GOSAUDIT.KZ
2.73K subscribers
1.49K photos
235 videos
5 files
590 links
🇰🇿 ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Telegram-арнасы

🇰🇿Официальный Telegram-канал
Высшей аудиторской палаты РК

🌐 https://www.gov.kz/memleket/entities/esep?lang=kk

📨 Aitu-канал: https://i2.app.link/wtamm4eu0Vb
Download Telegram
GOSAUDIT.KZ
🔔Высшая аудиторская палата Казахстана: 🔴🔴 лет на страже бюджетного порядка В 2026 году Высшая аудиторская палата Казахстана отмечает 🔴🔴-летие своей деятельности. Это важная веха не только для системы государственного аудита, но и для всего государства, потому…
Нәтижелердің дәйекті өсуі

📌 Өз жұмысында Жоғары аудиторлық палата тексерілетін объектілерді іріктеуде деректердің үлкен ауқымын талдауға негізделген тәуекелге бағдарланған модельге сүйенеді. Бұл тәсілмен, ең алдымен, бұзушылықтар немесе қаражатты тиімсіз пайдалану ықтималдығы жоғары салалар мен ұйымдар тексеріледі.

Соңғы жылдары бұл модель, әсіресе, автоматтандыру және аудит саласына енген жаңа цифрлық шешімдерді қолдану арқылы ашыла түсті. Бұны нақты сандар да жақсы көрсетіп отыр.

📊 Мысалы, 2023 жылы 19,5 трлн теңгені қамтыған 20 мемлекеттік аудит жүргізілді. Нәтижесінде 522 млрд теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 69,8 млрд теңге. Соның 28,9 млрд теңгесі бүгінгі күні қалпына келтірілді (өтелді).

📊 Ал 2025 жылы тексерулер саны 32-ге, ал қамтылған қаражат көлемі 74 трлн теңгеге дейін өсті. Мемлекеттік аудиторлар 2,9 трлн теңгеге бұзушылықтар анықтады, соның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 672 млрд теңге, оның ішінде шамамен 368 млрд теңгесі қалпына келтірілді (өтелді).

🔗Тек 2025 жылдың өзінде 404 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа, 293 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққатартылды.

🔗Уәкілетті мемлекеттік органдарға 1,4 мың нұсқама тармағы шығарылып, Үкіметке 132 нақты ұсыным берілді.

💰 Тұтастай алғанда, соңғы бес жылда аудиторлар жұмысының нәтижесінде мемлекеттік бюджетке шамамен 1 трлн теңге қалпына келтірілді (өтелді).

🔗Ал 152 факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Бұл сандар соңғы жылдарда аудиторлық қызмет сапасының артқанын көрсетеді. Уақыт өте келе бюджет қаражатын бақылау күшейе түсуде. Мұндағы басты факторлардың бірі – одан әрі цифрландыру. Бұл жоғары дәлдіктегі тексерулерді көбірек жүргізіп, бюджет ресурстарын аудиторлық бақылаумен көбірек қамтуға мүмкіндік береді.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Нәтижелердің дәйекті өсуі 📌 Өз жұмысында Жоғары аудиторлық палата тексерілетін объектілерді іріктеуде деректердің үлкен ауқымын талдауға негізделген тәуекелге бағдарланған модельге сүйенеді. Бұл тәсілмен, ең алдымен, бұзушылықтар немесе қаражатты тиімсіз…
Последовательный рост результатов

📌 В своей работе Высшая аудиторская палата опирается на риск-ориентированную модель, когда объекты для проверок отбираются на основе анализа больших массивов данных. При таком подходе в первую очередь проверяются те сферы и организации, где вероятность нарушений или неэффективного использования средств выше.

В последние годы эта модель раскрылась особенно сильно за счет автоматизации и использования новых цифровых решений в области аудита. И лучше всего это видно на конкретных цифрах.

📊 К примеру, в 2023 году ВАП было проведено 20 госаудитов с охватом 19,5 трлн тенге. По итогам выявлено нарушений на 522 млрд тенге, в том числе финансовых нарушений – 69,8 млрд тенге, из которых на сегодня восстановлено (возмещено) 28,9 млрд тенге.

📊 А уже в 2025 году количество проверок возросло до 32, а объем охваченных средств – до 74 трлн тенге. Госаудиторы выявили нарушений на 2,9 трлн тенге, в том числе финансовых нарушений – 672 млрд тенге, из которых уже восстановлено (возмещено) порядка 368 млрд тенге.

🔗 Только за 2025 год к дисциплинарной ответственности привлечены 404 должностных лиц, к административной – 293 физических и юридических лица.

🔗 Вынесено 1,4 тыс. пунктов предписаний уполномоченным госорганам и сформулированы 132 точечных рекомендации Правительству.

💰 В целом же за последние пять лет благодаря работе аудиторов в государственный бюджет восстановлено (возмещено) около 1 трлн тенге.

🔗А материалы по 152 фактам нарушений были переданы в правоохранительные органы.

Все эти цифры наглядно показывают качественный рост, которого достигла ВАП за последние годы. И с течением времени тенденция по тотальному усилению контроля за бюджетными средствами будет только расти. Одним из главных факторов здесь выступает дальнейшая цифровизация, которая позволяет проводить больше высокоточных проверок и охватывать аудиторским контролем больше бюджетных ресурсов.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Последовательный рост результатов 📌 В своей работе Высшая аудиторская палата опирается на риск-ориентированную модель, когда объекты для проверок отбираются на основе анализа больших массивов данных. При таком подходе в первую очередь проверяются те сферы…
Цифрлық даму контуры

📌 Жоғары аудиторлық палатадағы ауқымды цифрландыру IT-инфрақұрылымды жаңғыртудан басталды. Арнайы бағдарламалық қамтылым енгізіліп, киберқауіпсіздік күшейтілді, қызметкерлерге ішкі ресурстарға қашықтан қол жеткізу ұйымдастырылды және ақпараттық жүйелер меншікті серверлік қуаттылыққа ауыстырылды.

⌨️ Трансформацияның негізгі элементі – 13 модульді біріктіретін және тәуекелдерді талдаудан бастап ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуге дейінгі тұтас аудит циклін қамтитын Жоғары аудиторлық палатаның интеграцияланған ақпараттық жүйесі.

Бүгінде жүйе мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 14 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, 18 мыңнан астам аудит объектілерін қамтиды. Онда мыңнан астам қолданушы бар.

🔍 2024 жылдан бері Жүйенің талдамалық компоненті жұмыс істейді. Ол нақты уақыт режимінде мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар, салықтық түсімдер мен бюджеттің атқарылуы бойынша деректерді қадағалайды, сондай-ақ қаралатын әрбір ұйымның бейінін автоматты түрде қалыптастырады. Содан кейін қалыптасқан деректер тәуекелдерді басқару жүйесіне интеграцияланып, Жоғары аудиторлық палатаға басымдығы жоғары аудиторлық іс-шараларды айқындауға мүмкіндік береді.

2025 жылы цифрлық «Мемлекеттік аудит объектісінің кабинеті» енгізілді. Бұл модуль аудиторлар мен аудит объектілері арасындағы өзара іс-қимылды электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік беріп, бетпе-бет байланыс қажеттілігін қысқартады. Солтүстік Қазақстан облысы мен Астанада сәтті апробациядан өткеннен кейін модуль республиканың барлық тексеру комиссиялары мен орталық мемлекеттік органдарында қолданылуда.

⌨️ Қазіргі уақытта республикалық бюджетті алдын ала бағалау және Парламентке жыл сайынғы есепті дайындау үшін ішкі ЖИ-агенттері әзірленуде.

👥Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау процесін цифрландырутағы бір маңызды қадам болды. 2025 жылға дейін бұл процесс қағаз түрінде және электрондық пошта арқылы жүргізіліп келді. Енді қызмет толықтай eGov порталымен интеграциялау арқылы электрондық форматқа көшірілді, соның ішінде сертификатты электрондық түрде беру де қарастырылған. Нәтижесінде сертификаттау процесі едәуір жеделдеп, ашық әрі айқын бола түсті.

📑Жоғары аудиторлық палатаның 2026-2030 жылдарға арналған даму стратегиясы цифрландыруды арттыруға,IT-аудитті дамытуға, дамытуға, сондай-ақ өңделетін деректердің абсолютті қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз етугебағытталған.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Цифрлық даму контуры 📌 Жоғары аудиторлық палатадағы ауқымды цифрландыру IT-инфрақұрылымды жаңғыртудан басталды. Арнайы бағдарламалық қамтылым енгізіліп, киберқауіпсіздік күшейтілді, қызметкерлерге ішкі ресурстарға қашықтан қол жеткізу ұйымдастырылды және…
Цифровой контур развития

📌 Масштабная цифровизация в ВАП началась с модернизации IT-инфраструктуры: было внедрено специализированное программное обеспечение, усилена кибербезопасность, организован удаленный доступ сотрудников к внутренним ресурсам, информсистемы перенесены на собственные серверные мощности.

⌨️Центральным элементом трансформации стала Интегрированная информационная система ВАП (ИИС ВАП), объединяющая 13 модулей и охватывающая полный цикл аудита – от анализа рисков до мониторинга исполнения рекомендаций.

На сегодняшний день система интегрирована с 14 информсистемами госорганов и организаций квазигоссектора, охватывает свыше 18 тыс. объектов аудита. В ней работают более тысячи пользователей.

🔍 C 2024 года в ИИС ВАП функционирует аналитический компонент. Он в режиме реального времени отслеживает данные по государственным и квазигосударственным закупкам, налоговым поступлениям и исполнению бюджета, а также автоматически формирует профиль каждой отсматриваемой организации. Сформированные данные затем интегрируются в Систему управления рисками, позволяя ВАП определять наиболее приоритетные аудиторские мероприятия.

В 2025 году ВАП был внедрен цифровой «Кабинет объекта госаудита». Этот модуль переводит взаимодействие аудиторов с объектами аудита в электронный формат, сокращая необходимость в очных контактах. После успешной апробации в Северо-Казахстанской области и Астане модуль был масштабирован на все ревизионные комиссии и центральные государственные органы республики.

⌨️ В настоящее время ведется разработка внутренних ИИ-агентов для предварительной оценки республиканского бюджета и подготовки ежегодного отчета для Парламента.

👥 Еще одним значимым шагом стала цифровизация сертификации госаудиторов. До 2025 года процесс велся в бумажном формате с использованием электронной почты. Теперь же услуга полностью переведена в электронный вид через интеграцию с порталом eGov, вплоть до выдачи электронного сертификата. В результате процесс сертификации стал значительно быстрее и прозрачнее.

📑 Стратегия развития ВАП на 2026-2030 годы закрепляет курс на дальнейшую цифровизацию, развитие IT-аудита, а также обеспечение абсолютной защиты и конфиденциальности обрабатываемых данных.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Цифровой контур развития 📌 Масштабная цифровизация в ВАП началась с модернизации IT-инфраструктуры: было внедрено специализированное программное обеспечение, усилена кибербезопасность, организован удаленный доступ сотрудников к внутренним ресурсам, информсистемы…
📌Халықаралық деңгей

2000 жылдан бастап Қазақстанның жоғары аудит органы – 195 елді біріктіретін ИНТОСАИ кәсіби халықаралық ұйымының, сондай-ақ АЗОСАИ және ЕУРОСАИ өңірлік бірлестіктерінің толыққанды мүшесі.

🤝 Осы уақыт ішінде шетелдік әріптестермен 30-дан астам келісім мен меморандумға қол қойылды.

Осы ұйымдар шеңберінде Жоғары аудиторлық палата IT-аудит, экологиялық аудит, Орнықты даму мақсаттарының аудиті, кейіннен аудит жүргізу және т.б. жұмыс топтарына белсенді қатысуда.

▫️2025 жылдың маңызды оқиғасы – Стамбулда ҚР Жоғары аудиторлық палатасының қатысуымен Түркі мемлекеттерінің жоғары аудит органдарын біріктіретін ТҮРКСАИ ұйымын құру туралы декларацияға қол қойылды.

▫️Ал 2026 жылғы қыркүйекте Астанада алғаш рет АЗОСАИ Басқарма кеңесінің отырысы өтеді. Бұл – тек Жоғары аудиторлық палатаның ғана емес, жалпы мемлекетіміздің жоғары беделінің тағы бір көрінісі.

▫️Сонымен қатар 2015 жылдан бері Жоғары аудиторлық палата Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей жоғары аудит органдарымен бірлесіп жыл сайын Еуразияның ірі экономикалық бірлестіктерінің бірі ЕАЭО органдарына сыртқы аудит жүргізеді.

✔️ Бұл ретте, ИНТОСАИ халықаралық стандарттары бойынша жүргізілген Ресейдің (2012), Эстонияның (2019), сондай-ақ Португалия, Литва және Түркияның (2024-2025) халықаралық ЖАО тобының қатысуымен Жоғары аудиторлық палатаның қызметіне жүргізілген тексерулер қазақстандық аудиттің барлық халықаралық талапқа сәйкестігін растады.

🤝 2026 жылы Жоғары аудиторлық палата тағы бір маңызды құжат – «IDI» ИНТОСАИ Даму бастамасымен әріптестік туралы келісімге қол қойды. 2026-2029 жылдар кезеңінде ЖАП жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, Орталық Азия елдерінің жоғары аудит органдарын қолдау бойынша серіктес болады. Бұл – еліміздің жоғары аудит органына деген сенім белгісі.

Сонымен қатар осы жылдар ішінде Жоғары аудиторлық палата Азия Даму Банкімен, Дүниежүзілік банкпен, Ислам Даму Банкімен және БҰҰДБ-мен ынтымақтастықты табысты дамытуда.
 
Жаһандық сын-қатерлер жағдайында жоғары аудит органдарының рөлі күшейе түсуде. Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының тәжірибесі мықты, тәуелсіз әрі кәсіби аудиторлық институт ретінде қазіргі заманғы мемлекеттің ажырамас элементі екенін айқын көрсетіп отыр.

📌Жоғары аудиторлық палата өзінің 🔴🔴 жылдық мерейтойында дамуының маңызды кезеңдерін атап өтіп қана қоймай, цифрлық дәуірге бағытталған кәсіби өсудің жаңа көкжиегін ашады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
📌Халықаралық деңгей 2000 жылдан бастап Қазақстанның жоғары аудит органы – 195 елді біріктіретін ИНТОСАИ кәсіби халықаралық ұйымының, сондай-ақ АЗОСАИ және ЕУРОСАИ өңірлік бірлестіктерінің толыққанды мүшесі. 🤝 Осы уақыт ішінде шетелдік әріптестермен 30-дан…
Международный уровень

📌С 2000 года высший орган аудита Казахстана является полноправным членом профессиональной международной организации ИНТОСАИ, объединяющей 195 стран, а также региональных объединений – АЗОСАИ и ЕВРОСАИ.

🤝 За это время подписано свыше 30 соглашений и меморандумов с зарубежными партнерами.

В рамках этих организаций ВАП активно участвует в рабочих группах по IT-аудиту, экологическому аудиту, аудиту Целей устойчивого развития, последующему аудиту и др.

▫️В 2025 году значимым событием стало подписание в Стамбуле декларации об учреждении Организации высших органов аудита тюркских государств –ТЮРКСАИ – с участием Высшей аудиторской палаты РК.

▫️А уже в сентябре 2026 года Астана впервые примет заседание Совета правления АЗОСАИ, что вновь подчеркнет высокий статус не только Высшей аудиторской палаты, но и всего нашего государства.

▫️Кроме того, с 2015 года ВАП совместно с высшими органами аудита Армении, Беларуси, Кыргызстана и России ежегодно проводит внешний аудит органов ЕАЭС – одного из крупнейших экономических объединений Евразии.

✔️При этом проверки деятельности самой ВАП, проводимые по международным стандартам ИНТОСАИ при участии ВОА России (2012), Эстонии (2019) и международной группы ВОА Португалии, Литвы и Турции (2024-2025), подтвердили соответствие казахстанского аудита всем международным требованиям.

🤝 В 2026 году Высшей аудиторской палатой подписано еще одно важное соглашение – о партнерстве с Инициативой развития ИНТОСАИ «IDI»: в период 2026-2029 годов ВАП выступит партнером по поддержке высших органов аудита стран Центральной Азии, делясь накопленным опытом. Это – высокий знак доверия к ВАП Казахстана.

Параллельно все эти годы ВАП также успешно развивает сотрудничество с Азиатским банком развития, Всемирным банком, Исламским банком развития и ПРООН.

В условиях нарастающих глобальных вызовов роль высших органов аудита продолжает усиливаться. И опыт ВАП Казахстана убедительно показывает, что сильный, независимый и профессиональный аудиторский институт является неотъемлемым элементом современного государства.

📌Отмечая 🔴🔴-летний юбилей, ВАП не просто фиксирует важные вехи своего развития, но и одновременно открывает новый горизонтпрофессионального роста, устремленный в цифровую эпоху.  

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ pinned a video
🇰🇿 🇰🇬 🇹🇯 🇺🇿 Жоғары аудиторлық палата CASAI жаңа бағдарламасы аясында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы әріптестерімен тәжірибе алмасады

📌 Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Орталық Азия елдерінің жоғары аудит органдарының (ЖАО) тиімділігі мен тәуелсіздігін арттыруға бағытталған CASAI өңірлік бағдарламасының ресми серіктесі атанды.

🖊️ CASAI жобасы бойынша әріптестік туралы келісімге Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы мен INTOSAI Даму бастамасы (IDI) арасында қол қойылды.

🇰🇿 🇬🇪 🇵🇱 Бағдарлама 2029 жылға дейін жоспарланған. Оның аясында Қазақстан, Грузия және Польша мемлекеттік аудиторлары Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасады.

Келісімге қол қою рәсіміне Қытай ЖАО (ASOSAI хатшылығы), Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Халықаралық валюта қоры және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

CASAI бағдарламасы аудит сапасын арттыру мен әдістемелерін жетілдіру, стратегиялық басқаруды дамыту, институционалдық тәуелсіздікті нығайту және аудит процестерін цифрландыру сияқты негізгі бағыттарға басымдық береді.

Қазақстан делегациясының басшысы – ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин атап өткендей, мұндай ауқымды бағдарламаның іске қосылуы Орталық Азия өңіріндегі жоғары аудит органдарының тәуелсіздігін нығайтуға елеулі ықпал етеді.

«Мемлекеттік басқару тиімділігіне қойылатын талаптар артып отырған қазіргі жағдайда жоғары аудит органдарының рөлі айтарлықтай күшейіп келеді. Осыған байланысты аудит сапасы, стратегиялық басқару, цифрлық трансформация және институционалдық орнықтылық мәселелері ерекше маңызға ие», — деді ол.


Тілеген Қаскин Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасының жобаға қатысуы жинақталған тәжірибемен бөлісуге ғана емес, өңірдегі кәсіби өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Осы күндері Душанбе қаласында алғашқы практикалық семинар өтті. Онда CASAI қатысушылары бағдарламаның тұжырымдамасы мен мақсаттарын, жоспарланған қолдау механизмдерін талқылап, 2026 жылға арналған бірлескен қадамдарды келісті.

🤝 Сондай-ақ іс-шара аясында Қырғызстан мен Тәжікстанның жоғары аудит органдары өкілдерімен екіжақты кездесулер өтті.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
🇰🇿 🇰🇬 🇹🇯 🇺🇿 Жоғары аудиторлық палата CASAI жаңа бағдарламасы аясында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы әріптестерімен тәжірибе алмасады 📌 Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы Орталық Азия елдерінің жоғары аудит органдарының (ЖАО) тиімділігі мен…
🇰🇿 🇰🇬 🇹🇯 🇺🇿 ВАП начнет делиться опытом с коллегами из Кыргызстана, Таджикистана и Узбекистана по новой программе CASAI

📌 Высшая аудиторская палата Казахстана стала официальным партнером региональной программы CASAI по повышению эффективности и независимости высших органов аудита (ВОА) стран Центральной Азии.

🖊️ Соглашение о партнерстве по проекту CASAI было подписано в городе Душанбе между Высшей аудиторской палатой Республики Казахстан и Инициативой развития INTOSAI (IDI) – международной профессиональной организацией, осуществляющей повышение потенциала высших органов аудита по всему миру.

🇰🇿 🇬🇪 🇵🇱 Программа рассчитана до 2029 года. В рамках нее государственные аудиторы Казахстана, Грузии и Польши будут оказывать методическую поддержку, консультировать и делиться профессиональным опытом с коллегами из Кыргызстана, Таджикистана и Узбекистана.

На церемонии подписания соглашения также присутствовали представители ВОА Китая (Секретариат ASOSAI), Всемирного банка, Азиатского банка развития, Международного валютного фонда и другие.

CASAI сфокусируется на таких ключевых направлениях, как повышение качества и совершенствование методик аудита, развитие стратегического управления, укрепление ведомственной независимости и цифровизация аудиторских процессов.

Как отметил глава казахстанской делегации – член Высшей аудиторской палаты РК Тлеген Каскин, запуск такой амбициозной программы окажет большое влияние на развитие подотчетности и укрепление независимости высших органов аудита в Центрально-Азиатском регионе.

«В современных условиях возрастающих требований к эффективности государственного управления роль высших органов аудита существенно усиливается. В этой связи вопросы качества аудита, стратегического управления, цифровой трансформации и институциональной устойчивости приобретают особую актуальность», — сказал он.

Тлеген Каскин также выразил уверенность в том, что участие Высшей аудиторской палаты Казахстана в проекте позволит не только поделиться накопленным опытом, но и еще сильнее укрепить профессиональное взаимодействие в регионе.  

В эти дни в Душанбе прошел первый практический семинар, на котором участники CASAI обсудили концепцию и цели программы, запланированные механизмы поддержки, согласовали дальнейшие совместные шаги на 2026 год, а также поделились опытом обеспечения независимости высших органов аудита.

🤝 На полях мероприятия также состоялись двусторонние встречи с представителями высших органов аудита Кыргызстана и Таджикистана.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік аудиттен кейін агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту: жануарларды цифрлық есепке алудан бастап мал сою объектілерін оңтайландыруға дейін

📌 Еліміздің агроөнеркәсіптік саласында ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың дәлдігін арттыру, фитосанитариялық нормаларды қайта қарау және мал сою пункттерінің инфрақұрылымын оңтайландыру жөнінде шаралар қабылданды. Қажетті жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

🔴Мәселен, салада жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша 2025 жылы ҚР Үкіметіне «Ауыл шаруашылығы жануарларының идентификаторы» жүйесінде тарихи деректерге түгендеу жүргізу ұсынылды.

✔️ Нәтижесінде оған жас бойынша (15 жастан асқан) форматты-логикалық бақылау функционалы қосылды. Бұл оны қате және ескірген жазбалардан айтарлықтай тазартуға мүмкіндік берді. Егер бұрын мұндай «ескірген» жазбалар 20 мыңнан асса, жүйені жаңартқаннан кейін небәрі 229 жазба қалып, кәрі малдың бар-жоғы іс жүзінде расталады. Осылайша, қате жазбалар саны 98,9%-ға қысқарды. Енді қате деректер автоматты түрде анықталады, бұл ҚР барлық өңірлері бойынша мал басын дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді.

🔴 Фитосанитариялық нормалар бөлігінде Жоғары аудиторлық палата 2021 жылы шегіртке зияндылығының экономикалық шегі бір шаршы метрге шаққанда 5 дарақтан 3 дараққа дейін негізсіз төмендетілгенін анықтады. Бұл экологияға теріс әсер ететін инсектицидтермен өңделген аумақтың айтарлықтай өсуіне және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соқты. Сонымен қатар қайта бекітілген нормативтер зиянкестерді есепке алу мен болжаудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес келмейді.

✔️ Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасы бойынша
2026 жылы фитосанитариялық нормалар мен қағидалар жаңартылды: ғылыми тұрғыдан негізделген бірыңғай фитосанитариялық нормативтер белгіленді. Сонымен қатар зиянкестерді есепке алу мен болжау әдістемесі жаңартылды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларына республика бойынша жұмыс істемей тұрған 667 мал сою объектісінің ағымдағы жай-күйін талдап, оған баға беруді де тапсырды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 592 мал сою алаңының одан әрі пайдалануға жарамсыз екені анықталды. Олар апатты күйде немесе толығымен бұзылған. Олардың барлығы E-Agriculture жүйесіне қажетті өзгерістер енгізе отырып, иелерінің өтініштері бойынша ресми түрде жойылды.

Сонымен қатар 62 объекті қалпына келтірілді. Қарағанды облысында 18 объект, Абай облысында 9 объект және Павлодар облысында 7 объект қажетті рәсімдерден өтіп, есептік нөмірлер алды. Ақмола және Қызылорда облыстарында тағы 13 объектінің иелері жұмысты қайта бастауды жоспарлап отыр.

✔️ Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің мал сою және оның етін қайта өңдеу саласындағы бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған бұйрығы қабылданды.

Мәселен, мал сою объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған жабдықтардың ең аз тізбесі 20 позициядан 16-ға дейін қысқарды. Бұл салаға кірудің әкімшілік шарттарын жеңілдетіп қана қоймай, кәсіпкерлердің қаржылық шығындарын да азайтады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Мемлекеттік аудиттен кейін агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту: жануарларды цифрлық есепке алудан бастап мал сою объектілерін оңтайландыруға дейін 📌 Еліміздің агроөнеркәсіптік саласында ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың дәлдігін арттыру, фитосанитариялық…
Модернизация АПК после госаудита: от цифрового учета животных до оптимизации объектов убоя

📌 В агропромышленной сфере Казахстана приняты меры по повышению точности учета сельскохозяйственных животных, пересмотру фитосанитарных норм и оптимизации инфраструктуры убойных пунктов. Необходимая работа проведена по предписанию Высшей аудиторской палаты.

🔴 Так, по итогам госаудита в отрасли в 2025 году Правительству РК было рекомендовано провести инвентаризацию исторических данных в системе «Идентификатор сельскохозяйственных животных».

✔️ В результате в нее был добавлен функционал форматно-логического контроля по возрасту (старше 15 лет), который позволил существенно очистить ее от ошибочных и устаревших записей. Если раньше таких «возрастных» записей было свыше 20 тыс., то после обновления системы осталось всего 229, где наличие старых животных было подтверждено фактически. Таким образом, количество ошибочных записей сократилось на 98,9%. Теперь некорректные данные выявляются автоматически, что делает учет поголовья более точным по всем регионам РК.

🔴 В части фитосанитарных норм ВАП было выявлено, что в 2021 году был необоснованно снижен экономический порог вредоносности саранчи – с 5 до 3 особей на кв. метр. Это привело к значительному увеличению площадей обработок инсектицидами, которые отрицательно влияют на экологию, и дополнительным расходам бюджета. Кроме того, переутвержденные нормативы не соответствовали действующей Методике учета и прогнозирования вредителей.

✔️ В 2026 году по поручению ВАП фитосанитарные нормы и правила были обновлены: в рамках них установлены единые, научно обоснованные, фитосанитарные нормативы. Наряду с этим была обновлена методика учета и прогнозирования вредителей.

🔴 По итогам госаудита ВАП также поручила областным территориальным инспекциям Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства РК проанализировать и дать оценку текущему состоянию 667 нефункционирующих объектов убоя скота по всей республике.

В результате проведенной работы выяснилось, что 592 скотобойни непригодны для дальнейшего использования: находятся в аварийном состоянии или полностью разрушены. Все они были официально ликвидированы по заявлениям владельцев с внесением необходимых изменений всистему e-Agriculture.

Вместе с тем 62 объекта удалось восстановить: они прошли необходимые процедуры и получили учетные номера. Больше всего в Карагандинской области – 18, области Абай – 9 и Павлодарской области – 7. Владельцы еще 13 объектов в Акмолинской и Кызылординской областях планируют возобновить работу.

✔️ В рамках исполнения предписания ВАП также принят приказ министра сельского хозяйства РК, направленный на создание более комфортных условий для бизнеса в сфере убоя и переработки скота.

Так, минимальный перечень оборудования для проведения ветеринарно-санитарной экспертизы на объектах убоя сокращен с 20 до 16 позиций. Это не только упрощает административные условия для входа в отрасль, но еще и снижает финансовые издержки предпринимателей.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 🇰🇷 Қазақстандық мамандар Кореяның үздік мемлекеттік аудит практикасын зерделеді
 
📌ҚР Жоғары аудиторлық палатасының сараптамалық әлеуетін арттыру мақсатында ведомствоның орта және жоғары басқару буыны мамандар тобы Корея Республикасында қысқа мерзімді бейіндік оқытудан өтті.  

Қазақстандық делегацияның Сеул қаласына жұмыс сапары
6-17 сәуірде Корея тарапының шақыруымен өтті. Кәсіби бағдарламаны Аудит және инспекция оқу институты (AITI) және Кореяның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) ұйымдастырды.  

Екі апталық оқу барысында қатысушылар Кореяның жоғары аудит органының даму тарихын, конституциялық және заңнамалық мәртебесін, аудиторлық іс-шараларды өткізудің жергілікті стандарттары мен рәсімдерін, әдіснамасын зерделеді.

Кореяның қоғамдық көлік саласындағы тиімділік аудиті жеке қаралды. Оның нәтижелері осындай тексерулерге қатысты тәсілдерді қайта қарауға әкелді: басты назар жол берілген бұзушылықтарды тіркеуден құрылыс басталғанға дейін техникалық кезеңдерді қатаң бақылауға ауысты.

Жоғары аудиторлық палатаның мамандары Кореяның қаржылық аудит және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау жүйелерімен танысты.

Атап айтқанда, Кореяның бюджет жүйесінің даму кезеңдері шығыстарды бап бойынша бақылаудан бастап заманауи бағдарламалық нысаналы тәсілге дейін (Performance-Based Budgeting) егжей-тегжейлі қаралды. Мұнда қаражатты игеру фактісі ғана емес, белгіленген KPI бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізу бағаланады. Сонымен қатар Кореяда аудиторлар игерілмеген ақшаның келесі қаржы жылына не үшін ауысатынын, резервтік қорлардың қалай пайдаланылатынын және құрылыс материалдары арзандаған жағдайда жобалардың құны қаншалықты уақытылы төмендейтінін мұқият тексереді.

Корея Республикасының аудиттегі цифрлық құралдарына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, BARON кореялық ақпараттық-талдау жүйесі, қаржылық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықты анықтауға арналған цифрлық криминалистика (Digital Forensics) әдістері, сондай-ақ қаржы секторында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар зерделенді.

Мәселен, BARON жүйесінің жұмысы үшін мықты IT-командасы бар жеке Деректерді талдау орталығы құрылған. Ол аудиторлармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді: олардың сұрауы бойынша тексеруге арналған қажетті аналитиканы жинайды, өңдейді және жібереді. Мәліметтер Кореяның 35 мемлекеттік органының 53 жүйесімен интеграция негізінде қалыптастырылады.

Оқу бағдарламасы екіжақты сипатта өтті. Отандық мамандар ҚР Президентінің бастамасы бойынша қазақстандық мемлекеттік аудит жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ қолданыстағы жұмыс практикалары, енгізіліп жатқан халықаралық стандарттар, цифрлық құралдар және 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Арнайы баяндама аясында Жоғары аудиторлық палатаның конституциялық мәртебесі, құрылымы, функциялары, өкілеттіктері және ведомствоның негізгі даму кезеңдері туралы мәлімет таныстырылды.

Оқу қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мамандары Кореяның үздік практикасын қазақстандық мемлекеттік аудит жағдайларына бейімдеуге бағытталған тақырыптық іс-қимыл жоспарын (Action Plan) әзірледі.

🤝 Корея Республикасының Аудит және инспекция жөніндегі кеңесімен ынтымақтастық ҚР Жоғары аудиторлық палатасының халықаралық қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Сапардың нәтижелері жұмыс барысында қолданылып, Қазақстанда мемлекеттік аудиттің одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Photo
🇰🇿 🇰🇷 Казахстанские специалисты изучили лучшие корейские практики государственного аудита

📌В целях повышения экспертного потенциала Высшей аудиторской палаты РК группа специалистов среднего и высшего управленческого звена ведомства прошла краткосрочное профильное обучение в Республике Корея.  

Рабочая поездка казахстанской делегации в г. Сеул состоялась 6-17 апреля по приглашению корейской стороны. Организатором профессиональной программы выступил Учебный институт аудита и инспекции (AITI) и Корейского агентства международного сотрудничества (KOICA).

В ходе двухнедельного обучения участники изучили историю развития, конституционный и законодательный статус высшего органа аудита Кореи, местные стандарты и процедуры проведения аудиторских мероприятий, методологию: документальный аудит, выездной аудит, делегированный аудит и др.

На конкретном примере рассмотрен аудит эффективности в сфере общественного транспорта Кореи. Его результаты привели к пересмотру подходов к подобным проверкам: акцент сместился от фиксации уже допущенных нарушений к более глубокому контролю технических этапов до начала строительства.

Специалисты ВАП также познакомились с корейскими системами финансового аудита и оценки эффективности бюджетных программ.

В частности, детально рассмотрена эволюция бюджетной системы Кореи: от постатейного контроля расходов к современному программно-целевому подходу (Performance-Based Budgeting), при котором оценивается не просто факт освоения средств, а достижение конкретных результатов по установленным KPI. При этом аудиторы в Корее особенно внимательно проверяют, почему неосвоенные деньги переносят на следующий финансовый год, как используются резервные фонды и вовремя ли снижается стоимость проектов, если дешевеют строительные материалы.

Отдельное внимание было уделено цифровым аудиторским инструментам Республики Кореи. В частности, изучены: корейская информационно-аналитическая система BARON, методы цифровой криминалистики (Digital Forensics) для выявления финансовых правонарушений и коррупции, а также меры по обеспечению кибербезопасности в финансовом секторе.

Так, для работы системы BARON создан отдельный Центр анализа данных с сильной IT-командой. Он тесно взаимодействует с аудиторами: по их запросу собирает, обрабатывает и передает нужную аналитику для проверок. Сведения формируются на основе интеграции с 53 системами 35 госорганов Кореи.

Учебная программа носила двусторонний характер. Отечественные специалисты детально рассказали о реформах, проводимых в системе казахстанского госаудита по инициативе Президента РК, а также о применяемых рабочих практиках, внедряемых международных стандартах, цифровых инструментах и плане развития на 2026-2030 годы. В рамках специального доклада были презентованы ключевые сведения о ВАП РК: конституционный статус, структура, функции, полномочия и основные этапы развития ведомства.

По итогам обучения специалисты ВАП разработали тематический План действий (Action Plan), направленный на адаптацию лучших корейских практик к условиям казахстанского государственного аудита.

🤝 Сотрудничество с Советом по аудиту и инспекции Республики Корея остается одним из приоритетных направлений международной деятельности ВАП РК. Результаты состоявшейся поездки получат практическое применение в работе ведомства и будут способствовать дальнейшему развитию государственного аудита в Казахстане.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ашықтық пен есептілікті арттыру: Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудиттен кейін «Тобыл» ӘКК»АҚ шаралар қабылдады

📌 «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшылығы мемлекеттік аудит жүргізілгеннен кейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау мақсатында шаралар қабылдады.

Республиканың он үш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын (ӘКК) қамтыған ауқымды тексеру 2025 жылы өтті. Оның аясында «Тобыл» ӘКК» АҚ-да бірқатар жүйелі бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, 2023-2024 жылдар аралығында Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері қызметінің нәтижелеріне тәуелсіз және кешенді бағалау жүргізілмегені анықталды.

Басқарушы буынның тиімділігін бағалау жүйесі іс жүзінде жұмыс істемеген, ал ынталандырушы төлемдер ӘКК-нің қаржылық нәтижелерін есепке алмай, бірінші басшылардың қалауы бойынша бөлінген.

Сонымен қатар Жұмыскерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы берудің қолданыстағы қағидалары Басқарма төрағасына өзіне және Басқарма мүшелеріне үстемеақыларды жеке-дара белгілеуге мүмкіндік берді. Бұл «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына қайшы келеді, оған сәйкес аталған мәселе Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады.

«Тобыл» ӘКК» АҚ Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау үшін мынадай шаралар қабылдады.

✔️ Директорлар кеңесінің шешімімен «Тобыл» ӘКК» АҚ басқарма қызметінің уәждемелік негізгі көрсеткіштері туралы ереже әзірленіп, бекітілді.

Сондай-ақ Басшылық қызметтегі жұмыскерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы берудің жаңартылған қағидалары бекітілді. Оған сәйкес Басқарма төрағасы мен мүшелерін қоса алғанда, басшылық құрамға сыйақы төлеу шарттары енді бірінші басшының қалауы бойынша емес, Директорлар кеңесінің шешімі негізінде айқындалады.

Жаңа қағидаларға сәйкес дербес үстемеақылар енді құрылымдық бөлімшелердің айға, тоқсанға немесе бір жылға арналған жұмыс жоспарларын орындау қорытындылары бойынша ғана төленеді. Бұл үстемеақыларды өз қалауы бойынша еркін тағайындауға жол бермейді. Басшы жұмыскерлер үшін де, қатардағы жұмыскерлер үшін де мұндай үстемеақылардың мөлшері есепті кезеңде екі лауазымдық жалақымен шектеледі.

2023-2026 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қосымша келісім жасалды. Мұнда Басқарма мүшелерін қоса алғанда жұмыскерлердің барлық санаты үшін қосымша ақылар мен дербес үстемеақылар бірыңғай етіп бекітілді.

✔️ Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында «Тобыл» ӘКК» АҚ Инвестициялық декларациясында және Инвестициялық қызметті жүзеге асыру регламентінде еншілес және тәуелді ұйымдарды айқындау кезінде «бірлескен кәсіпорын» ұғымы болмағаны анықталды. Бұл ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес келмейді. Нәтижесінде бұл олқылықты жою үшін екі құжат та жаңа редакцияда қабылданды.

Барлық қабылданған шаралар төлемдерді ерікті түрде бөлуге жол бермейді, Директорлар кеңесінің басқарудағы рөлін күшейтеді және ӘКК қаражатын өңір мүддесінде барынша тиімді пайдалану үшін жағдай жасайды.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GOSAUDIT.KZ
Ашықтық пен есептілікті арттыру: Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудиттен кейін «Тобыл» ӘКК»АҚ шаралар қабылдады 📌 «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшылығы мемлекеттік аудит жүргізілгеннен кейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасының…
Повышение прозрачности и подотчетности: в АО «СПК «Тобол» приняли меры после госаудита ВАП

📌 Руководством АО «Социально-предпринимательская корпорация «Тобол» приняты меры по исполнению предписания Высшей аудиторской палаты РК после проведенного государственного аудита.

Масштабная проверка, охватившая тринадцать СПК республики, состоялась в 2025 году. В рамках нее в АО «СПК «Тобол» был выявлен ряд системных нарушений.

В частности, установлено, что за 2023-2024 годы не проводилась независимая и комплексная оценка результатов деятельности Совета директоров и членов Правления.

Система оценки эффективности управленческого звена фактически не функционировала, а стимулирующие выплаты распределялись по усмотрению первых руководителей без учета финансовых результатов СПК.

Кроме того, действовавшие Правила оплаты труда и премирования работников позволяли председателю Правления единолично устанавливать надбавки себе и членам Правления, что противоречит Закону РК «Об акционерных обществах», относящего данные вопросы к исключительной компетенции Совета директоров.

Во исполнение предписания Высшей аудиторской палаты АО «СПК «Тобол» приняло следующие меры.

✔️ Так, решением Совета директоров разработано и утверждено Положение о мотивационных ключевых показателях деятельности Правления АО «СПК «Тобол».

Наряду с этим утверждены обновленные Правила оплаты труда и премирования руководящих работников, в соответствии с которыми условия выплаты вознаграждений руководящему составу, включая председателя и членов Правления, теперь определяются на основании решения Совета директоров, а не по усмотрению первого руководителя.

Согласно новым правилам, персональные надбавки теперь выплачиваются исключительно по итогам исполнения планов работы структурных подразделений за месяц, квартал или год, что исключает их произвольное назначение. Размер таких надбавок как для руководящих, так и для рядовых работников ограничен двумя должностными окладами за отчетный период.

К Коллективному договору на 2023-2026 годы заключено дополнительное соглашение, закрепившее нормирование доплат и персональных надбавок для всех категорий работников, включая членов Правления.

✔️ Аудитом ВАП было также установлено, что в Инвестиционной декларации и Регламенте осуществления инвестиционной деятельности АО «СПК «Тобол» при определении дочерних и зависимых организаций отсутствовало понятие «совместное предприятие». Это не соответствовало Гражданскому кодексу РК. В результате для исключения данного пробела оба документа приняты в новой редакции.

В совокупности принятые меры исключают произвольное распределение выплат, усиливают роль Совета директоров в управлении и создают условия для более эффективного использования средств СПК в интересах региона.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында есеп айырысу жүйесіндегі олқылықтар жойылды
 
📌 Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында есеп айырысуға арналған цифрлық жүйе ақпараттық қауіпсіздікке тексеріліп, өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Тиісті жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне аудит 2025 жылы жүргізілді. Тексеру «Электр энергиясы мен қуаты нарығының казақстандық операторы» АҚ («ЭЭҚРҚО» АҚ) басқаратын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында қатысушылар арасындағы есеп-қисаптар киберқауіпсіздік тұрғысынан міндетті тексеруден өтпеген және ресми түрде пайдалануға берілмеген бағдарламалық қамтылым арқылы жүргізілгенін көрсетті.

Аталған жағдай нарық үшін жағымсыз әсер тудырды. Олардың ішінде: мемлекет тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, сауда-саттықтың іркілу және тоқтап қалу тәуекелдерінің ұлғаюы, сондай-ақ қатысушылар сенімінің төмендеу ықтималдығы.

Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата «ЭЭҚРҚО»
АҚ-ға 2026 жылғы 31 наурызға дейін есеп айырысу орталығы жүйесінің жобасын аяқтауды, ақпараттық қауіпсіздікке міндетті тексерулер жүргізуді және жүйені өнеркәсіптік пайдалануға беруді тапсырды.

✔️ «ЭЭҚРҚО» АҚ Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау үшін қажетті жұмысты мерзімінен бұрын әрі толық көлемде жүргізді. «ЭЭҚРҚО» АҚ ақпараты бойынша қабылданған шаралар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысының сенімділігін арттырады, киберқауіптер мен техникалық іркілістер тәуекелдерін азайтады, сондай-ақ мемлекет тарапынан ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Анықтама ретінде: «ЭЭҚРҚО» АҚ – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы.

🚀 @auditpalatasy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM