Bagdat Mussin
5.73K subscribers
658 photos
114 videos
126 links
Download Telegram
Кеше Қарағандыға жол түсіп, онда облыс әкімімен өңірдегі интернет сапасын жақсарту мәселелерін талқыладық. Еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғындардың тұрақты және жоғары жылдамдықты желіге қосылуы өте маңызды. Қазақтелеком ескірген мыс кабелін заманауи оптикалық сымға ауыстыра отырып, желілік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қарқынды жұмыс істеуде. Бұл әсіресе шалғай аудандарда байланыстың жылдамдығы мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік бермек.

Іссапарды «Сапа +» жобасы аясында ұйымдастырылған гембамен үйлестірдім, әріптестермен бірге клиенттің үйіне бас сұғып, роутер орнатуға қатыстым. «Сапа +» жобасын іске асыру шеңберінде «Қазақтелеком» операторы бүкіл Қазақстан бойынша 300 мыңға жуық ont-терминалды ауыстырады. Бұл шара барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларды қамтиды, соның арқасында абоненттеріміз үшін байланыс пен интернет қызметтерінің сапасын едәуір жақсарта аламыз.

Сондай-ақ, Қазақтелеком қызмет көрсету орталығында тұрғындармен көзбе-көз жүздесіп, клиенттерге жеке кеңес берудің сәті түсті. Жалпы, Қарағанды қаласынан тек жағымды әсермен қайттым!
____

Вчера посетил Караганду, где обсудили с акимом области вопросы улучшения качества интернета в регионе. Очень важно, чтобы каждый уголок нашей страны имел доступ к стабильной и высокоскоростной сети. Казахтелеком активно работает над модернизацией сетевой инфраструктуры, заменяя устаревшие медные кабели на современные оптические. Это позволит значительно увеличить скорость и стабильность подключения, а также улучшить качество связи, особенно в отдалённых районах.

Совместил поездку с организацией гембы в рамках проекта "Сапа +" и заехал к одному из клиентов где принял участие в установке роутера. В рамках реализации проекта "Сапа +", оператор "Казахтелеком" заменит 300 тысяч ont-терминалов по всему Казахстану. Эта замена затронет все областные центры и крупные города, что позволит нам значительно улучшить качество связи и интернет -услуг для наших абонентов.

Также имел возможность пообщаться с жителями и лично проконсультировать клиентов в центре обслуживания Казахтелеком. А от города только приятные впечатления!
👍30👏8❤3🔥3👎1
👍38
Отбасыммен референдумға барып, дауыс бердік. Балаларға ақыл айтқаннан гөрі үлгі болу керек деп ойлаймын 🙌🏻
👍41👎2
🔥10👍4
Интернет байланысының сапасы мен желіде жұмыс істеп отырған кездегі кідірістер туралы сұрақтар менің әлеуметтік желілеріме жиі келіп түседі. Бұл көптеген клиентімізді толғандыратын маңызды сауал. Ендеше танымал қызметтерді мысалға келтіре отырып, осы мәселені жақсартуға бағытталған жұмыстың барысы туралы айтып өтсем.

Сапалы қызметті ұйымдастыру – бірқатар тың, жаңа шешімдер қолданылатын күрделі, көпсатылы процесс. Сырт көзге қарағанда, бәрі оп-оңай сияқты: кабельді төсеп, жабдықты орнатсаң жетіп жатыр. Шын мәнінде, компаниямызда интернет-сервистің сапасын арттыруға бағытталған тұрақты процесс жолға қойылған. Бұл көптеген техникалық бөлшектен, нақты көрсеткіштер мен конфигурациялардан тұратын күрделі процесс.

Заманауи телекоммуникация қызметтерінің сапасы – ақауды дер кезінде жою, шапшаң әрі дұрыс жұмыс істейтін байланыс орталықтары, клиент өтінішін тез арада қарау ғана емес, сонымен қатар пайдаланушыларға көрінбейтін шағын-шағын, бірақ маңызды міндеттер.

Google, Meta және Netflix сияқты ірі компаниялар өз қызметтерін үнемі жетілдіріп отырады, осылайша қолжетімді, әрі сенімді сервиске айналған. Бұл компаниялардың өнімі интернетте көп сұранысқа ие әрі танымал болып. Олар өз контентін жеткізетін желі жасап, бұл арналар күн өткен сайын пайдаланушыларға жақындай түсуде. Өйткені тіпті миллисекундтық кідірістің өзі қызмет сапасына орасан зор нұсқан келтіруі мүмкін екенін түсінеді.
Бұл компаниялар жылдам, әрі сапалы қызметті қамтамасыз ету үшін физикалық инфрақұрылымды үнемі жетілдірумен қатар, желі «сыртында» (периферияда), яғни пайдаланушыға барынша жақын жерде жұмысты оңтайландыру қажет екенін біледі. Бұл кідірісті азайтып, қызметке жедел қосылуға, әрі тұрақты жұмысты қамтамасыз етпек.
Айтып отырғаным – сапаға бағытталған жұмыс.

Компаниямызда осы техникалық аспектілерді терең түсінеміз, әрі ірі компаниялармен өзара әрекеттесудің технологиялық процестерін жолға қойдық. Танымал интернет қызметтердің сапасын жүйелі түрде одан әрі жақсарта түспекпіз.

Біз өз желімізде жаңа Microsoft Connected Cache (MCC) кластерін іске қостық, ол көптеген Microsoft қызметтерінің қолжетімділігі мен кідірістерін жақсартты, соның ішінде:
- MS Teams
- Windows жаңартулары (мүмкіндіктер мен сапа)
- Office қосымшалары (Microsoft 365 Apps және жаңартулар)
- Клиенттік қосымшалар (Intune, дүкеннен қосымшалар және жаңартулар)
- Соңғы нүктелерді қорғау (Windows Defender жаңартулары)
- Xbox (Xbox Game Pass)

Техникалық тобымыздың мақсаты – желідегі жұмысыңызды ыңғайлы етіп, тұрақты қосылымды қамтамасыз ету. Әрқайсыңыз жоғары сапалы қызметтің қызығын көру үшін білек сыбанып еңбек ете бермекпіз.
👍10🔥4