GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Photo
Госуправление во время кризисов и внедрение ИИ: ВАП приняла участие в XXV Конгрессе ИНТОСАИ

📌
В г. Шарм-эль-Шейхе завершилась работа XXV Конгресса Международной организации высших органов аудита ИНТОСАИ.

На египетском Конгрессе с участием официальной делегации Высшей аудиторской палаты РК под руководством Алихана Смаилова рассмотрены два ключевых вопроса:  

– роль высших органов аудита в проверке деятельности центральных банков и правительств во время финансовых и экономических кризисов;

– использование методов искусственного интеллекта в аудите.

Обе темы являются актуальными и востребованными в современных условиях. Их детальное исследование призвано укрепить профессиональный потенциал ИНТОСАИ и тем самым повысить эффективность использования государственных ресурсов в странах Организации.

📄 По итогам заседания принята официальная Декларация Шарм-эль-Шейха.

В Декларации обобщены ключевые стратегические перспективы, достижения и рекомендации XXV ИНКОСАИ.

✔️ Кроме того, в рамках XXV Конгресса состоялась церемония вручения профессиональных наград в номинациях «INTOSAI Future Award» и «Молодые лидеры ВОА». Также на церемонии вручены премии имени Эльмара Бштаатса и Кими Макуэтто.

✔️ Завершающими мероприятиями стали выборы членов Правления и аудиторов ИНТОСАИ на предстоящий период.  

✔️ XXVI Конгресс ИНТОСАИ пройдет в 2028 году в Индонезии.

@auditpalatasy
Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді
 
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді.

📌Объект бұдан бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит негізінде берілді, оның нәтижелері бойынша Алматы әкіміне баланс ұстаушыны белгілеу тапсырылған болатын.

✔️ Нәтижесінде әкімдіктің 2025 жылғы 17 қазандағы қаулысымен объект Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро» ШЖҚ КМК балансына берілді.

Крематорий жұмыс істеуін бастайтын ресми күн барлық нормативтік рәсім аяқталғаннан кейін жарияланады.

@auditpalatasy
GOSAUDIT.KZ
Алматыдағы крематорий әкімдіктің бейінді ұйымының балансына берілді   Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдіктің ведомстволық бағынысты бейінді ұйымының балансына берді. 📌Объект…
Завершена передача крематория в Алматы на баланс профильной организации акимата

Во исполнение предписания Высшей аудиторской палаты акимат Алматы осуществил передачу построенного в 2021 году крематория на баланс профильной подведомственной организации городского акимата.

📌Объект передан на основании состоявшегося ранее государственного аудита, по результатам которого акиму Алматы было поручено определить балансодержателя.

✔️ В результате постановлением акимата от 17 октября 2025 года объект передан с баланса Управления строительства на баланс КГП на ПХВ «Городское патологоанатомическое бюро» Управления общественного здравоохранения.

Официальная дата начала функционирования крематория будет объявлена после завершения всех нормативных процедур.

@auditpalatasy
Мемлекеттік аудиттен кейін білім беру саласындағы лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
 
📌Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының лауазымды адамдары мен қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Биыл ақпанда орта білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау бойынша мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру барысында аудиторлар педагогтерді даярлау мен жұмысқа орналастыру, білім беру процесін әдіснамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік реттеу бөлігінде және т. б. бірқатар проблемалық мәселе мен кемшіліктерді анықтады.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылығына заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту мәселесін қарауды тапсырды.

Нәтижесінде:
🔵ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары;
🔵ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;
🔵Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің ректоры;
🔵Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры;
🔵Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры;
🔵С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің проректоры;
🔵Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры;
🔵М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің проректоры;
🔵Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры;
🔵Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің проректоры;
🔵Ш. Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының проректоры;
🔵М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің деканы;
🔵А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің кафедра меңгерушілері;
🔵Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қаржы-экономикалық департаментінің директоры және аға ғылыми қызметкерлерінің бірі;
🔵М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мамандары әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалар мен ұсынымдардың орындалуы бақылауда.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудиттен кейін білім беру саласындағы лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды   📌Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының лауазымды адамдары мен…
Должностных лиц в сфере образования привлекли к дисциплинарной ответственности после госаудита

📌Должностные лица и сотрудники Министерства просвещения, ведущих вузов Казахстана и Республиканского научно-практического центра «Дарын» привлечены к дисциплинарной ответственности. Необходимые меры приняты по поручению Высшей аудиторской палаты.

В феврале текущего года был проведен госаудит по оценке эффективности использования бюджетных средств, выделенных на развитие среднего образования. В ходе проверки аудиторы выявили ряд проблемных вопросов и недостатков в части подготовки и трудоустройства педагогов, методологического обеспечения образовательного процесса, госрегулирования и т.д.

В этой связи ВАП поручила руководству уполномоченных госорганов и организаций рассмотреть вопрос о привлечении к ответственности должностных лиц, допустивших нарушения законодательства.

В результате к различным видам дисциплинарной ответственности были привлечены:

🔵заместитель председателя Комитета среднего образования МП РК;
🔵заместитель председателя Комитета по обеспечению качества в сфере образования МП РК;
🔵ректор Каспийского университета технологий и инжиниринга им. Ш. Есенова;
🔵ректор Международного казахско-турецкого университета им. Х.А. Ясави;
🔵проректор Аркалыкского педагогического института им. И. Алтынсарина;
🔵проректор Восточно-Казахстанского университета им. С. Аманжолова;
🔵проректор Евразийского национального университета им. Л. Гумилева;
🔵проректор Западно-Казахстанского университета им. М. Утемисова;
🔵проректор Кызылординского университета им. Коркыт ата;
🔵проректор Университета дружбы народов им. академика А. Куатбекова;
🔵проректор Международного Таразского инновационного института им. Ш. Муртазы;
🔵декан Северо-Казахстанского университета им. М. Козыбаева;
🔵заведующие кафедрами Кокшетауского университета им. А. Мырзахметова;
🔵директор финансово-экономического департамента и один из главных научных сотрудников Национальной академии образования имени И. Алтынсарина;
🔵специалисты Южно-Казахстанского университета им. М. Ауэзова.

К дисциплинарной ответственности также привлечены руководители отделов и методисты Республиканского научно-практического центра «Дарын».

Работа по исполнению других поручений и рекомендаций ВАП по итогам проведенного госаудита продолжается.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды

Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекеттік аудит нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

📌 Биыл Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың азаматтарды және ауруханаларды дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жұмысын тексерді. Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер негізінде Жоғары аудиторлық палата тиісті лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Нәтижесінде мына тұлғаларға түрлі тәртіптік жазалар қолданылды:

🔵ҚР ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры;
🔵ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры;
🔵ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары;
🔵«Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығының» директоры;
🔵«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» бас директорының орынбасары;
🔵«Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ биыл 3 шілдедегі бұйрықпен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның басқа да ұсынымдары мен тапсырмаларын орындау жұмыстары жалғасуда.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудиттен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылды Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар лауазымды тұлғалары мемлекеттік аудит нәтижесінде…
Должностные лица Минздрава и его организаций привлечены к ответственности после госаудита

Ряд должностных лиц Министерства здравоохранения и его подведомственных организаций привлечены к дисциплинарной ответственности после государственного аудита. Меры приняты по поручению Высшей аудиторской палаты.

📌В этом году ВАП проверила, как Минздрав и его организации обеспечивают граждан и больницы лекарствами и медизделиями. На основании выявленных нарушений и недостатков ВАП поручила рассмотреть ответственность должностных лиц.

В результате различные дисциплинарные взыскания были наложены на:

🔵директора Департамента лекарственной политики МЗ РК;
🔵директора Департамента развития фармацевтической и медицинской промышленности МЗ РК;
🔵заместителя директора Департамента науки и человеческих ресурсов МЗ РК;
🔵директора «Научного центра противоинфекционных препаратов»;
🔵заместителя генерального директора «Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий»;
🔵заместителя председателя Правления «Национального научного центра развития здравоохранения имени Салидат Каирбековой».

Также приказом от 3 июля текущего года досрочно прекращены полномочия председателя Правления ТОО «СК-Фармация».

Работа по исполнению других рекомендаций и поручений ВАП по итогам проведенного государственного аудита продолжается.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік аудитінен кейін 28 адам жауаптылыққа тартылды
 
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар лауазымды адам мен маман тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Аталған саладағы тексеру биыл тамызда өткізіліп, оның барысында түрлі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Нәтижесінде Жоғары аудиторлық палата ҚР бюджет және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етпеген жұмыскерлердің жауаптылығын қарауды тапсырды.

📌Нәтижесінде 28 жауапты адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

🔵ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі: Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры, ғылыми қамтамасыз ету, ішкі сауда және микрокредиттеуді мониторингтеу басқармаларының басшылары;

🔵Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және биологиялық қауіпсіздік басқармаларының басшылары, «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары;

🔵Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті: Комитет төрағасының орынбасары, Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекцияның бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы;

🔵«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ: Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің директоры, басқарушы директор – Басқарма мүшесі;

🔵Қазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты: Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары, бас экономист, бас бухгалтер, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі;

🔵Қазақстан қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты: бас ғылыми қызметкерлер, бас инженер, Семей филиалының бухгалтері;

🔵С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті: Ғылым және инновациялар департаменті директорының орынбасары;

🔵«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы: Кредит беру және активтерді басқару департаментінің директоры;

🔵«Тобыл» ӘКК: инвестициялық жобалар және индустриялық аймақты дамыту департаменті директорының м.а.;

🔵«Солтүстік» ӘКК және «KOKSHE» ӘКК жауапты қызметкерлері.

Жүргізілген аудит қорытындылары бойынша берілген басқа да тапсырмалардың орындалуы бақылауда болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік аудитінен кейін 28 адам жауаптылыққа тартылды   Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін ветеринариялық, фитосанитариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бірқатар…
28 человек привлечены к ответственности после госаудита ветеринарно-санитарной безопасности

Ряд должностных лиц и специалистов, отвечающих за обеспечение ветеринарной, фитосанитарной и продовольственной безопасности, привлечен к дисциплинарной ответственности после аудита Высшей аудиторской палаты.

Итоги данной сферы были подведены в августе текущего года, в ходе чего были выявлены различные нарушения и недостатки. По итогам ВАП поручила рассмотреть ответственность работников, не обеспечивших соблюдение бюджетного и иного законодательства РК.

📌В результате к различным мерам ответственности были привлечены 28 человек:

🔵Министерство сельского хозяйства РК: директор департамента стратегического планирования и анализа, руководители управлений научного обеспечения, внутренней торговли и мониторинга микрокредитования;

🔵Комитет ветеринарного контроля и надзора: заместитель председателя Комитета, руководители управлений безопасности пищевой продукции и биологической безопасности, заместитель генерального директора РГП на ПХВ «Республиканская ветеринарная лаборатория»;

🔵Комитет государственной инспекции в агропромышленном комплексе: заместитель председателя Комитета, руководитель Жамбылской областной территориальной инспекции, руководитель Отдела бухгалтерского учета территориальной инспекции по г. Алматы;

🔵АО «НК «Продовольственная контрактная корпорация»: директор департамента учета и хранения сельскохозяйственной продукции, управляющий директор – член Правления;

🔵Казахстанский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства: заместитель председателя Правления по науке, главный экономист, главный бухгалтер, заведующая лабораторией масличных культур;

🔵Казахстанский научно-исследовательский институт перерабатывающей и пищевой промышленности: главные научные сотрудники, главный инженер, бухгалтер Семейского филиала;

🔵Казахский агротехнический исследовательский университет им. С. Сейфуллина: заместитель директора департамента науки и инноваций;

🔵Социально-предпринимательская корпорация «Павлодар»: директор департамента кредитования и управления активами;

🔵СПК «Тобол»: и.о. директора департамента инвестиционных проектов и развития индустриальной зоны;

🔵также ответственные сотрудники СПК «Солтүстік» и СПК «KOKSHE».

Исполнение других поручений ВАП по итогам проведенного аудита остается под контролем до полного завершения.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның биылғы тоғыз айдағы қызметінің есебі және 2026 жылға арналған жоспары таныстырылды.

🟦Әлихан Смайылов мемлекеттік аудиторлар жалпы құны 32 триллион теңге болатын 18 ірі тексеру жүргізгенін айтты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,8 триллион теңгеге көп.

🟦Президентке мемлекет пайдасына 112 миллиард теңге өндірілгені туралы мәлімет берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін Үкіметке және аудит нысандарына 96 ұсыным мен 800-ге жуық орындалуға міндетті нұсқама жіберілді. Аудит қорытындысы бойынша 42 материал құқық қорғау органдарына жолданды.

🟦Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның қызметін цифрландыру шеңберінде аудиторлық жұмыстың барлық кезеңін автоматтандыратын ақпараттық жүйе енгізілгенін жеткізді.

🟦Ведомство келесі жылы 40-қа жуық аудиторлық тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, тексеру жұмыстары отандық фармацевтикалық өнім өндірушілерді қолдау, инвестиция тарту, автомобиль жолдарын дамыту, мемлекеттік ақпарат саясаты бағыттарын, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетін, сондай-ақ басқа мекемелерді қамтиды.

📌Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудитті жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял председателя Высшей аудиторской палаты Алихана Смаилова

🟦Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об итогах деятельности ведомства за 9 месяцев текущего года и планах на 2026 год.

🟦Как сообщил Алихан Смаилов, государственные аудиторы провели 18 крупных проверок с охватом 32 трлн тенге, что на 22,8 трлн тенге больше, чем за аналогичный период 2024 года.

🟦Президент был проинформирован, что в пользу государства возмещено и восстановлено 112 млрд тенге. Для устранения выявленных нарушений и недостатков Правительству и объектам аудита направлено 96 рекомендаций и порядка 800 пунктов предписаний, обязательных к исполнению. 42 материала по итогам аудитов переданы в правоохранительные органы.

🟦Главе государства было доложено, что в рамках цифровизации деятельности Высшей аудиторской палаты внедрена информационная система с автоматизацией всех этапов аудиторской работы.

🟦На 2026 год ВАП запланировано проведение порядка 40 аудиторских проверок, которые затронут такие сферы, как поддержка отечественных производителей фармацевтической продукции, привлечение инвестиций, развитие автомобильных дорог, деятельность АО «Казахтелеком», АО «Казпочта» и КУИС МВД, государственная информационная политика и ряд других.

📌По итогам встречи Президент дал ряд конкретных поручений по дальнейшему совершенствованию государственного аудита в стране.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ашықтық пен тәртіп: мемлекеттік аудиттен кейін спорт саласында бақылау мен есепке алу күшейтіледі

Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отандық спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласында бірқатар ден қою шарасы қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласында тәртіп орнату бойынша дәйекті саясат жүргізуде. Атап айтқанда, биыл сәуірде Президент дене шынықтыру және спорт заңнамасына өзгерістер енгізетін заңға қол қойды. Сонымен қатар басым спорт түрлерін бекіту тәртібі қайта қаралып, шетелдік легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынды.

📌Өз кезегінде Жоғары аудиторлық палата осы жазда спорт саласында аудиторлық іс-шара өткізді. Нәтижесінде республиканың спорттағы жетістіктеріне әсер ететін бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Мәселен, Спорт істері комитетіне спорттық резервті қалыптастыру үшін дарынды балаларды іздеуде мектептегі дене шынықтыру пәні мұғалімдерін тарту жолдарын пысықтау тапсырылды.

Талдау нәтижесінде республика мектептерінде 32 мыңнан астам дене шынықтыру пәні мұғалімі жұмыс істейтіні, алайда олардың әлеуеті болашағы бар оқушыларды іріктеп, оларды мамандандырылған оқу орындары мен ұйымдарда әрі қарай спорттық даярлықтан өткізу ісінде толық пайдаланылмай отырғаны анықталды.

✔️ Нәтижесінде туризм және спорт министрінің м.а. шешімі бойынша мектептерде спорттық қабілеттері айқын балалар қатарынан жинақталатын мамандандырылған спорт сыныптары енгізіле бастайды. Бұл оларға әдеттегі оқумен қатар жаттығуларды біріктіруге мүмкіндік береді. Іріктеуді дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт ұйымдарының жаттықтырушылары бірге жүргізеді.

Осылайша, Қазақстанда білім беру және спорт компоненттерін біріктіретін спорттық резервті даярлаудың кешенді жүйесі қалыптасуда. Бұл талантты жас спортшыларды анықтауға және дамытуға мүмкіндік беріп, елдің халықаралық жарыстардағы мүмкіндігін арттырады.

✔️ Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасына бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары бухгалтерлік есеп пен есептілік жүргізу барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады. Бұл өз кезегінде ашықтықты арттырып, жеке жауапкершілікті нығайтады, қателіктер қаупін азайтады және бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды жеңілдетеді.

Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмаларын орындау мақсатында бюджет және өзге де заңнаманы бұзғаны үшін мына ведомстволық және ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

🔵ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;

🔵«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК;

🔵«Республикалық спорт колледжі» РМҚК;

🔵«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ;

🔵«Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК;

🔵«Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК.

Осылайша, спортшыларды даярлау жүйесінде анықталған кемшіліктерге мемлекет кешенді түрде ден қоюда: мектептер арқылы таланттарды іздеудің жаңа механизмдері енгізіліп жатыр, қаражатты есепке алу және бақылау күшейтіледі, жекелеген бұзушылықтар жойылуда.

Бұл шаралар Қазақстандағы спорт резервін даярлау жүйесінің тұрақтылығы мен нәтижелілігін арттыруға ықпал етеді.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген өзге де тапсырмалардың орындалуы бақылауда.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Ашықтық пен тәртіп: мемлекеттік аудиттен кейін спорт саласында бақылау мен есепке алу күшейтіледі Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отандық спортшыларды тәрбиелеу және даярлау саласында бірқатар ден қою шарасы қабылданды.…
Прозрачность и дисциплина: спорт в Казахстане усиливает контроль и учет после госаудита

В области воспитания и подготовки отечественных спортсменов принят ряд мер реагирования по итогам государственного аудита, проведенного Высшей аудиторской палатой.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев проводит последовательную политику по наведению порядка в сфере спорта. В частности, в апреле текущего года Президент подписал закон, вносящий изменения в законодательство по физической культуре и спорту. Среди прочего был пересмотрен порядок утверждения приоритетных видов спорта и введен запрет на финансирование иностранных легионеров за счет бюджета.

📌В свою очередь, проверочные мероприятия ВАП прошли летом текущего года. В результате были выявлены нарушения и недостатки, оказывающие влияние на спортивные достижения республики, а также даны конкретные поручения по их устранению.

Так, Комитету по делам спорта поручалось проанализировать и дать предложения по включению и вовлечению учителей физической культуры в систему отбора и поиска талантливой молодежи среди учащихся для формирования спортивного резерва.

Анализом установлено, что в школах республики работают более 32 тыс. учителей физкультуры, потенциал которых не используется вотборе перспективных учащихся школ для дальнейшей спортивной подготовки в специализированных учебных заведениях и организациях.

✔️ В результате по решению и.о. министра туризма и спорта в школах начнут вводить специализированные спортивные классы, которые будут комплектоваться из числа детей с ярко выраженными спортивными способностями. Это позволит им совмещать обычное обучение с тренировками. Отбор будут проводить вместе учителя физкультуры и тренеры спортивных организаций.

Таким образом, в Казахстане формируется комплексная система подготовки спортивного резерва, объединяющая образовательный и спортивный компоненты. Это позволит эффективнее находить и развивать молодых талантливых спортсменов, что повысит шансы республики на международных соревнованиях.

✔️ Наряду с этим, по поручению ВАП, подведомственными организациями Министерства, приняты меры по устранению недостатков и нарушений при ведении бухгалтерского учета и отчетности, что повысит прозрачность, закрепит персональную ответственность, снизит риск ошибок и упростит контроль за использованием бюджетных средств.

Кроме того, во исполнение поручений ВАП за нарушения бюджетного и иного законодательства к дисциплинарной ответственности привлечены должностные лица ведомственных и подведомственных организаций:

🔵Комитета по делам спорта и физической культуры МТС РК;

🔵РГКП «Дирекция развития спорта»;

🔵РГКП «Республиканский колледж спорта»;

🔵РГУ «Республиканская специализированная школа-интернат-колледж олимпийского резерва имени Хаджимукана Мунайтпасова»;

🔵РГКП «Центр олимпийской подготовки «Алматы»;

🔵РГКП «Республиканская школа высшего спортивного мастерства по зимним видам спорта «Алатау».

Таким образом, реакция государства на выявленные недостатки в системе подготовки спортсменов носит комплексный характер: вводятся новые механизмы поиска талантов через школы, усиливается учет и контроль за средствами, устраняются отдельные нарушения.

Принятые меры будут способствовать повышению устойчивости и результативности системы подготовки спортивного резерва в Казахстане.

Работа по исполнению других поручений по итогам государственного аудита находится на контроле ВАП.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны үшін 18 лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауаптылыққа тартылды

📌ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 18 жауапты лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы – жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша нақты бұзушылықтар немесе кемшіліктер анықталған жағдайда берілетін ресми мемлекеттік құжат. Құжатта нені түзету керек, кім жауапты және қандай мерзімде шара қабылдау керек екені нақты көрсетіледі.

Бұл – ықпалды механизм. Ол жіберілген кемшіліктер үшін жазалауға ғана емес, тәртіпті қалпына келтіруге және республика деңгейіндегі маңызды салаларда қайталанатын бұзушылықтардың алдын алуға арналған. Берілген нұсқамалардың барлық тармағы Жоғары аудиторлық палата мамандарының тұрақты бақылауында.

Мәселен, 1 қазандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін:

🔵Ұлытау облысы әкімінің орынбасары;
🔵Түркістан қаласы әкімінің орынбасары;
🔵Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары;
🔵Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ «Семей» ӘКК» АҚ-ның жауапты қызметкерлері, бірқатар облыстың басқарма басшылары, бірқатар қаланың бөлім меңгерушілері, жекелеген министрліктердің департамент директорларына және т.б. әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен қатар 4 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Олар: ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті, ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, Қызылорда облысы әкімінің аппараты.

Аталған кезеңде Жоғары аудиторлық палата нұсқамаларының 4 тармағын орындамауға байланысты Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әкімдіктеріне қатысты сотқа талап қою бастамасы көтерілді. Мәселелер қаралу сатысында.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамаларын орындамағаны үшін 18 лауазымды адам және 4 мемлекеттік орган әкімшілік жауаптылыққа тартылды 📌ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін 18 жауапты лауазымды адам және…
За неисполнение предписаний ВАП к административной ответственности привлечены 18 должностных лиц и 4 госоргана

📌18 ответственных должностных лиц и 4 государственных органа привлечены к административной ответственности за неисполнение или ненадлежащее исполнение предписаний Высшей аудиторской палаты РК.

Предписание ВАП является официальным государственным документом, который выдается по итогам проведенного госаудита, если были выявлены конкретные нарушения или недостатки. В нем четко указывается, что именно нужно исправить, кто за это отвечает и в какие сроки должны быть приняты меры.

Это важный механизм государственного реагирования, который призван не просто наказывать за допущенные недоработки, а восстанавливать порядок и предотвращать повторные нарушения в значимых сферах республиканского уровня. Специалисты ВАП осуществляют постоянный контроль за всеми пунктами всех выданных предписаний.

Так, по состоянию на 1 октября за неисполнение или ненадлежащее исполнение предписаний ВАП к административной ответственности привлечены:

🔵заместитель акима области Ұлытау;
🔵заместитель акима города Туркестан;
🔵заместитель акима Жанааркинского района области Ұлытау;
🔵и.о. председателя Комитета медицинского и фармацевтического контроля.

Административное наказание получили также ответственные лица АО «СПК «Семей», главы управлений ряда областей, заведующие отделами ряда городов, директора департаментов отдельных министерств и т.д.

Кроме того, к ответственности привлечены 4 юридических лица: Комитет государственных доходов МФ РК, Комитет по регулированию, охране и использованию водных ресурсов Министерства водных ресурсов и ирригации РК, Комитет автомобильных дорог Министерства транспорта РК, аппарат акима Кызылординской области.

В отчетном периоде также инициировано предъявление исков в суд в связи с неисполнением 4 пунктов предписаний ВАП в отношении акиматов городов Жезказган, Сатпаев и Улытауского района области Ұлытау. Указанные вопросы находятся на стадии рассмотрения.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Аудит объектілері қалай іріктеледі❓ 📌Мемлекеттік аудит тізім бойынша жүргізілетін тексеру ғана емес. Ол үшін жыл сайын аудит объектілерінің жеке тізбесі жасалады. Тізбені қалыптастыру барысында Президент тапсырмалары, Парламент…
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Аудит жүргізудің үш кезеңі

📌Мемлекеттік аудит органдары жүзеге асыратын қаржылық тексеру объективті, кешенді және барынша нәтижелі болуы үшін ол бірнеше кезеңге бөлінеді.

1️⃣ Дайындық кезеңі.
Алдымен аудиторлар тобы құрылады. Бұл жерде топ мүшелерінің тексерілетін нысанмен мүдделер қақтығысы болмауына ерекше көңіл бөлінеді.

Содан кейін алдағы аудит нысаны жан-жақты зерттеледі: оның қызметі, саланың жағдайы, тәуекелдер, ішкі бақылаудың тиімділігі және т.б.

Осы кезеңде сондай-ақ:
🔵тексерудің мақсаттары мен міндеттері айқындалады;
🔵аудит бағдарламасы әзірленеді;
🔵талдау үшін деректер іріктемесі жасалады.

2️⃣ Негізгі кезең.
Бұл кезеңде негізгі жұмыс басталады. Аудиторлар қажетті деректер мен фактілерді жинайды, оның ішінде өзге ұйымдардан да ақпарат алады. Жиналған материалдар заңдармен, нормативтік құжаттармен және ішкі актілермен салыстырылады.

Басты мақсат – заңнамалық олқылықтар мен басқарудағы жүйелі қателіктерді анықтай отырып, мемлекеттік қаражат пен активтерді басқару және пайдалану тиімділігін арттыру.

3️⃣ Қорытынды кезең.
Тексеру аяқталғаннан кейін аудиторлар тиімділік, сәйкестік және қаржылық мәселелер бойынша есептерді рәсімдейді. Сол есептердің негізінде Аудиторлық қорытынды жасалады. Бұл – негізгі құжат, онда қорытындылар мен ұсынымдар қамтылады. Дәл осы құжат Жоғары аудиторлық палата немесе тексеру комиссияларының шешімдерінің негізі болып табылады.

Қорытынды отырыста қаралады: онда аудиторлар мен тексерілетін нысан өкілдерінің есептері тыңдалып, соңғы нұсқаулықтар қабылданады.

Осылайша, мемлекеттік аудит бір реттік тексеру емес, тұтас жүйе болып табылады: мұқият дайындық пен тәуекелдерді талдаудан бастап, мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған қорытынды шешімдерге дейінгі үдеріс.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудит қадам-қадаммен. Аудит жүргізудің үш кезеңі 📌Мемлекеттік аудит органдары жүзеге асыратын қаржылық тексеру объективті, кешенді және барынша нәтижелі болуы үшін ол бірнеше кезеңге бөлінеді. 1️⃣ Дайындық кезеңі. Алдымен аудиторлар тобы құрылады.…
Госаудит по полочкам. Три этапа проведения аудита

📌Чтобы финансовая проверка, осуществляемая органами госаудита, была объективной, комплексной и максимально результативной, она делится на несколько этапов.

1️⃣ Подготовительный этап. Сначала формируется команда аудиторов. Особое внимание здесь уделяется тому, чтобы у ее участников не было конфликта интересов с проверяемым объектом.

Затем тщательно изучается сам объект предстоящего аудита: его деятельность, состояние отрасли, имеющиеся риски, эффективность внутреннего контроля и т.д.

На этом же этапе:
🔵определяются цели и задачи проверки;
🔵разрабатывается программа аудита;
🔵формируется выборка данных для анализа.

2️⃣ Основной этап. Здесь начинается непосредственно «работа в поле». Аудиторы собирают необходимые данные и факты, в том числе у сторонних организаций. Полученные материалы сравниваются с законами, нормативами и внутренними актами.

Главная цель – повысить эффективность управления и использования госсредств и активов путем установления пробелов в законодательстве или системных управленческих ошибок.

3️⃣ Заключительный этап. После завершения проверки аудиторы оформляют отчеты: по эффективности, соответствию деятельности и финансовым вопросам. На их основе составляется Аудиторское заключение. Это главный документ с выводами и рекомендациями. Именно он становится базой для решений Высшей аудиторской палаты или ревизионной комиссии.

В дальнейшем заключение рассматривается на заседании: заслушиваются аудиторы и представители проверяемого объекта, после чего принимаются итоговые предписания.

Таким образом, государственный аудит является не разовой проверкой, а целой системой: от тщательной подготовки и анализа рисков до итоговых решений, которые помогают повысить прозрачность и эффективность использования государственных ресурсов.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM