Результат будет когда…
1. Веришь (про убежденность)
2. Хочешь (про мотив)
3. Можешь (про навыки)
4. Знаешь (про профессионализм)
5. Успеваешь (про ресурсы)
1. Веришь (про убежденность)
2. Хочешь (про мотив)
3. Можешь (про навыки)
4. Знаешь (про профессионализм)
5. Успеваешь (про ресурсы)
❤14👏5👍1🔥1
Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек. Дүниенің төріне қызыққандар төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр. Есікте қалмай, төрге тырмысалық, басқалар төрге қарай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік. Басқалардың заманға қарай өтіп жатқан амалын көруімізге газет-журнал керек
Бұл «Қазақ» газетінің №1 санында шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Құрметті оқушылар» атты кіріспе мақаласындағы қазақ үшін баспасөздің айрықша қажеттілігін баса айтқан өткір ойлары еді.

❤33🔥4
«Атқамінерлер» — халықтың намысын қорғап, ел ісіне белсене араласқан қайраткерлер.
❤8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тимур Турловқа мынандай адам тәрбиелегеніне сүйсінесің✊🏻❤️🔥
🔥15❤5
Әдетте қоғам идеалсыз өмір сүре алмайды. Олар болмаса, тәжірибесіз жас буын жігері мен қайратын баянсыз іске сарп қылады. Абайдың сөзімен айтсақ, болмасаң да ұқсап бағатын бір тұлға керек.
”Мәдени майдан” кітабынан
”Мәдени майдан” кітабынан
❤15🔥2
Тамырдан айырмай, заманға ілестіру
Маркетингті өнер дейсің бе? Оның артында нарықтың заңдары тұр. Пендешілікке салынып тек ақша туралы дейін десең. Мәдениетпен тығыз байланысты бірдеңе.
Бұл құбылыс — не елді жаңа заманға тамырынан айырмай сүйрейтін феномен болады, не басы мен аяғы жоқ, мәнсіз бірдеңеге айналады.
Менің түсінгенім:
Маркетинг — ұсақ тоғышар арманға ілесіп, дүниенің етегіне кетіп бара жатқан жас қызығушылықтарды дұрыс арнаға бұратын құрал. Ол — тек сату емес, терең мағына беріп, жүк арқалатып, үйрететін, бастысы бүгіннің мәдени сұранысына сай болып тұрған бір институт.
Не болсада тарыдай шашырап, заманға ілесе алмай жұтылып бара жатқан құндылықтарды қайта тірілтіп, заманға сай бояуын беріп, өрнегін тігіп, аманатты жаңғыртып кету — ең басты міндет.
Мейлі маркетолог бол, мейлі IT, мейлі басқа саланың маманы бол, мейлі, мейлі, мейлі…

🔥10❤5
Тәрбие саған күнделікті беріліп жатыр…
Бірақ сен сол тәрбиені көре алмай жүрсің, байқамайсың, маңыз бермейсің…
Тәрбие көрмеген, көргенсіз деген сен туралы болып тұр-ау сол….
#өзімеайтыпжатырмын

❤15👍3
Мұса (а.с.) балықты тірілткен жоқ, бірақ маңыздысы: ол теңізге қарай жүрді…
Тұр, жолға шық…
Тұр, жолға шық…
❤22
Сананың тереңдігі – сізді импульсивті шешімдер қабылдатпайтын, сізді адамдар ортасында сыйлы ететін құрал.
Арын Құнанбайұлы
Арын Құнанбайұлы
❤13🔥2
Ақшаның артынан жүгіремін деп, отқа қарай ұмтылған көбелектей күйіп кетпе, жанбай жатып сөнсең – кезінде жалындағаныңды ешкім есіне де алмайды.
Армандаған өміріңе жететініңе күдігім жоқ. Бірақ оған апаратын жолда – тек армандар емес, бап та керек, тәжірибе, білім мен ізденіс те тағы керек.
Тәуекел деп ұрып кетуге болады, бірақ бұл жол ешкімді аямайды. Құламай шаба алмайсың, жығылмай тұра алмайсың – ол да рас, оны да үйрену заңдылық, бірақ…
«Нардан құла, жеңілгенді жер көтереді» дегенге тойып алған талайы жұтылып кетті. Бір кездері көп асаймын деп, аузын күйдіргендер енді үрлеуге де жүрегі бармай отыр.
Сондықтан — баппен жаса. Кәсібилігіңді шыңда. Ақылыңды тоқтат, сөз ұқ. Алдыңғы сапта тұяқ тоздырғандардан ақыл сұра.
Болатын бала он алтыда «баспын» дейді, бірақ заман басқа. Қазақтың ұсақталғанына сен кінәлі емессің. Бірақ ертеңгі ірілікті қайта қалпына келтіріп, көргеніңмен бөлісу – сенің мойныңда.
Ол үшін асықпа.

🔥24❤11👍2👏1
Түн. Сағат 00:30. Мәскеуге досымның рейсі күтіп тұр.
Біз болса, Нұр-Мүбарактан Құптаннан шыққаннан бері көшеде серуендеп келеміз.
Бір аялдағанымыз – Тары шай. Әңгіме осылай басталды.
Досым бастады:
— «Отызға келдік. Орда бұзар жас. Бірақ қолымыздан келерін, бар мүмкіндігімізді салыстырсақ – бітіргеніміз жоққа жақын. Кеше 23-інде лапылдап жанған толқын өтті, өздерін түгел арнап кеткен… Соларға ілесе алмадық. Бірақ бүгін түсіндік: енді бізге сұрақ туып отыр. Біздің рөліміз қандай? Барыңды келесі толқынға беріп, соларды баптау ма? Әлде мәреге дейін әлі ерте, сауытты шешпейміз деп – жалғастыру ма? Алдағы 10 жылдықта қандай адамдарды қасымызға жинайтынымыз да, кім болатынымыз да маңызды» – деді.
Осы сөзді естіп, мен ойланып осы постты жазып отырмын.
Шынында, әр буынның жүрегінде бір жалын бар. Бір толқын лапылдап жанып өтеді, екінші толқын – күлі мен отынның арасынан өз отын іздейді. Біз ше? Біз – қай толқынбыз?
Түннің бір уағында ішкен бір шыны шайдың буы да, жүректегі осы ойдың буындай қалқып тұр.

❤35❤🔥3👎1🔥1
Өзінен өзі ештеңе көбеймейді.
Өзінен өзі ажырасулар артып кетпейді.
Өзінен өзі жетімдер пайда болмайды.
Өзінен өзі наркомандар да өспейді.
Біреу қаламаса – болмайды.
Кез келген басқарудың артында мақсат тұрады. Және ол басқару – сол дәуірдің ақпараттық повесткасымен жүзеге асады.
Ақпарат дегеніміз тек газет, телеарна, контент қана емес. Ол – сен жұтып жүрген ауаның сапасы, сенің қолыңа іліккен кітаптың идеясы, (Пайғамбарымызға барып жалғаспайтын көп кітап: Брайан Трейсидан бастап, Ник Вуйчичқа дейін) тіпті үстел үстіндегі Red Bull-дың да әсері.
Басқару дегеніміз – белгілі бір мақсат үшін адамның, қоғамның мазмұнын ақпарат арқылы өзгерту.
Ал кім басқарылып жатқанын өзі білмесе – сол басқарылады.
Тарихқа қарасақ, мұның мысалын жетерлік көреміз. Бірақ тарихты оқымаймыз. Білгенде ғана бүгінгі ойыншылардың ертеңгі жоспарын көруге болар еді.

❤16🔥2