GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттік аудит саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 🇰🇿 🇺🇿 Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы мен Өзбекстан Республикасы Есеп палатасының өкілдері арасында кездесу өтті. 📄 Кездесу барысында 2026…
Казахстан и Узбекистан укрепляют сотрудничество в сфере государственного аудита

🇰🇿 🇺🇿 В городе Ташкенте состоялась встреча представителей Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан и Счетной палаты Республики Узбекистан.

📄 В ходе встречи был подписан План мероприятий по развитию сотрудничества на 2026-2028 годы между высшими органами аудита Казахстана и Узбекистана.

Документ разработан во исполнение Меморандума о взаимопонимании, подписанного в 2025 году на полях XXV Конгресса Международной организации высших органов аудита ИНТОСАИ, состоявшегося в городе Шарм-эль-Шейх (Арабская Республика Египет).

План предусматривает дальнейшее развитие профессионального взаимодействия между госорганами, включая обмен опытом и лучшими практиками в сфере государственного аудита, проведение рабочих встреч и экспертных консультаций, а также укрепление методологического сотрудничества.

📌В ходе встречи член Высшей аудиторской палаты Рустем Нурпеисов подчеркнул, что совместная работа высших органов аудита позволит повысить прозрачность, укрепить доверие и эффективность государственного управления в Казахстане и Узбекистане.

Ожидается, что реализация Плана станет дополнительным импульсом для развития стратегического партнерства между двумя странами и расширения институционального взаимодействия ВОА Казахстана и Узбекистана.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗳️ Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов пен мүшелері ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді.

***

🗳️ Председатель Высшей аудиторской палаты Алихан Смаилов и члены ВАП проголосовали на республиканском референдуме по вопросу принятия новой Конституции РК.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Наурыз мейрамы құтты болсын!

****

С праздником Наурыз!

🎦 t.me/aqorda_resmi
ҚР Жоғары аудиторлық палатасында Қостанай облысында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды
 
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының отырысында Қостанай облысында мемлекет ресурстарының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

📌Аудиторлық қорытындыға сәйкес облыста жалпы өңірлік өнімнің өсуі байқалады. Алайда әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері орнықты түрде дамып жатқан жоқ. Атқарушы органдар деңгейінде басқару мен жоспарлауда жүйелі олқылықтар бар.

📊 Жергілікті бюджеттің кірістері 2020-2024 жылдары 75%-ға өскен, бұл ретте меншікті кірістердің үлесі небәрі 7%-ға, яғни 29%-дан 36,1%-ға дейін ұлғайды.

Бюджетті атқару кезінде 19 млрд теңге пайдаланылмаған бос қалдық қаражаты бола тұра 30 млрд теңге көлемінде қарыз алу фактісіне жол берілгені анықталды. Бұл шығыстарды жоспарлау мен борыштық жүктеме арасындағы сәйкессіздікті көрсетеді.

Тікелей шетелдік инвестициялар ағынының серпіні төмен деңгейде сақталып отыр. Құны 188 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның
ішінен 6 жоба пайдалануға берілмеген,
ал оларды 2025 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Облыстың даму бағдарламасының орындалуында кемшіліктер бар. 2022-2024 жылдары оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарынан жыл сайын 12-ден бастап 164-ке дейін бюджеттік инвестициялық жоба алып тасталып отырған.

Бірқатар инфрақұрылымдық жобаны іске асыру барысында жобалау-сметалық құжаттаманың сапасыз әзірленуіне байланысты жүйелі бұзушылықтарға жол берілген. Соның нәтижесінде кейбір объектілер пайдалануға берілмей тұр не құрылыс кезеңінің өзінде түзетулерді қажет етеді.

352 кәсіпкерлік субъектісіне 11 млрд теңге сомасына мемлекеттік қолдау көрсетілгеніне қарамастан, олардың 179-ы қызметін тоқтатқан, ал тағы 168-і жұмыс орындарын құру бойынша міндеттемелерді орындамаған. Бұл көрсетілетін шаралардың тиімділігін мониторингтеу мен бағалаудың жеткіліксіз екенін көрсетеді.

Қаржылық тұрғыдан орнықты жеке бизнесті жасырын субсидиялау белгілері тіркелді. Бұл бәсекелестік қағидаттарын бұзып, ӘКК-нің тиімділігін төмендетеді.

Аудиторлардың пікірінше, өңірде жол-құрылыс жұмыстарының орындалу сапасына тиісінше бақылау жасалмайды. Тексеру барысында 12 объектіде асфальт-бетон жабынының шөгуі және бұзылған жерлер сияқты әртүрлі ақаулар анықталды. Мұндай ақаулар бұрын жұмыстар орындалып өткен жерлерде да анықталды.

Агроөнеркәсіптік кешен өңірдің негізгі саласы болып қала береді. Алайда жыл сайынғы мемлекеттік қолдауға қарамастан саланың дамуы тұрақсыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 2022 жылдан бастап төмендеп, мал басы азайып келеді, ал таратылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны ұлғаюда.

Мемлекеттік сатып алу саласында 12 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтіндерді конкурсқа жіберіп, оларды жеңімпаз деп тану, «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісін негізсіз беру арқылы сатып алудың «ерекше тәртібін» қолдану, сондай-ақ төтенше жағдайды негіз етіп, бір көзден сатып алу фактілері анықталды.

Дәрігерлік амбулаториялар салу жобалары бойынша медициналық жабдықтардың құнын арттырып көрсету шамамен 200 млн теңгені құрады. Бұл ретте жекелеген позициялар жобалау-сметалық құжаттамада көзделген сомадан іс жүзінде 18-46 есе арзан бағада сатып алынған. Жабдықтардың жекелеген түрлерінің бағасы банкрот деп танылған компанияның
прайс-парақтары негізінде қалыптастырылған.


🔴Жалпы аудит қорытындысы бойынша 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық, 50 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды.

🔴52 факт бойынша материалдар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін жіберілді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
Итоги госаудита в Костанайской области подведены в ВАП РК

На заседании Высшей аудиторской палаты РК рассмотрены итоги государственного аудита эффективности использования ресурсов государства в Костанайской области.

📌Как следует из аудиторского заключения, в области
отмечается рост валового регионального продукта. Однако показатели социально-экономического развития улучшаются неустойчиво. На уровне исполнительных органов имеются системные пробелы в управлении и планировании.

📊 Доходы местного бюджета за 2020-2024 годы выросли на 75%, при этом доля собственных доходов увеличилась всего на 7% – с 29% до 36,1%.

Установлено, что при исполнении бюджета допущен факт привлечения заимствований в объеме 30 млрд тенге при наличии 19 млрд тенге неиспользованных свободных остатков. Это указывает на несогласованность между планированием расходов и долговой нагрузкой.

Сохраняется низкая динамика притока прямых иностранных инвестиций. 6 из 8 инвестпроектов стоимостью 188 млрд тенге, которые планировалось запустить в 2025 году, не введены в эксплуатацию.

Отмечаются недостатки при исполнении Программы развития области. В 2022-2024 годах из плана мероприятий по ее реализации ежегодно исключалось от 12 до 164 бюджетных инвестиционных проектов.

В ходе реализации ряда инфраструктурных проектов допущены системные нарушения, связанные с некачественной разработкой проектно-сметной документации. В результате некоторые объекты либо не могут быть введены в эксплуатацию, либо требуют корректировок уже на стадии строительства.

Несмотря на господдержку 352 субъектов предпринимательства на сумму 11 млрд тенге, 179 из них прекратили деятельность, а еще 168 не выполнили обязательства по созданию рабочих мест. Это говорит о недостаточном уровне мониторинга и оценки эффективности оказываемых мер.

Зафиксированы признаки скрытого субсидирования финансово устойчивого частного бизнеса, что нарушает принципы конкуренции и снижает эффективность СПК.

По мнению аудиторов, в регионе отсутствует должный контроль за качеством выполнения дорожно-строительных работ. В ходе осмотра на 12 объектах выявлены различные дефекты: просадки и места разрушения асфальтобетонного покрытия. В том числе там, где ранее уже были выполнены работы.

Агропромышленный комплекс остается ключевой отраслью региона. Однако, несмотря на ежегодное выделение господдержки, ее развитие характеризуется нестабильностью. Валовый выпуск продукции сельского хозяйства с 2022 года показывает снижение, поголовье животных сократилось, а количество ликвидированных сельхозпредприятий выросло.

В области госзакупок установлены нарушения на 12 млрд тенге. В их числе допуск и признание победителей, не соответствующих требованиям конкурсной документации, применение «особого порядка» закупок путем необоснованного присвоения пометки «Для служебного пользования», а также закуп из одного источника под предлогом ЧС.

По проектам строительства врачебных амбулаторий завышение стоимости медицинского оборудования составило порядка 200 млн тенге. При этом отдельные позиции фактически приобретались в 18-46 раз дешевле, чем было предусмотрено проектно-сметной документацией. Цены на отдельные виды оборудования формировались на основании прайс-листов компании, признанной банкротом.

🔴В целом по итогам аудита установлены финансовые нарушения на 51 млрд тенге, неэффективное планирование и использование бюджетных средств – на 50 млрд тенге.

🔴Материалы по 52 фактам переданы для возбуждения административного производства.
 
🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Жоғары аудиторлық палатасында Ұлттық қор қаражатының жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның жыл сайынғы отырысы өтті

📌
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ҚР Ұлттық қоры қаражатының жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Комиссияның офлайн форматтағы отырысы жылына бір рет өтеді.

Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің, Парламент Сенатының, Ұлттық Банктің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің, құқық қорғау органдарының уәкілетті лауазымды адамдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысты.

Өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын барынша ұтымды әрі тиімді пайдалану қажеттігіне тағы да ерекше назар аударды.

«Біз Ұлттық қордың тұрақты даму құралы ретіндегі рөлін қайта қарауымыз керек. Қорды қосымша инвестиция көзі ретінде қолдану үшін ел ішіндегі болашағы зор және нарықтағы әлеуеті жоғары болатын жобаларға қаржы бөлуге болады. Ең бастысы қаражатты мұқият ойластырып жұмсау керек», — деді Президент.


🔍 Жиында Ұлттық қор қаражатының мақсатқа сай әрі тиімді пайдаланылуына жүргізілген ревизия қорытындылары қаралды.

✔️ Тексеру нысаналы трансферттер есебінен 3,4 трлн теңгеге қаржыландырылған 3 мыңнан астам бюджеттік инвестициялық жобаны, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген 3,8 трлн теңге облигациялық қарыздарды қамтыды.

Жалпы жобаларды іске асыру оң нәтиже берді. Алайда Комиссия Ұлттық қор қаражатынан экономикалық қайтарымды арттыратын мүмкіндіктерді анықтады. Жекелеген кемшіліктер мен бұзушылықтар да анықталды.

Негізгі факторлардың бірі – Ұлттық қорға жүктелген барлық мақсат пен міндетке қол жеткізуге жауапты бірыңғай мемлекеттік орган жоқ. Бұл біртұтас жүйені қалыптастыруға және экономикалық тұрғыдан мұқият тексерілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі уақытта функциялар Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі және Ұлттық Банк арасында бөлінген. Бұл ретте қор қаражатының пайдаланылуына байланысты бизнес-процестер бойынша, сондай-ақ қаржыландырылған жобалардың түпкілікті нәтижелілігі бойынша толық ақпаратты орталықтандырылған жинақтау және талдау қамтамасыз етілмеген. Есептіліктің ашықтық деңгейі жеткіліксіз.

Комиссия іске асыру үшін базалық дайындығы жоқ кейбір жобалардың қаржыландыруға қосылғанын анықтады. Олар бойынша жобалау-сметалық құжаттама, жер учаскелері және т.б. болмаған. Бұл мерзімдердің ұзаққа созылуына әкеп соғады. Құны 394 млрд теңгені құрайтын тағы 500-ден астам жоба алып тасталған не орындалу барысында басқаларына ауыстырылған.

Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер заңнамалық тұрғыдан стратегиялық және ұлттық маңызы бар басым міндеттерге арналған. Алайда Ұлттық қордың қаражатын тартпай-ақ іске асыруға болатын жергілікті деңгейдегі жобаларды қаржыландыру фактілері анықталды: ауылды абаттандыру объектілері, шағын әлеуметтік объектілер және т.б.

Кейбір жағдайларда Ұлттық қордың қаражаты бұрын аяқталған жобаларға жұмсалған немесе нақты қажеттіліктен асып түсетін көлемде бөлінген.

Сонымен қатар қаражатты мақсатсыз және тиімсіз қайта бөлу фактілері атап өтілді. Ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған қаражат қалалық объектілерге бағытталған, бұрын сатып алынған жабдыққа қаражат бөлінген. Кейбір өңірлерде жабдықты сатып алу көлемі құнның жоғарылауына байланысты жоспардан екі есе асып түскен.

Комиссия облигациялық қаржыландыруда да кемшіліктер бар екенін анықтады. Атап айтқанда, мұндай қарыздардың мақсатқа сай әрі тиімді пайдаланылуын бақылаудың тиімді жүйесі әлі құрылмаған.

Қайтарымдылығы төмен проблемалық жобаларды қаржыландыру, лизингтік мәмілелерді ұзаққа созу, мәлімделген экспорттық және өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізбестен жеңілдікті қарыздарды арзан қорландыру көзі ретінде пайдалану жағдайлары тіркелді.

@auditpalatasy