АЗРК #новости #аналитика
1.19K subscribers
1.58K photos
74 videos
1 file
1.1K links
Телеграм канал Агентства по защите и развитию конкуренции РК.
- аналитика состояния конкуренции на товарных рынках,
- изменения в законодательство и НПА,
- анонсы и итоги торгов на товарных биржах (коммунально-бытовой уголь, бензин, битум)
Download Telegram
🔷 БҚДА мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі электрондық құжат айналымы нарығына қатысты барлық рәсімдердің аяқталғанын хабарлады.

✅ Электрондық құжат айналымы ұлттық цифрлық инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып табылады. Осыған байланысты бірлескен құжат бекітіліп, онда бірнеше шаралар көзделген:
• жүйелер арасындағы құжат алмасу қағидаттарын әзірлеу;
• қызмет көрсетушілердің ауысымдылығын қамтамасыз ететін стандарттарды енгізу;
• жеке ұйымдарға eGov құжат айналымы шлюзіне қол жеткізу мүмкіндігі;
• цифрлық деректердің мемлекет меншігінде болуын заңнамалық деңгейде бекіту.

✅ Бұл шаралар адал бәсекелестікті дамытуға, цифрлық сервистердің тиімділігін арттыруға және IT саласының тұрақты өсуіне жағдай жасауға бағытталған.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 АЗРК и Министерство искусственного интеллекта и цифрового развития сообщили о завершении всех процедур по рассмотрению вопросов рынка электронного документооборота.

✅ Так как этот рынок является ключевым элементом цифровой инфраструктуры, утверждён совместный документ, предусматривающий:
• принципы взаимодействия при межсистемном документообороте;
• внедрение технологических стандартов для сменяемости поставщиков;
• доступ частных организаций к шлюзу документооборота eGov;
• закрепление принадлежности цифровых данных государству и принципов технологической открытости.

✅ Реализация мер направлена на развитие добросовестной конкуренции, повышение эффективности цифровых сервисов и устойчивое развитие IT-отрасли.

Facebook | Instagram | Сайт
👍3
🔷 БҚДА мүдделі мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың қатысуымен такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті отырысын өткізді.

🔺 Отырыста динамикалық баға белгілеуге қатысты аналитикалық талдау және Яндекс.Таксидің комплаенс міндеттемелерін орындау барысы қаралды.

✅ Нәтижесінде Яндекс.Таксиге сұраныс өсуі мүмкін геоаймақтар туралы деректерді алгоритмге енгізу арқылы шекті кезеңдерде баға құбылуын төмендету ұсынылды. Бұл жүргізушілердің қажетті аймақтарға уақтылы ауысуын ынталандыруға мүмкіндік береді.

🔺 Бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда Агенттік тиісті шаралар қабылдайды.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 АЗРК совместно с заинтересованными государственными органами и ассоциациями проведено очередное заседание мониторинговой группы по деятельности такси.

🔺 В ходе заседания рассмотрены анализ динамического ценообразования, а также ход исполнения Яндекс.Такси действующих обязательств по комплаенсу.

✅ По итогам Яндекс.Такси рекомендовано усилить использование прогнозных данных в алгоритмах для снижения ценовой волатильности в пиковые периоды и стимулирования своевременного перемещения водителей в зоны повышенного спроса.

🔺 При выявлении нарушений законодательства в сфере защиты конкуренции Агентством будут приняты соответствующие меры.

Facebook | Instagram | Сайт
🔥1
Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы сіздерді мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мерейлі күн еліміздің егемендігі мен бостандығының, мемлекетіміздің қуаты мен беріктігінің айқын белгісі. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап Қазақстан халқы елдің ғасырлар бойғы тарихын лайықты түрде жалғастырып, оны жаңа жетістіктер мен маңызды өзгерістермен толықтырды. Егемен даму жылдарында біз елеулі табыстарға қол жеткізіп, халықаралық деңгейде кеңінен мойындаттық.

Жыл өткен сайын басты құндылықтарымыз — Тәуелсіздік, бейбітшілік, келісім және ұлттық бірлік нығая берсін!
Уважаемые соотечественники!

Коллектив Агентства по защите и развитию конкуренции сердечно поздравляет вас с государственным праздником — Днём Независимости Республики Казахстан!

Этот знаменательный день по праву является олицетворением суверенитета, свободы и силы нашего государства. С обретением независимости народ Казахстана достойно продолжил многовековую историю страны, наполнив её новыми свершениями и значимыми преобразованиями. За годы самостоятельного развития мы достигли весомых успехов и заслужили признание на международной арене.

Пусть из года в год укрепляются наши ключевые ценности — Независимость, согласие, мир и национальное единство!
БҚДА Төрағасының бұйрығымен, ҚР Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы Агенттік аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Дәрібаев Мұрат Амангелдіұлы 1971 жылғы 11 маусымда дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

Жалпы еңбек өтілі 27 жылдан асады, оның ішінде 18 жыл — мемлекеттік қызметте. Елеулі басқарушылық тәжірибеге ие.

1997–2023 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінде, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарды атқарған.

2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап БҚДА Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Facebook | Instagram | Сайт
👍2👎1
Приказом Председателя АЗРК, по согласованию с Администрацией Президента РК, Дарибаев Мурат Аманкельдиевич назначен Руководителем аппарата Агентства.

Дарибаев Мурат Аманкельдиевич родился 11 июня 1971 года. Окончил Алматинский автомобильно-дорожный институт, Казахский экономический университет имени Т. Рыскулова.

Общий трудовой стаж составляет более 27 лет, из которых 18 лет — на государственной службе. В период с 1997 по 2023 годы занимал руководящие должности в Администрации Президента РК, центральных и местных государственных органах, а также в национальных компаниях.

С 22 декабря 2025 года назначен Руководителем аппарата Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан.

Facebook | Instagram | Сайт
👍2👎2
🔷 БҚДА балық өсіру саласында инвестициялық субсидиялауға қолжетімділікті шектеген кедергіні талдап, оны жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізді. Практикалық мысал ретінде «Қостанай бекіресі» ЖШС жобасы қаралды. Жоба бастапқыда жылына 20 тоннаға дейін тауарлық балық өндіруді көздегенімен, 2022 жылы енгізілген талаптарға байланысты мемлекеттік қолдау шараларына қатыса алмады.

🔺 Аталған өзгерістерге сәйкес, субсидия алу үшін жобаның ең төменгі қуаты 45 тонна болуы тиіс еді. Бұл талап шағын балық өсіру шаруашылықтары үшін елеулі шектеу болды. Агенттік 2024 жылы бұл мәселені көтеріп, ең төменгі шекті 25 тоннаға дейін төмендету жөнінде ұсыныстар енгізді.

✅ Нәтижесінде, 2025 жылы тиісті нормативтік өзгерістер қабылданып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылына 25 тоннаға дейін тауарлық балық өндіретін кәсіпорындарға инвестициялық субсидия алуға мүмкіндік берілді. Бұл шешім шағын және орта бизнесті қолдауға, аквамәдениет саласын дамытуға және инвестициялық белсенділікті арттыруға бағытталған.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 Агентством проведена работа по устранению барьеров в сфере инвестиционного субсидирования рыбоводства. В качестве примера был рассмотрен проект ТОО «Костанайский осётр», который при мощности до 20 тонн в год не мог претендовать на господдержку из-за действовавших с 2022 года требований.

🔺 Минимальный порог проектной мощности для получения субсидий составлял 45 тонн, что существенно ограничивало доступ малого бизнеса к мерам государственной поддержки. В 2024 году Агентство инициировало пересмотр данных требований и направило соответствующие предложения в уполномоченные органы.

✅ В результате в 2025 году барьер был устранён. С 1 января 2026 года предприятия с объёмом производства до 25 тонн товарной рыбы в год смогут претендовать на инвестиционные субсидии. Принятые изменения направлены на поддержку МСБ, развитие аквакультуры и повышение инвестиционной привлекательности отрасли.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 БҚДА Астана қ. бойынша департаменті «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Тексеру барысында «DAMUMED» медициналық ақпараттық жүйесіне қолжетімділік пен техникалық сүйемелдеу қызметтері бойынша монополиялық жоғары баға белгілеу фактісі анықталды.

🔺 Астана қ. әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Серіктестікке 286 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде төленді.
**

🔷 Департамент АЗРК по г. Астана завершил расследование в отношении ТОО «Центр информационных технологий «Даму». Установлен факт применения монопольно высоких цен на услуги доступа и технического сопровождения системы «DAMUMED».

🔺 Решением Специализированного межрайонного суда по административным правонарушениям г. Астана в отношении ТОО наложен административный штраф на сумму 286 млн тенге. Штраф оплачен в полном объеме.

Facebook | Instagram | Сайт
🔥6👍4
🔷 БҚДА өңірлердегі әуежайларда авиаотын сату кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу фактілері бойынша антимонополиялық шаралар қабылдады.

🔺 Қостанай облысында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ-ның басым жағдайды теріс пайдаланғаны анықталып, сот шешімімен айыппұл мен монополиялық кірісті тәркілеудің жалпы сомасы 16,6 млн теңгені құрады. Сонымен қатар заңбұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама берілді.

🔺 Ұқсас шаралар Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» әуежайына қатысты қабылданды: 7,3 млн теңге айыппұл салынып, 2,5 млн теңге монополиялық кіріс тәркіленді. Нәтижесінде авиаотын бағасы 780 000 теңгеден 533 750 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді.

Facebook | Instagram | Сайт
👍1
🔷 АЗРК провело антимонопольные меры в отношении региональных аэропортов по фактам установления и поддержания монопольно высоких цен на авиатопливо.

🔺 В Костанайской области по итогам расследования в отношении АО «Международный аэропорт «Костанай» им. Ахмета Байтурсынулы» судом назначены штраф и конфискация монопольного дохода на общую сумму 16,6 млн тенге, а также выдано предписание об устранении нарушений.

🔺 Аналогичные меры приняты в отношении АО «Аэропорт «Коркыт Ата» в Кызылординской области: штраф 7,3 млн тенге и конфискация 2,5 млн тенге. В рамках исполнения предписания цена авиатоплива снижена с 780 000 до 533 750 тенге (без НДС).

Facebook | Instagram | Сайт
👍1
Қымбатты отандастар!
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы сіздерді келе жатқан 2026 жылмен шын жүректен құттықтайды!

2026 жыл жаңа мүмкіндіктерге, оң өзгерістерге және маңызды жетістіктерге толы болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт пен бақ-береке тілейміз! Үйлеріңізде әрдайым жылулық, татулық пен жайлылық орнап, туған-туыстар мен жақын жандардың қолдауы сіздерге сенім мен күш-қуат берсін!

Ең асыл армандарыңыз орындалып, өмірлеріңіз қуаныш пен шуақты сәттерге толы болғай!

Жаңа жыл құтты болсын! Өздеріңізге және елімізге бейбітшілік, бақыт пен өркендеу тілейміз!
🎉1
Дорогие соотечественники!
Коллектив Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан поздравляет вас с наступающим 2026 годом!

Пусть 2026 год станет временем новых возможностей, позитивных перемен и значимых достижений! Желаем всем вам крепкого здоровья, счастья и благополучия! Пусть в ваших домах всегда царят тепло, гармония и уют, а поддержка родных и близких придает уверенности и сил!

Пусть исполняются самые заветные мечты, а жизнь будет наполнена радостными и светлыми моментами!

С Новым годом! Мира, счастья и процветания вам и нашей стране!
❤4🎉1
🔷 БҚДА астықты тасымалдауға байланысты шығындарды арзандатуға арналған субсидияларды төлеу қағидаларының қолданылуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде мемлекеттік қолдау тетігінің операторы — «Ұлттық компания «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы»» акционерлік қоғамының әрекеттерінде бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды.

🔺 Өтінімдерді қарау кезінде белгіленген күнтізбелік кезектілік сақталмаған: кейбір өтінімдер 80–112 күнге дейін қаралса, кейін берілген өтінімдер жедел түрде мақұлданған. Соның салдарынан субсидиялардың 60%-дан астамы шектеулі компаниялар тобына бөлінген.

✅ Осыған байланысты Агенттік «Ұлттық компания «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы»» АҚ бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдады. Компания өтінімдерді электрондық портал арқылы қабылдау және тіркеу күні мен уақытын ашық жариялау шараларын енгізетінін хабарлады.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 АЗРК проведён анализ применения правил субсидирования затрат на перевозку зерна. По итогам выявлены признаки нарушения антимонопольного законодательства в действиях оператора государственной поддержки — АО «Национальная компания «Продовольственная контрактная корпорация».

🔺 Установлены отклонения от календарной очередности рассмотрения заявок: отдельные заявки рассматривались с задержкой до 80–112 дней, тогда как поданные позднее — в ускоренном порядке. В результате более 60% объёма субсидий было распределено между ограниченным кругом компаний.

✅ В адрес АО «Продкорпорация» направлено уведомление об устранении нарушений. Компания сообщила о внедрении электронного приёма заявок и публикации информации о дате и времени их регистрации для обеспечения равного доступа к господдержке.

Facebook | Instagram | Сайт
👍2
🔷 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша БҚДА департаменті Ресей темір жолдарының филиалы — Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесіне қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

🔺 Тексеру электронды вагон таразыларына метрологиялық қызмет көрсету бойынша монополиялық жоғары баға белгіленгенін көрсетті.

✅ Сот шешімімен филиалға 1,88 млн теңге айыппұл салынып, 7,3 млн теңге монополиялық кіріс тәркіленді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет бағасы 754 698 теңгеден 536 357 теңгеге дейін төмендетілді (−28%).

Facebook | Instagram | Сайт
👍1
🔷 Департамент АЗРК по Северо-Казахстанской области завершил расследование в отношении Петропавловского отделения Южно-Уральской железной дороги — филиала ОАО «Российские железные дороги».

🔺 Выявлено злоупотребление доминирующим положением при установлении цен на услуги по метрологическому обслуживанию вагонных электронных весов.

✅ Суд назначил штраф 1,88 млн тенге и конфискацию 7,3 млн тенге монопольного дохода. С 1 января 2026 года цена услуги снижена с 754 698 до 536 357 тенге (более −28%).

Facebook | Instagram | Сайт
👍5
🔷 Алматы қ. бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «INVIVO Business» ЖШС (INVIVO бренді лицензиясы) әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

🔺 Компания франчайзинг шарттарында келісім бұзылғаннан кейін 24 ай бойы бәсекелестермен жұмыс істеуге тыйым салған. Бұл 16 қаладағы зертханалық қызметтер нарығындағы көптеген субъектілердің жұмысына кедергі келтірді.

✅ «INVIVO Business» ЖШС бәсекелестікті шектейтін нормаларды алып тастап, 143 нарық субъектісінің құқықтары қорғалды.

Facebook | Instagram | Сайт