Bagdat Mussin
5.73K subscribers
658 photos
114 videos
126 links
Download Telegram
👍15
Әрбір ата-ана балаларының үлкен жетістікке жетуін аңсайды. Мысалы, бірінші суретте Петропавлдан келген біздің техникалық тәлімгеріміз Михаил мен жазғы лагерьде «TV+қызметін толықтыру» жобасын әзірлеген оның ұлы Дмитрий Егоров. Олар IT-олимпиадаға қатысып, финалға шыққан жеңіпмаздар. Михаил сияқты ата-аналардың баланың қызығушылығына қолдау көрсетуі жеткіншектердің дамуында шешуші рөл атқарады, арман-мақсаттарына бір қадам болсын жақындата түседі.

Ата-анасы "Қазақтелекомда" жұмыс істейтін барлық балалардың (Михаил мен оның ұлы секілді) IT-Summer Сamp-қа тегін қатысуға мүмкіндігі бар. «Қазақтелеком» АҚ IT Summer Camp бастамасы арқылы өз қызметкерлерінің балаларына білім беруді дәстүрге айналдырған. 2022 жылдан бастап лагерь Қазақстанның түкпір-түкпірінен Астанаға жиналған жүздеген оқушының жазғы демалысын қызықты өткізіп, Ақпараттық технологиялар дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндіктер беруде. Жобаға 2023 жылы 209 бала, 2024 жылы 260 бала қатысты.

Бағдарлама soft skills бағдарламалау, робототехника, веб-әзірлеу және дамыту сияқты бағыттарды қамтиды және заманауи талаптарға сай үнемі жаңартылып отырады. It Summer Camp компанияның білім беру стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады, бұл балаларға болашақта мамандық таңдауға және технологияға деген қызығушылық пен қабілеттерін ашуға көмектеспек.
Финалға шыққан балалар лагерде дайындаған жобаларын көрсетті.
* Дмитрий Егоров – «TV+ қызметін толықтыру».
* Алан Бекбас – «Клиенттер үшін платформа құру».
* Константин Битколов – «Ата-аналар мен балаларға арналған мобильді қосымша».
* Айнұр Сураншина – «Адамның бет-әлпетін тануға арналған нейрондық желі».
* Кирилл Карасюк – «Денсаулық сақтаудағы сілкініс».
* Амина Рустам- «Қасым – қалта көмекшісі».

Мұндай идеялардың әрқайсысы болашақта тамыр жайып, жайқалып өскен бәйтерек секілді үлкен жобаның дәнегі болады деп ойлаймын! Жас ізденімпаздарға мұнымен тоқтап қалмауға, әріптестеріме балаларын келесі жылы да IT Summer Camp лагеріне жіберулерін тілеймін!
____________

Каждый родитель мечтает об успехе своих детей. Вот например на фото Михаил, наш технический ментор из Петропавловска и его сын Дмитрий Егоров, который в летнем лагере работал над проектом “Дополнение услуги TV+”. Они стали участниками финала IT-олимпиады. Такое участие и поддержка со стороны родителей, как у Михаила, играет ключевую роль в успешном развитии детей, помогая им уверенно двигаться вперед к своим мечтам и целям.

Все дети, чьи родители работают в “Казахтелеком” (на примере Михаила и его сына) имеют возможность поучаствовать бесплатно в IT-Summer camp. «Казахтелеком» активно поддерживает образование детей своих сотрудников через инициативу IT Summer Camp. С 2022 года лагерь привлекает всё больше участников, предоставляя уникальные возможности для развития навыков в области информационных технологий. В 2023 году — 209, а в 2024 году — 260 детей.

Программа охватывает такие востребованные направления, как программирование, робототехника, веб-разработка и развитие soft skills, и постоянно обновляется, чтобы соответствовать современным требованиям. IT Summer Camp является важной частью образовательной стратегии компании, помогая детям раскрыть потенциал и подготовиться к будущей карьере в технологии.

Ребята, вышедшие в финал показали свои проекты, которые разрабатывали в лагере.
* Дмитрий Егоров — "Дополнение услуги TV+".
* Алан Бекбас — "Создание платформы для клиентов".
* Константин Битколов — "Мобильное приложение для родителей и детей".
* Айнур Суранчина — "Нейронная сеть для распознавания человека по лицу".
* Кирилл Карасюк — "Революция в здравоохранении".
* Амина Рустам — "Қасым-карманный помощник".

Считаю, что каждая такая идея - это зародыш большого проекта в будущем! Желаю ребятам не останавливаться на достигнутом, а родителям отправлять детей в IT Summer Camp в следующем году!
👍31❤3🔥2
👍9
Netflix 1997 жылы DVD дисктерін пошта арқылы жалға беру қызметі ретінде бастады. 2000-ші жылдардың басында Netflix ағынды видео-контент ұсынуды бастағанда, көптеген сарапшылар мен сыншылар бұл идеяны елеусіз қалдырды. Сол уақытта кабельді теледидар және видео дүкендерде жалға алу сияқты дәстүрлі көру әдістері басым болды.

Алайда 2007 жылы ағынды қызметтің іске қосылуымен және 2013 жылы «House of Cards» сияқты ерекше контенттің сәтті өндірісімен Netflix медиа ландшафтын түбегейлі өзгертті. 2020 жылға қарай платформа әлем бойынша 200 миллионнан астам жазылушыға жетіп, ең ірі және ықпалды стриминг қызметтерінің біріне айналды.

Бүгінгі таңда Қазақстаннның отандық продюсерлері де өзіміздің халықтың жанына жақын сериалдар мен фильмдер шығарумен айналысып жатыр, олар біздің шындықты көрсетеді және көрермендерге менталды тұрғыдан әлдеқайда жақынырақ. Мұны бәрімізге белгілі - Sәlem Entertainment ұжымы жасап жатыр. Қазір олар «Мошенники», «Meow», «Qarga», «Шекер», «Саке», «Патруль» және «Няня» сияқты танымал сериалдар мен толықметражды фильмдерімен танымал.

Бүгін мен олардың ұжымымен кездестім және серіктестігіміздің болашақ жоспарларын талқыладық. Sәlem әрқашан жаңа таланттарды табатын орны болды. Ал бұл серіктестіктің арқасында мен IT және креативті индустрияның таланттары «Казахтелеком» үшін керемет өнімдер ұсына алатынын көремін.

IT кез келген бағытқа ақылмен енгізілгенде жаңа леп алып келетін мықты сала екенін жиі айтамын.
Бүгінгі кездесу жай ғана кездесу емес, толыққанды сессия болды, онда біз серіктестікті дамытудың жол картасын әзірледік.

2023 жылдың соңынан бастап біз Sәlem-мен TV+ платформасында сериалдар мен кино өнімдерін шығару бойынша белсенді бірлескен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бірақ біз мұнымен шектелмей, отандық контент индустриясын дамыту, жас таланттарды қолдау және қазақстандық медиа жобаларды әлемдік нарықта танымал ету бойынша ынтымақтастық аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Sәlem Entertainment-пен алдағы уақытқа үлкен жоспарларымыз бар. Барлық құпияны идеяларымыз жүзеге асқанша ашпаймын. Жақында бәрін айтып беремін 🙌🏻
👍16👎1
Netflix начала свою историю в 1997 году как сервис по аренде DVD-дисков по почте. В начале 2000-х годов, когда Netflix начал предлагать потоковое видео, многие эксперты и критики не воспринимали эту идею всерьез. В то время в основном доминировали традиционные способы просмотра, такие как кабельное телевидение и аренда видео в магазинах. Однако с запуском потокового сервиса в 2007 году и успешным производством оригинального контента, как "House of Cards" в 2013 году, Netflix кардинально изменила медиапейзаж. К 2020 году платформа достигла более 200 миллионов подписчиков по всему миру, став одним из крупнейших и наиболее влиятельных сервисов стриминга.

Однако сегодня в Казахстане набирают обороты отечественные производители выпускающие более народные сериалы и фильмы, отражающие нашу реальность и подходящие зрителям ментально. И этим занимаются ребята из Sәlem Entertainment. В данный момент идет работа над продолжениями нашумевших сериалов: «Мошенники-2», «Meow- 2», Qarga-2, полнометражный фильм «Шекер», «Саке», «Патруль-7»
и «Няня-2».

Сегодня я встретился с ребятами и мы обсудили предстоящие планы в рамках нашего сотрудничества. Sәlem всегда был местом открытия новых талантов, а сейчас я вижу, что таланты из IT и креативной индустрии могут найти соприкосновение и предложить клиентам «Казахтелекома» крутые продукты.
Я всегда говорю о том, что IT - это кроссотраслевая сфера, которая может заиграть новыми красками, если с умом внедрить ее в любое напрвление.

Сегодня была не просто встреча ради встречи, а полноценная сессия, на которой мы вывели roadmap, по которому мы будем развивать наше партнерство дальше.

С конца 2023 года мы ведем активную совместную работу по выпуску сериалов и кинопродукции на платформе TV+. Но мы не хотим ограничиваться этим и планируем расширять зону нашего сотрудничества по развитию отечественной контент-индустрии, открытие молодых талантов и популяризации казахстанских медиа проектов на глобальном рынке.

С Sәlem Entertainment у нас большие планы на ближайшее будущее. Не буду раскрывать все секреты до реализации наших идей. Скоро обо всем поделюсь.
👍41❤4😍3
Достар, жақында Астанада айтулы оқиға өтеді!

Қыркүйектің 16-сы мен 20-сы аралығында біз компьютерлік бағдарламалау бойынша әлемдік финал өткіземіз. Бұл – Орталық Азияда алғаш рет өтетін интеллектуалдар бас қосатын олимпиада. ICPC World Finals бәсекесі аясында бүкіл әлемнен қонақтарды қабылдаймыз!

Жүзден жүйрік, мыңнан мықты атану үшін 1200-ге жуық адам бақ сынасады.
Қазақстандағы спорттық бағдарламалау Федерациясының басшысы ретінде Олимпиаданың ақтық ойындарын дәл осы Астанада өткізу – менің бастамам еді. Ол идеям Мемлекет басшысының қолдауын тапқаны қуантпай қоймайды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы әрқашан зияткерлік спорт түрлерінің рөлін ерекше атап өтеді. IT-бағдарламашы маман ретінде мен үшін Қазақстандағы ICPC-тің жоғары дәрежеде өтуі өте маңызды.
Шетелдерде жүргенде түрлі дарынды адамдармен жиі кездесемін. Жақында Кремний алқабында халықаралық спорттық бағдарламалау жарыстарында финалға шыққан ойыншы Якуб Пачоцкимен әңгіме-дүкен құрдық.

Якуб – GPT-4 және OpenAI 5 жобаларын әзірлеген негізгі тұлға. Скот Ву – Cognition AI компаниясының негізін қалаушы. Оның командасы жұмысын 2023 жылдың қараша айында бастап, таяуда 200 миллион доллар табыс тапты. Джонни Хо – Perplexity негізін қалаушы, дүниежүізілік рейтингте тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алған спорттық бағдарламалау әлемінде аты аңызға айналған тұлға. Демми Гуо, генеративті жасанды интеллект арқылы бейнені өңдеуді жеңілдететін Pika Labs жобасының авторы.

Қазір бұл компания 450 миллион доллар инвестиция жинады.
Бұл компанияларды мысалға келтіруім де тегін емес. Көріп отырғаныңыздай, сәтті стартап жобаларын құрудың бір жолы – спорттық бағдарламалау. Сондықтан оны біздің елде танымал ету өте маңызды. Астанада өтетін финал – осы спорттық бағдарламалаумен айналысып, жоғарыда айтып өткен тұлғалар сияқты үлкен жетістікке жетуге ұмтылатын жастарымыз үшін тамаша мүмкіндік.

Жарыста тапсырмалар математика, алгоритм және логикамен байланысты болғанымен, айти мамандары ғана емес, кәсіпкерлер мен компания басшылары үшін де қызықты.

Біріншіден, жарыстар қай жоғары оқу орны үздік мамандар дайындап жатқанын көрсетеді. Компаниялар бұл мәліметті түлектерді жұмылдыру, университеттермен серіктестік құру және тағылымдамадан өту үшін пайдалана алады.

Екіншіден, бұл жарыстар күрделі мәселелерді шешуде қай технология мен тәсіл жақсы жұмыс істейтінін, бизнеске қалай бейімдеуге болатынын көрсетеді.
Үшіншіден, жарыстар IT индустриясын дамытуға серпін бермек. Сонымен қатар, таланттарды анықтайды.

Интеллектуалды спорт түрін дамыту арқылы - Қазақстан жастарын қолдап, демейміз! Ата-аналарды балаларын спорттық бағдарламалауға беруге шақырамын! Ендеше, іске сәт!
👍12🔥3❤2
16 сентября в Астану съедутся звезды спортивного программирования со всего мира. Олипиада будет длится до 20 сентбяря. Сейчас идет активная подготовка к приезду гостей.

Представьте, что это та же олимпиада, только для интеллектуалов и тех, кто связывает свое будущее с IT. Являясь главой Федерации спортивного программирования в Казахстане, я инициировал проведение финала олимпиады в Астане.

Радует, что глава государства поддержал эту идею. Ведь Касым-Жомарт Кемелевич всегда отмечает особую роль интеллектуальных видов спорта. Как айтишнику-программисту для меня важно как пройдет ICPC в Казахстане.
Будучи зарубежом, часто встречаюсь с различными талантливыми людьми.

Совсем недавно в Кремниевой долине мы беседовали с Якубом Пачоцки, финалистом одного из международных соревнований по спортивному программированию. Якуб является ключевой фигурой в разработке GPT-4 и OpenAI 5. Иными словами, Якуб это Мессси или Роналдо спортивного программирования.
Хочу привести в пример еще несколько легендарных имен спортивного программирования.

Скот Ву - основатель компании Cognition AI. Они начали работу буквально в ноябре 2023 года и совсем недавно привлекли 200 млн долларов. Джонни Хо, соучредитель Perplexity, — легенда в мире спортивного программирования, который завоевал титул чемпиона мира, став первым в мировом рейтинге. Демми Го, основатель компании Pika Labs для упрощения редактирования видео с помощью генеративного искусственного интеллекта, также является представителем спортивного программирования, их компании чуть больше года а они уже привлекли 450 миллионов долларов.
Зачем я привожу все эти компании в пример?

Как вы видите один из путей создания успешных стартап-проектов - это спортивное программирование. Поэтому очень важно популяризировать его в нашей стране. Предстоящий финал в Астане - это знаменательное событие для наших ребят, увлекающихся спортивным программированием и которые стремятся добиться таких же результатов как личности о которых я рассказал выше. Спортивное программирование открывает большие горизонты для молодых ребят.

Хотя задачи на соревнованиях по программированию связаны с математикой, алгоритмами и логикой, они интересны не только программистам, но и предпринимателям и руководителям компаний как наша.

Почему это важно?
Во-первых, соревнования показывают, какие ВУЗ-ы готовят лучших специалистов. Компании могут использовать эту информацию для формирования стратегий по привлечению выпускников, заключать партнерства с университетами и предлагать стажировки.

Во-вторых, эти соревнования показывают, какие технологии и подходы хорошо работают в решении сложных задач и показывают, как технологии из соревнований можно адаптировать для бизнеса.

В-третьих, соревнования влияют на IT-индустрию и косвенно. Например, помогают развивать профильное сообщество: выявить талантливых специалистов и инноваторов. Олимпиады — это очень гибкая, подвижная, открытая среда. В ней можно очень быстро находить крутых ребят, вкладываться в них и развивать как специалистов.
Из сотен тысяч участников вырастают сотни невероятно талантливых, которые создают по-настоящему инновационные технологии.
Я верю в будущее спортивного программирования в Казахстане и в наших ребят, которые все чаще занимают призовые места на международных соревнованиях!
👍37🎉9❤8🔥1
Әкем немен айналысады?
⠀
Балаларымнан жиі еститін сұрақтардың бірі осы. Сондықтан, сенбілік гембаны үйдің кенжесімен өткізуді жөн көрдім.
⠀
Жалпы осындай шаралар клиент және компания арасындағы көпірді нығайтады. Ал ұлым екеуміз керемет жобаның тұсауын кестік бүгін. Қандай жоба? – деп сұрасаңыз. Алдағы дүйсенбі бөлісемін :)
⠀
Қапы қалмаңыздар!✊🏽
⠀
-
⠀
Наши дети – наше отражение, отражение наших действий. В выходной день совмещаю полезное с приятным: взял младшего с собой на субботнюю гембу.
⠀
В целом, такие мероприятия очень важные и нужные как для нас, так и для наших клиентов. А еще, сегодня с сыном мы дали старт одному крупному проекту. Какому – спросите Вы? – Поделюсь уже в понедельник:)
⠀
Не пропустите!✊🏽
👍40🔥7❤3👏1😍1
👍30🔥5
Бұл жай ғана марафон емес. Біздің команда кез келген тапсырманы жұмыла орындай алатындығының белгісі.
⠀
Алда бізді жаңа жеңістер күтуде!
⠀
-
⠀
Это был не просто марафон, но и отличная возможность доказать, что с нашей командой под силу любые задачи.
⠀
Впереди нас ждут новые победы!
👍25🔥2❤1
Сапа+ интернетіңізге жаңа тыныс!

Қазақтелекомға келгелі интернет сапасы туралы жан-жақтан сыни, жағымсыз пікірлер естіп жатырмын. Мәселенің нақты себебін анықтау үшін, түпкілікті зерделей бастадық. Арыз-шағымдардың барлығы жіті қаралды.

Апта сайын клиенттердің үйіне барып модемнің қалай жұмыс істейтінін тексердім. Барлық жерде байқағаным – ескірген қондырғылар, бұл «ежелгі» роутерлер қажетті деңгейде интернетке жылдамдық та, сапа да бере алмайды.
Нәтижесінде елімізде ескірген құрылғыдан сапалы өнім мен қызмет ала алмай отырған үйлердің көп екеніне көз жеткіздік.

Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Біз өз клиенттерімізге ескі маршрутизаторлардың орнына секундына 500 мегабитті оңай таратуға қабілетті жаңа маршрутизаторлар орнатып беретін болып шештік. Бұл ауқымды жобаны - «Сапа+» деп атадық. Оның мәні мынада: Қазақтелеком 300 мың ескі маршрутизаторды жаңасына ауыстырады. Жыл соңына дейін! Бастан-аяқ компания есебінен!
Оған қоса, бұл процесті қазірдің өзінде бастап кеттік. Өткен сенбіде Астанада үй-үйді аралап, клиенттеріміздің жабдығын ауыстырдым. Компанияның барлық топ-менеджерлері клиенттерге өздері барып жатыр. Себебі сервистік компания үшін клиенттермен адал қарым-қатынастан қымбат ештеңе жоқ, әрі кеңседе отырған барлық әріптестерім қызмет көрсетудің бүкіл процесін түсінуі керек.

Маршрутизаторды ауыстырған кезде айырмашылықты бірден байқайсыз: оған дейін пәтердегі WiFi интернетінің жылдамдығы секундына 50 мегабит болса, жаңа маршрутизатормен 500 Мегабитке дейін өседі. Айырмашылық өте қатты білінеді. Көңілдеріңізден шығатыны сөзсіз.

Бұл ауқымды, өте маңызды шара.
Алдағы үш-төрт айда Қазақтелеком үшін негізгі мақсат болмақ. Жабдықтарды жаңарту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Еліміздің барлық аймағында, үлкен-кіші қалалардағы әрбір клиенттің үйіне келеміз.

Айта кетерлік маңызды жәйт. Wi-Fi маршрутизаторын ауыстыру тегін, жаңа жабдықты орнатқаннан кейін абоненттік төлем өзгеріссіз қалады.
Жаңа маршрутизаторлар бұрынғыдан әлдеқайда мықты, әрі қуатты төрт ядролы процессоры бар.
Құрылғылар 5 ГГц жиілікте 2402 Мбит/с дейін және 2,4 ГГц жиілікте 574 Мбит/с дейін жылдамдық береді.

Олар Wi-Fi және кабель арқылы компьютер, ноутбук пен заманауи гаджеттер үшін сенімді қосылымды қамтамасыз етеді. Маршрутизаторда қандай да бір кедергі, ақау болған жағдайда, байланыс сапасын сақтау үшін желіні бақылау мен оңтайландырудың ақылды мүмкіндіктері бар.

Қандай да бір сұрағыңыз болса немесе кеңес қажет болса 165 нөмірі арқылы байланыс орталығына, немесе біздің telecom.kz қосымшасына хабарласыңыз.
👍21🥰1👏1
Сапа+ интернетіңізге жаңа тыныс!

Придя в Казахтелеком, я столкнулся с большим количеством негативных отзывов о качестве нашего интернета. Начали разбираться внутри, в чем конкретно заключается проблема. Изучали претензии и жалобы. Ходили в дома клиентов, смотрели, как все устроено. И везде я видел одно и то же — устаревшее оборудование – древние роутеры, которые уже не способны давать нужное качество и скорость интернета.
В результате мы пришли к тому, что в стране очень много домохозяйств, которые сидят на старом оборудовании и не имеют возможности получать качественный продукт и сервис.
Как решить этот вопрос?
Мы решили заменить нашим клиентам старые роутеры на совершенно новые, способные спокойно раздавать 500 мегабит в секунду. Этот масштабный проект назвали «Сапа+». Его суть заключается в том, что Казахтелеком произведет замену трёхсот тысяч старых роутеров на новые. До конца года. Полностью за свой счет.
Скажу больше. Мы уже начали этот процесс. В прошлую субботу я лично ходил к нашим клиентам в Астане и произвел замену оборудования. И все топ-менеджеры компании пойдут к клиентам. Потому что для сервисной компании нет ничего дороже чем честная связь с клиентами, и все офисные сотрудники должны на деле понимать весь процесс оказания услуги.
Когда мы заменим роутер, вы сразу заметите разницу: если раньше скорость интернета по WiFi в квартире была порядка 50 мегабит в секунду, то с новым роутером она вырастет до 500 мегабит. Это прям сильно заметно. Вам понравится, я обещаю.
Это большая и важная история. Это приоритет номер один для Казахтелекома на ближайшие три-четыре месяца. Установка будет происходить поэтапно, и мы придем в дом к каждому клиенту в больших и малых городах во всех регионах страны.
Важный момент. Замену Wi-Fi роутеров проводится бесплатно, абонентская плата после установки нового оборудования останется прежней.
Новые роутеры гораздо мощнее своих предшественников и имеют под капотом мощный четырёхъядерный процессор. Устройства поддерживают скорость до 2402 Мбит/с на частоте 5 GHz и 574 Мбит/с на частоте 2,4 GHz. Они обеспечивают надежное соединение для компьютеров, ноутбуков и современных гаджетов как по Wi-Fi, так и по кабелю. Роутеры обладают интеллектуальными функциями мониторинга и оптимизации сети для сохранения качества связи даже при наличии помех и других проблем.
Если у вас возникнут вопросы или потребуется консультация, пожалуйста, обращайтесь в контакт-центр по номеру 165 или в наше приложение telecomkz.
👍49❤4🔥4👎2