Bagdat Mussin
5.69K subscribers
658 photos
113 videos
126 links
Download Telegram
🔥9👍6
Бес баланың әкесі ретінде, мен үшін балалардың қауіпсіздігі – тек жұмыс мәселесі ғана емес, өзім үшін де өте маңызды сұрақ. Балаңды мектепке жібергенде, оның қауіпсіз жерде екеніне сенімді болғың келеді. Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлы екеуміз өңірде байланыс пен интернетті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, негізгі жобаларды талқыладық.

Солардың бірі – өңірдегі 200-ден астам мектепті бейнебақылау жүйесіне қосу. Камералар оқыс жағдайлардың алдын алуға, даулы мәселелерді жылдам шешуге, оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға көмектеседі. Бұл – ата-аналар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін үлкен қолдау.

Сондай-ақ әкімдікпен бірге телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жоспарларын талқыладық. Алдағы үш жылда 50 мыңға жуық тұрғынды интернетке қосу жоспарлануда. Қазірдің өзінде 4300 абонент мыс желілерден оптикалық желіге ауыстырылды, 6 мың үйге жаңа роутерлер орнатылды, 13 білім беру мекемесі оптикаға қосылды.

Тағы бір маңызды шаруа – қарқынды даму үстіндегі мекендерді қосу. Исатай, Нарын, Жаңаауыл ауылдары мен Дина Нұрпейісова разъезі заманауи байланыс қызметтеріне қол жеткізетін күн алыс емес. Сондай-ақ Құлсары қаласының Болашақ ықшам ауданында оптикалық желі құрылысын бастауға дайынбыз, тек тиісті рұқсаттар қажет.

Бұл жобалар – болашаққа салынған инвестиция. Нақты айтқанда, қауіпсіз мектептерге, қолжетімді технологияларға, себебі баршамызда мүмкіндіктер тең болуы абзал.
👍9❤4
👍12🔥4
Для меня, как отца пятерых детей, безопасность детей - это не просто вопрос работы, а личный приоритет. Когда отправляешь ребенка в школу, хочешь быть уверен, что он в надежных условиях. В Атырауской области мы с акимом Сериком Жамбуловичем заключили меморандум о взаимодействий по развитию связи и интернета в регионе и обсудили ключевые проекты.

Один из них — подключение более 200 школ региона к системе видеонаблюдения. Камеры помогают предотвращать инциденты, быстро разбираться в спорных ситуациях и создавать комфортную и безопасную среду для учеников и учителей. Это важная поддержка для родителей, педагогов и администрации школ.

Вместе с акиматом мы также обсудили планы по развитию телекоммуникационной инфраструктуры. В ближайшие три года планируем подключить к интернету около 50 тысяч жителей. Уже сейчас перевели 4300 абонентов с медных линий на оптические, заменили роутеры в 6 тысячах домах и подключили к оптике 13 образовательных учреждений.

Еще одна важная задача - подключение перспективных населенных пунктов. Села Исатай, Нарын, Жаңаауыл и разъезд имени Дины Нурпеисовой скоро смогут получить доступ к современным услугам связи. Также готовы к строительству оптической сети в микрорайоне Болашак города Кульсары, после получения соответствующих разрешений.

Эти проекты - инвестиция в будущее. В безопасные школы, в доступные технологии - равные возможности для всех.
👍29🔥3❤1
Жылдың соңғы күндері – ғажайыпқа толы уақыт. Бұл қарбаласта сәл тоқтап, отбасыңызбен бірге болуға, жақындарыңызды жылулық пен қамқорлыққа бөлейтін мүмкіндік. Бүгін біз бәріміз жиналып, мерекеге жарқын түстер қосайық деп, шырша ойыншықтарын боядық.

Бояу барысында кішілер демалысқа деген жоспарларымен бөлісті, ал үлкендер армандары туралы айтты. Осы қарапайым қуаныштар – өміріміздің маңызды «big data»-сын құрайды сенемін.

Алда келе жатқан Жаңа жыл – үміттер, жаңа мақсаттар мен үлкен мүмкіндіктер уақыты. Сіздерге жылулық, бақыт және денсаулық тілеймін!
-
Последние дни уходящего года - самое волшебное время. Это возможность немного остановиться в суете и провести время с семьей, окружить теплом и заботой своих близких. Сегодня наконец нам удалось собраться всемером и мы решили добавить немного ярких красок в ожидание праздника и разукрасить елочные игрушки.

Пока мы рисовали, младшие рассказывали свои планы на каникулы, а старшие делились мечтами. Уверен, что эти простые радости - эте те самые big data жизни, которые имеют значение.

Впереди Новый год, время надежд, новых целей и больших ожиданий. Пусть он принесет каждому из вас тепло, счастье и здоровье!
👍24❤5
👍26❤5🎉1
Бүгінгі күннің нәтижесі. Ең мықты нәтиже. Ең қымбат естелік…
👍18❤3
Дәстүр бойынша, Жаңа жыл қарсаңында шалғай ауылдарға немесе клиенттерге барамын. Бүгін өткен жылы дәл осы уақатта барған ауыл – Оразаққа қайта бардым. Себеп - интернетке қосылған аймақтың жылдамдығын өзім тексеру.

Министр болып тұрған кезімде, мен Оразақ ауылына барып, тұрғындарымен кездескен едім. Сол кезде байланыс сапасы мен даму перспективалары туралы мәселелерді талқыладық. Тұрғындар оптикалық желі ауылға жеткізілгенін, бірақ мектепке дейін тартылмағанын айтып, мұңын шалған еді. Сол кезде байланыс операторлары жұмыстарды тек төрт жылдан кейін бастаймыз деп уәде берген болатын. Бұл жағдайға бей-жай қарай алмай, мектепті Starlink спутниктік интернетіне қосуды шештім.

Бүгін бұл ауылға “Қазақтелеком” басшысы ретінде келдім. Айтылған сын сөз болып қалып қоймасын деп, міндетімізді орындап “Қазақтелеком”-ның интернетін қостық. Енді мұнда №27 жалпы білім беретін мектеп жоғары жылдамдықты оптикалық интернетке қосылды. Бар болғаны төрт күн ішінде он маманның күшімен бір шақырым оптикалық кабель тартылды. Мектептегі интернет жылдамдығы он есе өсіп, секундына 100 Мбит-ке жетті!

Бұл мектеп – еліміз бойынша сапалы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақтелекомның» ауқымды жұмысының бір бөлігі. Биыл компания 230 шақырымнан астам талшықты-оптикалық байланыс желісін салып, елдегі 350-ге жуық мектепті жоғары жылдамдықты интернетке қосты.

Ең қуаныштысы – енді Оразақ ауылының тұрғындары, соның ішінде 395 оқушы заманауи талаптарға сай оқып, жұмыс істей алады. Мектеппен қоса, сапалы интернетке 320 үй, балабақшалар мен аурухана қосылды. Келесі жылы тағы 200 үйді қосу жоспарлануда.

Ақмола облысында биыл «Қазақтелеком» оптикалық желілерді тартып, 9 заманауи мектеп салынды. Сонымен қатар, «Комфортты мектеп» ұлттық жобасы аясында оптикалық технологиялармен телеком-қызметтер қамтамасыз етілген 46 оқу орны пайдалануға берілді.

Бұл – қазақстандықтардың қай жерде тұрса да, тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуіне бағытталған үйлесімді жұмыстың нәтижесі.
👍9❤4
По традиции в преддверии Нового года я езжу в отдаленные села или посещаю клиентов. Сегодня же я вернулся в то же село, в котором был в прошлом году - село Оразак.

Ровно год назад, во время моей работы министром, я посетил село Оразак и встретился с его жителями. Тогда мы обсуждали проблемы с качеством связи и перспективы развития. Жители рассказали, что оптоволокно уже было подведено к селу, но не доведено до школы. Операторы связи обещали начать работы только через четыре года. Оставаться в стороне было невозможно, и я принял решение подключить школу к спутниковому интернету Starlink.

Сегодня я вновь прибыл в это село. Теперь здесь мы подключили к высокоскоростному оптическому интернету Общеобразовательную школу №27. Всего за четыре дня, благодаря усилиям десяти специалистов, был протянут 1 километр оптоволоконного кабеля. Скорость интернета в школе выросла в десять раз и составляет 100 Мбит/с!

Подключение этой школы стало частью масштабной работы Казахтелеком, направленной на обеспечение доступа к качественному интернету по всей стране. В текущем году компания построила более 230 километров волоконно-оптических линий связи и подключила к скоростному интернету около 350 школ страны.

Особенно радует, что теперь жители села Оразак, включая 395 учащихся смогут учиться и работать в условиях, соответствующих современным стандартам. Помимо школы, к качественному интернету подключены 320 домов, детские сады и больница. В следующем году планируется подключить еще 200 домов.

В Акмолинской области в этом году также были построены 9 комфортных школ, к которым Казахтелеком проложил оптические линии связи, а в рамках национального проекта «Комфортная школа» введено в эксплуатацию еще 46 учебных заведений, обеспеченных телеком-услугами по оптическим технологиям.

Это результат слаженной работы и стремления обеспечить равные возможности для всех казахстанцев, независимо от их места проживания.
👍27❤6
👍16❤9🎉4🔥1
Жаңа жыл жаңа белестерді бағындыратын жемісті жыл болғай! Отбасыларыңызға бақ, береке тілеймін!

Құрметпен,
Бағдат Мусин
👍26❤12🎉4🔥2
👍30❤5🎉4
Мереке не үшін керек? Адамдарды жақындастыру, татуластыру және қуанту үшін керек.

Мереке күні - жылулық сыйлайтын, маңызды сөздер айтылатын ғажап күн. Жаңа жыл жақындарыңызбен уақыт өткізіп, бір-біріңізге жақсылық тілеп, өткенді еске алып, болашаққа жоспар құруға тамаша себеп және мүмкіндік. Егер өткен жылы біреуді ренжітіп алсаңыз, дәл осы сәтті пайдаланып, неге кешірім сұрамасқа?

Осындай сәттерде отбасы – қоғамымыздың негізі екенін түсінеміз. Қазақстандық жанұялар тату, бақытты болса, бүкіл халықта да дәл сондай үйлесім болады.

Біз әдетте мерекелік дастарқанда жетістіктермен бөлісіп, маңызды тақырыптарды қозғай отыра, жаңа жоспарлар құрамыз. Мереке – бұл жай ғана күнтізбедегі дата емес, онда түпкі мағына бар. Соңғы жүз жыл ішінде Жаңа жыл біз үшін жылы әрі маңызды дәстүрге айналып кетті.

Алайда бізде Наурыз мерекесі бар. Ол - біздің дәстүрлі төл мерекеміз. Жыл жаңаратын әдемі кезең. Алдағы уақыта Наурызды да осындай жылы естеліктерге бөлей алсақ екен деп тілеймін. Дәстүрлерімізге құндылық қосып, оларды болашақ ұрпаққа жеткізу өз қолымызда 🦾

Әр отбасында қалыптасқан ерекше дәстүрлер мен татулық бүкіл халқымыздың бірлігін нығайта түсетініне кәміл сенемін.

Жаңа жыл жақсылық әкелсін! 🙏🏻
Құрметпен және ізгі тілекпен,
Сіздердің - Бағдат Мусин
❤16👍3🎉1