Bagdat Mussin
5.72K subscribers
658 photos
114 videos
126 links
Download Telegram
👍35❤12
Әке сөзі

Аружан қызым бойжетіп, мектеп қабырғасынан қанат қағып ұшқалы тұрғанын кеше көргенде әсер алып, аралас сезімдерді сезіндім. Қуаныш та, қобалжу да болды. Кеше ғана бірінші сыныпқа апарғандай, кеше ғана сабағына барып жетістіктерін тамашалағандай, кеше ғана көз жасыңды баулап балалық шақтың күрделі сәттерінен өткендей едік. Сен мен үшін әлі де кішкентай қызымсың.

11 жыл өтті. Ал ойлап қарасаң бірнеше сәттерден тұрған қысқа фильм тәрізді.

Аружан, бізді ана мен әке сезімдерін сездірген бірінші ӨЗІҢСІҢ! Екі жақтың ата-апасына тұңғыш немере болған да - СЕН. Сен сәби болып үйге келгенде, анаң Динаның қолына кіші операция жасалып еді. Сені күту үшін мен арнайы еңбек демалысына шығып, өзіңді мәпелеп, бірінші кездері өз қолыммен орап, бесікке де салған, ұйықтатқан, ойнатқан сәттер әлі көз алдымда. Саған витаминдер көп қажет қой” деп, жеміс жидектердің, азық түліктің ең сапалы қымбатын анаң көбірек жесін, ал өзіме жеке, оған жеке пакет базардан әкелгенім де болған. Мені жұмыстан күтем деп босағада ұйықтайтының мені әлі күнге дейін толғандырады.

Ару, қызым, тұнғыш болудың еркелігін кеңінен алдың. Бірақ жас болғандықтан, біз жақтан қателік те, ағаттық та болған шығар. Артыңнан ерген кіші інілерің, қарындастарың дүниеге келгенде сенің көмегің көп тиді. Бірақ шыны керек барлығына көңіл бөліп сенімен өткізген уақытым аздау болғаны рас. Ол үшін кешірім сұраймын. Жұмыс, іссапарлар, үй жай, жобалар, достар деп сенімен өткізер уақыттың құндылығын қазір ғана бағалай алам. Осының бәрін сезіндірген Аллаға алғысым шексіз. Және де, Аружан, бізді таңдағаның үшін өзіңе мың да бір рахмет.

Ал қызым не тілеймін?

Білікті, өз жолын қуар, адал қызмет етер маман болуыңды тілеймін. математика, ағылшының да жақсы. Бірақ сені өзгелерден жекешелендіретін қабілеттеріңді ұмытпа. Ән айтасың, аспаптарда да ойнайсың, сурет те саласың. Бір сөзбен өзің творчествоға жақын креативті адамсың. Ал қазіргі жасанды интеллект заманында креативті ойлау өте құнды. Үлкен кішімен тіл табыса білу, ойыңды нақты адамдарды ренжітпей жеткізе алу қабілетің де дамыған, ол қабілетің де осы заманға сай келеді. Өзіңе мақсат қойып, әр күнге қоятын жоспарларыңды ұмытпа.

Жастайыңнан блакноттарыңа ертеңгі күннің жоспарын толтырмай ұйықтамайтынсың. Айта берсең барлық қырларыңды ашу қиын. Бірақ әлемнің түрлі 10 университетінен шақыру алғаның 11 жыл мектепте бекер жүрмегеніңе дәлел. Ал әке ретінде айтарым, ең бастысы қай университетті таңдасаң да, ортаңды дұрыс таңда және де елге оралуды көзде.

Алланың аманатын орындай алдық па? Өмір көрсетер.

Тұнғышым болғандықтан ба, әлде мектеп іс шараларына сирек қатысқаным ба, қызымның сахынада көргенде әсермен бірге “Ақ бантик” деген өлең есіме түсті.

“Балауса қыз едің бір кезде, Шашыңда ақ бантик байлаған, өзгеріп кетіпсің бұл күнде…”

Бір тәуілік болды басымда “репитте” тұрған ән.

Нұрорда мектебінің аға апайларына алғысым шексіз!
❤42👍27😍4🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кешелі бері толқып жүрмін. Осы ән репитте ойнап тұрғандай. Ақжол, қызым!
👍74❤33👏8🔥2
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алла тағала Айт намазына әкем мен баламмен қатысуды нәсіп етіпті. Жанұямызға, Қазақстанымыздың әрбір отбасына бақ-береке, күш-қуат бере көр деп дұға тіледік.

Сәті келіп, Қазақстанның Бас муфтиі, Қазақстан діни басқармасының төрағасы
Наурызбай қажы Тағанұлымен де жүздесіп, құттықтап шықтық.

Бүгінгі шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын ағайын-бауыр, апа-қарындастар!
👍57❤15🎉5🙏5🔥1🆒1
Демалыс күндері мерекеге толы болып өтіп жатыр, бүгін Құрбан айт болса, кеше тұнғышымыз Ару қызымыздың мектеппен қоштасу кешіне барып келдік.

Әрбір оқуын бітірген түлекке тілейтінім арман қуып, мақсаттырыңды табыңдар. Ата-аналарға тілейтінім - балаларыңыздың жетістіктеріне тоймай жүре беріңіздер!

Бүгін Қазақстанда Әкелер күнін атап жатыр екен. Бұл күн отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жанұя институтын қалыптастыруға септігін тигізеді деп үміттенемін. Әке ретінде, отағасы ретінде бұл күннің жауапкершілігін ерекше сезінемін. Өсіріп отырған ұл-қызымыздың балалық шағы бақытты болсын! Ата-ана ретінде олардың білім алып, Қазақстанның абыройлы азаматтары болып өсуіне күш-жігерімізді аямайық.
👍54❤15🙏3
👍22❤2
Астана

Кеше ғана Астана күні өтті.
Еске алсам, 20 жыл бұрын, 21 жасымда оқу бітіріп Астанаға келдім. Әкем жалғыз өзі бір комнаталық пәтерде тұрған еді. Сонда әкем: «қасыма кел, үлкен жобалар бар, бұл қалада жаңа серпін бар, қазір келіп жұмысқа іліксең жақсы болады», - деп өз өсиетін айтқан еді. Ол кезде өзім Алматыда веб-сайттар жасап бір İT-компанияда жұмыс істеп жүрген болатынмын.

Бірақ әке сөзін жерге тастамайын, бір жыл болсын жанына барайын деп бел будым. Содан бері елордамен бірге 20 жыл зымырап өтіпті. Бұл қала сол кезде келген жастардың көбіне жолдары ашылғанымен есте қалатын сияқты.

Мен болса, сұлу жарымды кездетірдім. Бірінен соң бірі 5 балапанымыз да дүниеге келді. Ірі жобалар болсын, жұмыс болсын қорықпай, білек сыбана атқардық. Қателері күндер де болды, жеңісті де жемісті күндер де болды. Жұмыс болған соң солай болады. Ешнәрсе істемейтіндер ғана қателеспейді.

Астанаға үміттеніп, арман қуып келген әрбір жанға, жас студенттерге, жас мамандарға Алла тағаладан бақ-береке тілеймін. Баршаңызды Астана күнімен құттықтаймын!

P.s. Кеңес: Әкелеріңізді тыңдасаңыздар жаман болмайсыздар :)
👍67❤14🔥3👏2
👍14👏1
Изменения неизменная часть нашей жизни. Сегодня изменения произошли в руководстве компании Kcell, новым СЕО стал - Аскар Жамбакин. Аскар Серикович заменит на этой должности Асхата Узбекова, который возглавлял компанию с мая 2022 года и сделал много для её развития.

Хочу выразить благодарность Асхату Архатовичу, который возглавлял «Кселл» более двух лет, начиная с мая 2022 года. Под его руководством компании удалось достичь значительных успехов. Компания выиграла аукцион на частоты для 5G, успешно развернула более 800 базовых станций, и на данный момент услугами компании пользуются жители почти 20 городов нашей страны. Кроме того, «Кcell» был признан лидером рынка акций Казахстанской фондовой биржи и сейчас ее акции находятся в категории «премиум».

Что касается Аскара Жамбакина, он эксперт в области цифровизации и информационно-коммуникационных технологий. Занимал ключевые позиции в «HSBC Банк Казахстан» и «Банке развития Казахстана». В своей последней роли вице-министра цифрового развития он курировал стратегию ИКТ и важные цифровые проекты, как Smart Data Ukimet и Цифровая карта семьи. Аскар Серикович участвовал в экспорте EGov разработок зарубеж. Хочу подчеркнуть, что Аскар Серикович не просто теоретик, но и практик в области телеком индустрии. 2 года проработал в Мобайл-телеком сервис на позиции инженера сети. То есть, лично участвовал в установке и настройке базовых станций.

Аскар Серикович имеет зарубежное образование и международный опыт работы.

Я уверен, что изменения в руководстве компании Кcell несомненно позитивные и станут ее точкой роста. Под руководством Аскара Жамбакина компанию ждут новые достижения и амбициозные цели по цифровизации. Однозначно, нам есть еще над чем работать.
👍52❤6🎉5
Өзгерістер – өміріміздің ажырамас бөлігі. Бүгін Kcell компаниясының басшылығында өзгерістер орын алды, жаңа СЕО - Асқар Жамбакин болды. Асқар Серікұлы бұл лауазымда компанияны 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарып, оны дамыту үшін үлесін қосқан Асхат Өзбековтың орнына келді.

2022 жылдың мамыр айынан бастап «Кселлді» екі жылдан астам басқарған Асхат Архатұлына алғыс білдіргім келеді. Оның басшылық етуімен компания айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Компания 5G желісі үшін жиілік аукционын жеңіп алды, 800-ден астам базалық станцияны сәтті орнатып, қазіргі уақытта еліміздің 20 шақты қаласының компания қызметін тұрғындары пайдалануда. «Кcell» Қазақстан қор биржасының акциялар нарығының көшбасшысы болып танылды және бүгінде оның акциялары «премиум» санатында.

Асқар Жамбакинге келетін болсақ, ол цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мықты сарапшы маман. «HSBC Қазақстан Банкі» және «Қазақстанның Даму Банкінде» негізгі позицияларда жұмыс істеді. Цифрлық даму вице-министрі ретіндегі қызметте ол Smart Data Ukimet және Отбасы цифрлық картасы сияқты маңызды цифрлық жобаларды қадағалады. Асқар Серікұлы EGov әзірлемелерін шетелге экспорттауға қатысты. Ол тек теоретик емес, телекоммуникация саласындағы тәжірибелі маман екенін де атап өткім келеді. 2 жыл Мобайл-телеком сервисінде желі инженері лауазымында жұмыс істеді. Яғни, ол базалық станцияларды орнату және құру жұмыстарына тікелей өзі қатысқан.

Асқар Серікұлының шетелдік білімі және халықаралық жұмыс тәжірибесі бар.

Кcell компаниясының басшылығындағы өзгерістер оң нәтиже беріп, ары қарай дамитынына сенімім мол. Асқар Жамбакиннің басшылығымен компанияны цифрландыру бойынша жаңа жетістіктер мен өршіл мақсаттар күтіп тұр. Әлбетте, Кселл-ді жаңа даму деңгейіне шығару үшін әлі де көп жұмыс істеуіміз қажет.
👍22❤2👎1
👍14❤3
У мессенджера Telegram более 8 миллионов активных пользователей в нашей стране. А в 2023 году приложение стало топовым по числу скачиваний среди всех мессенджеров. Это приложение активно используется в повседневной жизни наших граждан, предоставляя возможность обмениваться сообщениями, видео, фото, звонить , пользоваться популярными каналами, использовать дополнительные функции.
Недавно у меня была встреча с руководством компании Telegram, где мы договорились с Павлом Дуровым об обмене трафиком между нашими сетями напрямую, без транзитных операторов. Я уверен, что это улучшит не только качество сервиса для наших абонентов, но и надежность работы сервиса в Казахстане.

Мои коллеги совместно со специалистами Telegram завершили необходимые работы и установили прямое физическое соединение с сетью Telegram, что позволяет нам передавать данные между сетями быстрее и без промежуточных операторов. Сейчас мы получаем около 19 Гбит/с трафика в секунду от Telegram, и эта цифра будет расти в будущем. Трафик получаем для наших фиксированных абонентов. Благодаря этому сервис Telegram в квартирах и офисах должен стать лучше.

Прямое соединение позволило нам уменьшить время задержки при передаче данных до серверов Telegram. Например, если раньше с Астаны до Европы задержка составляла порядка 85 миллисекунд, то теперь она сократилась до 75 миллисекунд. В разных регионах этот показатель отличается. Это значит, что пользователи в Казахстане могут быстрее получать доступ к контенту и обмениваться информацией через Telegram.

Самое главное мы теперь полностью сами контролируем путь прохождения трафика! И у нас большой запас по емкости так как соединение выполнено на уровне 100 Гбит/с.

У нас уже есть прямое взаимодействие с владельцами автономных систем таких компаний, как Google, Meta, Amazon, Apple, Microsoft, Twitch, и Netflix и др. Теперь к этому списку добавился один из популярных в Казахстане сервисов - Telegram. Сотрудничество с такими крупными игроками необходимо для укрепления наших позиций на рынке. Они являются основными источниками интернет-трафика, и наше прямое взаимодействие с ними позволяет обеспечивать высокоскоростной доступ к их сервисам для миллионов пользователей в нашем регионе, обеспечивая при этом независимость от работы пакетных сетей транзитных операторов.
👍54❤13🔥7👏3🙏2🏆2👎1
Елімізде Telegram мессенджерін 8 миллионнан астам адам белсене пайдаланады екен. Ал 2023 жылы басқа мессенджерлерге қарағанда Telegram – смартфонға ең көп жүктелген қосымшаға айналған. Телеграм азаматтарға хабарлама, бейне, фотосуретпен алмасып, қоңырау шалуға, танымал арналардың қызығын көріп, қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік бергендіктен, күнделікті өмірде жаппай қолданылуда.

Жақында Telegram компаниясының басшылығымен кездестім. Павел Дуровпен транзиттік операторларсыз желілер арасында тікелей трафик алмасу жөнінде келістік. Бұл абоненттеріміз үшін қызметтің сапасын ғана емес, сонымен қатар сервистің Қазақстандағы жұмысын да жақсартатынына сенімдімін.

Әріптестерім Telegram желісімен тікелей байланыс орнатып, Telegram мамандарымен бірлескен жұмыстарды аяқтады, бұл бізге желілер арасында деректерді анағұрлым жылдам , әрі аралық операторларсыз тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қазір Telegram-нан шамамен секундына 19 Гбит/с трафик аламыз, бұл көрсеткіш болашақта өсе бермек. Біз тіркелген абоненттер үшін трафик аламыз. Осының арқасында пәтерлер мен кеңселердегі Telegram қызметі жақсаруы керек.

Тікелей байланыс бізге Telegram серверлеріне деректерді беру кезінде кідіріс уақытын азайтуға мүмкіндік берді. Мысалы, егер бұрын Астанадан Еуропаға дейін кідіріс шамамен 85 миллисекунд болса, қазір ол 75 миллисекундқа дейін қысқарды. Түрлі аймақта бұл көрсеткіш әртүрлі. Бұл Қазақстандағы пайдаланушылар контентке енді тезірек қол жеткізіп, Telegram арқылы ақпарат алмаса алады деген сөз.

Ең бастысы, қазір трафикті толығымен басқарамыз! Байланыс 100 Гбит/с деңгейінде орнағандықтан, енді бізде сыйымдылықтың үлкен қоры бар.

Google, Meta, Amazon, Apple, Microsoft, Twitch, Netflix және т.б. сияқты компаниялардың автономды жүйелерінің иелерімен де осындай форматта жұмыс істейміз.
Мұндай ірі ойыншылармен ынтымақтасу бізге нарықтан мықты орын алуға септігін тигізеді. Олар - интернет-трафиктің негізгі көздері, әрі олармен тікелей әрекеттесу транзиттік операторлардың пакеттік желілеріне тәуелділіктен арылтып, осы өңірдегі миллиондаған пайдаланушыға танымал қызметтерді жоғары жылдамдықта пайдалануға жол бермек.
👍30❤7🔥6