GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Жер кодексіндегі қайшылық Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша жойылды Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымы негізінде Үкімет Жер кодексіндегі қайшылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады. 📌 Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата…
Противоречие в Земельном кодексе РК исключено по рекомендации ВАП

По рекомендации Высшей аудиторской палаты РК Правительством приняты меры по исключению противоречий в Земельном кодексе.

📌Ранее ВАП был проведен государственный аудит эффективности управления земельными ресурсами: их использования, охраны, а также вопросов геодезии и картографии.
В ходе проверки было выявлено противоречие в Земельном кодексе:

– статья 14-1 наделяла местные исполнительные органы полномочиями по подготовке предложений и проектов решений о предоставлении земель для строительства объектов ВИЭ, индустриальноинновационных проектов и приоритетных инвестпроектов;

– статья 16 эти полномочия у них исключала.

Чтобы устранить противоречие, ВАП рекомендовала Правительству внести соответствующие изменения в законодательство.

✔️ В результате 17 июля 2025 года был принят закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам развития столицы и городов республиканского значения, национальных проектов, предпринимательства и оптимизации функций государственных органов».

Из статьи 14-1 Земельного кодекса исключены полномочия областных акиматов по подготовке предложений и проектов решений о выделении земель для объектов ВИЭ, индустриально-инновационных и приоритетных инвестпроектов (в соответствии с Предпринимательским кодексом).

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👆Жоғары аудиторлық палата Aitu-да!

👆ВАП в Aitu!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
❓Аудит дегеніміз не? Қандай міндеттерді шешеді және қалай жүзеге асады? ✅ Көпшілікке бұл сала күрделі әрі түсініксіз көрінуі мүмкін. Сол себепті осы саладағы маңызды мәселелерге шолу жасайтын «Мемлекеттік аудит. Қадам-қадаммен» айдарын ұсынамыз. Жыл соңына…
Қаржылық бақылау дегеніміз не және ол не үшін қажет❓

Қаржылық бақылау мемлекет қаржысының «ревизоры» деуге болады. Оның басты міндеті – заң бұзушылықтарды анықтап, оларды жою, бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ету.

📌Бақылауды арнайы мемлекеттік органдар жүргізеді. Олардың ішіндегі ең негізгісі – Жоғары аудиторлық палата. Егер аудиторлар қандай да бір мәселені анықтаса, оны міндетті түрде шешу қажет: ақшаны бюджетке қайтару, уәде етілген жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда Жоғары аудиторлық палата қандай шара қолданады:

– мәселені шешу және кінәлі қызметкерлерді жауапқа тарту үшін міндетті түрде орындалуы тиіс нұсқама береді;

– өз құзыреті шегінде әкімшілік іс қозғайды;

– құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда материалдарды басқа органдарға жібереді;

– нұсқама орындалмаса, қылмыстық іске дейін жетуі мүмкін;

– ақшаны қайтару немесе міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сотқа шағым береді.

Қандай бұзушылықтар кездеседі:

1️⃣ Қаржылық – бюджет қаражаты немесе мемлекеттік активтер негізсіз жұмсалған жағдайлар;

2️⃣ Процедуралық – жұмыс тәртібі бұзылғанымен, бюджетке тікелей шығын келмейтін жағдайлар.

Барлық бұзушылық бірыңғай тізім бойынша жіктеледі, осылайша олардың әрқайсысының қай санатқа жататыны белгілі болады. Ең бастысы – заңсыз жұмсалған қаражат міндетті түрде бюджетке қайтарылуы тиіс, ал заң бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қаржылық бақылау дегеніміз не және ол не үшін қажет❓ Қаржылық бақылау мемлекет қаржысының «ревизоры» деуге болады. Оның басты міндеті – заң бұзушылықтарды анықтап, оларды жою, бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ету. 📌Бақылауды арнайы мемлекеттік…
Что такое финансовый контроль и зачем он нужен❓

Финансовый контроль является своего рода «ревизором» государственных денег. Его главная задача находить и устранять нарушения, чтобы бюджет использовался строго по назначению.

📌Контроль проводят специальные государственные органы, главным из которых является Высшая аудиторская палата. Если аудиторы находят проблему, ее обязательно нужно решить: вернуть деньги в бюджет, выполнить обещанные работы, поставить товары или оказать услуги.

Как реагируют на нарушения:

– выдают обязательное к исполнению предписание, чтобы устранить проблему и привлечь к ответственности виновных лиц;

– возбуждают административное дело (в пределах компетенции);

– передают материалы в другие органы, если есть признаки правонарушения;

– могут дойти до уголовного дела, если предписание не выполняется;

– подают иск в суд, чтобы вернуть деньги или добиться выполнения обязательств.

Какие бывают нарушения:

1️⃣ Финансовые, когда бюджетные средства или госактивы тратятся необоснованно;

2️⃣ Процедурные, когда порядок работы нарушен, но прямых потерь для бюджета нет.

Все нарушения классифицируются по единому списку, чтобы было понятно, что и куда относится. Но самое главное – все, что потрачено незаконно, должно быть возвращено в бюджет, а нарушители должны понести ответственность.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Даму Банкінің адал қарыз алушылары өздерінің несие шарттарын жақсарта алады
 
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның ішкі құжаттарына қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды өзгерістер енгізілді.
 
📌Жоғары аудиторлық палата бұған дейін «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарында борышты басқару тиімділігіне аудит жүргізді. Аудит барысында «ҚДБ» АҚ-ның кредиттік желілер ашу туралы шарттарында қарыз алушы өз кредиттік рейтингін жақсартқан жағдайда оның анағұрлым қолайлы шарттар беруді сұрау құқығы жоқ екені анықталды. Бұл құқық «Қазақстан Республикасындағы Банктер және банк қызметі туралы» Заңда көзделген.
 
Осыған байланысты Банк басшылығына:

🔵кредиттік желіні ашу туралы шарттың үлгілік нысанына өзгерістер енгізу;

🔵қарыз алушының кредиттік рейтингі көтерілген жағдайда оның несие шарттарын жақсартуға бастама жасау құқығын бекіту;

🔵аталған құқықты іске асыру және ол бойынша шешімдер қабылдау тәртібін Банктің ішкі құжаттарында айқындау тапсырылды.
 
✔️ Нәтижесінде қажетті түзетулер Банктің кредит комитетінің шешімімен бекітілді. Бұдан бөлек, Директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қаржылық тәуекелдерін басқару қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қабылданған шаралар несие беру икемділігін арттыруға, адал клиенттердің қаржылық жүктемесін азайтуға, әділ және бәсекеге қабілетті шарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді қарыз алушылар өздерінің төлем қабілеттілігін арттыруға мүдделі, ал Банк клиенттердің бейілділігін нығайту үшін жаңа құралға ие болады.
 
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қазақстан Даму Банкінің адал қарыз алушылары өздерінің несие шарттарын жақсарта алады   ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның ішкі құжаттарына қарыз алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды…
Добросовестные заемщики Банка развития Казахстана смогут улучшать свои кредитные условия

По предписанию Высшей аудиторской палаты РК во внутренние документы АО «Банк Развития Казахстана» внесены важные изменения, направленные на защиту прав и интересов заемщиков.

📌Ранее ВАП провела проверку эффективности управления долгом в холдинге «Байтерек» и его дочерних компаниях. Аудит показал, что в договорах АО «БРК» об открытии кредитных линий не было права заемщика просить о более выгодных условиях при улучшении его кредитного рейтинга. При этом такое право предусмотрено Законом РК «О банках и банковской деятельности».

В этой связи руководству Банка было поручено:

🔵внести изменения в типовую форму договора об открытии кредитной линии;

🔵закрепить право заемщика инициировать улучшение условий кредита при повышении кредитного рейтинга;

🔵определить порядок реализации этого права и принятия решений по нему во внутренних документах Банка.

✔️ На сегодняшний день необходимые поправки утверждены решением Кредитного комитета Банка. Кроме того, решением Совета директоров внесены изменения в Правила управления финансовыми рисками АО «Банк Развития Казахстана».

Принятые меры позволят повысить гибкость кредитования, снизить финансовую нагрузку на добросовестных клиентов и обеспечить справедливые и конкурентные условия. Теперь заемщики будут более заинтересованы в повышении своей кредитоспособности, а Банк получит новый инструмент для укрепления лояльности клиентов.  

Исполнение других рекомендаций и поручений по итогам государственного аудита остается на контроле ВАП.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Қаржылық бақылау дегеніміз не және ол не үшін қажет❓ Қаржылық бақылау мемлекет қаржысының «ревизоры» деуге болады. Оның басты міндеті – заң бұзушылықтарды анықтап, оларды жою, бюджет қаражатының мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ету. 📌Бақылауды арнайы мемлекеттік…
Мемлекет қаражаты мен активтерін кім және қалай бақылайды❓

📌Қазақстанда мемлекет ресурстарын пайдалану бойынша көпдеңгейлі бақылау жүйесі жұмыс істейді – сыртқы және ішкі аудит.

🔍 Сыртқы мемлекеттік аудит – бұл «сырттан» жүргізілетін тәуелсіз тексеріс. Оны мына органдар жүзеге асырады:

🔵Жоғары аудиторлық палата (мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғарғы органы);

🔵тексеру комиссиялары (облыстарда, ірі қалаларда және елордада жұмыс істейді).

Бұл органдар ұлттық ресурстарды, яғни бюджет қаражатын, табиғи байлықтарды, мемлекет мүлкін пайдалану заңдылығы мен тиімділігін бағалайды.

🔍 Ішкі мемлекеттік аудит – бұл «іштен» бақылау. Оған мына органдар жауап береді:

🔵Қаржы министрлігінің құрамындағы Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;

🔵министрліктердегі, ведомстволардағы және жекелеген мемлекеттік органдардағы ішкі аудит қызметтері.

Олар стратегиялық құжаттарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді, қаржылық есептіліктің дұрыстығын, ішкі процестердің тиімділігін, мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекет мүлкінің сақталуын талдайды.

Осылайша сыртқы мемлекеттік аудит бүкіл ел деңгейінде мемлекет шығыстарын бағаласа, ішкі аудит нақты ведомстволар мен ұйымдардың жұмысын тексереді.

Мұндай жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді, ашықтықты арттырады және заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекет қаражаты мен активтерін кім және қалай бақылайды❓ 📌Қазақстанда мемлекет ресурстарын пайдалану бойынша көпдеңгейлі бақылау жүйесі жұмыс істейді – сыртқы және ішкі аудит. 🔍 Сыртқы мемлекеттік аудит – бұл «сырттан» жүргізілетін тәуелсіз тексеріс. Оны…
Госаудит по полочкам: кто и как следит за средствами и активами государства

📌В Казахстане действует многоуровневая система контроля за использованием государственных ресурсов – внешний и внутренний аудит.

🔍 Внешний государственный аудит является независимой проверкой «извне». Его осуществляют:

🔵Высшая аудиторская палата (высший орган госаудита и финансового контроля);

🔵ревизионные комиссии (работают на уровне областей, крупных городов и столицы).

Эти органы оценивают законность и результативность использования национальных ресурсов: бюджетных средств, природных богатств, госимущества. То есть следят, работает ли система на благо казахстанцев в целом.

🔍 Внутренний государственный аудит – контроль «изнутри». За него отвечают:

🔵Комитет внутреннего государственного аудита при Минфине;

🔵службы внутреннего аудита в министерствах, ведомствах и отдельных госорганах.

Они анализируют достижение целей, которые поставлены в стратегических документах, достоверность финансовой отчетности, эффективность внутренних процессов, качество госуслуг и сохранность государственного имущества.

Таким образом, внешний госаудит оценивает государственные расходы на уровне всей страны, внутренний – работу конкретных ведомств и организаций.

Такая система снижает риски коррупции, повышает прозрачность и помогает своевременно выявлять нарушения и устранять их причины.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Конституция күнімен құттықтауы


Құрметті отандастар!

Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан 30 жыл бұрын өткен референдумда халқымыз Ата заңын қабылдап, тарихи таңдауын жасады.

Конституциямыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің, қазақ мемлекеттілігінің берік тұғырына айналды. Онда ұлтымыздың бүгінін және болашағын айқындайтын мызғымас құндылықтар мен қағидаттар нақты көрініс тапты.

Ата заң Қазақстанның барлық азаматының мүддесін ұлтына, дініне қарамастан бірдей қорғайтын әлеуметтік мемлекет ретіндегі құқықтық іргетасын қалыптастырды. Конституция қоғамдық келісім мен ішкі тұрақтылықтың басты кепілі саналады. Сан түрлі саладағы жетістіктерге осы негізгі заңымызға сүйене отырып қол жеткіздік.

Үш жыл бұрын ел дамуының жаңа тарихи кезеңіндегі міндеттерге сәйкес, ауқымды конституциялық реформа жасалды. Оның басты нәтижесі – саяси жүйенің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының негізінде жаңғыруы.

Конституциялық реформада адам құқықтарын қорғауға, Заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыруға баса мән берілді. Ата заңға әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған, инновациялық сипаттағы бірқатар жаңа ереже енгізілді. Қазақстанның конституциялық реформасына Венеция комиссиясы және өзге де беделді халықаралық ұйымдар, сондай-ақ шетелдік сарапшылар оң бағасын берді.

Әділетті, Таза, Қуатты әрі Қауіпсіз Қазақстан құрамыз десек, азаматтарымыз Ата заңды құрметтеп, оның барлық ережесін мүлтіксіз сақтауы керек.

Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаттарына ұлтымызды жұмылдыратын Конституциямыздың аясында барша азаматымыздың Отанымызды өркендету үшін жасампаздықпен еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.

Еліміздің барша азаматына зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Конституции

Уважаемые соотечественники!


Поздравляю вас с Днем Конституции!

Ровно 30 лет назад наш народ сделал исторический выбор, приняв на референдуме Основной закон страны.

Конституция стала прочной опорой казахской государственности, Независимости Республики Казахстан. В Конституции нашли отражение ценности и принципы, определяющие настоящее и будущее нации.

Конституция сформировала правовой фундамент Казахстана как социально ориентированного государства, стоящего на службе интересов всех граждан независимо от их этнической и религиозной принадлежности. Конституция стала надежным гарантом общественного согласия и внутренней стабильности. Все наши достижения в различных сферах неразрывно связаны с Конституцией.

Три года назад с учетом задач нового этапа исторического развития страны была проведена масштабная конституционная реформа. Главным результатом данной реформы стала модернизация политической системы на основе концепции «сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство».

В конституционной реформе особый акцент сделан на защите прав человека, утверждении верховенства Закона и Порядка. Ряд новых положений Конституции носит инновационный характер и не имеет прецедентов в мировой практике. Проведенная в Казахстане конституционная реформа получила положительную оценку Венецианской комиссии, других авторитетных международных организаций, а также представителей зарубежного экспертного сообщества.

Построение Справедливого, Чистого, Сильного и Безопасного Казахстана подразумевает уважение к Конституции, неукоснительное соблюдение гражданами нашей страны всех ее положений.

Объединяя нацию вокруг стратегических целей Республики Казахстан, Конституция создает все необходимые условия для созидательного труда наших соотечественников во имя прогресса и процветания нашей Родины.

Пользуясь данной возможностью, желаю всем гражданам нашей страны крепкого здоровья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
GOSAUDIT.KZ
Мемлекет қаражаты мен активтерін кім және қалай бақылайды❓ 📌Қазақстанда мемлекет ресурстарын пайдалану бойынша көпдеңгейлі бақылау жүйесі жұмыс істейді – сыртқы және ішкі аудит. 🔍 Сыртқы мемлекеттік аудит – бұл «сырттан» жүргізілетін тәуелсіз тексеріс. Оны…
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Жоғары аудиторлық палата дегеніміз не және ол немен айналысады?
 
✔️ Жоғары аудиторлық палата – бұл елдің бас «ревизоры». Ол бюджет қаражатының және ұлттық ресурстардың пайдаланылуын тексереді.

✔️ Жоғары аудиторлық палата «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңды қатаң басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады.

Жоғары аудиторлық палата мемлекет қаржысының, табиғи байлықтарының, өндірістік, кадрлық және басқа да ресурстарының заңды әрі тиімді жұмсалуын қадағалайды. Бұл азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды.

👥Жоғары аудиторлық палатаның құрылымы қарапайым: төраға, палата мүшелері және аппарат (қызметкерлер). Жұмыскерлердің санын Мемлекет басшысы өзі бекітеді.
 
👤Басшыларды тағайындау тәртібі:
   
🔵Жоғары аудиторлық палатаның төрағасын және екі мүшесін Президент 5 жылға тағайындайды;

🔵қалған алты мүшесін Парламенттің қос палатасы – Мәжіліс пен Сенат әрқайсысы үш адамнан 5 жыл мерзімге сайлайды.

👤Төраға Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы үшін толық жауап береді және оның нәтижелеріне жауапты болады. Ол жылына төрт рет Мәжіліс алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

Ал Жоғары аудиторлық палатаның аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалатын басшы басқарады.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Жоғары аудиторлық палата дегеніміз не және ол немен айналысады?   ✔️ Жоғары аудиторлық палата – бұл елдің бас «ревизоры». Ол бюджет қаражатының және ұлттық ресурстардың пайдаланылуын тексереді. ✔️ Жоғары аудиторлық палата…
Госаудит по полочкам. Что такое Высшая аудиторская палата и чем она занимается?

✔️ Высшая аудиторская палата (ВАП) – это главный «ревизор» страны. Она проверяет, как государство использует бюджетные средства и национальные ресурсы.

✔️ Работает строго по закону «О государственном аудите и финансовом контроле» и подчиняется напрямую Президенту РК.

ВАП следит, чтобы деньги, природные богатства, производственные, кадровые и другие ресурсы государства расходовались законно и эффективно. Это важно для роста качества жизни граждан и обеспечения национальной безопасности.

👥Структура ВАП довольно проста: Председатель, члены палаты и аппарат (сотрудники). Количество работников утверждает лично Глава государства.

Как назначают руководителей:

🔵Председателя и двух членов ВАП назначает Президент на 5 лет;

🔵Еще шесть членов выбирают обе палаты Парламента: Мажилис и Сенат – каждая по три человека, тоже на 5 лет.

👤Председатель полностью отвечает за работу ВАП и несет ответственность за ее результаты. Четыре раза в год он отчитывается перед Мажилисом о том, что сделано.

В свою очередь, аппарат ВАП возглавляет руководитель, который назначается согласно действующему законодательству.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау алушыларға барынша ынталандырушы қарсы міндеттемелер белгіленді
 
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында мемлекеттік қолдау алушылардың қарсы міндеттемелеріне қатысты қағидаларға өзгерістер енгізді. Жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикада өңдеу саласын дамытуға баса назар аударады. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандырудың және шикізат секторына тәуелділікті төмендетудің маңызды екенін бірнеше рет атап өтіп, өңдеу өнеркәсібін осы мақсатқа қол жеткізудің негізгі факторы ретінде көрсетті.

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет», — деп атап өтті Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауларының бірінде.

📌Жоғары аудиторлық палата өткен жылы мемлекет өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру арқылы индустриялық кәсіпорындарға қаншалықты тиімді қолдау көрсететінін тексерді.

Аудит барысында экспорт көлемінің ұсынылған мемлекеттік қолдау көлемінен кем болмауы керек екені жөніндегі өнім экспортына қойылатын талаптар компанияларды экспорт көлемін ұлғайтуға ынталандырмайтыны анықталды. Егер кәсіпорында қажетті көрсеткіштер болса, кредит бойынша келісім талаптарына сәйкес келу үшін оған өсуге ұмтылудың қажеті жоқ еді.

✔️ Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата қарсы міндеттемелер қағидаларын қайта қарауды тапсырды. Нәтижесінде Министрлік қажетті өзгерістер енгізді.

Түзетулер сапалы өсуді ынталандыруға бағытталған. Кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шарттарына формальды түрде сәйкес келу үшін ең төмен деңгейді ұстап қана қоймай, экспортты ұлғайту тиімдірек болады.

Бұл жағдай:

🔵елдің, әсіресе өңдеу өнеркәсібінің жалпы экспорт көлемін ұлғайтуға;

🔵мемлекет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, өйткені шын мәнінде дамып келе жатқан және экспортқа бағдарланған компаниялар қолдау алады;

🔵жүйені нақты өндірістік көрсеткіштерге бағыттауға көмектеседі.

Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс бақылауда болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау алушыларға барынша ынталандырушы қарсы міндеттемелер белгіленді   ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында мемлекеттік қолдау алушылардың қарсы міндеттемелеріне қатысты қағидаларға өзгерістер енгізді.…
Стимулирующие встречные обязательства закрепили за получателями поддержки в обрабатывающей промышленности

Министерство промышленности и строительства РК внесло изменения в правила, касающиеся встречных обязательств получателей государственной поддержки в сфере обрабатывающей промышленности. Работа проведена по предписанию Высшей аудиторской палаты.

Президент Касым-Жомарт Токаев уделяет приоритетное внимание развитию обрабатывающей отрасли в республике. Он неоднократно подчеркивал важность диверсификации экономики и снижения зависимости от сырьевого сектора, указывая на обрабатывающую промышленность как на ключевой фактор для достижения этой цели. 

«На текущем этапе самая важная задача – это формирование прочного промышленного каркаса страны, обеспечение экономической самодостаточности. Поэтому основной упор нужно сделать на ускоренном развитии обрабатывающего сектора», — отметил Глава государства в одном из посланий народу Казахстана.


📌В прошлом году ВАП проверила, насколько эффективно государство поддерживает индустриальные предприятия через финансирование проектов в обрабатывающей промышленности.

Аудит показал, что действующие требования к экспорту продукции – в размере не меньше объема предоставленной господдержки – не мотивировали компании увеличивать экспорт. Это происходило потому, что если у предприятия уже были нужные показатели, ему не нужно было стремиться к росту, чтобы соответствовать условиям соглашения по кредиту.

✔️ По итогам аудита ВАП поручила пересмотреть правила встречных обязательств. В результате Министерство внесло необходимые изменения: теперь предприятия обязаны сохранять объем экспорта не ниже уровня предыдущего года, а не просто равный объему господдержки.

Данные поправки направлены на стимулирование качественного роста. Предприятиям будет выгоднее наращивать экспорт, а не просто удерживать минимальный уровень ради формального соответствия условиям господдержки.

Это поможет:

🔵увеличить общий объем экспорта страны, особенно в обрабатывающей промышленности;

🔵повысить эффективность использования государственных средств, так как поддержку будут получать действительно развивающиеся и экспортно-ориентированные компании;

🔵сделать систему более направленной на реальные производственные показатели.

Работа по исполнению других поручений по итогам государственного аудита остается на контроле.
 

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілдері әзірленуде

📌ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мамандары мен «Назарбаев Университетінің» ұлттық талдау орталығының өкілдері бірлескен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың жаңа тәсілдері болды.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Юлия Энгельдің айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесінде республикада мұндай бағалаудың 9 түрлі форматы қолданылатыны анықталған. Мысалы,  Ұлттық экономика министрлігі өңірлердің инвестициялық тартымдылығын зерделейді, Бас прокуратура құқық қорғау органдарының жұмысын тексереді, Өнеркәсіп министрлігі өнеркәсіптің жай-күйі туралы баяндама жасайды, Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік органдардың ашықтығын бағалайды және т.б.

Алайда бұл бағалаулар бір-бірімен үйлеспейді, көбіне бірін-бірі қайталайды және тұтас ахуалды сипаттамайды. Сондықтан қазіргі уақытта оларды бірыңғай жүйеге біріктіру идеясы талқыланып жатыр.

Мәселен, көптеген есептің орнына 4 базалық индекс енгізу ұсынылады, сол арқылы мемлекеттік органдардың қызметі бағаланады. Олар:

1️⃣ Мақсаттарға қол жеткізу: жоспарлар қалай іске асырылуда және бюджет қаражаты қаншалықты тиімді жұмсалуда;

2️⃣ Ашықтық: есеп беру, өтініштермен жұмыс істеу және адамдармен өзара іс-қимыл;

3️⃣ Цифрлық даму: технологиялар мен цифрлық шешімдерді пайдалану;

4️⃣ Сервис: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы және клиентке бағдарлану деңгейі.

Бұл ретте әртүрлі мемлекеттік органдарды емес, әр органды өзінің өткен кезеңдегі көрсеткіштерімен салыстыру ұсынылады. Бұл тәсіл арқылы оң немесе теріс өзгерістердің динамикасын көріп отыруға болады.

Бағалау нәтижелері халықаралық рейтинг сияқты әріптік шкаламен белгіленбек (мысалы: AAA, AA, A, BBB, BB және т.б.). Бұл нәтижелерді анық әрі объективті түсіндіруге мүмкіндік береді.

Бағалаудың сапалық көрсеткіштеріне ерекше назар аударылады. Өткізілген іс-шаралардың саны үшін формальды жолмен қойылатын көрсеткіштердің орнына саланың немесе өңірдің дамуына іс жүзінде әсер ететін көрсеткіш ескеріледі. Әр мемлекеттік орган үшін оның қызметіне тікелей байланысты бірнеше жеке KPI (негізгі тиімділік көрсеткіштері) белгілеу жоспарланып отыр.
 
Бағалауды жылына 3 рет, яғни жазда, ақпанда және мамырда жүргізу ұсынылады. Бұл жердегі мақсат – алдымен аралық нәтижелерді анықтау, кейін алдын ала қорытындыларды көру және соңында толық қорытынды шығару.

Барлық дерек Smart Data Ukimet цифрлық жүйесі арқылы жиналып, талданады деп болжануда. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, субъективтілікке жол бермейді.

Аталған өзгерістердің басты мақсаты – мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауды нақты даму құралына айналдыру. Үздік тәжірибе қолданылып, көрсеткіштері төмен мемлекеттік органдар үшін жақсарту жоспарлары жасалады. Егер мемлекеттік орган қатарынан 2 жыл бойы төмен нәтиже көрсетсе, бұл кадрлық шешімдер қабылдау үшін негіз болады.

Қорытынды нәтижелер мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалаудың интернет-порталында, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палата ҚР Парламентіне ұсынатын «Мақсаттарға қол жеткізу» индексінің құрамында ашық түрде жарияланатын болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
Новые подходы к оценке эффективности работы госорганов разрабатываются в Казахстане  

📌Специалисты Высшей аудиторской палаты РК и представители национального аналитического центра «Назарбаев Университета» приняли участие в работе совместного круглого стола. Главной темой обсуждения стали новые подходы к оценке деятельности государственных органов.

Член ВАП Юлия Энгель сообщила, что в результате проведенного анализа в республике было выявлено 9 разных форматов такой оценки. Например, Миннацэкономики изучает инвестиционную привлекательность регионов, Генпрокуратура проверяет работу правоохранительных органов, Минпром делает доклад о состоянии промышленности, Минкультуры и информации оценивает открытость госорганов и т.д.

Проблема в том, что все эти оценки разрознены, часто дублируют друг друга и не дают целостной картины. Поэтому сейчас обсуждается идея объединить их в единую систему.

Так, вместо множества отчетов предлагается ввести 4 базовых индекса, по которым будет оцениваться деятельность госорганов:

1️⃣ Достижение целей: как реализуются планы и насколько эффективно тратятся бюджетные средства;

2️⃣ Открытость: подотчетность, работа с обращениями и взаимодействие с людьми;

3️⃣ Цифровое развитие: использование технологий и цифровых решений;

4️⃣ Сервисность: качество госуслуг и уровень клиентоориентированности.

При этом предлагается сравнивать не разные госорганы, а каждый орган с самим собой во времени, чтобы видеть динамику улучшений или проблем.

Результаты планируется обозначать по буквенной шкале, как в международных рейтингах (ААА, АА, А, ВВВ, ВВ и др.), что позволит сделать интерпретацию результатов более наглядной и объективной.

Особое внимание будет уделено переходу на качественные показатели оценки: вместо формальных галочек за количество осуществленных мероприятий – реальное влияние на развитие отрасли или региона. Для каждого органа планируется установить несколько индивидуальных KPI, которые напрямую зависят от его работы.

Оценку предлагается проводить 3 раза в год: летом, в феврале и в мае, чтобы сначала фиксировать промежуточные результаты, затем видеть предварительные итоги и наконец подводить полную картину.

Ожидается, что все данные будут собираться и анализироваться через цифровую систему Smart Data Ukimet, что обеспечит прозрачность и исключит субъективность.

Главная цель обозначенных изменений – превратить оценку эффективности госорганов в реальный инструмент развития. Лучшие практики будут распространяться, для отстающих будут составляться планы улучшений, а если госорган 2 года подряд показывает низкие результаты, это станет поводом для кадровых решений.

Планируется, что итоговые результаты будут открыто публиковаться на интернет-портале оценки эффективности деятельности госорганов, а также в составе индекса «Достижения целей», который Высшая аудиторская палата вносит в Парламент РК.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Қазақстан мен Әзербайжанның жоғары аудит органдары басшыларының кездесуі өтті

🇰🇿 🇦🇿 Астанаға Әзербайжан Есеп палатасының төрағасы Вюгар Гюльмамедов бастаған ресми делегация келді. Олар Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының өкілдерімен бірлескен іс-шараларға қатысады.

Жұмыс сапары 2024-2026 жылдарға арналған екі ведомствоның ынтымақтастығын күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде өтіп жатыр.  

Бірінші кезекте Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік аудиторларымен семинар өтті. Экология саласында тиімділік аудитін жүргізудің әдістемелік тәсілдері, бюджеттің атқарылуы туралы қорытындылар дайындау, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит жүргізу сияқты тақырыптар талқыланды.

Ведомство басшыларының қатысуымен өткен екі делегацияның ресми кездесуі барысында алдағы уақыттағы бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттары қаралды.

📌Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ынтымақтастықты дамыту үшін екі мемлекеттің жоғары аудит органдарының айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Ол елімізде мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жалғасып жатқанын және Жоғары аудиторлық палата үшін әзербайжандық әріптестермен тәжірибе мен білім алмасу өте маңызды екенін атап өтті. Цифрландыру, озық АТ-шешімдер енгізу, жасанды интеллект пен ауқымды деректерді пайдалану бұл жұмыстың негізгі бағыттары болып отыр.

«Біз Әзербайжан Есеп палатасымен ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан достық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Біздің бірлескен күш-жігеріміз екі елдің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы.


📌Өз тарапынан Вюгар Гюльмамедов Әзербайжан мен Қазақстан халықтары арасындағы қарым-қатынастың тарихы тереңде жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, екі елде мемлекеттік қаржылық бақылаудың қағидаттары мен әдістері, сондай-ақ бақылау органдарының құрылымы ұқсас.

«Бұл тәжірибе алмасу үшін жақсы негіз және біздің ұлттық жүйелерімізді жетілдіруге ықпал етеді», — деді Вюгар Гюльмамедов.


11 қыркүйекте екі елдің мемлекеттік аудиторларының қатысуымен экология саласындағы қатарлас аудит қорытындысына арналған отырыс өтеді. Оның мақсаты – Қазақстан мен Әзербайжанның жоғары аудит органдары арасындағы әріптестікті нығайту, сондай-ақ екі мемлекетте де экологиялық аудиттің сапасын арттыру. Аудит тақырыбы – биологиялық әралуандықты сақтау.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM