АЗРК #новости #аналитика
1.19K subscribers
1.58K photos
74 videos
1 file
1.1K links
Телеграм канал Агентства по защите и развитию конкуренции РК.
- аналитика состояния конкуренции на товарных рынках,
- изменения в законодательство и НПА,
- анонсы и итоги торгов на товарных биржах (коммунально-бытовой уголь, бензин, битум)
Download Telegram
🔷 БҚДА Астана қ. бойынша департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінде бәсекелестікті шектеу тәуекелдерін анықтады. Департаментке «АзияНефтеТранс» ЖШС және «Скинест Рейл Қазақстан» ЖШС вагондарды тіркеу рәсімінің созылуына қатысты жүгінді.

🔺 Вагондарды тіркеудің қолданыстағы қағидаларында өтінімдерді қараудың нақты мерзімі көзделмегені анықталды. Бұл ретте вагондарды тіркеу магистральдық теміржол желісінде оларды пайдаланудың міндетті шарт ретінде қарастырылады және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне тікелей әсер етеді. Өтінімдерді қарау мерзімінің болмауы рәсімнің созылу тәуекелдерін туындатып, нарық субъектілерінің инфрақұрылымға қол жеткізуін шектеуі мүмкін.

✅ Департамент «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға өтінімдерді қарау мерзімін белгілеу аясында жүк вагондарын тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы нұсқама енгізді.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 Департаментом АЗРК по г. Астане выявлены риски ограничения конкуренции в действиях АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы». Поводом стали обращения ТОО «АзияНефтеТранс» и ТОО «Скинест Рейл Казахстан» о затягивании процедуры приписки грузовых вагонов.

🔺 Установлено, что действующие правила не предусматривают конкретного срока рассмотрения заявок. При этом приписка вагонов является обязательным условием эксплуатации и напрямую влияет на возможность осуществления предпринимательской деятельности. Отсутствие установленного срока может создавать риски затягивания процедуры и ограничения доступа субъектов рынка к инфраструктуре.

✅ Департамент вынес предписание в адрес АО «НК КТЖ» о внесении изменений в правила приписки собственных грузовых вагонов в части установления срока рассмотрения заявок.

Facebook | Instagram | Сайт
👍3
🔷 БҚДА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді анықтады.

🔺 Тексеру барысында Басқарма сұйытылған мұнай газын бөлу көлемдерін айқындау тетігінің талаптарын сақтамағаны анықталды. Департамент Басқармаға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықты жою қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

✅ Қазіргі уақытта хабарлама орындалу сатысында.
*

🔷 Департамент АЗРК по Восточно-Казахстанской области выявил в действиях ГУ «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области» антиконкурентные действия.

🔺 Установлено, что Управлением не соблюдались требования Механизма определения объемов по распределению сжиженного нефтяного газа. Департамент направил Управлению уведомление о необходимости устранения нарушения законодательства в области защиты конкуренции.

✅ Уведомление находится на исполнении.

Facebook | Instagram | Сайт
❤1
🔷 БҚДА Астана қ. бойынша департаменті «R-Finance» микроқаржы ұйымы» ЖШС әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілерін анықтады.

🔺 Тексеру барысында компанияның «біз бәсекелестерге қарағанда 15%-ға көп мақұлдаймыз» деген дәлелденбеген жарнаманы 24 мыңнан астам абонентке таратқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бәсекелес ұйым қызметкерлеріне клиенттерді тартқаны үшін сыйақы ұсыну фактілері анықталды.

🔺 Департамент компанияға жосықсыз бәсекелестік белгілері бар әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы хабарлама жолдады.

✅ Қазіргі уақытта «R-Finance» микроқаржы ұйымы» ЖШС хабарламаны орындады.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 Департамент АЗРК по г. Астана выявил признаки недобросовестной конкуренции в действиях ТОО «Микрофинансовая организация «R-Finance».

🔺 Компания распространяла SMS-рекламу с утверждением «одобряем на 15% больше, чем конкуренты», не подтвердив её достоверность (более 24 тыс. получателей). Также выявлены факты предложения вознаграждения сотрудникам конкурентов за привлечение клиентов.

🔺 По результатам проверки, Департамент направил компании уведомление о необходимости прекращения действий, содержащих признаки недобросовестной конкуренции.

✅ На сегодняшний день ТОО «Микрофинансовая организация «R-Finance» уведомление исполнило.

Facebook | Instagram | Сайт
👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі.

Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді.

Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор.

Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

Ораза айт қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Ораза айт

Уважаемые соотечественники!


От всей души поздравляю вас с праздником Ораза айт!

Это особый и священный праздник для всех мусульман, который олицетворяет духовное очищение и просветление, взаимное уважение и солидарность, скромность и умеренность, милосердие и добропорядочность.

Соблюдая тридцатидневный пост, верующие находятся в гармонии с собой и миром, укрепляют стойкость духа, делят радость бытия с окружающими, протягивают руку помощи нуждающимся.

Эти принципы отражают подлинную суть Ислама, служат утверждению высоких нравственных ценностей и гуманистических идеалов, на которых зиждется наше общество.

Весьма символично, что в этом году Ораза айт совпал с Наурызом, знаменуя новый исторический этап в развитии нашей страны.

Народ Казахстана принял Новую Конституцию и сделал решительный выбор в пользу светлого будущего, Справедливости, Прогресса. И этот поистине созидательный акт народной воли станет новой точкой отсчета в летописи нашего независимого государства.

Желаю всем вам крепкого здоровья, счастья и благополучия!

Пусть процветает наша Родина – Республика Казахстан!

Ораза айт қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
👍1
🔷 Жетісу облысы және Алматы қ. бойынша БҚДА департаменттері автомобиль жолдарын жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында бірлескен тергеп-тексеруді аяқтады.

🔺 Тергеп-тексеру барысында картельдік сөзбайласу белгілері анықталды. Атап айтқанда, «РСУ-1» ЖШС мен «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС-нің конкурстарға қатысу кезінде келісілген әрекеттер жасап, баға ұсыныстарының қалыптасуына ықпал еткені белгілі болды.

🔺 Картельдік сөзбайласу фактісі расталды, ал монополияға қарсы органның әрекеттері заңды деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

✅ Қазіргі уақытта материалдар Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын бағалау үшін жолданды.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 Департаменты АЗРК по области Жетісу и по г. Алматы завершили совместное расследование в сфере государственных закупок по ремонту автомобильных дорог.

🔺 В ходе расследования выявлены признаки картельного сговора.  Установлено, что ТОО «РСУ-1» и ТОО «АБЗ Карьер ДРСУ» осуществляли согласованные действия при участии в торгах, оказывая влияние на формирование ценовых предложений.

🔺 Факт картельного сговора подтвержден, а действия антимонопольного органа признаны законными. Решение суда вступило в законную силу.

✅ В настоящее время материалы направлены в Департамент экономических расследований по области Жетісу для оценки наличия признаков уголовного правонарушения.

Facebook | Instagram | Сайт
👍2
🌸 ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымы сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз – жаңарудың, үміт пен ізгіліктің бастауы. Әрбір жан бұл күннен жақсылық күтіп, болашаққа сеніммен қарайды. Біз бұл жарқын мерекені ақ тілектермен, татулық пен берекеге деген ниетпен және мол дастарханмен қарсы аламыз.

Осы игі мейрам әр шаңыраққа қуаныш, амандық пен ырыс-береке әкелсін!
****

🌸 ДОРОГИЕ СООТЕЧЕСТВЕННИКИ!
Коллектив Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан искренне поздравляет вас с праздником – Наурыз мейрамы!

Наурыз – это время обновления, надежды и добрых начинаний. Каждый из нас встречает его с верой в лучшее, с искренними пожеланиями мира, согласия и благополучия, собираясь за щедрым дастарханом в кругу близких.

Пусть этот светлый праздник наполнит каждый дом радостью, теплом и достатком!
🔷 БҚДА Алматы қ. бойынша департаменті Kinopark – Kinoplexx Theatres кинотеатрлар желісінің әрекеттерінен үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады.

🔺 Аталған желіде отандық киноөндірушілерге міндетті түрде жарнама бюджетiн төлеу талабы қойылған, ал аталмыш төлем жасалмаған жағдайда фильмдер кинотеатрларда көрсетілімге жіберілмеген. Бұл талаптар бәсекелестікті шектеп, нарыққа кіруге кедергі келтірген.

🔺 Осыған байланысты Kinopark – Kinoplexx Theatres компаниясына ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды.

✅ Хабарламаны қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды. Қазіргі уақытта прокатқа қатысты ашық және бірыңғай регламент әзірленуде.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 Департамент АЗРК по г. Алматы выявил в действиях сети кинотеатров Kinopark – Kinoplexx Theatres признаки злоупотребления доминирующим положением.

🔺 Сеть требовала от отечественных кинопроизводителей обязательную оплату рекламного бюджета, без внесения которого фильмы не допускались к прокату в сети кинотеатров. Это ограничивало конкуренцию и создавало барьеры для выхода на рынок.

🔺 В этой связи в адрес Kinopark – Kinoplexx Theatres было направлено уведомление о наличии признаков нарушения законодательства РК в области защиты конкуренции.

✅ По результатам рассмотрения уведомления нарушения были устранены. В настоящее время разрабатывается единый и прозрачный регламент кинопроката.

Facebook | Instagram | Сайт
🔥7❤1😁1
🔷 БҚДА Павлодар облысы бойынша департаменті портландцементті белгіленген шектен асатын көлемде заңнама талаптарын айналып өтіп өткізу фактілерін анықтады.

✅ Қолданыстағы талаптарға сәйкес жекелеген тауарлар, оның ішінде цемент, белгіленген көлемнен асқан жағдайда міндетті түрде тауар биржалары арқылы өткізілуге тиіс.

🔺 Қарау нәтижелері бойынша нарық субъектілеріне қатысты қысқартылған тәртіппен 21 әкімшілік хаттама жасалды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 4,5 млн теңгені құрады. Айыппұлдар төленді.
*

🔷 Департамент АЗРК по Павлодарской области выявил факты реализации портландцемента в объёмах, превышающих установленный порог, в обход требований законодательства.

✅ Согласно требованиям, отдельные виды товаров, включая цемент, подлежат обязательной реализации через товарные биржи при превышении установленного объёма.

🔺 По итогам составлен 21 административный протокол в сокращённом порядке. Общая сумма штрафов составила 4,5 млн тенге. Штрафы оплачены.

Facebook | Instagram | Сайт
❤1
🔷 БҚДА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Халықаралық «Орал» әуежайы» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

🔺 ЖШС авиаотынды өткізу барысында әртүрлі бағаларды қолданған. Бір кезеңде жекелеген компаниялардың авиаотынды басқа нарық қатысушыларына қарағанда төмен бағамен сатып алғаны анықталды.

🔺 Департамент тарапынан «Халықаралық «Орал» әуежайы» ЖШС-ның атына ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарылды.

✅ Департаменттің хабарламасы орындалып, кәсіпорын тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Facebook | Instagram | Сайт
👏1
🔷 Департаментом АЗРК по Западно-Казахстанской области завершено расследование в отношении ТОО «Международный аэропорт «Орал».

🔺 ТОО при реализации авиатоплива применяло различные цены, злоупотребляя своим доминирующим положением на рынке. В один и тот же период отдельные компании приобретали авиатопливо по более низким ценам по сравнению с другими участниками рынка.

🔺 В адрес ТОО «Международный аэропорт «Орал» вынесено уведомление о наличии признаков нарушения законодательства РК в области защиты конкуренции.

✅ Уведомление Департамента исполнено, предприятием приняты меры по устранению выявленных нарушений.

Facebook | Instagram | Сайт
👏1
🔷 БҚДА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ның қызметіне жүргізілген мониторингті аяқтады.

🔺 Мониторинг барысында қоғамның монополияға қарсы органының келісімінсіз қызмет түрлерін жүзеге асырғаны анықталды. Оның ішінде меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, сондай-ақ теміржолдарды пайдалану.

✅ Департамент тарапынан құрылтайшы — «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді. Нұсқама толық көлемде орындалды.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 Департамент АЗРК по Карагандинской области завершил мониторинг деятельности АО «Управляющая компания специальной экономической зоной «Сарыарка».

🔺 Установлено, что общество осуществляло виды деятельности без согласования с антимонопольным органом, в том числе аренду и управление собственной недвижимостью, а также эксплуатацию железных дорог.

✅ В адрес учредителя — ГУ «Управление предпринимательства и промышленности Карагандинской области» — внесено предписание об устранении выявленных нарушений. Предписание исполнено в полном объёме.

Facebook | Instagram | Сайт
👍1
🔷 БҚДА Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның атына ҚР Кәсіпкерлік кодексі нормаларының бұзушылықтарын тоқтату туралы нұсқама енгізді.

🔺 Департамент тарапынан монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру фактісі анықталды, атап айтқанда — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру. Нұсқама орындалды.
*

🔷 Департаментом АЗРК по Костанайской области по результатам мониторинга деятельности государственных предприятий в адрес АО «Социально-предпринимательская корпорация «Тобол» внесено предписание о прекращении нарушений норм Предпринимательского кодекса РК.

🔺 Установлен факт осуществления видов деятельности, не согласованных с антимонопольным органом, а именно — реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары. Предписание исполнено.

Facebook | Instagram | Сайт
😁1
🔷 Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы ұлттық Alem.AI Battle байқауының және мемлекеттік органдар арасындағы AI Governance Cup байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

🔷 Мемлекеттік органдар арасындағы үздік ЖИ-шешімдер байқауында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «AI Экономика» жобасы жеңіске жетті.

✅ «AI-Internal Audit» жобасы – болжамды талдауға негізделген шешім қабылдауды қолдайтын интеллектуалды жүйе. Ол деректерді автоматты түрде талдап, өңдеу уақытын қысқартып, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

✅ Жүйені енгізу ішкі процестерді цифрландыруға, есептіліктегі қателерді азайтуға және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде процестердің ашықтығын арттырып, басқарушылық шешімдердің сапасын жақсартады. Жобаның жеңісі мемлекеттік секторда ЖИ қолданудың жоғары әлеуетін көрсетеді.

Facebook | Instagram | Сайт