Bagdat Mussin
5.73K subscribers
658 photos
114 videos
126 links
Download Telegram
Бүгін байланыс операторларының KzKOC конференциясына қатыстым.

Ол Қазақстан мен бүкіл ТМД бойынша байланыс операторлардың, өндірушілердің, интеграторлардың тәжірибесін біріктіруге арналған.

Қазір шағын және орта байланыс операторлары телекоммуникация саласын дамытуда және нарықта салауатты бәсекелестікті құруға көмектесуде.
Былтыр біздің қолдауымызбен Шағын және орта операторлар қауымдастығы құрылды. Кейін бірлесіп байланыс саласындағы мәселелерді нормативтік реттеу аясында белсенді жұмыс істедік, қауымдастық берген ұсыныстар байланыс, ақпараттандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілді.

Бұл заң жобасы қазір ҚР Парламенті Сенатында қараудың соңғы сатысында.
Атап айтқанда, заң жобасы мына бастамаларды көздейді:
* мүгедектігі бар адамдарды қолдау мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларына оларға жеңілдік белгіленген тарифті ұсыну жөніндегі міндеттемелерді бекітеді;
* байланыс операторларына мемлекеттік меншіктегі талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін электр тасымалдау әуе желілері тіректерін өтеусіз мүліктік жалдау (жалға алу) мүмкіндігі беріледі;
* байланыс операторларының байланыс инфрақұрылымына (кәбілдік кәрізге) тең қолжетімдікті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражаты есебінен салынған телекоммуникациялар желілері мен кәбілдік кәріздерге түгендеу жүргізетін болады, сондай-ақ оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беретін болады;
* байланыс саласындағы уәкілетті орган байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін электр тасымалдау әуе желілері тіректерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) шекті тарифтерді белгілейтін болады;
* қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) аймақта орналасқан құрылысты, ғимаратты жобалау және салу кезінде байланыспен қамтамасыз ету үшін тапсырыс беруші тиісті үй-жаймен қамтамасыз ететін болады.
Бүгінгі күні министрлік «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Оның міндеті – Қазақстанның әрбір тұрғынын 100 Мбит/с жоғары сапалы және қолжетімді интернетпен қамтамасыз ету.

Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде субсидиялау арқылы ауылдық елді мекендерде жергілікті байланыс желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бір сөзбен айтқанда, субсидиялау тетігі келесідей: байланыс операторлары өз қаражаты есебінен ауылдарда ТОБЖ салады, ал Телекоммуникация комитеті құрылыс аяқталғаннан кейін олардың күрделі шығындарының 50% өтейді. Шағын және орта байланыс операторларын қолдау бізге жоғары жылдамдықты интернетті 400 мың үй шаруашылығына немесе 1,2 миллион тұрғынға жеткізуге және азаматтарымыз үшін цифрлы технологияларға қолжетімділікті айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Жеке операторлардың инвестицияларын қолдау арқылы біз байланыс инфрақұрылымын дамытуға және нарықтың бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ынталандыруды қамтамасыз етеміз.
_________

Сегодня принял участие в конференции операторов связи KzKOC🤝

Она призвана объединить опыт операторов связи, производителей, интеграторов по Казахстану и всему СНГ. Сейчас малые и средние операторы связи становятся двигателями роста в развитии телеком отрасли и развитии здоровой конкуренции на рынке, что, конечно, радует.

С прошлого года создана Ассоциация малых и средних операторов. Со своей стороны мы поддержали становление такого рода Ассоциации. После мы активно сотрудничали по нормативному урегулированию вопросов в области связи, предложения Ассоциации были включены в законопроект по вопросам связи, информатизации, улучшения инвестиционного климата и исключения излишней законодательной регламентации. Данный законопроект сейчас в Сенате Парламента РК на заключительной стадии рассмотрения.

В частности, законопроект предусматривает следующие нововведения:
* в целях поддержки лиц с инвалидностью уполномоченный орган в области связи будет закреплять обязательства операторам связи по предоставлению им льготных тарифов;
👍16
* операторам связи предоставлена возможность безвозмездного имущественного найма (аренды) опор воздушных линий электроперадач для проведения волоконно-оптических линий связи, находящихся в государственной собственности;
* для обеспечения равного доступа операторов связи к инфраструктуре связи (кабельной канализации) местные исполнительные органы будут проводить инвентаризацию сетей телекоммуникаций и кабельной канализации, построенных за счет средств бюджета, а также будут предоставлять их в имущественный наем (аренду);
* уполномоченный орган в области связи будет устанавливать предельные тарифы на имущественный найм (аренду) мест для размещения средств связи, а также опор воздушных линий электропередач для проведения волоконно-оптических линий связи;
* при проектировании и строительстве сооружения, здания, расположенного на общественной (общественно-деловой) зоне, для обеспечения связью заказчик будет обеспечивать соответствующим помещением.

Сегодня министерство работает над реализацией Национального проекта «Доступный интернет». Его задача - обеспечить каждого жителя Казахстана качественным и доступным интернетом более 100 Мбит/с.
В рамках реализации Нацпроекта мы планируем строительство местной сети связи в сельских населенных пунктах посредством субсидирования.

Если в двух словах, механизм субсидирования выглядит следующим образом: операторы связи за счет собственных средств строят ВОЛС в селах, а Комитет телекоммуникаций после завершения строительства возмещает 50% их капитальных затрат. Поддержка малых и средних операторов связи позволит нам довести высокоскоростной интернет до 400 тыс. домохозяйств или 1,2 миллиона жителей и значительно улучшить доступ к цифровым технологиям для наших граждан.

Поддерживая инвестиции частных операторов, мы также обеспечим стимул для развития инфраструктуры связи и повышения конкурентоспособности нашего рынка.
👍41😢6❤3
👍35❤12
Әке сөзі

Аружан қызым бойжетіп, мектеп қабырғасынан қанат қағып ұшқалы тұрғанын кеше көргенде әсер алып, аралас сезімдерді сезіндім. Қуаныш та, қобалжу да болды. Кеше ғана бірінші сыныпқа апарғандай, кеше ғана сабағына барып жетістіктерін тамашалағандай, кеше ғана көз жасыңды баулап балалық шақтың күрделі сәттерінен өткендей едік. Сен мен үшін әлі де кішкентай қызымсың.

11 жыл өтті. Ал ойлап қарасаң бірнеше сәттерден тұрған қысқа фильм тәрізді.

Аружан, бізді ана мен әке сезімдерін сездірген бірінші ӨЗІҢСІҢ! Екі жақтың ата-апасына тұңғыш немере болған да - СЕН. Сен сәби болып үйге келгенде, анаң Динаның қолына кіші операция жасалып еді. Сені күту үшін мен арнайы еңбек демалысына шығып, өзіңді мәпелеп, бірінші кездері өз қолыммен орап, бесікке де салған, ұйықтатқан, ойнатқан сәттер әлі көз алдымда. Саған витаминдер көп қажет қой” деп, жеміс жидектердің, азық түліктің ең сапалы қымбатын анаң көбірек жесін, ал өзіме жеке, оған жеке пакет базардан әкелгенім де болған. Мені жұмыстан күтем деп босағада ұйықтайтының мені әлі күнге дейін толғандырады.

Ару, қызым, тұнғыш болудың еркелігін кеңінен алдың. Бірақ жас болғандықтан, біз жақтан қателік те, ағаттық та болған шығар. Артыңнан ерген кіші інілерің, қарындастарың дүниеге келгенде сенің көмегің көп тиді. Бірақ шыны керек барлығына көңіл бөліп сенімен өткізген уақытым аздау болғаны рас. Ол үшін кешірім сұраймын. Жұмыс, іссапарлар, үй жай, жобалар, достар деп сенімен өткізер уақыттың құндылығын қазір ғана бағалай алам. Осының бәрін сезіндірген Аллаға алғысым шексіз. Және де, Аружан, бізді таңдағаның үшін өзіңе мың да бір рахмет.

Ал қызым не тілеймін?

Білікті, өз жолын қуар, адал қызмет етер маман болуыңды тілеймін. математика, ағылшының да жақсы. Бірақ сені өзгелерден жекешелендіретін қабілеттеріңді ұмытпа. Ән айтасың, аспаптарда да ойнайсың, сурет те саласың. Бір сөзбен өзің творчествоға жақын креативті адамсың. Ал қазіргі жасанды интеллект заманында креативті ойлау өте құнды. Үлкен кішімен тіл табыса білу, ойыңды нақты адамдарды ренжітпей жеткізе алу қабілетің де дамыған, ол қабілетің де осы заманға сай келеді. Өзіңе мақсат қойып, әр күнге қоятын жоспарларыңды ұмытпа.

Жастайыңнан блакноттарыңа ертеңгі күннің жоспарын толтырмай ұйықтамайтынсың. Айта берсең барлық қырларыңды ашу қиын. Бірақ әлемнің түрлі 10 университетінен шақыру алғаның 11 жыл мектепте бекер жүрмегеніңе дәлел. Ал әке ретінде айтарым, ең бастысы қай университетті таңдасаң да, ортаңды дұрыс таңда және де елге оралуды көзде.

Алланың аманатын орындай алдық па? Өмір көрсетер.

Тұнғышым болғандықтан ба, әлде мектеп іс шараларына сирек қатысқаным ба, қызымның сахынада көргенде әсермен бірге “Ақ бантик” деген өлең есіме түсті.

“Балауса қыз едің бір кезде, Шашыңда ақ бантик байлаған, өзгеріп кетіпсің бұл күнде…”

Бір тәуілік болды басымда “репитте” тұрған ән.

Нұрорда мектебінің аға апайларына алғысым шексіз!
❤42👍27😍4🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кешелі бері толқып жүрмін. Осы ән репитте ойнап тұрғандай. Ақжол, қызым!
👍74❤33👏8🔥2
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алла тағала Айт намазына әкем мен баламмен қатысуды нәсіп етіпті. Жанұямызға, Қазақстанымыздың әрбір отбасына бақ-береке, күш-қуат бере көр деп дұға тіледік.

Сәті келіп, Қазақстанның Бас муфтиі, Қазақстан діни басқармасының төрағасы
Наурызбай қажы Тағанұлымен де жүздесіп, құттықтап шықтық.

Бүгінгі шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын ағайын-бауыр, апа-қарындастар!
👍57❤15🎉5🙏5🔥1🆒1
Демалыс күндері мерекеге толы болып өтіп жатыр, бүгін Құрбан айт болса, кеше тұнғышымыз Ару қызымыздың мектеппен қоштасу кешіне барып келдік.

Әрбір оқуын бітірген түлекке тілейтінім арман қуып, мақсаттырыңды табыңдар. Ата-аналарға тілейтінім - балаларыңыздың жетістіктеріне тоймай жүре беріңіздер!

Бүгін Қазақстанда Әкелер күнін атап жатыр екен. Бұл күн отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жанұя институтын қалыптастыруға септігін тигізеді деп үміттенемін. Әке ретінде, отағасы ретінде бұл күннің жауапкершілігін ерекше сезінемін. Өсіріп отырған ұл-қызымыздың балалық шағы бақытты болсын! Ата-ана ретінде олардың білім алып, Қазақстанның абыройлы азаматтары болып өсуіне күш-жігерімізді аямайық.
👍54❤15🙏3
👍22❤2
Астана

Кеше ғана Астана күні өтті.
Еске алсам, 20 жыл бұрын, 21 жасымда оқу бітіріп Астанаға келдім. Әкем жалғыз өзі бір комнаталық пәтерде тұрған еді. Сонда әкем: «қасыма кел, үлкен жобалар бар, бұл қалада жаңа серпін бар, қазір келіп жұмысқа іліксең жақсы болады», - деп өз өсиетін айтқан еді. Ол кезде өзім Алматыда веб-сайттар жасап бір İT-компанияда жұмыс істеп жүрген болатынмын.

Бірақ әке сөзін жерге тастамайын, бір жыл болсын жанына барайын деп бел будым. Содан бері елордамен бірге 20 жыл зымырап өтіпті. Бұл қала сол кезде келген жастардың көбіне жолдары ашылғанымен есте қалатын сияқты.

Мен болса, сұлу жарымды кездетірдім. Бірінен соң бірі 5 балапанымыз да дүниеге келді. Ірі жобалар болсын, жұмыс болсын қорықпай, білек сыбана атқардық. Қателері күндер де болды, жеңісті де жемісті күндер де болды. Жұмыс болған соң солай болады. Ешнәрсе істемейтіндер ғана қателеспейді.

Астанаға үміттеніп, арман қуып келген әрбір жанға, жас студенттерге, жас мамандарға Алла тағаладан бақ-береке тілеймін. Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!

P.s. Кеңес: Әкелеріңізді тыңдасаңыздар жаман болмайсыздар :)
👍67❤14🔥3👏2
👍14👏1
Изменения неизменная часть нашей жизни. Сегодня изменения произошли в руководстве компании Kcell, новым СЕО стал - Аскар Жамбакин. Аскар Серикович заменит на этой должности Асхата Узбекова, который возглавлял компанию с мая 2022 года и сделал много для её развития.

Хочу выразить благодарность Асхату Архатовичу, который возглавлял «Кселл» более двух лет, начиная с мая 2022 года. Под его руководством компании удалось достичь значительных успехов. Компания выиграла аукцион на частоты для 5G, успешно развернула более 800 базовых станций, и на данный момент услугами компании пользуются жители почти 20 городов нашей страны. Кроме того, «Кcell» был признан лидером рынка акций Казахстанской фондовой биржи и сейчас ее акции находятся в категории «премиум».

Что касается Аскара Жамбакина, он эксперт в области цифровизации и информационно-коммуникационных технологий. Занимал ключевые позиции в «HSBC Банк Казахстан» и «Банке развития Казахстана». В своей последней роли вице-министра цифрового развития он курировал стратегию ИКТ и важные цифровые проекты, как Smart Data Ukimet и Цифровая карта семьи. Аскар Серикович участвовал в экспорте EGov разработок зарубеж. Хочу подчеркнуть, что Аскар Серикович не просто теоретик, но и практик в области телеком индустрии. 2 года проработал в Мобайл-телеком сервис на позиции инженера сети. То есть, лично участвовал в установке и настройке базовых станций.

Аскар Серикович имеет зарубежное образование и международный опыт работы.

Я уверен, что изменения в руководстве компании Кcell несомненно позитивные и станут ее точкой роста. Под руководством Аскара Жамбакина компанию ждут новые достижения и амбициозные цели по цифровизации. Однозначно, нам есть еще над чем работать.
👍52❤6🎉5
Өзгерістер – өміріміздің ажырамас бөлігі. Бүгін Kcell компаниясының басшылығында өзгерістер орын алды, жаңа СЕО - Асқар Жамбакин болды. Асқар Серікұлы бұл лауазымда компанияны 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып, оны дамыту үшін үлесін қосқан Асхат Өзбековтың орнына келді.

2022 жылдың мамыр айынан бастап «Кселлді» екі жылдан астам басқарған Асхат Архатұлына алғыс білдіргім келеді. Оның басшылық етуімен компания айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Компания 5G желісі үшін жиілік аукционын жеңіп алды, 800-ден астам базалық станцияны сәтті орнатып, қазіргі уақытта еліміздің 20 шақты қаласының компания қызметін тұрғындары пайдалануда. «Кcell» Қазақстан қор биржасының акциялар нарығының көшбасшысы болып танылды және бүгінде оның акциялары «премиум» санатында.

Асқар Жамбакинге келетін болсақ, ол цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мықты сарапшы маман. «HSBC Қазақстан Банкі» және «Қазақстанның Даму Банкінде» негізгі позицияларда жұмыс істеді. Цифрлық даму вице-министрі ретіндегі қызметте ол Smart Data Ukimet және Отбасы цифрлық картасы сияқты маңызды цифрлық жобаларды қадағалады. Асқар Серікұлы EGov әзірлемелерін шетелге экспорттауға қатысты. Ол тек теоретик емес, телекоммуникация саласындағы тәжірибелі маман екенін де атап өткім келеді. 2 жыл Мобайл-телеком сервисінде желі инженері лауазымында жұмыс істеді. Яғни, ол базалық станцияларды орнату және құру жұмыстарына тікелей өзі қатысқан.

Асқар Серікұлының шетелдік білімі және халықаралық жұмыс тәжірибесі бар.

Кcell компаниясының басшылығындағы өзгерістер оң нәтиже беріп, ары қарай дамитынына сенімім мол. Асқар Жамбакиннің басшылығымен компанияны цифрландыру бойынша жаңа жетістіктер мен өршіл мақсаттар күтіп тұр. Әлбетте, Кселл-ді жаңа даму деңгейіне шығару үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз қажет.
👍22❤2👎1
👍14❤3