БАСЕ
47.4K subscribers
2.9K photos
3.3K videos
95 files
915 links
Издание создано Айдосом и Натальей Садыковыми. Наши контакты в мессенджерах +380506590162
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Комитетчики блокировали беременную активистку. За полчаса до начала митинга в Алматы дом Дианы Мухамедовой блокирован сотрудниками КНБ.28.02.2021
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Астане комитетчики в гражданском захватили активиста. 28.02.2021
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Из ВКО учреждение ОВ 156/22
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атарау.7.03.2021 сағат 12-00
По коррупции в Акмолинском отделении КТЖ с фактами и подписями реальных людей.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Крановщики Актобе требуют увеличить заработные платы до 500 000 Тенге. В случае не выполнения требовании с 9 марта объявляют забастовку.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Экибастуз. «Сотрудники полиции пришли в маг по ул сатпаева 12 у Розы и оформили что якобы была продажа пива не достигшему 21 года с его слов при этом нет ни чека ни факта продажи видео. Еще и зарегистрировали как будто было. Как оказалось на рабочем месте этих продавцов и не было они отъезжали по своим делам в это время. Менты привели подучетного парня который даже не появлялся в магазине и оформили магазин и сказали что в дежурную часть поступил звонок что магазин реализуют пиво детям не достигших 21 г но при этом нет бумаги на руках что была жалоба»
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Инвалиды Семея обращаются к Токаеву.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Темиртау. Менты специально нанимают несовершеннолетних чтобы подставить владельцев магазинов. За подставу этой девушке полицаи заплатили 1500 Тенге.
Қытайға құл болма! Митингке шық!

27 наурыз сағат 12-00
Алматы, Шоқан Уәлиханов алаңы (Шевченко көшесі, Уәлиханов қиылысы)

Қытайдың 56 зауытын салуға;
Қытай экспансиясына қарсымыз!

Демократиялық партия
“Бәсе” каналы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«На небе Бог, под землей нефть, между ними- Жанаозен». В Жанаозене прошёл митинг против повышения цен на газ. По словам спикера себестоимость газа равна 28 Тенге,однако монополисты продают газ по цене 60 Тенге за литр. Только 10% автомовладельцев используют бензин, остальные автомобили на газе. Жанаозенцы требуют снизить цену на газ до 45-50 Тенге за литр.
«В конце января 2020 года, недавно избранный в депутаты Мажилиса Парламента РК от Ассамблеи народов Казахстана Буларов Ильяс Юсупович, 1957 года рождения, будучи в должности акима Сортюбинского сельского округа Кордайского района Жамбылской области, взял денежные средства в сумме 860 тысяч тенге у гражданки Акимбаевой Гульзат, 1978 года рождения, за предоставление земельного участка под строительство магазина в Кордайского районе около границы с Кыргызстаном. Однако обещание не сдержал и деньги возвращать отказался. 14.01.2021 года исчерпав все возможности вернуть свои деньги Акимбаева обратилась в полицию УП г. Тарас с заявлением КУИ 21311003000155 от 14.01.2021г. в отношении Буларова И. Ю. по факту мошенничества. Данное заявление передано для проверки в Кордайский РОП, однако до настоящего времени никаких следственных действий не проводится, нарушены установленные сроки для возбуждения уголовного дела. На данное положение дел влияет сам Буларов И. Ю., через свои связи в МВД РК оказывает давление на следствие и на заявителя. Таких обманутых акимом много, они боятся жаловаться, не уверены в справедливости со стороны властей, рука руку моет, наказания он вероятно избежит так как уже стал депутатом Мажилиса.

Является членом Комитета по вопросам экологии и природопользования Мажилиса Парламента. Депутат 7 созыва»
Қазақстан Республикасы  Президеті Әкімшілігінің  басшысы Е.Ж.Қошановқа
 
ҚР Ішкі істер министрі
полиция генерал-лейтенанты
Е.З.Тұрғынбаев мырзаға
 
Ақтөбе облысының әкімі
О.С.Оразалинге
 
Ақтөбе облысы ПД бастығы
полиция полковнигі    
А.Ғ.Арыстановқа
 
Ақтөбе облысы Полиция Департаменті, Алға ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұжымдық
АРЫЗЫ
 
Біздер, Алға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, Сізден қазіргі таңда Алға ауданы ПБ бастығы полиция подполковнигі Мақсат Жарасұлы Сапарғалиевты атқарып отырған лауазымын асыры пайдаланғаны үшін қызметінен босатуыңызды сұраймыз. Осы азамат ПБ басқарған күннен бастап құқықтарымыз жерге тапталып, ар-намыстарымыз қорланып келеді.
Себебі:
М.Ж.Сапаргалиев өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, үнемі қарамағындағы қызметкерлердің ар-намысын қорлап, боқтық сөздермен балағаттап, дөрекі сөздермен кемсітіп, өзін барлық қызметкерлерден жоғары санап, қызметтік лауазымын асыра пайдаланады. ҚР ІІМ №358 бұйрығы бойынша «Полиция стандартының» және «Әдеп кодексінің» талаптарына сай емес іс-әрекеттер жасайды. Мысалы қарамағындағы қызметкерлердің жазған баянаттары өзіне ұнамаған жағдайда, сол қызметкерді барлық жеке құрам қызметкерлерінің алдында балағаттап, оны сауатсыз қылып көрсетіп, жазған баянатын жыртып бетіне лақтырып кемсітеді. Өткізетін әр жиналысын боқтық сөзбен бастап, боқтық сөзбен аяқтайды, қызметкерлерге деген сыйластық мүлдем жоқ, бұл әрекеттері үшін оған ешкім де, ешқандай шара қолдана алмайтындығын және Ақтөбе облысы ПД жоғары лауазымда отырған таныстары арқылы шешетіндігін, өзінің қабылдаған шешімін олардың қолдайтындығын үнемі айтып, алдыға салып отырады. Жұмыс уақыты кезінде өзі қалаған уақытта қызметтік бөлмесін іштен кілтеп алып, селекторлық кеңеске дейін ұйықтап жатады. Ал қызметкерлер болса  ол ұйқысын қандырып есігін ашқанша қандайда болсын құжаттарына  қол қойдыра алма есігінің алдында телміріп жүреді. Жұмыс уақыты аяқталғасын қызметтік бөлмесінде алкогольдік ішімдіктер ішеді және түнгі мезгілде ішкілікті күйде жұмыс орнына келіп, ПБ ішінде жүреді.  
Күнделікті селекторлық кеңес кезінде, селекторлық кеңес аяқталғасын, өзі өткізетін таңғы жиналыста және өзге де нұсқама беру кезінде сағат 08.00 бастап өзінің көлемі кіші қызметтік бөлмесінде шамамен 33 қызметкерді жинап бір жарым сағат ұстайды, сол кезде «Коронавирус» індетіне қарсы нормалар сақталмай, өрескел бұзылып, қызметкерлер бір-біріне тақалып, қыстырылып отырады. Бір жарым сағат уақыт М.Ж.Сапарғалиевтың қызметтік бөлмесінде өзі, төрт орынбасары, кезекшілік тапсырып және қабылдап жатырған екі жедел кезекшілер, кезекшіліке түсіп жатырған және кезекшілікті тапсырып жатырған жедел-тергеу тобының қызметкерлері, тергеуші, жедел уәкіл, криминалист, жүргізуші 7 қызметкер, Штаб аға инспекторы, УҰА бастығы, ӘПБ бастығы, ЖПҚБ бастығы, аға жедел уәкіл, Ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы, АҚҚАБ тобының инспекторы, көші-қон инспекторы, ППТ аға инспекторы, КТІЖ инспекторы, Алға қаласы бойынша УПИ және Тамды, Самбай, Есет-батыр және Бестамақ ауылдарының УПИ 9 қызметкер. Бұл қызметкерлердің барлығы жиналыс кезінде шамамен көлемі 5х5 метр - 25 кв/м кішкентай бөлмеде тығылысып отырады, ал жедел-тергеу тобы осы уақыт ішінде тікесінен тік тұрады. М.Ж.Сапарғалиевтың «Коронавирус» талаптарын сақтамаудың салдарынан қызметкерлер бір жарым сағат уақыт бір ауамен демалып тұрып, ауру жұқтырып алу қауіпі жоғарлайды деп қорқады, әр қызметкер жұмыстан шығып үйлеріне барады, үйлерінде кішкентай сәбилері, имунитеттері әлсіз қарт ата-аналары, ата-әжерелі бар. Қызметте жүрген кезде санитарлық нормалар сақталмаудың салдарына қызметкер үйіне өзімен бірге әр-түрлі вирустарды алып барулары мүмкін. Ал М.Ж.Сапарғалиевтың бұл бассыздығын ешкім де оған тіке айта алмайды, айтуға жұмыстарынан айырылып қаламын деп қорқады. Осы жылы бір қызметкерледің әкесі  «Коронавирус» індетінен қайтыс болған болатын, ол қызметкер де бір жарым сағат бойы жиналыста отырады. Қазақстан халықынан карантиндік нормалдарды сақтауды талап етіліп жатса да, М.Ж.
Сапарғалиев полиция қызметкерлерінің санитарлық нормаларының сақталуын өзі бастық болып тағайындалған күннен бастап осы күнге дейін өрескел бұзып келеді.          
Кәзіргі кезде Алға ауданы бойынша криминалдық ахуал бір қалыпты, ҚР ІІМ полиция генерел-лейтананты Е.З.Тұрғынбаев мырзаның қылмыстың алдын-алуға бағытталған нақты профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қылмысты алдын алуға, болдырмауға тапсырма берген болатын. Алға ауданы ПБ жеке құрамы қылмыстың алдын алып профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жемісті қызмет етуде. Ал М.Ж.Сапарғалиев болса жоғары тұрған басшылардың алдында өзінің жұмысын көрсету үшін, ай сайынғы прогноз бойынша 10 қылмыстық іс тіркеліп сотқа жолдану қажет деп, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, қызметкерлерден қалай болса да қылмыстық істер анықтап тауып тіркеулерін және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауды талап етіп, заңға қайшы іс-әрекеттер жасап, полиция қызметкерлерінің өздерін заңсыздыққа итермелейді. Егер қызметкерлер М.Ж.Сапарғалиев белгілеген уақытта қылмыстық іс және әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтамаса, ар-намыстарына тиіп, боқтық сөздермен балағаттайды және көрсеткіштері төмен деген негізбен тәртіптік жазаға тартады. Осындай тапсырмасын орындамаған қызметкердің соңына түседі. Осының салдарынан қызметкерлер өздеріне бекітілген аймақта профилактикалық жұмыстармен айналысудың орнына, әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тіркейтін қылмыстар іздеп жүруге мәжбүр.
Полицияда қызмет атқарып, күнделікті халықтың тыныштығын, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, қылмыстың алдын алу, қылмысты ашу, әкімшілік құқық бұзушылықты  болдырмау таң атқаннан, кеш батқанға дейін күнделікті жұмыс жасау оңай емес, арасында заң талаптарына сай тынығуды талап етеді. ҚР Еңбек кодексінің 84 бабында көзделгендей басшының аптасына 1 күн демалыс беру керектігін біле тұра, қызметкерлерді жексенбі күніде сағат 09:00 ден 23:00 дейін жұмыста ұстайтындығын қоспағанда, заң талаптарына сай полиция қызметкерлері жылына ең кем дегенде 30 тәулік еңбек демалысына шығуы тиіс. Алайда бұл жерде де М.Ж.Сапарғалиев қызметкерлердің құқығын бұзып, қарамағыныдағы бірнеше қызметкерлерді 2020 жылғы кезекті еңбек демалысына жіберген жоқ, кадр саясаты жөнінде орынбасары Ф.М.Бошков қызметкерлердің еңбек демалысына шықпағанын біле тұра, өз тарапынан еш іс-әрекет жасамай, уақытылы шығуын реттемей, М.Ж.Сапарғалиевтің еңбек демалысына жібермеймін деген сөзіне мойынсұнып, қол қусырып отыр. Еңбек демалысына шыққан қызметкерлер баянаттарын ПД барып Ф.М.Башковтың орнына өздері жүріп, қол қойдыртып тапсыруға мәжбүр. Әр қызметкер кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысына шыққысы келеді және өздерінің жоспарлаған жұмыстары бар. Алайда М.Ж.Сапарғалиевтың кесірінен жоспарлары жүзеге аспайды. Ал М.Ж.Сапарғалиев болса өзі 2020 жылы кезекті еңбек демалысына барып келген болатын. Сонымен қатар ол тәуліктік кезекшіліктен шыққан қызметкерлерге келесі күні демалып тынығуға және УПИ аптасына бір күн демалуға рұқсат етпейді, яғни демалыссыз қызмет атқарады. Басшы болып келгелі еңбек демалысына шығатын қызметкерлерден баянаттарынды 20 тәулікке деп жазындар, 30 тәулікке ешкімді жібермеймін, 20 тәулікке жазбасаңдар демалысқа шықпайсыңдар деп талап қойған болатын. Сондықтан барлық қызметкерлер 2021 жылы 20 тәулікке еңбек демалысына шығып жатыр және егер кызметкер еңбек демалысына дейін сырқаттанған болса, оның сырқаттанып жұмысқа шықпаған күндерін осы 20 тәулік еңбек демалысының уақытынан шегеріп тастайды.
М.Ж.Сапарғалиев Алға ауданы ПБ жеке құрамын 2 бөліп, өзінің заңға қайшы талаптарына қарсы шыққандарды шеттетіп, мойынсұнбағандарға бөлек көзқарас жасап, қызметкерлерді бір-бірімен жауластырып, бұл басшыға дейінгі болған ауызбіршілікті, қарым-қатынасты, сыйластықты бұзды.
М.Ж.
Сапарғалиевке Алға ауданы бойынша мекемелердің басшылары ұнамаған жағдайда немесе араларында ауызша келіспеушілік болып қалса, өзінің қолында билік бар екенін, қолындағы билікті қалай пайдаланғысы келсе солай пайдалана алатының көрсетіп, қарамағындағы қызметкерлерге мекемелердің қызметкерлерін аңдуларын, мекеме жұмысшыларының заңды бұзу фактілерін анықтап, тиісті хаттамалар толтыруға тапсырма береді. Бұл жағдай тек мекеме қызметкерлеріне қатысты емес, өзіне ұнамаған басқа адамдарға да қатысты осындай іс-әрекеттер жасайды.            
Біздің ойымызша, әрбір Полиция бөлімдерінің бірінші басшысы адамгершілігі мол, қызметкерлердің аражігін ажыратып алаламайтын, әділ, қарамағындағы әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті танытатын қарапайым болып, ұжымдағы жұмысты ұйымдастыратын адал басшы болуы тиіс, басшыны қарамағындағы қызметкерлері атқарып отырған лауазымы үшін емес, бойындағы жақсы қасиеттері үшін сыйлауы тиіс. Ал М.Ж.Сапарғалиевтің бойында бұл аталған қасиеттер мен құндылықтардың бірде-біреуі жоқ, оның бұйрықтарын қарамағындағы қызметкерлері одан қорыққаны үшін орындайды. Бірінші басшымен қызметкерлердің арасында түсініспеушілік болмағандықтан, жұмыстың алға баспайтындығы анық. Алға ауданы ПБ қызметкерлері М.Ж.Сапарғалиевтің басшылығымен жұмыс жасағылары келмейді, бірақ оның бетіне заңсыз әрекеттерін басып айтатын адам жоқ, айтқан жағдайда ол соңдарына түсіп, жұмыс жасатпайтынын біледі.  
Осы арызымызда біздер Алға ауданы ПБ М.Ж.Сапарғалиевтың басқаруы салдарынан болып жатқан заңсыз жағдайды жазып отырмыз.
Құрметті басшылар, біздің жан айқайымызды елеусіз қалдырмауларыңызды сұраймыз. М.Ж.Сапарғалиевтің заңсыз талаптарынан бөлім қызметкерлері зардап шегуде. М.Ж.Сапарғалиевті атқарып отырған лауазымынан босатуыңызды және оған қатысты заң жүзінде шара қолдануынызды сұраймыз. Егер ол атқарып отырған лауазымында қалатын болса, жеке құрамға тыныштық бермей, көптеген қызметкерлердің жұмыстан босап қалуына себепкер болады, ал жұмыстан босайтын қызметкерлердің артында асырап отырған ата-аналары, отбасы, бала-шағалары бар.
Біздің аразымыздағы мән-жайларды тексеруінізді, қызметкерлермен жасырын сұхбат жасауларынызды, тексеру барасында өткен жылы еңбек демалысына шықпаған және осы жылы еңбек демалысына толық күндеріне шықпаған қызметкерлерге көңіл бөлуінізді, 2020 жылы еңбек демалысына шықпаған қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына шығуларына көмек беруінізді және Алға ауданы ПБ басшы ретінде адал, қарапайым, қарамағындағы қызметкерлерге тек басшы ретінде емес, жанашыр, аға және жұмыс үйрететін ұстаз ретінде қарайтын Отанымыздың патриотын тағайындауыңызды сұраймыз. Егер де басшы әділ болса, қызметкерлер тарапынан бұл арыз жазылмаған болар еді. Дегенмен де М.Ж.Сапарғалиев басшы болғандықтан, заңды және заңсыз оның қойып отырған барлық талаптарын қарамағындағы полиция қызметкерлері мүлтіксіз орындап келді. Бірақ шаш ал десе, бас алатын басшының лауызымын асыра пайдаланғандығы ұжымның ашуын, намысын тудырып, осы арызды жазуына тура келтірді.
М.Ж.Сапаргалиевтың жасап отырған іс-әрекеті осы жерде Ата Заңымыздың, яғни Конституциямыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»-деп көрсетіліп ойып жазылғанымен, Алға ауданы ПБ барлық жеке құрамының құқықтарын жерге таптап, Ата Заңда көрсетілген құндылықтарға қайшы келіп отыр.            
               
 
Через два часа после публикации видео «Будем подставлять и калпашить. Актюбинские полицейские записали своего начальника», под публикацией БАСЕ в фейсбуке ДП Актюбинской области оставил комментарий