GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Қазақстанда аграрлық секторды мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар қабылданды 2024 жылғы желтоқсанда Жоғары аудиторлық палата ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді. Аудит…
Новые меры по повышению эффективности господдержки аграрного сектора приняты в РК

В декабре 2024 года Высшая аудиторская палата провела аудит эффективности использования бюджетных средств, выделенных на субсидирование сельского хозяйства. По его итогам Министерству сельского хозяйства РК были даны конкретные поручения, направленные на повышение прозрачности и результативности господдержки агропромышленного комплекса.

📌В рамках исполнения данных поручений Минсельхозом реализован ряд ключевых инициатив.

✔️ Так, был обновлен План развития ведомства на 2023-2027 годы. Он пересмотрен с акцентом на устойчивое землепользование и восстановление плодородия почв. Разработана дорожная карта развития углеродного земледелия, что станет важным шагом к экологически чистому производству.

✔️ Актуализированы правила субсидирования кредитов и лизинга. Внесены изменения в нормативные документы: исключены устаревшие положения, утратившие силу, что повысит точность регулирования и упростит доступ аграриев к финансовой поддержке.

✔️Скорректированы меры поддержки животноводства. Исключены направления субсидирования племенной и селекционной работы (за исключением коневодства. Это направление сохранено с целью восстановления генофонда отечественных пород лошадей).
Кроме того, господдержка на мясо курицы теперь доступна только при реализации продукции внутри республики – это позволит укрепить продовольственную безопасность РК.

Высшая аудиторская палата продолжает контролировать ход исполнения других поручений, данных по итогам государственного аудита.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌«KazMedProm» ЖШС-ға қатысты жағдай туралы

Дәрілік заттармен қамтамасыз ету саласына жүргізілген аудит барысында отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі тексерілді.

Мұндай қолдау шараларының бірі – ұзақ мерзімді шарттар жасасу. Бұл шарттарға сәйкес, «СК-Фармация» отандық өндірушілердің өнімін олардың көрсеткен бағасы бойынша сатып алуға міндеттеледі. Аталған механизм қазақстандық фармацевтика өндірісін дамытуға бағытталған.

Алайда аудит барысында шетелдік өнімнің отандық өнім ретінде сатылғанын растайтын жекелеген жағдайлар анықталды.

Мәселен, 2024 жылы «KazMedProm» ЖШС отандық өндіруші мәртебесін пайдаланып «СК-Фармацияға» жалпы сомасы 8,1 млрд теңгеге 63 млн жұп медициналық қолғап жеткізген. Алайда жеткізілген тауардың көлемі мен сипаттамасы дәл сол кезеңде компанияның Таиландтан сатып алған қолғаптар партиясымен толық сәйкес келеді. Кедендік декларациялар олардың сырттан әкелінгенін растайды, ал жеткізу мерзімдері «СК-Фармацияға» жөнелтілген күндермен сәйкес.

Аудиторлар бұл жағдайда импорттық өнімнің отандық өнім ретінде ұсынылу қаупі бар деген тұжырымға келді.

Сонымен қатар медициналық өнімдер бағасының да негізсіз жоғары екені анықталды: «KazMedProm» Panagloves диагностикалық латекс қолғаптарын жұбына 98 теңгеден сатқан, ал нарықта олардың құны шамамен 40 теңге тұрады. Соның салдарынан мемлекет 5,3 млрд теңге артық төлеген.

Осы айтылғандарды ескере отырып, 2025 жылғы 27 мамырда аудит материалдары Бас прокуратураға жолданды. Нәтижесінде 18 шілдеде Бас прокуратура бұл материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне жіберді.

Сондай-ақ 22 мамырда, яғни Жоғары аудиторлық палата материалдарды құқық қорғау органдарына жолдағанға дейін, Шымкент қаласының прокуратурасы компания қызметіне тексеру тағайындап, оны 27 маусымда аяқтаған.

Қалалық прокуратураның тексеруі нәтижесінде «KazMedProm» ЖШС жылына шамамен 17 млн жұп қолғап өндіретіні анықталды. Шамамен тағы 50 млн жұп қолғап Таиландтан in bulk форматында әкелінетін өнімнен дайындалады.

In bulk өнім – бұл тұтынушылық қаптамасыз, жай ғана қаптарға салынған қолғаптар. Мұндай өнімнен қолғап жасау процесі оларды жуу, кептіру, дезинфекциялау және қаптаудан тұрады.

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекетті қайта өңдеу деп бағалап, қылмыстық негіз жоқ деп таныған.

Алайда мұндай өңдеу жеткілікті деп саналмайды, себебі бұл жағдайда тауар номенклатурасының коды өзгермейді (аталған жағдайда өзгермеген). Демек бұл іс жүзінде өндіріс болып саналмайды.

Өнімді мемлекетке нарықтағыдан едәуір жоғары бағамен өткізу фактісі де орын алған.

Осылайша, отандық өндірушілер тарапынан өндірісті жергіліктендіру шарттарының сақталуын бақылау тетіктерінің, сондай-ақ баға реттеу тетіктерінің тиімсіздігі туралы Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы толық негізделген.

Айта кету керек, Жоғары аудиторлық палата отандық өндірісті дамытуға басымдық беру маңызды деп санайды, алайда аудит жүргізудің басты мақсаты — бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында ықтимал бұзушылықтарды анықтау.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
📌«KazMedProm» ЖШС-ға қатысты жағдай туралы Дәрілік заттармен қамтамасыз ету саласына жүргізілген аудит барысында отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі тексерілді. Мұндай қолдау шараларының бірі…
Касательно ситуации с ТОО «KazMedProm»

Во время аудита сферы лекарственного обеспечения проверялась эффективность мер господдержки отечественных производителей фармацевтической продукции.

Одной из таких мер является заключение долгосрочных договоров, по которым СК «Фармация» обязуется закупать продукцию отечественных производителей по заявленной ими цене. Эта мера направлена на развитие казахстанского фармпроизводства.

Однако аудит выявил отдельные случаи, когда усматривались признаки поставок импортной продукции под видом отечественной.

Так, зафиксировано, что в 2024 году ТОО «KazMedProm», пользуясь привилегиями отечественного производителя, поставило СК «Фармация» 63 млн пар медицинских перчаток на 8,1 млрд тенге. При этом объемы и характеристики поставленных перчаток совпадают с партией перчаток, закупленной компанией в тот же период из Таиланда. Таможенные декларации подтверждают ввоз, а даты совпадают с датами поставок СК «Фармация».

Аудиторы сделали закономерный вывод о возможном риске поставки импортной продукции под видом местной.

Кроме того, цены оказались завышенными: ТОО «KazMedProm» продало диагностические латексные перчатки Panagloves по 98 тенге за пару, тогда как на рынке есть предложения по 40 тенге. В результате государство переплатило 5,3 млрд тенге.

Учитывая вышесказанное, 27 мая 2025 года материалы аудита были переданы в Генпрокуратуру. По результатам рассмотрения Генеральная прокуратура 18 июля передала указанные материалы в Агентство по финансовому мониторингу для принятия процессуального решения.

Однако 22 мая, еще до передачи материалов ВАП в правоохранительные органы, прокуратура Шымкента назначила проверку деятельности компании, завершив ее 27 июня.

Проверка городской прокуратуры установила, что ТОО «КазМедПром» производит около 17 млн пар перчаток в год. Еще порядка 50 млн пар в год изготавливаются из ввезенной из Таиланда in bulk продукции.

In bulk продукциия – по сути, это перчатки, которые поставляются россыпью без потребительской упаковки. Процесс изготовления перчаток из такой продукции заключается в их мойке, сушке, дезинфекции и упаковке.

Прокуратура Шымкента квалифицировала это переработкой и состава преступления не выявила.

Однако такая обработка не считается достаточной, так как при этом не меняется код товарной номенклатуры (в данном случае не менялся). То есть фактически это не производство.

Что касается реализации продукции государству по ценам, значительно превышающим рыночные, данный факт также имеет место.

Таким образом, выводы ВАП по итогам аудита о неэффективности механизмов контроля со стороны СК «Фармация» за соблюдением отечественными производителями условий локализации производства, а также о неэффективности механизмов ценового регулирования являются полностью обоснованными.

Отметим, что ВАП также считает развитие отечественного производства приоритетным. Тем не менее задачей аудиторов является выявление потенциальных нарушений в целях повышения эффективности использования бюджетных средств.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы аудит: мемлекет активтеріне 4,4 млрд теңге өтелді

ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасында ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

Аудиторлық іс-шара Ауыл шаруашылығы министрлігін, оның жекелеген комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясын, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын, «QazBioPharm» ұлттық холдингін, бейінді жоғары оқу орындары мен өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды қамтыды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде аграрлық сектордың Қазақстан үшін стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», — деді Президент.


📊Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығарылымы 8,3 трлн теңгеге жеткен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9% көп. Жалпы көлемнің ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі 5 трлн теңге (60,2%), мал шаруашылығы өнімі 3,2 трлн теңге (39,6%) болды. Дегенмен жүргізілген мемлекеттік аудит республикадағы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуын тежейтін бірқатар мәселені анықтады. Олардың қатарында бағдарламалық құжаттардың арасында үйлесімділіктің болмауы, өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткіштерінің сақталмауы және азық-түлік қорларына мониторингтің жеткіліксіздігі сияқты проблемалар бар.

Мәселен, негізгі азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі әлі де 80%-ға жетпейді, ал қолданылып жүрген есептеу әдістемесі физиологиялық тұтыну нормаларын ескермейді.

Азық-түлік қорларын есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесі әлі де енгізілмеген, бұл мұндай тауарлардың бар-жоғы және қозғалысы туралы деректердің нақтылығына әсер етеді.

Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша да олқылықтар бар. Ветеринариялық зертханалардың 87%-дан астамы халықаралық стандарттарға сәйкестігі бойынша аккредиттелмеген. 396 млн теңгеден астам сомаға ветеринариялық препараттарды сатып алу рәсімдерін бұзу фактілері анықталды. 101 шегаралық өткізу пунктінің 24-і фитосанитариялық бақылаумен қамтамасыз етілмеген.

Мемлекеттік аудиторлар ауыл шаруашылығының ғылыммен қамтылу деңгейінің төмен екенін де атап өтті. 2023 жылы бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің небәрі 0,26%-ын құраған. Ғылыми зерттеу нәтижелерінің жеткілікті қолданыс таппауы саланың дамуын тежейді.

📌Жалпы аудит барысында 179 млн теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны және 66,2 млрд теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

✔️ Аудит нәтижесінде аудит объектісі тиісті шаралар қабылдап, мемлекет активтеріне 4,4 млрд теңге өтелді.

Жоғарғы аудиторлық палата ҚР Үкіметі мен аудит объектілеріне анықталған заңбұзушылықтар мен мәселелерді жою үшін қажетті ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
Госаудит в сфере продбезопасности: 4,4 млрд тенге возмещено в активы государства

В Высшей аудиторской палате рассмотрены итоги государственного аудита эффективности обеспечения ветеринарно-санитарной, фитосанитарной и продовольственной безопасности РК.

Проверочные мероприятия охватили Министерство сельского хозяйства, его отдельные комитеты и подведомственные организации, нацкомпанию «Продовольственная контрактная корпорация», Национальный аграрный научно-образовательный центр, нацхолдинг«QazBioPharm», профильные вузы и региональные социально-предпринимательские корпорации.

В своем выступлении на 1-м форуме работников сельского хозяйства Глава государства Касым-Жомарт Токаев вновь обозначил стратегический статус аграрного сектора в Казахстане.

«Агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста. В этом заинтересованы и бизнес, и государство. Прежде всего, это важно с точки зрения обеспечения продовольственной безопасности. Жизнь и благополучие жителей села также напрямую зависят от состояния отрасли», — сказал Президент.


📊По данным Бюро национальной статистики,объем выпуска продукции сельского хозяйства в 2024 году составил 8,3 трлн тенге, что на 9% больше, чем в 2023 году. Из общего объема валовая продукция растениеводства составляет 5 трлн тенге (60,2%), животноводства – 3,2 трлн тенге (39,6%). При этом отрасль обладает огромным потенциалом для дальнейшего развития.

📌В свою очередь, госаудит позволил выявить ряд проблемных факторов, сдерживающих развитие агропромышленного комплекса республики. В их числе несогласованность между программными документами развития, несоблюдение индикаторов самообеспечения и недостаточный мониторинг запасов продовольствия.

Так, уровень самообеспечения по ключевым продуктам все еще не достигает 80%, а используемая методика расчета не учитывает физиологические нормы потребления.

В республике по-прежнему не внедрена автоматизированная система учета и контроля продовольственных запасов, что приводит к недостоверности данных о наличии и движении таких товаров.

Недоработки имеются и в части ветеринарной и фитосанитарной безопасности. Более 87% ветлабораторий не аккредитованы на соответствие международным стандартам. Выявлены случаи нарушения закупочных процедур ветпрепаратов на сумму свыше 396 млн тенге. Не все пограничные пункты (24 пограничных пункта из 101) на сегодняшний день обеспечены фитосанитарным контролем.

Госаудиторы также указали на низкие темпы повышения наукоемкости сельского хозяйства – по состоянию на 2023 год этот показатель достигал всего 0,26% от ВВП. Недостаточное внедрение результатов научных исследований в практику тормозит модернизацию отрасли.

📌Выявлено неэффективное планирование бюджетных средств на сумму свыше 179 млн тенге, а также неэффективное использование – на 66,2 млрд тенге.

✔️ По итогам аудиторского мероприятия объектом аудита были приняты меры, в результате чего 4,4 млрд тенге возмещено в активы государства.

ВАП выработаны необходимые рекомендации и поручения для устранения всех выявленных нарушений и проблем. Они в рабочем порядке направлены Правительству РК и объектам аудита.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❓ Жоғары білім сапасы: Жоғары аудиторлық палатаның сауалнамасы

2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Жоғары аудиторлық палата жоғары білім сапасын арттыру мен дамытуға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне аудит жүргізеді.

📋 Жоғары білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін бағалау және проблемаларды анықтау мақсатында кешенді сауалнама басталды. Оған әрбір қазақстандық қатыса алады.

***

❓Качество высшего образования: опрос от Высшей аудиторской палаты

В соответствии с Перечнем объектов государственного аудита на 2025 год, Высшая аудиторская палата проведет аудит эффективности использования средств, выделенных на развитие и повышение качества высшего образования.

📋 С целью оценки текущего состояния системы высшего образования и выявления существующих проблем запущен комплексный опрос, в котором может принять участие каждый казахстанец.

✅ Сдуденттер үшін/Для студентов – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdxWJ3Sb_3zo72cnETxqb1_P3VHhm3Kr5Oe_gfaO_P3fhSEKg/viewform?usp=headerи

✅ Оқытушылар үшін/Для педагогов – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScIVs8ss7BqMmoN10h6IGimElYnNa1DCnmePWsyzlfr1ecTuA/viewform?usp=dialog

✅ Түлектер үшін/Для выпускников – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSffu0TCZY7WGyJAJ7Q8t1XSk_gBYiK0hnDKKcKRC2mjENX3Tg/viewform?usp=header
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз пайдаланылған немесе есепті жыл ішінде игерілмеген жағдайда оны қайтарудың жаңа регламенті қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жүзеге асырылды.

📌Бұған дейін Жоғары аудиорлық палата 2019-2021 жылдар аралығында Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің тиімділігіне аудит жүргізген. Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай ұсынымдар берілді:

🔵қаражат рұқсат етілмеген бағыттарға жұмсалған жағдайда оны қайтару қағидаларын бекіту;

🔵пайдаланылмаған қаражатты қайтару мерзімі мен тәртібін нақтылау үшін тиісті қаулыға өзгерістер енгізу;

🔵нысаналы мақсатта пайдаланылғаннан кейін қайта қолдануға жол бермеу үшін бюджеттік кредиттер мен облигациялық қарыздар түрінде берілген қаражатты қайтару механизмін әзірлеу.

✔️ Нәтижесінде Бюджет кодексіне қажетті түзетулер енгізілді. Биыл 2 шілдеде Ұлттық қормен жұмыс тәртібін жаңартатын Үкімет қаулысы қабылданды.

✔️ Сонымен қатар Қаржы министрлігі 2025 жылға арналған бірқатар бұйрық шығарды, атап айтқанда:

🔵бюджетті атқару және оның кассалық қызмет көрсету қағидалары;

🔵қазынашылық атқару және есепке алу рәсімдері;

🔵Бірыңғай бюджеттік сыныптама;

🔵бюджет түсімдерін әртүрлі деңгейдегі бюджеттер, Ұлттық қор шоттары, бюджеттен тыс қорлар және ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында бөлу тәртібі.

Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударады.

Президенттің тапсырмасы бойынша биыл Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның жұмысы қайта ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта бұл Комиссия Жоғары аудиторлық палатаның жанында жұмыс істейді. Комиссияның жұмыс форматы мен құрамы Мемлекет басшысы қойған өзекті міндеттерді ескере отырып жаңартылды.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз пайдаланылған немесе есепті жыл ішінде игерілмеген жағдайда оны қайтарудың жаңа регламенті қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша…
Новый порядок возврата средств Нацфонда принят в Казахстане

В Казахстане разработан и принят новый регламент возврата средств Национального фонда РК, если они были использованы не по назначению или не потрачены в течение отчетного года. Соответствующая работа проведена по рекомендации Высшей аудиторской палаты.

Ранее ВАП проверила эффективность целевых трансфертов, выделенных из Нацфонда в период с 2019 по 2021 годы. По итогам Правительству РК было рекомендовано:

🔵закрепить правила возврата средств, если они были направлены не по разрешенным направлениям;

🔵внести изменения в одно из постановлений, чтобы уточнить сроки и порядок возврата неиспользованных средств;

🔵разработать механизм возврата средств, выданных в виде бюджетных кредитов и облигационных займов, чтобы исключить их повторное использование после целевого применения.

✔️ В результате необходимые поправки были внесены в Бюджетный кодекс. Принято новое постановление Правительства от 2 июля текущего года, которое обновляет правила работы с Нацфондом.

✔️ Кроме того, Минфин также издал ряд приказов на 2025 год, в том числе:

🔵о правилах исполнения бюджета и его кассового обслуживания;

🔵о процедурах казначейского исполнения и учета;

🔵о Единой бюджетной классификации;

🔵о распределении поступлений бюджета между разными уровнями бюджетов, счетами Нацфонда, внебюджетными фондами и бюджетами стран ЕАЭС.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев уделяет приоритетное внимание вопросам эффективного использования ресурсов Национального фонда республики.

Так, по поручению Президента в текущем году была возобновлена работа Комиссии по мониторингу расходования средств, выделенных из Нацфонда. В настоящее время она функционирует при Высшей аудиторской палате. Формат деятельности и состав Комиссии были обновлены с учетом актуальных задач, поставленных Главой государства.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді

📌Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек айналымына бақылауды күшейту және саланың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту бойынша бірқатар шара қабылдады.

Аталған бағыттардағы кемшіліктер 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы мамырда жүргізілген аудиттердің нәтижесінде анықталды.

✔️ Нәтижесінде 2025 жылғы 1 шілдеде Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды республика аумағына әкелу рәсімдерінің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда:

🔵тіркелмеген дәрілік заттар мен бұйымдарды әкелуге рұқсат беретін құжатқа серия (партия) нөмірі туралы мәлімет енгізілді;

🔵қызмет көрсетуші тарапынан ұсынылған құжаттардың растығын тексеру міндеті енгізіліп, оларды қарау мерзімі ұзартылды.

Сонымен қатар аудит барысында тіркелмеген дәрі-дәрмек пен медбұйымдарды әкелуге рұқсат алған жеткізушілер жеткізу орны мен әкелу күні туралы ақпарат бермейтіні анықталды. Бұл үшін заңнамада жауапкершілік көзделмеген.

✔️ 2025 жылғы 1 шілдеде денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен осыған байланысты тиісті өзгерістер енгізілді. Енді рұқсат алушылар оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 15 күнтізбелік күн бұрын уәкілетті органға рұқсаттың орындалуы туралы хабарлауға міндетті.

Сондай-ақ бұл талаптарды бұзғаны үшін ӘҚБтК аясында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Медицина ғылымын дамытуға да ерекше назар аударылды. Аудит нәтижесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) нақты құрамы бекітілмегені және оның Ережесі талаптарға сай келмейтіні анықталды. Бұл министрліктің саланың маңызды ғылыми-техникалық мәселелері бойынша стратегиялық шешімдер қабылдау мүмкіндігін шектеген.

✔️ Анықталған кемшіліктерді жою үшін министрлік мынадай шаралар қабылдады:

🔵ҒТК құрамына 41 адам бекітілді, мүшелерінің біліктілігі мен ғылыми дәрежесінің болуына қойылатын талаптар ескерілді;

🔵ҒТК туралы ереже ғылым саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес өзектендірілді.

Дәрі-дәрмек айналымын бақылауды күшейту және ғылыми-техникалық базаны дамыту бойынша қабылданған шаралар денсаулық сақтау жүйесін анағұрлым сенімді және тиімді етуге бағытталған. Аудит нәтижелері бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді 📌Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек айналымына бақылауды күшейту және саланың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту бойынша…
Контроль за оборотом лекарств и медизделий усилен в Казахстане после госаудита

📌По поручению Высшей аудиторской палаты Министерство здравоохранения РК приняло ряд мер по усилению контроля за оборотом лекарственных средств и развитию научно-технического потенциала отрасли.

Недостатки в указанных направлениях удалось выявить благодаря аудитам, проведенным в июле 2024 года и мае 2025 года.

✔️ В результате 1 июля текущего года в один из приказов Минздрава были внесены изменения, направленные на повышение прозрачности и безопасности ввоза лекарственных средств и медицинских изделий в республику.

В частности:

🔵в форму разрешительного документа на ввоз незарегистрированных препаратов и изделий были внесены сведения о номере серии (партии);

🔵установлена обязанность услугодателя проверять достоверность представленных документов с увеличением сроков их рассмотрения.

Вместе с тем аудиторами установлено, что поставщики, получившие разрешение на ввоз незарегистрированных лекарств и медизделий, не сообщают о месте поставки и дате ввоза. Законодательством не была предусмотрена ответственность за непредоставление таких данных.

✔️ В результате необходимые поправки были внесены приказом министра здравоохранения от 1 июля 2025 года. Теперь получатели разрешений обязаны в течение 15 календарных дней до истечения срока его действия сообщать в уполномоченный орган об исполнении разрешения.

Кроме того, за нарушение этих правил КоАП предусмотрены меры административного воздействия.

Отдельное внимание уделено развитию медицинской науки. Аудит показал, что у научно-технического совета (НТС) при Минздраве не было сформированного состава, а его Положение не соответствовало нормам. Это ограничивало возможности Минздрава принимать стратегические решения по ключевым научно-техническим вопросам в отрасли.

✔️ Для устранения выявленных недостатков Министерством была проведена следующая работа:

🔵утвержден состав НТС в количестве 41 человека с соблюдением требований к квалификации и наличию ученой степени у членов;

🔵актуализировано Положение о НТС в соответствии с требованиями уполномоченного органа в области науки.

Усиление контроля за лекарственными средствами и меры в области развития научно-технической базы стали еще одними шагами к созданию более надежной и эффективной системы здравоохранения. Работа по исполнению других поручений по итогам аудита остается на контроле ВАП.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның Даму Банкі инновациялық және экологиялық жобаларды қаржыландырудың басымдығын арттырды

📌«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инновациялық және экологиялық жобаларды қаржыландырудың басымдығын арттырды. ҚДБ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша Даму индексін есептеу әдістемесіне тиісті өзгерістер енгізді.

2024 жылғы қыркүйекте жүргізілген мемлекеттік аудит ҚДБ-ның өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламалары тұтастай алғанда салалық басымдықтарға сәйкес келетінін көрсетті. Алайда айқын инновациялық және экологиялық құрамдас бөлігі бар жобаларды қолдау деңгейі төмен екені анықталды. Бұл Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленген мемлекет саясатының мақсаттарына қайшы келеді.

✔️ ҚДБ басқармасы Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша даму индексін есептеу әдістемесіне түзетулер енгізді. Атап айтқанда, K5 және K6 көрсеткіштері жаңартылды, енді олар жобалардың технологиялылық дәрежесін, салалық басымдығын, жаңашылдығын және оларды іске асыру кезінде жасыл технологияларды пайдалану дәрежесін ескереді.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі енгізілген өзгерістердің Холдингтің жаңартылған инвестициялық саясатының талаптарына сәйкес келетінін растады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қазақстанның Даму Банкі инновациялық және экологиялық жобаларды қаржыландырудың басымдығын арттырды 📌«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инновациялық және экологиялық жобаларды қаржыландырудың басымдығын арттырды. ҚДБ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша…
БРК повысил приоритетность финансирования инновационных и экологичных проектов

📌АО «Банк Развития Казахстана»повысило приоритетность финансирования проектов, имеющих выраженную инновационную и экологическую составляющую. Необходимые изменения в Методику расчета индекса развития БРК были внесены по поручению Высшей аудиторской палаты.

Госаудит, проведенный в сентябре 2024 года, показал, что программы БРК по развитию обрабатывающей промышленности в целом соответствуют отраслевым приоритетам. Однако был отмечен низкий уровень поддержки проектов с выраженной инновационной и экологической составляющей, что расходится с целями госполитики, обозначенными в Концепции развития обрабатывающей промышленности на 2023-2029 годы.

✔️ По поручению ВАП правление БРК внесло корректировки в Методологию расчета индекса своего развития. В частности, были обновлены показатели k5 и k6, которые теперь учитывают степень технологичности, отраслевой приоритет, инновационность проектов и степень использования зеленых технологий при их реализации.

Национальный управляющий холдинг «Байтерек» подтвердил соответствие внесенных изменений требованиям обновленной Инвестиционной политики Холдинга.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM