бір пақыр
3.4K subscribers
92 photos
32 videos
9 files
23 links
ханафи/матуриди

екінші арнамыз - @yuzarsifkz
Download Telegram
Қараңғы бөлмеде шам қалай жарық берсе, Құран да жүрекке жарық пен тыныштық береді.
Қадір түні – мың айдан да қайырлы

Алланың мейірімі төгілетін қасиетті Қадір түні жақындап келеді. Бұл – дұға-тілектер қабыл болатын, күнәлар кешірілетін ерекше түн.

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Қадір түнін иманмен әрі сауабын үміт етіп өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» – деген (Бұхари, Мүслім).


Осы түнді ғибадатпен, Құран оқумен, дұға жасап, истиғфар айтумен өткізейік. Жаратқаннан жүрегіміздегі ең ізгі тілектерімізді сұрап, кешірім тілеуге асығайық. Бұл түнді құр жібермейік!
Осы жылы Қадір түні наурыздың 26’сынан 27’сіне қараған түні болады. Бұл - мың айдан да қайырлы қасиетті түн. Осы түнде жасалған әрбір дұға, құлшылық, кешірім сұрау мен игі амал еселеп сауапқа жазылады.

Бұл түнді қалай өткіземіз?

Намаз оқу – түнгі тахажуд, нәпіл намаздарын орындау.

Құран оқу – қасиетті кітапты оқып, оның мағынасын түсінуге тырысу.

Дұға жасау – жүректен шыққан тілектерді айту, жақсылық сұрау.

Истиғфар айту – Алладан кешірім сұрап, тәубеге келу.

Садақа беру – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу.
Айт – нағыз мұсылмандардың мерекесі!

Жаңа жылды қаншама адам тойлайды, бірақ ол бізге тиесілі мереке емес. Біз үшін шын мәнінде қасиетті, қуанышты және берекелі күн – Айт! Бұл күн тек ойын-сауық емес, жүректерге иман нұрын себетін, жақсылыққа шақыратын, бауырмалдық пен мейірімге толы мереке.

Айт – Алланың бізге берген ұлы сыйы. Айт – рухани жаңару, шүкіршілік пен ризашылықтың күні!

Нағыз мерекемізді бағалайық, қуанышымызды шынайы тойлайық!

Айт мүбәрак болсын 😊
Ертең 5 маусым - Арафат күнінің оразасын ұстаймыз.

Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Арафа күніндегі ораза өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады», - деген. (Муслим). 
Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға
 
Абдуллаһ ибн ‘Амрдан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 
«Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арафа күні айтқан ең жақсы дұға: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген. (Тирмизи)


Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир. 
 
Арафа күні қажылыққа бармағандар дұға жасай ала ма?
 
Имам әл-Баджи былай деген:
«Арафа күнгі дұға – ең жақсы зікір, ол үшін берілетін сый-сауап (басқалардан) көбірек әрі ол қабыл болуға жақынырақ.


Хадисте тек қажылық жасаушылар туралы айтылып тұрған болуы әбден ықтимал, өйткені, дәл солар Арафа күні дұға етіп жалбарынады».
Алайда кейбір сахабалар бұл артықшылық көбірек қажылық жасаушыларға қатысты болғанына қарамастан, тек олармен ғана шектелмейді деп есептеген және қажылық жасамайтындар да Арафа күні мешіттерде, үйде Аллаға дұға етіп жалбарынулары керек деп санаған. 
Құрбан айт құтты болсын 😊
Құрбан шалу кімге уәжіп? Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

Ханафи мәзхабы бойынша төмендегі талаптарға сай әр адамға құрбандық шалуы уәжіп:
• Мұсылман болуы керек;
• Тұрғылықты (жолаушы болмау);
• Ақыл есі дұрыс;
• Балиғатқа толған;
• Бақуатты (Негізгі қажеттілігінен тыс 85 грамм алтынға тең келер ақша немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу).

Бұл дегеніміз, бір отбасында кәмелетке толған, ақыл- есі дұрыс және өзінің жеке байлығы бар ұл- қыздары мен өзінің жеке байлығы бар зайыбы да өз алдына бір құрбандық шалуы тиіс. Әкесінің шалған бір қой құрбандығы оларға жүрмейді.
Бірақ, өз дүниелері болмаса, отағасының шалған құрбанының сауабы оларға да жазылады.
Ассаламу алейкум, Қайырлы кеш бауырлар 😊

Рамазан айына 111 күн қалыпты 🥹

Құранға түстіңіздер ме? Дайындықтарыңыз қалай?