Бауыржан Әлиұлы (ресми)
6.95K subscribers
88 photos
54 videos
32 links
Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер

✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli
Download Telegram
Кітап аламын десеңіз жекеге 8707 449 5497 ватсап
❤16👍9
Мәуліт айы құтты болсын Пайғамбармызғаﷺ салауат айтуды ұмытпаңыз 😊
Жұма мүбәрак болсын🤲
Жұма және Мәуліт айына байланысты кітапқы жеңілдік яғни 2 кітап алсаңыз 1 кітапты сыйлыққа береміз, кітап жайлы осы нөмерге

https://wa.me/77074495497
❤49🔥3
Нур Мүбәракта оқып жатқан шәкірттіің бір жылдық оқу ақысын төлеп беремін деген жомарт жандар барма екен?
8707 449 5497 ватсапқа жазсаңыз
❤38
Ойлаймын да🤔.

"Кейде "Қарайсыз ғой, өзіңіз білесіз ғой" деп біреудің көңіліне қарап айтқанымызды одан жақсырақ білетін секілдіміз. Алайда мəселе созылып кетпесін дейміз-ау".

#ойлаймында
❤56👍14
Ойлаймын да🤔.

"Дұға жасағанда, жылағанда, тілек тілегенде неге көзіңізді жұмасыз? Білесіз бе? Себебі көзбен көрген емес, жүрекпен сезінгендер ғана керемет дүние".
Жұма мүбәрак болсын 🤲
#ойлаймында
❤89
Ойлаймын да🤔.

"Өмірде сатылмайтын дүниелер бар. Олар: Білім мен тəжірибе".
Білім күні құтты болсын 🤲
#ойлаймында
❤67
Ойлаймын да🤔.

"Сабыр ет! Үмітіңді үзбе!Ертеңгі күндер кешегі күндерді ұмыттырады".

#ойлаймында
❤72👍4
Жұма күнге 2+1 алсаңыз болады.
Марқұм ұстаздың кітап қолдап кетейік құрметті аға бауырлар, кітап аламын десеңіз осы нөмерге https://wa.me/77074495497
❤26
Ойлаймын да...🤔🤔

"Мен жайлы қандай да бір жаман ойыңыз болса, ол сіздің ойыңыз. Маған қатысы жоқ".
Жұма мүбәрак!

#ойлаймында
❤70👍10
🌸 ЖҰМА КҮНІ 80 РЕТ САЛАУАТ АЙТУДЫҢ АБЗАЛДЫҒЫ

Алла Елшісі ﷺ былай дейді:
"Кімде-кім маған жұма күні 80 рет салауат айтса, ол адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі".

Сонда сахабалар (радиаллаһу əнһум) қалай айту керектігін сұрағанда:

"Аллаһумма салли ғəлəə Мухəммəдин ғəбдикə уə нəбиикə уə расуликəн-нəбиил-уммии" - деп айтыңдар" -, деген.
________

(с) Дарақутни | "əл-Қаулил-бəдиғ", 400,
əл-Ирақи |"шархул-Ихия", 3/286

Дәрежесі хасан (жақсы)
❤57🔥7
25 қыркүйек — Жалпыұлттық аза тұту күні.
Қазақстан халқымен біргеміз. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтамыз.
❤42💔21
Ойлаймын да🧐..

"Рухы əлсіздер кек алады, рухы күштілер ғафу етеді. Ал ақылды жандар "ақымақтық" қой деп қолды бір сілтейді екен".

#ойлаймында
❤33👍5🥰2
Марқұм ұстаздың Ойлаймын да және Жазбалар жинағы кітабын алғыңыз келсе 8707 449 5497 ватсапқа, азғана данасы қалды кітаптың, алып қалыңыз
❤28
"Сақтанып жүрген кісіңнен қорықпа. Сеніп жүрген кісіңнен сақтан!".
Ғұлама, уағызшы Ибн Сәммак (Алла оны рақымына бөлесін).
❤64👍9💯6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сол қу дүние адамды бір біріне жау етеді.
Марқұм ұстаз Бауыржан Әлиұлы
❤20😢17
Құстың үш өсиеті

Бірде кішкентай құс торға түсіп қалады. Айламен тұзағына түсірген адамға: «Қожайын! Бұл өмірде біршама сиыр мен түйелерді құрбан еткен боларсың. Олардың етіне тоймаған сен, мына менің етіме тоймасың анық. Мені босат, ал мен саған үш өсиет айтамын. Біріншісін, қолыңда тұрып айтамын. Екіншісін болса, үйдің шатырына қонғанда айтамын. Ал үшінші өсиетті – ағаштың басында отырып айтамын. Маған сеніп, осы үш өсиетке құлақ асар болсаң, әлемдегі ең бақытты жан боласың»,- дейді.
Әлгі адам құстың айтқанына сеніп, шартына келіседі.
Сонда құс:
«Қолыңда тұрып айтар ақылым: кім не айтса да, жөні жоқ дүниеге сенбе!»
Аңшы берген уәдесінде тұрып, құсты қоя береді. Құс үйдің шатырына қонған бетте екінші кеңесін айтады:
«Қолыңнан жіберіп алған мүмкіншіліктердің артынан опа жеп, өткеніңе өкінбе!»
Екінші кеңесін айтқан әлгі құс ағаш басына қонып:
«Үшінші өсиетімді айтпас бұрын мынаны айтайын: менің ішімде салмағы он дирхемдік өте қымбат, бағалы тас жатыр. Осы тастың арқасында байып кетуіңе болар еді. Сен ғана емес, ұрпағың түгел бай-дәулетті болар еді. Амал нешік, сен ол мүміндігіңді жіберіп алдың!»,- дейді.
Мұны естіген әлгі адам ызадан айқайлап жібереді.
Сонда құс:
«Саған «Жіберіп алған мүмкіндіктердің артынан опа жеп, өткеніңе өкінбе»,-демедім бе? Бағалы тас қолыңнан ұшып кеткен соң несіне ашынып жатырсың? Әлде менің айтқанымды түсінбей қалдың ба? Мен «кім не айтса да, жөні жоқ дүниеге сенбе!», деген едім ғой. Арыстаным-ай, салмағы үш дирхемге жетпейтін әлсіз торғайдың ішінде он дирхемнің салмағындай жақұт тас қайдан болсын?»-, дегенде аңшы өзіне келіп:
«Жарайды, олай болса, үшінші кеңесіңді айт»,- дейді.
«Саған екі рет құлақ асар деп өсиет айттым. Енді үшіншісін сұрап тұрсың ба? Ұйқыда жатқан адамға өсиет айту – сортаң жерге дән еккенмен тең»,- деп самғап кете барыпты әлгі құс.
Надандық пен білімсіздік ешбір жамауға келмейді. Олай болса, ондай жандар үшін даналық дәнегін бекер сарп етудің қажеті жоқ.
 
❤42💯12👍4
Айтып тұрғаныңдай болсаң...
Тумысынан көр жігіт көріксіз, қара әйелге үйленген екен. Әйел күйеуімен оңаша қалған бетте: «Сен менің әдемілігімді, көріктілігімді бір көрсең ғой шіркін! Маған деген махаббатың арта түсер еді» дейді. Әйелінің сөзін мұқият тыңдап шыққан жігіт: «Айтып тұрғаныңдай болсаң, көзі көретіндерден құтылып маған тимес едің ғой» деген екен.
❤45😁14🤔3
Бір кісі шайыр Әбу Нуасқа келіп: «Табытқа салынған мәйіттің қай жағымен жүрген дұрыс? Алдына түсіп жүрген дұрыс па? Жоқ әлде соңынан ерген дұрыс па?» деп сұрайды. Әбу Нуас іле-шала: «Бастысы табыттың ішінде болма! Қалғаны маңызды емес. Қалаған жағыңмен жүре берсеңші» деп жауап берген екен.
❤44
Умауия әулетінің соңғы билеушісі, халифа Мұхаммед ибн Маруанның уәзірі Убайдулла ибн Яхия: «Шешендік – бұқара халық түсініп, тектілер риза болып сүйінетін дүние» деп айтып отырады екен.
❤35