Bagdat Mussin
5.72K subscribers
658 photos
114 videos
126 links
Download Telegram
🔥14👍4
Естеріңізде болса, қызым Florencia командасының құрамында Western Edge Championship робототехника жарысына қатысқанын, әрі 495 ұпай жинап, әлемдегі ең үздік 13 команданың қатарына кіргенін айтқан болатынмын.

Кеше тағы бір “сүйінші” хабар келді - біздің оқушылар робототехникадан тағы да әлем чемпионы атанды!

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, FIRST Global Challenge атты робототехникадан Дүниежүзілік Олимпиадада тамаша өнер көрсетіп, таза жеңіске жетулерімен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймын!

FIRST Global Challenge - бұл жыл сайын түрлі елде өтетін Олимпиада түріндегі робототехникадан халықаралық сайыстар. Мұнда 190-нан астам елден келген жастар бақ сынасады.

Қазақстан ұлттық құрамасы Grand Challenge Award алтын медалін осымен үшінші рет иеленіп, жеңімпаз атанды, әрі беделді төрешілер номинацияларында екі күміс төсбелгіні жеңіп алды.

Бұл жеңіс бүкіл еліміз үшін үлкен жетістік. Оқушыларымыз Қазақстанның технология және робототехника саласында алдыңғы қатарда екенін тағы да дәлелдеді. Біздің топ 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурда жеңіске жетсе, енді міне, биыл тағы да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып отыр!

Бізде дарынды балалар көп, жаттықтырушылар мен командамызды қолдаған барлық жанға зор алғыс білдіремін. Команда мүшелеріне бұдан да биік шыңдарды бағындырып, үлкен жетістіктерге жетуге тілектеспін! Бұл жеңісті тек төсбелгі ғана деп қабылдамаған жөн, бұл еліміздің технологиялық болашағын қарыштап дамытатын қадамның бірі!
🔥29👍6🏆2
Если помните, я уже рассказывал, что моя дочь участвовала в составе команды Florencia на соревнованиях по робототехнике Western Edge Championship, и они вошли в топ-13 лучших команд мира, набрав 495 баллов.

А вчера пришла еще одна радостная новость — наши школьники снова стали чемпионами мира по робототехнике!

Пользуясь случаем, хочу поздравить наших школьников с потрясающей победой на всемирной олимпиаде по робототехнике FIRST Global Challenge!

FIRST Global Challenge — это международные соревнования по робототехнике в формате Олимпийских игр, которые проходят каждый год в разных странах. В них участвуют более 190 стран.

Казахстанская национальная сборная в третий раз стала чемпионом, завоевав золотую медаль Grand Challenge Award, а также две серебряные медали в престижных судейских номинациях.

Эта победа — огромное достижение для всей страны. Наши школьники снова доказали, что Казахстан на передовой в сфере технологий и робототехники. Ребята побеждали в 2022 году в Женеве и в 2023 году в Сингапуре, а теперь снова стали лучшими!

У нас много талантливых ребят, и я хочу поблагодарить тренеров и всех, кто поддерживал нашу команду. Желаю команде новых побед и высоких достижений! Эта победа — не только медали, но и шаг вперед для нашего технологического будущего!
🔥59❤8👍6🏆4
Sapa+ жобасы аясындағы басты мақсатымыз - клиенттерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету.

Ол үшін ескі Wi-Fi роутерлерді жаңа стандарттарға бейімделген және берілген деректер көлемін қолдай алатын жаңа роутерлерге ауыстырудамыз. Одан бөлек, біз ұсынылатын қызмет сапасына да назар аударамыз.

Бүгін мен клиенттерімізге өзім қоңырау шалып, оларды мазалайтын мәселелерді білгім келді. Кері байланыс орнату кезінде арада үшінші тараптың болмағаны жөн, себебі адамдардың нақты қажеттіліктерін жақсы түсінуге болады. Біз, Қазақтелекомда әрбір клиентке жеке дара қарауды қолға алып жатырмыз және мұндай қоңыраулар операциялық қызметті жақсартуға, ұзаққа созылуы мүмкін мәселелерді тез шешуге көмектеседі.

Бұл - шешімдерді табудың және қызметімізді жақсартудың тамаша тәсілі.

-

Обеспечить наших клиентов качественным интернетом – наша основная цель в рамках проекта Sapa+

Для этого, кроме замены старых Wi-Fi роутеров на новые, поддерживающие новые стандарты Wi-Fi и справляющиеся с требуемым объемом данных, мы обращаем внимание на предоставляемый сервис и обслуживание.

Сегодня я решил лично обзвонить наших клиентов, чтобы напрямую узнать, с какими сложностями они сталкиваются. Важно получать обратную связь без посредников — так лучше понимаешь реальные потребности людей. Мы, в Казахтелекоме, серьезно относимся к каждому клиенту, и такие разговоры помогают в моменте решать вопросы, которые могут затягиваться из-за операционных моментов.

Это отличный способ находить решения и улучшать наш сервис.
👍74❤4😁4🔥3👏3
Кеше Қарағандыға жол түсіп, онда облыс әкімімен өңірдегі интернет сапасын жақсарту мәселелерін талқыладық. Еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғындардың тұрақты және жоғары жылдамдықты желіге қосылуы өте маңызды. Қазақтелеком ескірген мыс кабелін заманауи оптикалық сымға ауыстыра отырып, желілік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қарқынды жұмыс істеуде. Бұл әсіресе шалғай аудандарда байланыстың жылдамдығы мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік бермек.

Іссапарды «Сапа +» жобасы аясында ұйымдастырылған гембамен үйлестірдім, әріптестермен бірге клиенттің үйіне бас сұғып, роутер орнатуға қатыстым. «Сапа +» жобасын іске асыру шеңберінде «Қазақтелеком» операторы бүкіл Қазақстан бойынша 300 мыңға жуық ont-терминалды ауыстырады. Бұл шара барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларды қамтиды, соның арқасында абоненттеріміз үшін байланыс пен интернет қызметтерінің сапасын едәуір жақсарта аламыз.

Сондай-ақ, Қазақтелеком қызмет көрсету орталығында тұрғындармен көзбе-көз жүздесіп, клиенттерге жеке кеңес берудің сәті түсті. Жалпы, Қарағанды қаласынан тек жағымды әсермен қайттым!
____

Вчера посетил Караганду, где обсудили с акимом области вопросы улучшения качества интернета в регионе. Очень важно, чтобы каждый уголок нашей страны имел доступ к стабильной и высокоскоростной сети. Казахтелеком активно работает над модернизацией сетевой инфраструктуры, заменяя устаревшие медные кабели на современные оптические. Это позволит значительно увеличить скорость и стабильность подключения, а также улучшить качество связи, особенно в отдалённых районах.

Совместил поездку с организацией гембы в рамках проекта "Сапа +" и заехал к одному из клиентов где принял участие в установке роутера. В рамках реализации проекта "Сапа +", оператор "Казахтелеком" заменит 300 тысяч ont-терминалов по всему Казахстану. Эта замена затронет все областные центры и крупные города, что позволит нам значительно улучшить качество связи и интернет -услуг для наших абонентов.

Также имел возможность пообщаться с жителями и лично проконсультировать клиентов в центре обслуживания Казахтелеком. А от города только приятные впечатления!
👍30👏8❤3🔥3👎1
👍38