BAIPKET
3.49K subscribers
76 photos
18 videos
11 files
28 links
Больше чем просто деньги
Download Telegram
Когда-то каждый успешный бизнесмен был всего лишь начинающим мечтателем – человеком полным идей и разочарований из-за нереализованного потенциала
❤11🔥2
Но однажды что-то щелкает в голове, и этот человек что-то осознает…
❤7🔥1
Изменения происходят тогда, когда боль от того, что всё остаётся по-прежнему, становится сильнее боли от самих изменений…
❤9🔥3
Предпринимательство – это не про стабильность. Это про свободу.
Свободу делать что угодно, когда угодно и с кем угодно.
Но за эту свободу платишь — риском, неопределённостью и ответственностью.
❤14🔥3
Это не так безопасно, как получать стабильную зарплату.
Зато ты сам решаешь, куда идёшь, с кем идёшь и зачем.
❤10🔥2
Посвещение – бұл өзіңді арнау.
Бірге жиналып, “біз енді студентпіз” деп хатада ішіп отыру емес.

Бұл – ниет.
Өміріңді белгілі бір салаға бағыштау.
Мағжанның педагогикаға,
Жүсіпбектің психологияға өзін арнағаны сияқты.

Ал біз ше?
Бірінші курс басталмай жатып шаямыз.

Көрмейтін затты көріп, ішпейтін затты ішіп, бармайтын жерге барып.

Нағыз посвещение –
өз өміріңді бір мақсатқа арнау.
Өз пайдаң үшін емес,
Өзгеге қызмет ету үшін.
❤20💊1
5 жылдан кейін осы кісі жеткен жерге жетсем…

Кейде біреуге қарап сұраймын өзімнен:
5 жылдан кейін дәл сол деңгейге жетсем — өз потенциалымды аштым деген сезімім бола ма?, жоқ әлде одан да артыққа лайықпын ба?

Мынадай логика шығады👇

1. Егер ол адамның деңгейі мені шабыттандырса:
→ сұрақ: “Сол деңгейге жету үшін бүгінгі мен жеткілікті әрекет етіп жатыр ба?”
Бұл — өсу векторы. Сен мотивация мен мақсатты нақтылап, өз іс-әрекетіңді соған теңестіріп отырасың.

2. Егер ол адамның деңгейі ұнамаса:
→ сұрақ: “Дәл сол деңгейде қалып қоймау үшін бүгінгі менжеткілікті әрекет етіп жатырмын ба,?”
Бұл — қорғаныс векторы. Стратегияңды қайта қарап, өз бағытыңды басқа арнаға бұрып отырасың.

Яғни екі жағдайда да бағдар біреу — өз стратегияңа қарау,
бірақ себеп пен фокус әртүрлі:
• Бірінде — “қалай жетем?”
• Екіншісінде — “қалай ол жерге түспеймін?”

Бұл ешкімді сынау емес.
Бұл — өз жолыңды анықтау тәсілі.
Себебі мен ешкіммен жарыспаймын,
мен өзімнің келесі нұсқаммен ғана бәсекедемін.
❤7❤‍🔥2🔥1
Литр сұрасаң — литр береді. 5 литр сұрасаң — 5 литр береді. Проблема беруде емес.

Мәселе — өзіңнің “көлеміңде”. Егер өзің 0,5 болсаң, 5 литр сұраудың өзі бос әурешілік.

Алдымен өзіңді 5 литрлік деңгейге жеткізуді сұра — міне, дұрыс сұрау осы!
👍31❤5🔥5⚡3👏1
Адам не көреді, соны ойлайды.
Не ойлайды, солай өмір сүреді.

Контент — қоғамның санасын қалыптастыратын конструктор.

Адам күн сайын кімнің контентін көреді — соның шәкірті.
🔥13❤6
Өмірде проблема болмауы — мүмкін емес. Бірақ деңгейлер бар.

Кімнің проблемасы қандай — адам да соған қарай

Мысалы, егер бұрын «қалай ақша табам?» десең, енді «қалай масштабтаймын?» деп ойлайсың. Бұл — дамудың белгісі.
❤15🔥3
Боинг екі рет бір себеппен құламайды.
⠀
Дамыған компаниялар қателіктен қашпайды, жинайды, талдайды, шешеді.
➜ Бір себеппен екінші рет құлау — масқара, жүйесіздік белгісі.

Қателікті мойындайды.
Жөндейді.
⠀
Ал біз ше?
Сумоист нәпсі

Тәубе жоқ —
Тек сасық эго.

Қателескенін мойындау –
өлу сияқты сезіледі.

➜ Бұл — өсуге бағытталмаған менталитет.

Батыста – failure деген feedback.
Бізде – failure деген позор.
⠀
Батыс компаниясы – баг шықса update береді.
⠀
Біз – сол багпен барып жаңа бизнес ашамыз.
⠀
Түсіндің бе?
Қысқасы…
Тәубе – upgrade.
❤22❤‍🔥7👍1
Үлкен болған сайын — соғұрлым кішіпейіл бол
❤17🔥2
Ертең алдыңа барғанда:
“Қолымнан келгенше, көкжиегім жеткенше істедім — Сенің ғана разылығың үшін ”
— деп айта алатындай болуымызды нәсіп ет.
❤31🔥3👍2
Ертең…
Қаланың ең қымбат мектебінде жылына 6 млн төлеп оқыған тәп-тәтті байдың балалары емес,
ауылдан қолына көк пакет ұстап, «талап жеймін» деп келген бала тарих жаза алады ма екен?

Тарих қайталанады дейтін бар еді…
Бірақ бұл жолы — басқаша қайталануы мүмкін.

ИИ заманында кім кімнің шаңында қалатынын қарап, бақылау қызық.

Өзгермеген бір қағида:
Білім
— ақшамен емес, аштықпен келеді.
🔥11❤9👏1
Бірдеңе бастай алмай жүргендерге

Жеке өнімділікке қатысты инсайт
👍6💯4❤1
Әлемде бұл мамандық бар ма, жоқ па — нақты білмеймін.
Бірақ People Life Development Manager (PLDM) ….

Түнде хатунмен шай ішіп отырып, өтірік ағылшынша (speaking)-тап, айттым:

“You are PLDM and today you have two projects (Aibi, Marriyam)
Development is a high-level skill.
Paradise and Hell are both the result of development!
But the question is — who is developing: the path of the Prophet (ﷺ) or a‘udhu billah — and where are you developing to?”

Сол сәтте түсіндім —
нағыз даму дегеніміз жәй қабілет емес,
тірілу.
Ал Al-Hayy — тіршіліктің өзі,
Яғни нағыз high-level development —
Тіршіліктің иесіне ұмтылу арқылы өзіңді тірілту.
❤‍🔥7❤6🔥1
💭 Бізде бір миф бар еді ғой:

«Қазақтар етті бәрінен қатты жақсы көреді. Бірінші қасқыр, екінші қазақ» деген😄

Бірақ факт былай:
• Бразилия — 238 миллион ірі қара (әлемдегі №2 экспортер).
• Қазақстан — 9,6 миллион ірі қара (20 есе аз).

Спать!)
🤣13❤5👍2🤡2👎1
Бір А4 форматындағы парақта 500 сөз бар.

Дамыған промт-инженер маман ИИ-ға 10 беттен тұратын промпт жазады екен.

Сенің соңғы рет ИИ-да жазған промттың қанша бет? Оооой бет деппін ғой

қанша сөйлемнен тұрады?
👍12❤4😁4
🌅 Нақ осы шақ — ең құнды сәт

Адамның көбі өмірін осы шақта емес,
екі әлемнің арасында өткізеді.

Бірі — өткеннің тұтқынында.
Өткенін қайта-қайта ойлап,
сол ойдың ішіне кіріп кетіп,
өмірді метаәлем сияқты елестетіп өмір сүреді.
Жібере алмайды.

Екіншісі — болашақтың қиялында.
Қатты армандайды,
сол картинканың ішінде қатып қалады,
осы шақпен байланысы үзіледі.

⸻

Ал шын мәнінде, маңыздысы — нақ осы шақ.
Өмір — дәл қазір.

⸻

🧭 Оның “чит-коды” бар.
Ол — Сүннет.

Қандай ойдың тұңғиығына түссең де,
Сүннет амалы сені автоматты түрде
“осы шаққа” қайта тартып алады.

⸻

🕌 Мысалы:
депрессияның түбінде жатсаң да,
балалық жараңның ішінде қалып кетсең де —
уақыт кіріп, намаз оқи бастағанда
сен қайта “осындасың”.

Үйге кіргенде — дұға.
Су ішкенде — “Бисмиллә”.
Тырнақ алғанда, дәретханаға кіргенде — әдебі, реті бар.

Бәрі жай әрекет сияқты көрінеді,
бірақ шын мәнінде — бұл рухани лайфхак.

⸻

Сүннет — сені өмірге қайта қосады.
Автопилоттан шығарып,
қазір мен осындамын деген
осознанность күйіне қайта әкеледі.

⸻

“Осы шақта өмір сүру — заманауи коучтардың техникасы емес,
бұл — Пайғамбардың (с.ғ.с.) мектебі.”
❤22🔥2
Басқарушыларды (ұйым, мемлекет немесе команда деңгейінде) шартты түрде бейбіт және соғыс жағдайындағы деп бөлуге болады — бұл олардың басқару стиліне, міндеттеріне және ортаға бейімделу тәсіліне байланысты.

⸻

🕊️ Бейбіт кезеңдегі басқарушы

Мақсаты: тұрақтылық, жүйелілік және ұзақмерзімді даму.
Сипаттары:
• Процестерді оңтайландырады, жүйе құрады.
• Командада сенім мен мәдениет қалыптастырады.
• Қателіктерді азайтып, тиімділікті арттыруға басымдық береді.
• Эмоция емес, деректер мен талдау арқылы шешім қабылдайды.
• Өсу, білім, инновация бағытында жұмыс істейді.

Мұндай басқарушы тұрақты нарық пен болжамды ортада ең тиімді.

🕊️ Тим Кук — бейбіт кезеңдегі басқарушы

Тип: Жүйелі, операциондық лидер
Контекст: Джобс кеткеннен кейінгі Apple — тұрақты, бай, жүйелі компания.

Сипаттамасы:
• Процестерді жетілдіріп, өндіріс пен логистиканы мінсіз етті.
• Тұрақтылық пен акционерлік құнды арттыруға көңіл бөлді.
• Командалық мәдениетті жұмсартты, демократиялық стиль енгізді.
• Инновацияны жалғастырғанымен, ол біртіндеп, есеппен жүреді.

⸻

⚔️ Соғыс кезеңіндегі басқарушы

Мақсаты: тірі қалу, жылдам нәтиже, шешуші әрекет.
Сипаттары:
• Тез шешім қабылдайды, тәуекелге бара алады.
• Қатаң тәртіп, нақты бұйрық пен бақылау орнатады.
• Әрекетке бейім, стратегиялық емес, тактикалық ойлайды.
• Ресурстарды шұғыл және тиімді пайдаланады.
• Қиын жағдайда командаға сенім мен рух береді.

Мұндай тип кризис, нарықтағы турбуленттілік, бәсекенің күшеюі кезеңінде қажет.


⚔️ Стив Джобс — соғыс кезеңіндегі басқарушы

Тип: Кризистік, революциялық лидер
Контекст: Apple-ді банкрот болудан құтқарып, инновациялық серпіліс жасаған.

Сипаттамасы:
• Радикалды шешімдер қабылдады: өнім желісін қысқартты, дизайн мен инновацияға бар күшін шоғырландырды.
• Командаға қатал болды, бірақ бұл қатаңдық креатив пен сапаға итермеледі.
• Әлемді өзгертуге бағытталған миссия ұстанды (“Think Different”).
• Нарықтағы хаос кезінде компанияны қайтадан шыңға шығарды.
❤7