АЗРК #новости #аналитика
1.19K subscribers
1.58K photos
74 videos
1 file
1.1K links
Телеграм канал Агентства по защите и развитию конкуренции РК.
- аналитика состояния конкуренции на товарных рынках,
- изменения в законодательство и НПА,
- анонсы и итоги торгов на товарных биржах (коммунально-бытовой уголь, бензин, битум)
Download Telegram
🔷 Департаментом АЗРК по Западно-Казахстанской области рассмотрено ходатайство АО «СПК «Aqjaiyq» о предоставлении согласия на расширение осуществляемых видов деятельности.

🔺 Установлено, что в Уставе СПК содержался вид деятельности, не согласованный с антимонопольным органом, а именно: «Реализация бизнес-проектов, в том числе на основании концессии и кластерной инициативы».

✅ В этой связи было выдано предписание об устранении нарушений и приведении Устава в соответствие с законодательством. На сегодняшний день предписание исполнено в полном объеме.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 БҚДА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіне мониторинг жүргізді.

🔺 Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шарттарында жекелеген нарық субъектілеріне артықшылықтар беру және бәсекелестер үшін кемсітушілік жағдайлар жасау фактілері анықталды.

🔺 Осыған байланысты Акционерлік қоғамға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша хабарлама шығарылды.

✅ Қазіргі таңда хабарлама толық көлемде орындалды. Нәтижесінде барлық жеткізушілер үшін бірыңғай талаптар белгіленді.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 Департамент АЗРК по Кызылординской области провел мониторинг деятельности АО «Социально-предпринимательская корпорация «Байконур».

🔺 Установлены факты предоставления отдельным субъектам рынка преимуществ, а также создания дискриминационных условий для конкурентов при заключении договоров поставки социально значимых продовольственных товаров.

🔺 В этой связи в адрес Акционерного общества вынесено уведомление о наличии признаков нарушения законодательства РК в области защиты конкуренции.

✅ На сегодняшний день уведомление исполнено в полном объеме. В результате для всех поставщиков установлены единые требования.

Facebook | Instagram | Сайт
🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады
 
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік төрағасының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыруға арналған есебін тыңдады.

Марат Омаров:

➤ аталған Жарлықты орындау аясында квазимемлекеттік секторды қысқарту және бәсекелестікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатқаны туралы баяндады.

✔️Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің тікелей қатысуымен 2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілді.

✔️Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңгені құрайды.

✔️Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелеріне айрықша назар аударылды. Қабылданған шаралар бір көзден сатып алу үлесін 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.

✔️Соның арқасында жалпы бюджет аясындағы бәсекелі сатып алу үлесі 6,2 – 8,1 триллион теңгеге дейін ұлғайды.

➤ бизнес субъектілерінің тауар нарықтарына кіруіне тосқауыл қоятын кедергілерді жою жұмыстары, маңызды нарықтардағы өнімсіз делдалдардан арылу бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу жөніндегі бастамалар туралы мәлімет берді.

➤ бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакеті бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа тоқталды.

✔️Заң жобасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға, монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге, монополияға қарсы реттеуді жетілдіруге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін одан әрі қысқартуға бағытталған жеті жүйелі бағыт көзделген.

📌Кездесу соңында Президент Агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Марата Омарова
 
✔️Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет председателя Агентства о ходе реализации Указа «О мерах по либерализации экономики».

Марат Омаров:

➤ доложил Президенту, во исполнение данного Указа продолжается системная работа по сокращению квазигосударственного сектора и развитию конкуренции.

✔️При непосредственном участии Национального офиса по приватизации утвержден План оптимизации субъектов квазигосударственного сектора и объектов государственной собственности на 2026-2030 годы.

✔️Совокупный доход активов, передаваемых в конкурентную среду, составляет 3,4 трлн тенге.

✔️Отдельное внимание было уделено результатам реформы системы государственных закупок.


✔️Принимаемые меры позволили снизить долю закупок из одного источника с 39% до 24%. Благодаря этому объем конкурентных закупок увеличился до 6,2 – 8,1 трлн тенге в рамках общих бюджетов.

➤ проинформировал о мерах по устранению барьеров, препятствующих входу субъектов бизнеса на товарные рынки, исключению непродуктивных посредников на ключевых рынках, а также о выработке новых подходов к регулированию цифровой экономики. 

➤ рассказал о работе над шестым пакетом законодательных поправок в сфере защиты и развития конкуренции.

✔️Законопроект предусматривает реализацию семи системных направлений, ориентированных на повышение эффективности конкурентной политики, усиление контроля на монополизированных рынках, совершенствование антимонопольного регулирования и дальнейшее сокращение государственного участия в экономике.

📌По итогам встречи Президент дал председателю Агентства ряд поручений.
 
 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4
🔷 Жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсенің 12-отырысында бәсекелестік ортаға берілетін жаңа кәсіпорындар пулын қалыптастыру, мемлекеттік мүлікті оңтайландыру және 2026–2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылу барысы қаралды.

✅ Отырыс барысында демонополияландыру және жекешелендіру үдерістерімен бұрын қамтылмаған салалардағы кәсіпорындарды Ұлттық кеңсенің қарауына енгізу, сондай-ақ мемлекет қатысу үлесі 50%-дан төмен активтер мен мемлекеттік функцияларды орындауға пайдаланылмайтын мүлікті одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды.

✅ Талқылау қорытындысы бойынша Оңтайландыру жоспарының орындалуын бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы әрі толық орындалуын қамтамасыз ету және бекітілген тізбеден объектілерді алып тастауға бастамашылық жасамау ұсынылды.

Facebook | Instagram | Сайт
👍1
🔷 Национальный офис по приватизации провел 12 заседание, в ходе которого рассмотрены предложения по формированию новых пулов предприятий для передачи в конкурентную среду, вопросы оптимизации государственного имущества, а также реализация Комплексного плана оптимизации субъектов квазигосударственного сектора и объектов гос. собственности на 2026–2030 гг.

✅ Участникам заседания были представлены предложения по включению в работу новых предприятий из отраслей, ранее не охваченных процессами демонополизации и приватизации. Рассмотрены вопросы дальнейшей оптимизации активов с государственным участием менее 50% и имущества, не задействованного в выполнении государственных функций.

✅ По итогам обсуждения принято решение усилить контроль за реализацией Плана оптимизации. Центральным государственным и местным исполнительным органам рекомендовано обеспечить своевременное и полное исполнение предусмотренных мероприятий, а также не инициировать исключение объектов из утвержденного перечня.

Facebook | Instagram | Сайт
🔥3
🔷 2026 жылғы 28 маусымнан бастап Қазақстанда абоненттердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және телекоммуникация қызметтері нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

✅ Түзетулер БҚДА азаматтардың өтініштері мен байланыс нарығындағы жағдайды талдау нәтижесінде әзірлеген ұсыныстары негізінде қабылданды. Енді қосымша ақылы қызметтерді қосу абоненттің USSD-сұрау немесе жеке кабинет арқылы міндетті түрде екі мәрте растауынан кейін ғана жүзеге асырылады.

✅ Сондай-ақ абоненттерге байланыс операторларының жарнамалық және ақпараттық хабарламаларын алудан бас тарту құқығы беріледі. Қабылданған өзгерістер тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, байланыс операторлары қызметінің ашықтығын арттыруға және нарықтағы адал бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Facebook | Instagram | Сайт
🔷 28 июня 2026 года в Казахстане вступают в силу изменения в Правила оказания услуг связи, направленные на усиление защиты прав абонентов и повышение прозрачности на рынке телекоммуникационных услуг.

✅ Поправки разработаны АЗРК по итогам анализа обращений граждан и ситуации на рынке связи. Они предусматривают обязательное двойное подтверждение при подключении дополнительных платных услуг — через USSD-запрос или личный кабинет, что исключит возможность их случайного или недобросовестного подключения.

✅ Кроме того, абоненты смогут отказаться от получения рекламных и информационных рассылок операторов связи. Новые меры направлены на повышение прозрачности деятельности операторов, защиту прав потребителей и развитие добросовестной конкуренции на рынке.

Facebook | Instagram | Сайт
😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
 
Құрметті отандастар!
 
Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз.

Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.

15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал ететін және мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдауын жасады. Миллиондаған отандасымыз берекелі бірлік танытып, шынайы отаншылдық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетті. Бұл тарихи шешімнің төл шежіремізде алтын әріппен жазылатыны анық.

Бұдан былай Конституция күні «Наурызнама» онкүндігімен қатар аталып өтеді. Мұның символдық мәні зор. Конституция күні ел ішінде ғасырлар бойы орныққан көктемгі жаңару дәстүрлерін Ата заңның басты қағидаттарымен тоғыстырады, яғни азаматтарымыздың ырысты ынтымаққа, озық білімге, ел игілігі жолында адал еңбек етуге деген талпынысымен үндеседі.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз. Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік пен Өрлеу, Тазалық пен Табиғатты аялау сынды жасампаздық құндылықтарын қоғамда берік орнықтырамыз. Бұған еш күмәнім жоқ.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде әлемдік өркениеттің шыңын бағындырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз!

Қастерлі Отанымызды көркейту жолындағы жоспарларымызды ойдағыдай орындаймыз. Мен бұған кәміл сенемін!

Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Халқымыз мәңгі жасасын!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Обращение Главы государства Касым-Жомарта Токаева
по случаю вступления в силу Новой Конституции Казахстана


Уважаемые соотечественники!
 
От всего сердца поздравляю вас с поистине эпохальным событием – вступлением в силу Новой Конституции нашей страны!

Сегодня начинается новая эра в истории суверенного Казахстана. Мы выходим на магистральный путь поступательного прогресса, политических и экономических реформ, масштабной модернизации.

Этот день знаменует собой кардинальную перестройку политической системы, трансформацию ключевых институтов государства и гражданского общества.

На общенациональном референдуме 15 марта народ Казахстана сделал судьбоносный выбор, определивший горизонты развития государства на многие десятилетия вперед. Это историческое решение навсегда останется в летописи страны как яркий пример подлинного патриотизма и высокой гражданской ответственности миллионов наших соотечественников.

Глубоко символично, что День Конституции отныне неразрывно связан с началом декады «Наурызнама». Знаковая дата гармонично объединяет многовековые традиции весеннего возрождения с основополагающими принципами Нового Основного закона – стремлением к гражданской солидарности, передовым знаниям и добросовестному труду на благо Родины.

Убежден, опираясь на незыблемый правовой фундамент поистине всенародной Конституции, мы обязательно достигнем всех поставленных целей и утвердим в обществе созидательные ценности Закона и Порядка, Трудолюбия и Прогресса, Чистоты и Природолюбия.

Сплотившись в нерушимый монолит общенационального единства, мы непременно покорим вершины мировой цивилизации и построим Справедливый Казахстан – государство равных возможностей и всестороннего развития всех без исключения граждан!

Выражаю уверенность в конечном успехе намеченных планов, ведущих к процветанию нашего Отечества.

Да здравствует Республика Казахстан!

Да здравствует наш народ!

t.me/aqorda_resmi
🔷 БҚДА Төрағасы Марат Омаров жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай бойынша Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

✅ Кеңес қорытындысы бойынша мұнай жеткізушілердің, мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізушілердің, сондай-ақ АЖҚС мен АГҚС-тың баға саясатына мониторингті күшейту тапсырылды. Бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданады.

✅ Сонымен қатар, Агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Сондай-ақ өңірлік штабтардың қызметі аясында ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілуде.

Facebook | Instagram | Сайт