BAIPKET
3.49K subscribers
76 photos
18 videos
11 files
28 links
Больше чем просто деньги
Download Telegram
BAIPKET
Әуе шары жоғары ұшуы үшін, артық қапшықтарды лақтыру керек.
Лас жүрекпен миғражға көтеріле алмайсың.
❤20😭11👍2💔1
😢15❤10💔2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡18❤6
Отбасына компанияға қарағандай қараңдар дейін десең, көбісі компаниясын да қатырып жүрген жоқ 😂
🔥17🤣8❤6❤‍🔥2
«Я, Алла» деп алақан жаюдың орнына.
«Hi, Gemini» деп промпт жазатын болыппыз.

Жаратушы тұрғанда жаратылғанан не сұрайсың? демекші жалған дүние-ай.
❤37❤‍🔥5👍3😭3🤯1🫡1
“2026-да жабайы бизнестен қалай сақтанамыз?”

Senior трекерлерімен подкаст түсірдік!
Бұл подкастта біз кәсіпкер, фрилансер, эксперттер үшін шын мәнінде маңызды тақырыптарды аштық:

- мақсат қою
- кәсібилік пен жауапкершілік
- болашақты ойлау
- өмірлік этаптар
- әр адамда болуы тиіс негізгі қабілеттер

Сілтемеге өтіп көр👇🏻
https://youtu.be/jVYlHuEWwAw?si=hijGrCCO9pktjv4e
❤7
Жеңіл зат ауыр болып көрінеді.
Ауыр зат жеңіл болып көрінеді


"Ауыр болып көрінетіннің" (Қиындықтың) ішінде МАҒЫНА (МӘН) бар.

Анаға баласын көтеру ауыр ма? Жоқ. Физикалық салмағы бар, бірақ махаббаты оны жеңілдетеді.

Ереже: Егер жүктің мақсаты болса, ол ауырлығын жоғалтады.

ЖЕҢІЛ ЗАТ НЕГЕ АУЫР

"ұсақ-түйек", "ермек", "жеңіл ләззат" - олардың салмағы жоқ, жүгі тастан да ауыр.

Үлкеннен қорықпа, ұсақтан жиіркен.
❤25🔥4
Әлемде адамдардың небәрі 3%-ы ғана өз тұрғылықты мекенжайын түбегейлі өзгертіп, басқа жаққа көшуге саналы түрде батыл шешім қабылдай алады.
🔥25❤14👏1
Бүгін миыңа инвестиция салуға үнемдесең – ертең өмір бойы мойныңа ілінген қарызбен жүруге мәжбүр боласың.
❤27💯5
Қазақ даласында алғашқы зайырлы мектеп 1841 жылы ашылды –
Бөкей Ордасындағы қазақ‑орыс мектебі
(негізін қалаған Жәңгір хан).

Ал сол кезде әлемде уже мыналар бар еді:
— University of Oxford — 1096
— University of Cambridge — 1209
— Harvard University — 1636

Факт:

Бізде мектеп енді ашылды.
Оларда университеттер 500–700 жылдық тарихпен жұмыс істеп тұрды.

Бұл салыстыру емес,
бұл – уақыт айырмасын түсіну.
Ал түсінген адам ғана болашақты өзгертеді.
❤31👍5👏4
Папа, білесіз бе...

Ислам деген – емші, тәуіп, бақсылар емес.
Ислам деген – барып бір әулиенің басында түнеп, тілек тілеу де емес.
Тіпті сақал өсіріп, арабтың киімін киіп алу – ол да Ислам емес...

Сіз кішкентай кезімде: «Балам, сабағыңды жақсы оқы» деуші едіңіз ғой?
Вот сол – Ислам, пап.

Қыста аяғым су болып келгенде, үндемей аяқ киімімнің ұлтарағын шығарып, батарейге жайып қоюшы едіңіз ғой?
Вот сол – Ислам, пап.

Кезіндегі көрші орыс Вадим ағалармен жақсы араласушы едік қой?
8-қабаттағы Мұратбек ағалардан мантоварка сұрап кіруші едік...
Көршімен тату болу – вот сол Ислам, пап.

Кешке: «Сағат 8-ден кейін үйге кіріңдер, көшеде неше түрлі жындылар жүреді, аман жүріңдерші» деп звондап айтушы едіңіз ғой?
Отбасын қорғау, уайымдау – вот сол Ислам, пап.

Мен демалыста ауылға келгенде: «Ата-апаңа барып бірінші амандас, ұят болады» деп үйретуші едіңіз ғой?
Үлкенді сыйлау – вот сол Ислам, пап.

Мен ешқайда адаспадым, пап.
Маған бұл жолды біреу шетелден көрсетпеді.
Бұл жолға мені бағыттаған – сіз, пап.
❤69❤‍🔥9🔥3
Сен өміріңнің «Ұлы Гэтсби» сияқты лакшери, ал әр күнің «Труман шоуы» сияқты хит болғанын қалайсың ғой?

Бірақ, стоп. Ол өмірге жету үшін:

Алдымен Вилли Вонка бол.
Шоколад жасасаң да әлемдегі ең «жынды» шоколадты жаса. Өз ісіңмен ауыр.

Форрест Гамп бол.
Миды өшір, аяқты қос. «Жүгір» деді ме? Сұрақ қоймай жүгір. Дисциплина сенің IQ-ыңнан маңыздырақ.

Сенде тума талант жоқ па? Онда Рок Ли бол.
Генийлерді тек «қара еңбекпен» жеңуге болады. Шаршама.

Кунг-фу Панда айтпақшы: «Құпия ингредиент» жоқ. Сиқыр жоқ.

Дүние сені аямайды. Бұл «Голодные игры».
Әлсіздер ойыннан шығады.

Ұйықтама...
Оян, Нео.
❤40🔥9😁1
1825

Адам баласы тағдырының таразысы – осы екі санның арасында теңселіп тұр

Бірі – Он сегіз. Заң алдындағы кәмелет. Қолыңа қағаз тиген, мойныңнан ата-ананың борышы түскен, алдыңнан «Бостандық» есігі айқара ашылған шақ. Бірақ, байқа! Бұл бостандық – алдамшы. Себебі, тән толысқанымен, жан әлі шикі. Қан қызу, бірақ ақыл суық емес. Дәл осы бостандықпен жастардың 80%-ы өз болашағын құртып алады

Екіншісі – Жиырма бес. Ғылым айтады: «Адам миының тізгін ұстар бөлігі (маңдай қатпары) осы жаста ғана толық жетіледі» деп.

Сонда 18 бен 25-тің арасы не?
Бұл «Бозбала» мен «Тұлғаның» арасындағы ұлы майдан даласы.

Өміріңдегі ең қауіпті әрі ең маңызды аралық. Осы 7 жылда не істесең қалған өмірің соның нәтижесі болады.

Ал сен, Алла қаласа, осы жеті жылды іргетас құюға, миды шыңдауға, рухты тәрбиелеуге арна.

18-де – ізденіс
25-те – нәтиже.

Арасы – «1825» жобасы.
❤47
Ең үлкен соғыс қазір далада емес, сенің жүрегің мен ақылың үшін жүріп жатыр.
❤25🔥8
Көп адам «Қалай істеймін?» (инструмент) деп қатып қалады.
Негізі бастысы – «Не үшін істеп жатырсың?» (фундамент).

«Зачем?»-і бар адамға «Как?»-ты түсіну қажеті жоқ, өзі-ақ келеді.
❤21❤‍🔥9🔥1
Идеалды қоғам саяси партиялар арқылы емес, жүректердің өзгеруі арқылы төменнен жоғары қарай (bottom-up) құрылады.
❤20
Сенің бойыңдағы әбден тізесі шыққан, көзіңді ашсаң болды қайталана беретін модель поведенияларың, уже до того жек көріп/проживать етсең құсқың келетін травмаларың, әп-әдемі шәйдің кесесіндегі жыңға тиетін кетік сияқты бойыңдағы тарақандарыңның барлығы Құдайды танып, оның идеальный екенін мойындау үшін ғана берілген. Өзіңнің миыңды зорлай беру үшін емес.

Осыны түсінгенде, оның ғана қалауымен бәлкім обратный процесс басталады. ❤️‍🔥
❤30😭5