттік субсидиялардың қозғалысы мен оны пайдаланудың нәтижелілігін бақылауға мүмкіндік бермейді. Осындай қаражат есебінен сатып алынған негізгі құралдар ұлттық компанияның қаржылық есептілігінде көрсетілмеген.

Жағдайды түзету үшін «QazExpoCongress» ҰК» АҚ директорлар кеңесіне корпоративтік есеп саясатын қайта қарау тапсырылды.

✅ Нәтижесінде, биыл 28 қаңтарда субсидиялар есебін брутто-негізге аударатын өзгерістер бекітілді. Бұл ұлттық компанияның қаржылық жағдайын дәлірек көрсетуге, мемлекет қаражатының пайдаланылуын тиімдірек бақылауға және ұлттық компанияның шығыстарын оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік секторда елеулі реформалар жүргізілетінін баса айтты.

«Ұлттық компанияларды IPO-ға шығару мәселесін қайта қарау өте маңызды. Бұл істе негізгі мақсат – мемлекеттік активтердің тиімділігін арттыру. Корпоративтік басқарудың заманауи әдіс-тәсілдерін енгізу қажет. Сол арқылы компаниялардың барынша ашық қызмет етуін қамтамасыз етуге болады», — деді ҚР Президенті.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін «QazExpoCongress» ұлттық компаниясының қаржылық есептілігі анағұрлым ашық болды   ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның корпоративтік есеп саясатына өзгеріс пен толықтыру…
Финансовая отчетность нацкомпании QazExpoCongress стала более прозрачной после аудита ВАП РК

По предписанию Высшей аудиторской палаты РК внесены изменения и дополнения в корпоративную учетную политику АО «НК «QazExpoCongress». Они призваны повысить прозрачность и эффективность деятельности нацкомпании.

📌Во время проведенного госаудита выяснилось, что учет активов в QazExpoCongress осуществляется на нетто-основе (без включения субсидий), что не позволяет отслеживать движение и результативность использования государственных субсидий. Основные средства, приобретенные за счет таких средств, не отражались в финансовой отчетности нацкомпании.

Для исправления ситуации Совету директоров АО «НК «QazExpoCongress» было поручено пересмотреть корпоративную учетную политику.

✅ В результате, 28 января текущего года были утверждены изменения, переводящие учет субсидий на брутто-основу. Это позволит более точно отражать финансовое состояние нацкомпании, эффективнее контролировать использование средств государства и повысить прозрачность проводимой работы по оптимизации расходов нацкомпании.

В ходе выступления на расширенном заседании Правительства в феврале прошлого года Глава государства Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что в квазигосударственном секторе предстоит провести серьезные реформы.

«Важно по-новому посмотреть на вывод национальных компаний на IPO. Здесь главным должно быть повышение эффективности государственных активов. Эту задачу можно решить за счет внедрения современных методов корпоративного управления, что обеспечит прозрачность деятельности компаний», — сказал Президент РК.


🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палата жылыту, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы міндетті емес бюджет шығындарын тоқтатты

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғырту кезіндегі бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсау тоқтатылды.

📌Осы салаға аудит жүргізу барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: 2023-2024 жылдары сенім білдірілген агенттің шығындары шеңберінде бюджет қаражатынан талдамалық көрсетілетін қызметтерге ақы төленген. Ал бұл Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен «Қазақстандық тұрғы үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның тікелей функционалы болып табылады. Жалпы 2 жыл ішінде 207 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

✅ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау шеңберінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғыртуға республикалық бюджеттен шығыстарды қалыптастыру кезінде 2025 жылдан бастап аталған қызметтер үшін қаржыландыру бөлінбейді.

✅ Сонымен қатар 2024 жылға арналған бюджетті түзету кезінде 84,4 млн теңге үнемделді. Бұл қаражат мемлекет қазынасына қайтарылды.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палата жылыту, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы міндетті емес бюджет шығындарын тоқтатты Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғырту кезіндегі бюджет қаражатын…
ВАП пресекла необязательные бюджетные расходы в сферах отопления, водоснабжения и водоотведения

По предписанию Высшей аудиторской палаты прекращено нерациональное расходование бюджетных средств при модернизации строительства систем тепло-, водоснабжения и водоотведения.

📌В ходе аудита данной сферы было выявлено: в 2023-2024 годах из средств бюджета в рамках затрат на поверенного агента оплачены аналитические услуги, которые входят в непосредственный функционал Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства и АО «Казахстанский Центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства». Суммарно за 2 года потрачено свыше 207 млн тенге.

✅ Во исполнение поручения ВАП, при формировании расходов из республиканского бюджета на модернизацию строительства систем тепло-, водоснабжения и водоотведения с 2025 года, исключено финансирование на указанные услуги.

✅ Кроме того, при корректировке бюджета на 2024 год сэкономлены 84,4 млн тенге. Эти средства были возвращены в казну государства.

Исполнение других поручений по итогам государственного аудита остается на контроле Высшей аудиторской палаты.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазынашылық органдары автожолдарды бюджет есебінен реконструкциялау жобаларына бақылау жүргізуді бастайды

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша автомобиль жолдарын реконструкциялауға байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау күшейтілді.

📌 2024 жылғы желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша мұндай бақылау қажет екені анықталды. Аудиторлар автожолдарды бюджет есебінен реконструкциялау жөніндегі жобаларға қазынашылық сүйемелдеу қолданылмайтынын анықтады.

Бақылаудың бұл формасы алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және мемлекет қаражатын мақсатсыз тәуекелдерін төмендетеді. Жоба мерзімдерінің бұзылу ықтималдығын азайтады және жұмыстардың қатаң түрде бекітілген қаржыландыру шеңберінде орындалуын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қазынашылық комитетіне аталған олқылықты жою туралы тапсырма берілді.

✅ Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні автожолдарды реконструкциялауға байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шарттар қазынашылық сүйемелденумен қоса аумақтық қазынашылық органдарында тіркелуге жатады.

Бұл ақпарат орындау үшін барлық өңірлерге жеткізілді.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата Комитетке аумақтық бөлімшелер жұмысындағы кемшіліктерге талдау жүргізіп, оларды болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Нәтижесінде Комитет алқасы өткізіліп, оған барлық аумақтық қазынашылық органдарының басшылық құрамы қатысты. Мемлекеттік аудит қорытындылары қаралып, бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша басқа нұсқамалардың орындалуы толық аяқталғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қазынашылық органдары автожолдарды бюджет есебінен реконструкциялау жобаларына бақылау жүргізуді бастайды ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша автомобиль жолдарын реконструкциялауға байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын…
Органы казначейства начнут контролировать проекты реконструкции автодорог за счет бюджета

По предписанию Высшей аудиторской палаты РК усилен контроль за реализацией бюджетных инвестиционных проектов, связанных с реконструкцией автомобильных дорог.

📌Необходимость в этом была выявлена по итогам государственного аудита деятельности Комитета казначейства Министерства финансов РК, который состоялся в декабре 2024 года. Аудиторы установили, что к проектам по реконструкции автодорог за счет бюджета не применяется казначейское сопровождение.

Вместе с тем такая форма контроля снижает риски мошенничества, коррупции и нецелевого использования средств государства, минимизирует вероятность срыва проектов и позволяет следить за тем, чтобы работы выполнялись строго в рамках утвержденного финансирования.

В этой связи Комитету казначейства было дано поручение устранить данный пробел.

✅ В результате принятых мер на сегодняшний день договоры по реализации бюджетных инвестпроектов, связанных с реконструкцией автодорог, подлежат регистрации в территориальных органах казначейства с условиями казначейского сопровождения.

Данная информация доведена до всех регионов для исполнения.

Кроме того, ВАП поручила Комитету провести анализ недостатков в работе территориальных подразделений и принять необходимые меры для их исключения.

В результате была проведена коллегия Комитета с участием руководящего состава всех ТОК, где были рассмотрены итоги госаудита и даны конкретные поручения по повышению эффективности управления бюджетными средствами.

Исполнение других предписаний по итогам проведенного госаудита остается на контроле Высшей аудиторской палаты до полного завершения.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Павлодар облысында квазимемлекеттік компанияның шотында бюджет қаражаты үш жылдан астам «бос тұрып қалған»
 
Павлодар облысы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының біріне қатысты мемлекеттік қаражатты пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

📌ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде өңірдегі квазимемлекеттік компаниялардың бірінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында үш жылдан астам уақыт бойы 2,1 млрд теңгеден аса қаражаттың пайдаланылмай тұрғаны анықталды.  

Осыған байланысты Павлодар облысының әкімдігіне қаражатты одан әрі пайдалану бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

✅ 18 наурыздағы жағдай бойынша бұрын жасалған шарт шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ пайдасына 2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.

Қосымша 114 млн теңгеден аса қалдықты пайдалануға беру туралы шешім қабылдануда. Бұл мәселе және мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Павлодар облысында квазимемлекеттік компанияның шотында бюджет қаражаты үш жылдан астам «бос тұрып қалған»   Павлодар облысы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының біріне қатысты мемлекеттік қаражатты пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті қамтамасыз…
Бюджетные средства «зависли» на счете квазигоскомпании в Павлодарской области более чем на 3 года

В отношении одной из подведомственных организаций акимата Павлодарской области приняты меры по обеспечению финансовой дисциплины при использовании государственных средств. Работа проведена по предписанию Высшей аудиторской палаты.

📌Во время госаудита Комитета казначейства Министерства финансов РК было выявлено, что на контрольном счете наличности одной из квазигоскомпаний региона более 3 лет числятся средства свыше 2,1 млрд тенге и не используются.  

В этой связи акимату Павлодарской области было поручено принять меры по дальнейшему использованию данных средств.

✅ По состоянию на 18 марта свыше 2 млрд тенге перечислены в пользу АО «Казахтелеком» в рамках ранее заключенного договора.

Дополнительно принимается решение об использовании остатка в размере более чем 114 млн тенге. Данный вопрос остается на контроле Высшей аудиторской палаты, так же как и исполнение других поручений по итогам госаудита.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік аудиттен кейін Астанадағы жаңа сүзгі станциясында химиялық зертхана толыққанды жұмыс істей бастады
 
Астана әкімдігі Интернациональный тұрғын алабында орналасқан жаңа
сорғы-сүзгі станциясындағы кемшіліктерді жойды. Бұл кемшіліктер ҚР Жоғары аудиторлық палатасы жүргізген аудит шеңберінде анықталған болатын.

📌2024 жылдың жазында құрылыста баға белгілеу жүйесінің тиімділігіне, сондай-ақ жобалау мен құрылысқа бөлінген қаражат пен активтердің пайдаланылуына аудит жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата елордалық әкімдікке №3 жаңа сорғы-сүзгі станциясының химиялық зертханасының жабдықтарын пайдалануды қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін суды ионсыздандыру жүйесін орнату, сондай-ақ қызметкерлер штатын толық жасақтау қажет болды.

✔️ Нәтижесінде станцияда жетекші компаниялардың бірінің тазарту жүйесі (ионизатор) орнатылды, ол ерітінділерді дайындау үшін қажетті сападағы ионсыздандырылған су өндіруге мүмкіндік береді.

✔️ Зертхананың штат саны 47 адам көлемінде бекітіліп, жасақталды. Олардың қатарында инженер-бактериолог, паразитолог, инженер-химик және т.б. бар. Бүгінгі таңда мамандар станцияның жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықтарында жұмыс істейді.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа тапсырмалардың орындалуы толық аяқталғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудиттен кейін Астанадағы жаңа сүзгі станциясында химиялық зертхана толыққанды жұмыс істей бастады   Астана әкімдігі Интернациональный тұрғын алабында орналасқан жаңа сорғы-сүзгі станциясындағы кемшіліктерді жойды. Бұл кемшіліктер ҚР Жоғары аудиторлық…
После госаудита полноценно заработала химическая лаборатория на новой фильтровальной станции в Астане

Акимат Астаны устранил недостатки на новой насосно-фильтровальной станции в жилом массиве Интернациональный, выявленные в рамках аудита Высшей аудиторской палаты РК.

📌Летом 2024 года был проведен аудит эффективности системы ценообразования в строительстве, а также использования средств и активов, выделенных на проектирование и строительство. По его итогам ВАП поручила столичному акимату обеспечить эксплуатацию оборудования химической лаборатории новой насосно-фильтровальной станции №3. Для этого нужно было установить систему деионизации воды, а также полностью укомплектовать штат сотрудников.

✔️ В результате на станции была установлена система очистки (ионизатор) одной из ведущих компаний, которая позволяет производить деионизированную воду нужного качества для приготовления растворов.  

✔️ Штатная численность лаборатории была утверждена и укомплектована в размере 47 человек. В их числе инженер-бактериолог, паразитолог, инженер-химик и т.д. На сегодняшний день специалисты уже работают на высокоточном лабораторном оборудовании станции.

Исполнение других поручений по итогам государственного аудита остается на контроле Высшей аудиторской палаты до полного завершения.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның Даму Банкінің кредит беру және қаржыландыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) қызметін реттеуге бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары мен нұсқамаларын ескере отырып ҚР Үкіметі мен Даму банкі тиісті шаралар қабылдады.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы мемлекет саясатына аудит жүргізген болатын.

📌Аудит нәтижелері бойынша ҚДБ-ның жекелеген қарыз алушылары салалық даму тұжырымдамасында бекітілген шекті мәндерден төмен мөлшерлемелер бойынша кредиттер алғаны анықталды. Аудиторлардың пікірінше, бұл мемлекеттік қолдау шараларына алуда тең жағдай жасауға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата белгіленге пайыздық мөлшерлеме енгізуді ұсынды. Бұл Банктің ішкі бағалауы негізінде мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бермейді.

✔️ Нәтижесінде ҚДБ директорлар кеңесінің шешімімен өңдеу өнеркәсібі жобаларының айналым капиталын қаржыландыру және экспорттаушыларды қолдау бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер барлық түпкілікті қарыз алушылар үшін бірыңғай сыйақы мөлшерлемесін жылдық 7% мөлшерінде белгілеуді көздейді.

📌Сонымен қатар аудит ҚДБ бюджет қаражатын 0,15% мөлшерлемемен алып, кейіннен қарыз алушыларға
9-11% мөлшерлеме бойынша кредит беретінін анықтады. Бұл Банктің артық қаржылай пайда алуына және мемлекет үшін кірістің жеткіліксіздігіне әкелді. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата бюджеттік кредиттеу шарттары бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қайта қарауды ұсынды.

✔️ ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 15 ақпандағы хаттамалық тапсырмасымен бюджеттік кредиттеу мөлшерлемесін 2025 жылдан бастап 1%-ға дейін арттыру тәсілдері мақұлданды.

Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша берілген басқа тапсырмалар мен ұсынымдар толық орындалғанға дейін Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қазақстанның Даму Банкінің кредит беру және қаржыландыру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) қызметін реттеуге бірнеше маңызды өзгеріс енгізілді. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары мен нұсқамаларын ескере отырып ҚР Үкіметі…
Внесены изменения в подходы к кредитованию и финансированию БРК

В регулирование деятельности АО «Банк развития Казахстана» внесено несколько важных изменений. Соответствующие меры приняты Правительством РК и Банком развития с учетом рекомендаций и предписания Высшей аудиторской палаты.

Ранее ВАП был проведен аудит политики государства в сфере стимулирования субъектов промышленно-инновационной деятельности.

📌По результатам аудита установлено, что отдельные заемщики БРК получали кредиты по ставкам ниже предельных значений, утвержденных в отраслевой концепции развития. По мнению аудиторов, это создавало неравные условия для доступа к мерам господдержки.

В этой связи ВАП рекомендовала установить фиксированную процентную ставку, исключающую возможность ее снижения на основании внутренних оценок Банка.

✔️ В результате, решением Совета директоров БРК в программы финансирования оборотного капитала проектов обрабатывающей промышленности и поддержки экспортеров внесены изменения, предусматривающие единую фиксированную ставку вознаграждения в размере 7% годовых для всех конечных заемщиков.

📌Кроме того, аудит показал, что БРК привлекал бюджетные средства под ставку 0,15% и в последующем кредитовал заемщиков под 9-11%, что приводило к избыточной финансовой выгоде Банка и недостаточной доходности для государства. В этой связи Высшая аудиторская палата рекомендовала пересмотреть процентные ставки по договорам бюджетного кредитования.
 
✔️ Протокольным поручением Премьер-министра РК от 15 февраля 2025 года были одобрены подходы по повышению ставки бюджетного кредитования до 1% с 2025 года.

Исполнение других поручений и рекомендаций по итогам проведенного госаудита остается на контроле Высшей аудиторской палаты до полного исполнения.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет арнайы деректер банкінен құрылыс жобаларын еркін пайдалана алады

Қазақстанда құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінде орналастырылатын жобалардың авторлық құқық мәселесі реттелді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп тиісті шаралар қабылдады.

📌Бұл мәселе құрылыс саласында баға белгілеу жүйесіне жүргізілген мемлекеттік аудит кезінде белгілі болды. Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік банкте 6,7 мыңнан астам жоба бар екенін, алайда кейбіреулеріне авторлық (мүліктік) құқық болмағандықтан, оларды пайдалануда қиындық туындайтынын анықтады. Ал жобалар банкі негізінен мемлекет бір-біріне ұқсас объектілерді салу кезінде үнемі жаңа құжаттамаға тапсырыс бермей, жұмсалатын қаражатты үнемдеуі үшін құрылды.

Осыған байланысты Өнеркәсіп министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және авторлық құқық мәселесін реттеу тапсырылды.  

✔️ Нәтижесінде жаңартылған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң аясында (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) жаңа қағидалар бекітілді. Енді жобалау немесе жобалау-сметалық құжаттаманы жасау жөніндегі жұмыстарды сатып алу туралы шартқа сәйкес орындаушы жобаны одан әрі пайдалану құқығын тапсырыс берушінің пайдасына береді. Бұл құжаттаманы қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы ресімделеді.

Бұл норма бюджет қаражаты және квазимемлекеттік сектор субъектілері есебінен салынатын құрылыс жобаларына қолданылады.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекет арнайы деректер банкінен құрылыс жобаларын еркін пайдалана алады Қазақстанда құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінде орналастырылатын жобалардың авторлық құқық мәселесі реттелді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп тиісті…
Государство сможет свободно использовать строительные проекты из специального банка данных  

В Казахстане отрегулирован вопрос с авторскими правами на проекты, размещаемые в государственном банке проектов строительства. Соответствующая работа проведена Министерством промышленности и строительства совместно с Министерством финансов.

📌Проблема была обнаружена во время госаудита системы ценообразования в строительной сфере. Высшая аудиторская палата выявила, что в государственном банке есть свыше 6,7 тыс. проектов, однако на некоторые отсутствуют авторские (имущественные) права, что затрудняет их использование. При этом банк проектов был создан, чтобы государство могло экономить на возведении идентичных объектов, не заказывая каждый раз новую документацию.

В этой связи Минпромышленности было поручено совместно с Минфином внести необходимые изменения в законодательство и отрегулировать вопрос авторских прав.

✔️ В результате в рамках обновленного закона «О государственных закупках» (вступил в силу 1 января 2025 года) были утверждены новые правила. Теперь, в соответствии с договором о закупке работ по созданию проектной или проектно-сметной документации, исполнитель передает все права на ее дальнейшее использование в пользу заказчика. Это оформляется посредством подписания акта приема-передачи документации.

Данная норма распространяется на строительные проекты, создаваемые за счет средств бюджета и субъектов квазигосударственного сектора.

Исполнение других поручений по итогам государственного аудита остается на контроле Высшей аудиторской палаты.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасын «дәрежесі бойынша тең» форматында тексерудің 2-кезеңі аяқталды

🇰🇿 🇱🇹 🇵🇹 🇹🇷 Литва, Португалия және Түркияның жоғары аудит органдарының мамандары Португалия Аудиторлар сотының вице-президенті Антонио Мартинстың басшылығымен ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасының қызметін «дәрежесі бойынша тең» форматында тексерудің 2-кезеңін өткізу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді. Бұл топтың елімізге алғашқы жұмыс сапары 2024 жылғы шілдеде өткен болатын.

📌Аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкестігін анықтауға бағытталған мұндай тексерулерді көптеген ел белгілі бір кезең сайын өткізіп отырады. Бағалауды «дәрежесі бойынша тең» шетелдік ведомстволардың өкілдері жүргізеді. Бұл бағалаудың сапасы мен объективтілігін қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар тәжірибе алмасуға және қабылдаушы елде мемлекеттік аудит деңгейін арттыруға септігін тигізеді.

Жұмыс сапары барысында шетелдік аудиторларЖоғары аудиторлық палата төрағасы және мүшелерімен, сондай-ақ негізгі мүдделі тараптармен және аудит объектілерімен кездесті. Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары, Қаржы министрлігінің қызметкерлері және Astana Hub технопаркінің өкілдерімен кездесулер өтті.

Серіктес елдердің жоғары аудит органдарының өкілдері Жоғары аудиторлық палатаның жұмысын терең зерделеді. Олар аудиттердің сапасы қалай қамтамасыз етілетінін, әдістеменің қандай қағидаттарға негізделетінін, тексерілетін нысандар қалай таңдалатынын және басқа да мәселелерді талдады. Ішкі бақылау жүйесіне, аудит процестеріне және нақты тексерулердің материалдарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар сарапшылар Палатаның қоғаммен байланыс тәсілдерін және цифрлық шешімдерді енгізуін бағалады.

Шетелдік аудиторлармен кездесуде Әлихан Смайылов Жоғарғы аудиторлық палатаның объективті талдамалық орталық ретіндегі рөлін біртіндеп нығайтып келе жатқанын атап өтті.

«Біз аудит есептерінде тексерушілік функциялардан алыстап, экономиканың нақты салаларында немесе жекелеген өңірлерде реформалардың орындалуына баға беруге ерекше назар аударудамыз. Осы жұмысты үйлестіру үшін Жоғары аудиторлық палата мүшелері экономиканың әрбір саласына жеке жауапты болады», — деді ол.


«Дәрежесі бойынша тең» тексерудің қарқыны мен ауқымын жоғары бағалаған Әлихан Смайылов бұл шараның Қазақстандағы мемлекеттік аудит жүйесін дамыту үшін маңызы зор екенін айтты.

«Сіздердің бұл сапарларыңыз Жоғарғы аудиторлық палатаның жұмысын жетілдіруге бағытталған аса маңызды әрі пайдалы ұсынымдарды қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», — деді ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы.

✔️ Келесі жұмыс сапары 2025 жылғы қазан айына жоспарланған. Жиында «дәрежесі бойынша тең» форматында жүргізілген тексерудің есебі қорытындыланады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM