Бәке, не хабар? 🚀
1.51K subscribers
275 photos
72 videos
6 files
153 links
Инфобизнес және менің өмірім, ойларым туралы канал
Download Telegram
СЕН ӘЛІ ТІРКЕЛМЕДІҢ БЕ ?!👇🏻

http://chtr.kz/copy3
ОФФЛАЙН МАСТЕР-КЛАСС

ӨТЕТІН ОРЫН: ТУЛЕБАЕВА 38
“ШТАБ”

САҒАТ: 18:00
👍4
-“ҚЫЗДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ӘЛСІЗ, НЕРВМА ТИЕДІ”😑

ИӘ,БІЗДЕ БҮГІН БУТКЕМПТІҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ😉🔥

не болып жатқанын тезірек сторис арқылы көр👇🏻

https://instagram.com/stories/shtab.biz/3022055312623741868?igshid=YmMyMTA2M2Y=
👍5
БІРІНШІ МАРТҚА ДЕЙІН ДУБАЙҒА БАРМАСАҢ, БИІКТІКТЕН СЕКІРЕСІҢ🙌🏻

БУТКЕМП ОДАН ӘРІ ҚЫЗЫП ЖАТЫР🔥
стористасыздар ма?👇🏻

https://instagram.com/stories/shtab.biz/3022140581666381473?igshid=YmMyMTA2M2Y=
👍1
 Бүгін біраз ашуландым!!

Оған себе мына нәрсе, соңы 5 күн тіпті сторисқа шығуға уақыт таппай қалдым, себебі барлық фокусым студенттерімде. Қазір мен жеке коучингтағы шәкірттерімді бір жерге жинап алып, спринт жасап жатырмын. Қазір бізде дайындық кезеңі. Бұйырса олардың әр қайсысы жұмысты бастаған соң Инфобизнес арқылы 7 күнде 3 000 000тг табу керек.

Олай жасай алуы үшін мен оларды жинап оларға жабық сабақ өттім де, өзім 3 күндік мышление бойынша буткемпқа кеттім. Бүгін келсем олар мен болмаған 3 күнде почти что ештеңе істемеген. Соны көріп ашуландым, мен оларға дайын инструкция, шаблондар, дайын примерлар бердім бірақта олар 3 күнге қойылған задачаларды орындамаған. Бүгін келе салып шәкірттеріме ұрысып алдым, неге дым жасамағансыңдар деп.

Ұрысып отырып бір байқағаным, негізінен адамдарға баспен жұмыс істеу ауыр, ойлану, мәселені шешу өте ауыр, сол себепті көбісі тек физикалық күшпен жұмыс жасауға бейім тұрады. Біздің қазақтардың дерті де осы ау. Баспен емес қолмен жұмыс жасауды ғана білетіндігі. Сондықтан болар, еліміздегі орташа таза табыс өте аз!!!!

Айтпақшы біздің елдегі орташа таза табыс қанша өзі👇🏻?
👍15🔥1👏1
Инстаграмда осындай опрос жасап едім, Қазақстандағы орта есеппен таза табыа 70.000тг мен 250.000тг аралығында дейді?

Сіздер қалай ойлайсыздар?
👍4❤1
Қазақстанда орта есеппен айына таза табыс 4463тг.

Қалай 🤔?
Қараңыздар 🆘

Бүгін бір қызық статистикаға тап болдым. Менің өз басымнан өткен нәрсеге байланысты болғандықтан бөлісуді ұйғардым. Қазақстанда орташа есеппен жалақы 230. 000 тг екен. 
👍2
Ал бұл статистика шығын бойынша.

Әдетте бір адам бір отбасын қамтамасыз етеді ғой, енді ең қызығы сол бір отбасынының шығыны, мысалы Алматыда 225 537 тг.
Енді есептейік, айына орташа 230.000тг табыс табасың. Содан үйдің, тамақты, жүріп тұрудің шығынын жабасың ол 225.537тг.

230.000тг - 225.537тг = 4463тг таза табыс қалады қалдаңда.

Ал табысыңыз 225.000тг ден аз болса, онда қарызың көбейе береді деген сөз!
Ал, енді адамдардың не үшін қарызда немесе кредитте өмір сүретінін түсіндіңіз бе? Табатын табысыңнан 4 463 тг қалса не істеуге болады? Онда әрине жаңа техниканы, жаңа көлікті, үйді, білімді кредитке аласың. Басқа амал жоқ!

Ужас қой иә?
Anonymous Poll
80%
Иә өкінішті нәрсе
9%
Ужас
11%
Бәсее неге қарызып көп десем
👍2
Бұл жердегі ең жаманы, өкініштісі соған көніп жүре береміз ғой «Осыған да шүкір, бастысы аман болайық!» - деп.

Өзімізді алдап және әрекетсіздігімізді ақтап алып!!!
👍1
Менде осыған байланысты сенің өміріңіді өзгеретін бір қызық оқиға болды! Айтайын ба қызық болса?
Anonymous Poll
84%
Иә ✊🏻👌🏻🔥
11%
Қандай ?
5%
Оқуға уақытым жоқ(
Баспен емес қолмен істе жұмысты! 1-бөлім.

2017 жыл Қазпоштада әп әдемі, тұрақты жұмыс жасап жүрген едім. Курьер болып істесем де ең бастысы уайым жоқ, тыныш, стрессіз өмір сүріп жүрдім. Сол жұмыс істеп жүрген жердегі басшым Ержан Алмасұлы ағаны сыртынан бақылап қарасам өзі жас, талғамды, талапты, білімді жігіт. Ол сөйлегенде айналасындағыларды шабыттандырып немесе басып жібере алатындай күші мен мысы бар, бойшаң кісі еді. Кейде офситың алдында күн шуағында ойланып жалғыз ұзақ тұратын. Қолында парламент деген темекісі бар, оны аузына салып түтінін ішке тартып, оны асықпай шығарып  бір медитация жасағандай көрінетін. Мен оның сыртынан қызығып Ержан аға іштей біп үлкен мәселені шешіп жатыр ау деп ойлайтынмын. Себебі тура солай тұрғанында қабағы түйіліп, көздері мұңды болып, ол кісі қатты ойда болатын. Бір күні Ержан Алмасұлының әдеттегідей түскі астан кейін сыртта тағы солай тұрғанын көрдім. Оған қарап менде типа ойланып тұрамын. Қасыма бір Алмат деген курьер жігіт келді.  Бәке Ержан Алмасұлына қарап қызығып тұрсың ба? Иә, қарасам тамсанамын, қарашы өзі басшы, бақытты әрі бай адам. Басқалары темекіні арақ шарап ішу барысында шексе, ол үлкен мәселелерді шешіп жатып шегеді. Әдемі көрініс қой Алмат! Өзің қарашы дедім. Алмат мені мысқылдап күліп, Әй Баке! Жылтырағанның бәрі алтын емес қой. Бұл кісі ақшасы болса да, басшы болса да бақытты емес. Отбасында проблемалары көп, әйелімен ажырасайын деп жатыр. Онымен қоса оның да басшылары бар ғой, өте қатал олар. Ержан Алмасұлына күні-түні маза бермейді, содан ғой осылай қатты ойға батып миы ашып тұратыны деп айтқанда мен таң қалдым. Алматтың бұл Қазпоштада меннен көбірек уақыт жұмыс істеп жатқанын білемін, әлбетте ол басшылар туралы меннен көбірек біледі. Содан менде іштей бір тыныштық және қауіпсіздік сезімі пайда болды. Мен курьер болсам да, табысым аз болса да  «Осыған да шүкір, артық проблема ми ашу жоқ» деген ойлар келді. Сағат 7:00  жұмысқа келемін, жұмысымды жақсы жасаймын, жақсылап түстенемін, 21:00 үйге қайтамын және ұйқым да тыныш қой деп бір қуанып алдым.
 
Осы бір сәтте қуанып алғаныммен әр айдың басы мен айдың аяғы мен үшін ең ауыр сәттер еді. Себебі айдың басында айлық аламын және ол айлық 3 күнде бітіп қалады. Тіпті біздің үйдегі туалетная бумага олаз тез бітпейді екен ойлап қарасам. Айлық алған күні каспи теңізінің жағалауынан хаттар келеді «бізге ақша төлеуің керек, ұмытпадың ба?!» - деп, олар біздің бухгалтериямен байланыста отыратын сияқты көрінетін маған. Әйтеуір айлық алсам бірден хат келеді. Одан қалса «Арзанның артындағы арзан квартираның» ақысын төлеу керек, одан қалса туалетке туалетная бумага, оны қолдану үшін туалетке баруың керек, ал туалетке баруың үшін ішетін асың болу керек. Оның барлығын алу үшін тағы да ақша керек. Сонымен не керек 3 күнде алған айлығың бітеді, тек жұмысқа барып келуге, әр күнге әр пересадкаға есептелген ақша қалады. Бірақ, арасында мен ойламаған қалаулар мен жағдайлар міндетті түрде орын алады. Кейде түскі астан тойып шықсаң да, посылка тасып жүріп қарның ашады немесе асығып машина айдап жүргенде ереже бұзып жол сақшыларына ұсталасың. Оған да бірдеңе беруің керек. Қалай екенін кейде білмей қаламын, әйтеуір айдың аяғында әріптестерімнен «500 тг – 1000 тг бере тұршы, до зарплаты» - деп қарыз сұрап кетемін.
 
Осындай проблемарым еске түскенде Ержан Алмасұлының қасына барып бір тал парламентін сұрап алып, тура солай ойға батып тұрғым келеді. Бірақ мына құрғыр жұмыс ондайға мүмкіндік бермейді ғой, «Срочная доставка» - деп мені шақырып алды.

Осы срочная доставкамен бірге өмірім де солай “срочно” өзгеретінін білмедім. Қызық енді басталды…
👍18
Баспен емес қолмес істе жұмысты! 2-бөлім.

- Бақытбай, тез кел, Фурманова 100ге жылдам жеткізу керек посылка бар, бірақ байқа беліңді ауыртып алма, посылка ауыр.- деген жеткізу бөлімінің басшысы Бақтияр ағаның дауысы алыстан шықты.
- Қазір келе жатырмын, Бақтияр аға.
 
Қой кеттім, өзіме ұнамаса да, ұнайды деп жүрген жұмысымды істейін. Әлгі жылдам жеткізу керек деген посылканы барып Өзбекстаннан келген домаз көлігіме тиеп алайын десем тым ауыр екен. Ауыр жүк көтеріп зақымданған бел мынаған шыдамас, белімді құртсам болшақ жарым ренжіп қалар деп жаңағы Алмат пен тағы бір Серік деген курьер жігітті шақырып алдым. Үшеуміз үш жақтап посылканы көтеріп, менің көлігіме тиедік. Бір адамға тым ауыр жүк, үш адам үшін дым ауыр болмай қалды. Бұны байқап тұрған менің басымда сол кездегі Бакең үшін керемет бір идея пайда болды. Қазір менің материалдық жүгім ауыр, кредит, қарыз, квартира, азық-түлік барлығы менің мойнымда. Ауыр жүкті үш адам көтерсе жеңіл болғандай менде 3 жұмысым болса яғни 3 жерден айлық алсам онда материалдық жүгімді 3 айлығым жеңілдетер еді деп көзім жанды.
 
Сол кезден бері мен бірден әрекет етуды жақсы көретінім бар. Жылдам жеткізу керек деген жүкті иесіне апарып беріп, дереу офисқа келіп смендік графиктік жұмысқа ауыстым. Бір тәулік осында сменда жұмыс жасаймын, одан кейін 3 тәулік демаламын. Сол демалуым керек 3 тәуліктің алғашқысында ремонт жасайтын досымның қасына барып «подсовник» боламын, ал қалған екі демалысымда Кфс колл центрінде оператор болып жұмыс жасаймын. Солай мен айдың 30 күнін жұмысқа арнадым, демалыссыз. Жұмыстан шығамын, жұмысқа барамын. Бұлай жасаудағы мақсат, алған айлықтарым кредит, квартира, үйдің шығындарынан асып өзіме ақша қалса, ақша жинасам деген гитлерский план ғой. Бірақ мен ойлағандай болмады. Бір емеc 3 жерде жұмыс жасаған соң жұмысымның сапасы да нашарлады, штрафтар көбейіп, бонустар азайды. Мен бұрынғы алған айлығымнан 3 есе көп табыс табудың орнына табысым тек 2 есе ғана өсті. Оған мәз болайын десем ұйқысыз, дұрыс режіимсіз, демалыссыз жұмыс істей бергеннен денсаулығым қатты сыр бере бастады. Әдеттегі шығындарыма дәрі-дәрмек деген шығын қосылды. Ол ол ма? 3  жерде жұмыс істеген соң жолға кететін шығын да 3 есеге өседі екен ғой. Осылай 4 айдай уақыт жүріп материалдық жағдайым мүлдем жақсармағанын түсіндім. Түрім түрмеден кеше шыққан тұтқынның түріндей, өзі арық Бәкеңді қазір жанынан қарасаң көрінбей қалатындай болған. Ашушаң, уайымшыл және қатты шаршаған. Алланың құлы болып өмір сүріп жүргенімді емес, өмірдің құлы болып жүргенімді сонда түсіндім.

Жұмыстың құлы болудан шаршаған мен….
👍13👏2
Баспен емес қолмен істе жұмысты! Соңы…

Содан қой, бұрынғы жұмысымды қайта істейін десем - «Курьер бола алмайсың, орын жоқ!» - деп басты басекем. Артық қыламын деп, тыртық қылғанымды іштей сезсем де үмітсіз шайтан деп курьер болу үшін әрекеттендім. Сол Қазпоштада ағамдай қамқорлық танытатын Батыр ағам бар еді. Оның алды артына түсіп, аға маған көмектесіңізші деп есін шығардым. Қолында болса барлығын жасайтынын білемін, қолында тек посылка болғандықтан да ол шарасыз, шарасыздығынан іштей қатты қиналатыны, меннен ұялатыны көзінен көрініп тұрады. Оны мазаламайын десем амал жоқ, жаным да тәнім де қиналып барады. Алланың «әрекет етсең беремін» - дегені рас қой шіркін!
Батыр ағама маза бермегеннен бе, әлде құдайдан тілегеннен бе, әйтеуір бір күні басшылық қоңырау шалып «Ержан Алмасұлының жүргізушісі боласың!» - деді. Құлағыма «Президенттің жүргізушісі боласың!» - дегендей естілді ме білмеймін, көз алдыма президентті тасып Ақордадан шығып бара жатқаным елестеп кетті.
Алло! Алло! Бақытбай естіп тұрсің ба? Ертең таңғы 8 де кел, жұмысыңды баста деді. Жақсы, жақсы! Ертең таңда боламын дедім.
 
Таңертең Ержан Алмасұлының көлігін алып, оның үйінің алдында күтіп отырмын. Көліктің рөлі қайта-қайта суланып кете береді. Салфетканы алып сүртіп қоямын, сонда да қайта-қайта су. Сөйтсем ол рөлді сулап жатқан менің алақаным екен. Қатты уайымдап отырғаннан алақаным да терлеген екен. Әдетте жүрек терлегенде алақан терлейді деуші еді ғой. Содан Ержан Алмасұлы келіп, көлікке отырды. Мені танып,
-       «Бақытбай ты же вроде в отдел экспедиций на смену перевеля? Вернулься что ли» - деді.
Иә, қайта осында ауысып келдім Ержан Алмасұлы.
-       А че там работа не понравился? - деп сұрады.
Әңгіме жол қысқартады демекші, офисқа жетем дегенше басымда болған жәйтті толық баяндап бердім. Көзді ашып-жұмғанша міне біз де офистің алдына келдік. Ержан Алмасұлы күліп,
-       Бақытбай, хочешь больше зарабатывать, тогда работай не руками а головой! -
деп шығып кетті. Мен іштей қуа ма мына кісі, енді посылканы баспен қалай тасимын деп бір мысқылдадым. Оның айтқанын түсіну үшін маған бір апта керек болған шығар. Түсінгенде барып Ержан Алмасұлынан, «Ал енді баспен жұмыс жасай алу үшін не істеймін деп сұрадым», ол кісі «ЧИТАЙ КНИГИ ПО БОЛЬШЕ!» - деп қысқа қайырды.  Мен ол кісінің көлік ішінде кітап оқитынын білетінмін. Сонда менімен тілдескісі келмей кітап оқиды ау деп ойлаушы едім, оның шынайы себебін енді ғана түсіндім. Ол осылай өзін дамытып жүр екен ғой.
 
Содан алғашқы кітабымды мен де оқи бастадым. Бір әпкеме кітап оқуым керек дегенде қолыма Марат Абиевтің «Казахстанская мечта» деген кітабын ұстатты. Сол кітап арқылы басқа әлемге, бизнес әлеміне тап болдым. Сол кітаптан бастап ойым, әрекетім өзгере бастады. Жаңа қабілеттер, марктеинг, реклама, өндіріс барлығын меңгере бастадым. Ең қызығы араға бір жыл салып менде де ашылып-жабылған 3 бизнес және сол сәтте жақсы табыс алып келетін кәсібім, ең бастысы қарыздарым толық жабылды. Ең бақытты, ең бай, ең білімді адам менмін деп ойлап жүргенде бұрынғы проблемаларымды жолда қалдыратын проблемалардың шығатынын мен қайдан білейін. Ол енді бөлек хикая!
👍18❤3
Өте ұзааақ, бірақ өтеее пайдалы бір оқиғаммен бөлістім ☝🏻.
🔥20
Товарный бизнес бастау қателік!
Сол, 2017 де мен бизнес бастағанда товарный бизнестен бастадым. Басталғанда алғашқы 3 бизнес жақсы жүрсе де ақыры сәтсіз аяқталып, жабылды. Еще ол бизнестердің артында қарыздар қалды. Сондықтан енді «С нуля бизнес бастаймын» - дегендерге товаркадан бастамаңдар деймін. Ол қателік екен. Неге?
 
Товарный бизнес бастау қателік!
Барлығы бизнес жасайтын кезде тауар сатуды немесе просто қызмет көрсетуді таңдайды. Жақсы табыс табу үшін бизнеспен айналысу керек екенін айтпаса да білеміз. Бірақ бизнестің шын мәнінде не екенін біле бермейміз. Осы уақытқа дейін бизнес десе тауар алып сату, бутик, магазин ашу немесе ресторан, салон ашу деп келдік. Бірден миллиардерлер жасырған құпияны ашайын сіздерге. Бизнес – ол басқа адамның қажеттілігін өтеу арқылы тұрақты табыс табу көзі екені белгілі. Осы жердегі «қажеттілік» деген нәрсеге аса мән бермейміз. Мықты кәсіпкерлер осыған қатты мән береді.
«Бизнес қажеттілікті өтеу арқылы табыс табады» - дегенді енді талдап көрейік. Адамдардың басты қажеттілігі қандай? Біз ойлаймыз басты қажеттілік ол – тамақ, киетін киім, тұратын үй және өзгелермен қарым-қатынас құру. Бұлардың барлығы физиологиялық, қауіпсіздік және әлеуметтік қажеттеліктер. Алайда, адамға осы қажеттіліктерді өтеу үшін не керек?
Яғни, тамақ алып жеу үшін, киіну үшін, баспаналы болу үшін ақша керек, ал басқалармен қарым-қатынас құру үшін тіл білу қажет.
Ал, енді осы ақшамен тілге деген қажеттілікті өтеу үшін не істеу керек? Әрине, білім керек.
Демек, адамның ең үлкен қажеттілігі білімде. Ал, инфобизнес – адамдардың білімге деген қажеттілігін өтеу арқылы табыс табудың көзі. Сол үшін де инфобизнесте ақша табу оңай. Және сол үшін де әлемдегі ең қымбат бизнестестердің қатарына осы білім беру компаниялары кіреді (фотода)
 
Бірақ біз инфобизнес қиын сала деп ойлаймыз ғой. Ол өтірік. Айтып берейін ба не үшін өтірік екенін?
👍28🔥5❤2⚡1
2023 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТ МАСТЕРМАЙНДЫН БАСТАДЫҚ 🔥

Барлық қызықтар стористе болып жатыр, тезірек өтіп көр 🤯🥳


https://www.instagram.com/reel/Cn9NRpAPPFO/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
👍1
СТУДЕНТТЕРІМІЗДІҢ ҚАМЫН ОЙЛАП, МАСТЕРМАЙНДҚА МАКЛЮБЕ ТАПСЫРЫС БЕРДІК 😍😋🍴

Стористегі қызықты оқиғаларды жіберіп алмаңыздар 👇🏻


https://instagram.com/stories/shtab.biz/3025693019970375293?igshid=YmMyMTA2M2Y=
👍8