Bagdat Mussin
5.69K subscribers
658 photos
113 videos
126 links
Download Telegram
👍15👏1
Бүгін таңертең қолыма «Абай жолы» кітабы түсті. Мен мұны белгіге балап, Қодардың өлімі суреттелген көріністі қайта оқуға уақытымды арнадым. Оқи отырып, Мұхтар Әуезовтің адам табиғатын шебер сипаттай алғанына тағы да таңғалдым. Сол кезде біреудің айтқан жалған сөзі қалай үлкен трагедияға айналған десеңші. Ғасырлар өтсе де, барлық прогреске қарамастан, мұндай жағдайлар қоғамымызда әлі де кездеседі. Тек енді олар телефон экрандары арқылы әлеуметтік желіде жүзеге асуда. Бүгінгі күні қарасаң жоқ нәрсені бар, бар нәрсені жоқ қылып көрсетуге бір ғана пост әсер ете алады. Көреалмаушылық, жала жабу, жалған ақпарат жазу, буллинг өршіп тұр…

Қазір технологиялар дәуірінде, біз қиялды шындыққа айналдыра аламыз немесе керісінше, бар нәрсені құртуға қауқарымыз жетеді. Сол себептен заманауи құралдарды, әлеуметтік желілерді байыппен, пайдаға, білімге жаратып қолдану абзал деп ойлаймын.

“Абай жолын” қайталап оқу - маған әдеби және мәдени мұрамызға жүгінудің қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салды. Сол мұрадан сабақ алып, жауап іздеуіміз қажет.

Тағдырдың ащы ирониясы болар, дәл бүгін біз Мекемтас Мырзахметұлынан айырылып қалдық – ол өмірін осы мұраны сақтау мен зерттеуге арнаған жан еді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтану, мұхтартану, ясауитану бағыттарын зерттеп, еңбектері арқылы тарихымызды, мәдениетімізді және өзімізді жаңа қырынан тануға жол ашқан ғажап тұлға…

Иманды болсын!
👍56🙏5👏3
Сегодня утром мне попалась в руки книга «Путь Абая». И решил что это не случайность и посвятил 15 минут, чтобы перечитать сцену смерти Кодара. Читая, я вновь задумался о том, как Муxтар Ауэзов мастерски описал человеческую природу. Тогда ложный слух, брошенный кем-то, превращался в трагедию. И спустя столетия, несмотря на весь прогресс, такие механизмы до сих пор остаются частью нашего общества, только теперь это происходит через экраны телефонов. Сегодня, в век технологий, мы способны превращать вымысел в реальность или наоборот, разрушать то, что существует.

Эти размышления вновь напомнили мне, как важно обращаться к нашему литературному и культурному наследию, искать в нем уроки и ответы.

И, как трагичная ирония судьбы, именно сегодня не стало Мекемтаса Мырзахметулы – человека, который посвятил всю свою жизнь сохранению и исследованию этого наследия.

Доктор филологических наук, профессор, он исследовал абайтану, мухтартану, яссауитану, а его труды помогают нам по-новому осознавать нашу историю, культуру и самих себя.

Иманды болсын!
👍84❤6👏4
Министр болған кезімде Қазақстандағы телекоммуникация саласы тым монополияланғанын айтып жүргем. Мемлекет басшысы да экономиканың негізгі салаларын демонополизациялау қажеттігін бірнеше рет айтқан болатын.

Бүгін «Қазақтелеком» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясындағы 100% үлесін Катардың Power International Holding холдингіне сату бойынша мәмілені аяқтағанын қуана хабарлаймын.

Power International Holding холдингі ірі халықаралық ойыншы ретінде Қазақстанның телекоммуникация саласын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Осындай нағыз бәсекелестік жағдайында операторларға бағаны төмендетіп қана қоймай, сапалы қызмет көрсетуіне тура келмек. Мұндай ашықтық тәсілі нарықта инновацияларға жол ашып, тұтынушылық тәжірибесін жақсартатынын басқа елдерден көруге болады.

Біз ашық және бәсекеге қабілетті нарыққа бет алдық, бұдан тұтынушылар мен бизнестің ұтары көп екені сөзсіз.
___________

Будучи министром, я всегда говорил, что телекоммуникационная отрасль в Казахстане монополизирована. Глава государства также не раз упоминал о необходимости демонополизации ключевых отраслей экономики. И сегодня я рад поделиться тем, что АО «Казахтелеком» завершил сделку по продаже 100% доли в компании «Мобайл Телеком-Сервис» катарскому холдингу Power International Holding.

Power International Holding, как крупный международный игрок, привнесёт новый уровень развития в телекоммуникационную отрасль Казахстана. В условиях настоящей конкуренции операторы будут вынуждены не только снижать цены, но и предоставлять более качественные услуги. Такой подход уже доказал свою эффективность в других странах, где открытые рынки способствуют инновациям и улучшению потребительского опыта.

Мы движемся к открытому и конкурентному рынку, где граждане и бизнес выигрывают благодаря честной конкуренции.
👍45❤3🤨1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👍56🔥8❤4😐2🤝2🎉1
Когда мы только начинали формировать сообщество Digital Nomads, Адильхан был одним из первых, кто поверил в идею и активно включился в её развитие. Он был одним из пионеров и стал негласным старостой, который вдохновлял и объединял участников. Его активность, энергия и умение организовывать всегда выделяли его среди других.

Помню, когда мы готовили первую встречу сообщества с Главой государства Токаевым Касым-Жомартом. Несмотря на то, что Адильхан не был сотрудником министерства или посольства, он взял на себя множество организационных вопросов. Он не говорил «это не моя задача», а наоборот, активно проявил инициативу. Именно такие люди, которые не боятся брать ответственность, всегда добиваются успеха.

За два года работы в Министерстве энергетики Адильхан смог реализовать несколько значимых проектов, которые продолжают работать и сегодня. Адильхан оправдано заслужил свою новую должность в Apple, его трудолюбие и настойчивость приведут его к ещё большим вершинам.

Желаю ему только успехов и самого наилучшего! Помню мы часто поднимали вопрос появления официального Apple Store в нашей стране. Думаю совместными усилиями мы сможем этого добиться в скором будущем.
👍109❤18
👍77🔥31👏5
Бүгін Сарыбай би ауылында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге интернеттің адамдардың өмірін қалай өзгертіп жатқанын өз көзімізбен көрдік.

Бұрын бұл жерде ескі мыс желісі болған, ол әрең дегенде секундына 3-5 Мбит жылдамдықты қамтамасыз ететін. Ал бүгінгі таңда FWA технологиясының арқасында жылдамдық секундына 300-500 Мбит-ке дейін өсті және бұл жай ғана сандар емес, күнделікті өмірдегі нақты өзгерістер.
⠀
Жергілікті тұрғындардың бірі өз баласының қазір онлайн оқуға еркін қатысып жатқанын, ал өзінің бұрын интернеттің әлсіздігінен армандай да алмаған курстарды өте бастағанын айтты. Осындай оқиғалар бізді одан әрі қадам жасауға шабыттандырады.
⠀
Қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтық туралы айтқанда, FWA сияқты жобалардың осы алшақтықты жоюға бағытталған нақты қадамдар екенін түсіну маңызды. Бұл барлық мәселені шешпесе де, елдің ең шалғай аймақтарындағы адамдардың заманауи мүмкіндіктерге қол жеткізуіне көмектеседі.
⠀
-
⠀
Сегодня в Сарыбай би я вместе с министром цифрового развития Жасланом Мадиевым и акимом Алматинской области Маратом Султангазиевым увидели, как интернет действительно меняет жизнь людей. Раньше здесь была старая медная сеть, которая едва обеспечивала 3-5 Мбит/с. Сегодня с помощью технологии FWA скорость выросла до 300-500 Мбит/с, и это уже не просто цифры, а реальные изменения в повседневной жизни.
⠀
Одна из местных жительниц рассказала, что теперь её сын может спокойно учиться онлайн, а она сама начала проходить курсы, о которых раньше даже не могла мечтать из-за слабого интернета. Такие истории вдохновляют на дальнейшие шаги.
⠀
Когда мы говорим о цифровом разрыве между городом и селом, важно понимать, что такие проекты, как FWA, — это реальные шаги к устранению этого разрыва. Это не решение всех проблем, но оно точно помогает людям в самых удалённых уголках страны иметь доступ к современным возможностям.
👍41❤3🥰2
Жексенбіні ұлыммен өткіздім. Балық аулап, өмір туралы біраз әңгемелістік. Негізі әр баламен бөлек уақыт өткізу маңызды. Себебі бәріміз бірге болғанда әрқайсысына көңіл бөле алмай жатамыз. Ал бөлек уақыт өткізгенде әр баланың ойын, арманын, мұңын тыңдап, онымен сапалы уақыт өткізуге мүмкіндік туады.

Мысалы, үлкен қызыммен жаяу серуендегенді жақсы көреміз. Ол - екеуміздің ғана уақыт. Сырласу уақыты.

Әр баламмен ерекше байланыс орнатқым келеді. Жұмыс деп шапқылап жүргенде осындай жылы сәттер жүрекке тыныштық сыйлайды! Демалыстарыңыз берекелі болсын!
👍74❤20🥰2
Трамп, жасанды интеллект, Stargate

АҚШ-тың алдағы уақытқа приоритеттері инаугурациялық сөзінде анықталды. Менің ойымша, бүкіл әлемге, соның ішінде экономика, әлеуметтік салалар, әскери индустрияға әсер ететін ең маңызды қадам инаугурациядан кейін жасалды. Трамп SoftBank, OpenAI және Oracle компанияларымен бірлесіп, 500 миллиард долларлық қаржыландырумен Stargate жобасын іске қосқанын жариялады! Бұл дегеніміз орасан зор қаражат! АҚШ-тағы стартаптарға арналған жылдық венчурлық қаржыландырудан да көп сома!

Өмір бойы IT индустриясында жұмыс істеп келе жатқан адам ретінде бұл жаңалық мен үшін таңқаларлық, әрі керемет болды. Мұндай өзгеріс күтілген еді, бірақ дәл осындай ауқымда болатынын елестете алмадым.

Біздің саладағы ойыншылар үшін көптеген мүмкіндіктер ашылатыны сөзсіз. Осыған байланысты, мен осы жоба болашақта қандай өзгерістер әкелетінін болжайын.

Трамптың айтуынша, денсаулық сақтау саласы басым бағыттардың бірі ретінде анықталды. Сондықтан, ең алдымен, денсаулық сақтау туралы айтсақ. Әрине, осы саладағы деректерді барынша тез жинақтау үшін бәрі жасалатыны анық. Бұл – медициналық бейнелер, дәрігерлерге жазылу, сауалнамалар, анализдер, диагностикалар нәтижелері, зерттеулер және фармацевтикалық компаниялардың деректері. Бұл деректерді кез келген форматта сатып алу үшін қаржы бөлініп, деректерді жылдам жинақтай алатын стартаптарға қолдау көрсетіледі. Пациенттердің деректеріне қол жеткізуді реттейтін заңдарда өзгерістер болады.

Денсаулық сақтау саласындағы белгілі бір дерттерге арналған жасанды интеллект алгоритмдерін әзірлеумен айналысатын MedTech стартаптары (мысалы, инсультті 99% дәлдікпен анықтайтын жасанды интеллект алгоритмдерін жасаған Cerebra) не сатып алынады, не АҚШ тарапынан қаржыландырылады.

Жалпы алғанда, менің ойымша, денсаулық сақтау саласы келесі он жылда нақтырақ дербестендірілген медицинаға көшеді. Бұл дегеніміз, әр пациент өз үйінде отырып, анализ тапсырғаннан кейін, оның дене ерекшеліктерін, дәрі-дәрмекке төзімділігін және үйлесімділігін ескере отырып, арнайы жасалған дәрілерге қол жеткізе алады.

Қазіргі таңда қолжетімді миллиондаған дәрі-дәрмектер арасынан таңдау жасаудың қажеті жоқ. Оның орнына, қысқа мерзімде пациентке арналған жеке дәрі жасалады, ал маркетинг мақсатында пациенттің есімі қаптамада көрсетілуі мүмкін.

Ал Қазақстан ретінде біз қазір не істей аламыз?
👍19❤1
Трамп, ИИ, Stargate

Приоритеты США определены в инаугурационной речи. Но я считаю самое важное повлияющее на весь мир, включая экономику, социальные аспекты, военную индустрию было сделано после самой инаугурации. Дело в том, что Трамп вместе с SoftBank, OpenAI и Главой Оракл объявили о создании проекта Stargate с финансированием 500 млрд долларов! Это просто колоссальные средства! Больше, чем годовая сумма венчурного финансирования (финансирование стартапов) в США! Для меня, как для человека, всю жизнь работающему в ИТ индустрии, это просто неворятная новость. Она закономерна, но что будет именно в таких масштабах, я себе не представлял.

Возможностей для игроков нашей сферы будет много и позволю себе по прикинуть, какие возможности это даст и что изменится в будущем.

Так как объявлено, что Здравоохранение - это приоритет, начнем с него. Однозначно будет сделано все, чтобы быстрее получить как можно больше данных в сфере здравоохранения. Это снимки, записи к врачам, анкеты, анализы, результаты диагностик, исследований, любые данные фарм.компании итд. Для этого будут скупаться данные в любых форматах и финансироваться стартапы способные быстро накопить эти данные. Будут изменения законов в здравоохранении в части регулирования получения доступов к данным пациентов. Все стартапы в медТех, работающие над специализированными алгоритмами ИИ по конкретным заболеваниям (например Серебра работала над созданием алгоритма Ии способного определять 99% точности инсульт, его вида, параметров и методов лечения) будут скупаться или финансироваться штатами.

Вообще сфера здравоохранения, в итоге я думаю через 10 лет мир точно придет к тому, что будет персонифицированная медицина. Имеется ввиду, что каждому пациенту в результате диагностики по анализу который ты сможешь сдать и дома, будут изготавливаться таблетки лично для конкретного пациента! Не как сейчас есть 1 млн наименовании лекарств, выбирай одну из них. А будет в короткое время изготовлено лекарство с индивидуальным подбором компонентов, учитывая совместимости, переносимости именно твоим организмом. И для маркетинга они будут доставляться с нанесением имени пациента на упаковку.

А что мы можем сделать сейчас? Как Казахстан?
👍47🔥12❤6👏3
Картинки сгенерированы с помощью AI
👍25